Резисторларды тізбекті, параллель және аралас жалғау түрлері

Сабақтың тақырыбы: Резисторларды жалғастыру түрлері.

Топтар
Тр 9-202
Топтар: Сабақ өтетін күн
Тр 9-202: 11. 03. 2021
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  1. Ом заңын электр тізбегінің қандай аралық мөлшеріне байланысты орнатады?
  2. Кернеуді екі есе арттырсақ, тізбектегі ток қалай өзгереді?
  3. Тізбек бөлігінен өтетін ток күші мен кернеуді біле отырып, осы бөліктегі кедергіні қалай анықтауға болады?
  4. Қысқа тұйықталу режимінің қаупі қандай?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Резисторлардың тізбекті жалғануы. Электр тізбегі кедергілері әртүрлі бірнеше электрлік энергия қабылдағыштардан тұрады. Электр тізбектерін есептеген жағдайда «эквивалентті кедергі» R экв ұғымын қолданады.
Эквивалентті (немесе жалпы) - кедергілердің осы тобының орнына қосқан кезде қалған тізбектің электр жағдайлары өзгеріссіз қалатын кедергісі аталады.
Айталық, мысалы, генератордың сыртқы тізбесі (2. 6. -сурет) кедергілері R 1 , R 2, R 3 болатын үш электрлік энергия қабылдағышынан тұрады. Әр қайсысы бір тұйық электр тізбегіне кезек-кезек қосылған электрлік энергиясы қабылдағыштың осындай жалғануы тізбекті деп аталады. Бұл ретте барлық қабылдағыштардағы ток бірдей, ал сыртқы тізбектің кедергісі қабылдағыштардың кедергілер жиынтығына тең.

Осы жағдай үшін Ом заңының формуласы келесідей:

C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\88106BC8.tmp

Үш тізбектей жалғанған өткізгіштер үшін тізбектің жалпы кедергісі құрайды:

C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\456C6D16.tmp

2. 6. -сурет. Резисторлардың тізбекті жалғануы

Ал сыртқы тізбектің кедергісі: C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\A2B15194.tmp

Энергия көзінің қысқыштарындағы кернеу сыртқы тізбесіне келтірілген кернеуге тең:

C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\44D970C2.tmp

Энергияның тізбекті жалғанған қабылдағыштарының әр қысқышындағы кернеу токтың осы қабылдағыштың кедергісінің көбейтіндісіне тең:U 1 = IR 1 ; U 2 =IR 2 ; U 3 =IR 3
тізбек учаскесінің жалпы кернеуі: U=U 1 +U 2 +U 3
Сонымен, тізбекті жалғанған қабылдағыштарындағы кернеулер қосындысы энергия көзінің қысқыштарындағы кернеуге тең .

Кернеу өзгеріссіз болған жағдайда ток тізбектің кедергісіне байланысты. Тізбекті қосылған қабылдағыштардың бірінің кедергісінің өзгеруі бүкіл тізбектің жалпы кедергісінің өзгеруіне, сондай-ақ, оның ішіндегі токқа да ықпалы бар.

Резисторлардың параллель жалғануы. Бір кернеудің әсеріндегі электр тізбегінің элементтерін параллель жалғанғандеп атайды.
C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\B09A8E20.tmp

2. 7. - сурет. Резисторлардың параллель жалғануы.

Резисторлар параллель жалғанғанда (2. 7. -сурет) ток үш тармаққа тармақталады. Осылайша, жалпы кедергіні азайтып, немесе тізбектің жалпы өткізгіштігін g көбейтеді:

C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\1834B92E.tmp
Мұнда: C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\91842D6C.tmp өткізгіштік кедергіге кері шама болғандықтан, жалпы кедергі келесідей түрде жазылуы мүмкін:
C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\344E325A.tmp

Анықталған ара-қатынас параллель жалғанған резисторларының кез келген санына әділ болады.

Жеке жағдайда, егер электр тізбегінде R 1 және R 2 екі параллельді жалғанған резисторлары болатын болса, онда жалпы кедергісі үшін келесідей өрнекті жазуға болады: \

C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\BB80FB78.tmp

Егер R бірдей резисторлардың қандай да болмасын n саны параллель жалғанған болса, онда осындай тізбектің жалпы кедергісі бір резистордың кедергісінен n рет аз болады.

C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\ECDE8846.tmp

2. 7. -суретінің схемасы үшін келесі ара-қатынастары да дұрыс болады:

C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\714A8444.tmp
Бұл ара-қатынастары резисторлары параллель қосылған тізбектеріндегі токтар осы кедергілерге кері пропорционал немесе осы өткізгіштердің өткізу қабілеттеріне тура пропорционал үлестірілетінін көрсетеді.
Осымен, параллель қосылған резистордың мәні неғұрлым көп болса, соғұрлым ішіндегі ток аз және керісінше болады.

Іс жүзінде электр тізбегінің учаскесінде резистордың параллель қосылуы осы учаскедегі токты азайту үшін пайдаланылады. Соның

ішінде, шунт деп аталатын параллель қосылатын резистор амперметрмен токтарды өлшеу шектерін кеңейту үшін қолданылады. Шунт болған жағдайда құралға қарай өлшенетін токтың бөлігі тармақталады.

C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\9CB326F2.tmp

2. 8. -сурет. Резисторлардың аралас жалғануы

Резисторлардың аралас жалғануы. Егер электртізбегінде өзара параллель жалғанған резисторлар басқа резисторлармен ретті қосылған болса, онда мұндай жалғану аралас деп аталады. (2. 8. -сурет) .

Резисторлар аралас жалғанғанда электр тізбегінің жалпы немесе эквивалентті R экв кедергісін анықтауды кезең-кезең жүзеге асырады. Мысалы, 2. 8. -суретінің схемасы үшін ең алдымен R 1 және R 2 резисторлары тізбекті қосылған R 12 кедергісін анықтайды, содан соң параллель жалғанған R 12 және R 3 эквивалентті R 123 кедергісін, әрі қарай - бүкіл тізбектің эквивалентті R экв кедергісін анықтайды.

C:\Users\Lg\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.MSO\174D13D0.tmp

IV. Бағалау

А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;

Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Электр тізбегі қабылдағыштарының қандай жалғануы параллель болады?
  2. Тізбекті жалғанған қабылдағыштардың кернеулер сомасы нешеге тең?
  3. Резисторлардың қандай жалғануы аралас болады?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.

V. Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы

  1. Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
  2. Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Резисторларды әртүрлі жалғау тәсілдері бойынша электр тізбегін есептеу
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау: теория мен есептер
Электр тізбегінде өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
8-сынып физикасы: тұрақты электр тогы - өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
8-сынып физика: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау - сабақ жоспары
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау: негізгі заңдылықтар мен есептер
Қысқа мерзімді жоспар: 8-сынып, Тұрақты электр тогы - Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Конденсаторларды жалғау: түрлері және эквиваленттік сыйымдылықты есептеу
8-сынып. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, токтың жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңы
Орта мерзімді жоспар: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау; электр тогының жұмысы, қуаты және Джоуль-Ленц заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz