Электр тогының әрекеттері

Сабақтың тақырыбы: Электр табиғаты

Топтар
Тіг 9-191
Топтар: Сабақ өтетін күн
Тіг 9-191: 28. 01. 2021
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  1. Электротехника дегеніміз не?
  2. Электротехника пәнінің мақсаттары мен міндеттері қандай?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Электр тогы -электр қозғаушы

бағытталған қозғалысы. Алғаш рет “электр тогы” түсінігін енгізген француз ғалымы Андре Ампер болды.

Зарядталған бөлшектер:, электролиттерде-иондар, газда-иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағывакуумда- электрондар, жартылай өткізгіштерде-электрондар менкемтіктер болып табылады.

Электр - энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, -ақпараттышалғайға тасымалдау үшін қолданылады.

Электр тогының екі түрі бар:

  1. Тұрақты ток
  2. Айнымалы ток

- Қалта шамы ненің көмегімен жанады?
- Үйдеге электр шамы тоқты қайдан алады?
- Көшедегі электр жарығы кенет өшіп қалса, ол нені білдіреді?

Электр батареяның көмегімен жанады.
Электр станциясынан.
Бағандағы сымдарда ток жоқ екенін білдіреді.
- Ток деген не?
- Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Электр тогы. Ток көздері

Электр тогы. Бұған дейін тыныштықтағы электр зарядымен таныстық. Іс жүзінде, яғни адам өмірінде реттелген қозғалыстағы электр зарядтарының маңызы зор.
Еркін заряд тасымалдаушылардың реттелген қозғалысын электр тогы дейміз.
Зарядталған денемен зарядталмаған денені қосатын өткізгіште электр тогы пайда болады. Ток зарядталған денеден зарядталмаған денеге қарай жүреді. Себебі зарядталмаған дененің потенциалы әрқашан төмен болады да, олардың арасында бағытталған электр өрісі бар болады. Осы бағытпен ток жүреді.
- сонымен, өткізгіште электр тогы жүру үшін басты шарт:

Электр тогы

өткізгіште еркін зарядтар болу керек;
еркін зарядты қозғалтатын электр өрісі болу керек;
электр өрісін үздіксіз шығарып тұратын ток көзі керек.
Электр тогы жүретін тұйықталған электр тізбегі ток көзінен, өткізгіш сымдардан және электр энергиясын тұтынушылардан құралады.
Алғаш рет “электр тогы” түсінігін енгізген француз ғалымы Андре Ампер болды.

Электр тогының әрекеттері.

1. жылулық әрекеті

2. химиялық әрекеті

3. магниттік әрекеті

4. физиологиялық әрекеттері

Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады:
v Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (электр шамында, үтікте, электрплиткада, қайнатқыштарда, дәнекерлеуіштерде) кеңінен қолданыста екенін жақсы білеміз.
v Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ертіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ертінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стаканды көрсету)
v Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде оның айналасында магниттік қасиет пайда болады. Темір заттарын магнит сияқты тартады. Токтың бұл қасиеті электрмагниттік крандарда қолданылады.
v Токтың физиологиялық әрекеті. Бұл қасиеттің бір атап өтерлігі, осы қасиеттің арқасында физикадағы ұлы жаңалық, электр тогы ашылған. Жануарлар денесінен ток өтсе, онда бұлшық еттер жиырылады. Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.

- Ток көздеріне нені жатқызуға болады?
Ток көздері

гальвани элементтері

аккумуляторлар

генераторлар


Ұқсас жұмыстар
САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақтың мақсаты
Электр кедергісі деп нені түсінесіндер
Электр тогының жұмысы мен қуаты
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау
Токтың жұмысы
Тұрақты токтың жұмысы.қуаты. джоуль-ленц заңы
Электр тогының жұмысы мен қуаты. 8 сынып
Электр тогының жұмысы мен қуаты формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Мүлдем электр тогын
Электр тогы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz