Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Магнит өрісі. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі.
Топтар
Эгд 9-191

Сабақ өтетін күн
18.02.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Бар магнит дегеніміз не?
Электромагнит дегеніміз не?
Магниттік өрістің кернеулілігі қандай шамаларға тәуелді?
Магниттік индукцияның өлшем бірліктері қандай?
Магниттік өтімділік μ дегеніміз не?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Магниттік өріс дегеніміз магниттің әсері осы арқылы басқа денелерге берілетін ерекше заттан өзгеше материяның түрі.
Магниттік өріс қозғалыстағы электр зарядтарының және тұрақты магниттер айналасындағы кеңістікте пайда болады. Ол тек қана қозғалыстағы зарядтарына әсер етеді. Электрмагниттік күштерінің әсерінен қозғалыстағы зарядталған бөлшектер өздерінің бастапқы жолынан өріске перпендикуляр бағытына қарай ауытқиды.
Магниттік және электрлік өрістері ажырағысыз байланыста болады және бірлесіп бірыңғай электрмагниттік өрісін түзеді. Электрлік өрісінің қайсы бір өзгерісі магниттік өрісінің пайда болуына әкеліп соғады. Және керісінше, магниттік өрістің кез келген өзгерісі электрлік өрісінің пайда болуымен сүйемелденеді. Электрмагнитті өрісі жарықтың жылдамдығымен тарайды. Яғни, 300000 км/с.
Тұрақты магниттердің және электрмагниттердің ферромагниттік денелеріне әсер етуі, магниттердің полюстарының және өзара әрекет етулерінің (әр аттас полюстар бір біріне тартылады. Бір аттастар - кері тартылады) болуы және ажырағысыз тұтастығына әсері жалпыға мәлім. Жердің магниттік полюстарына ұқсастығы бойынша магниттер солтүстік және оңтүстік болып аталады.
Магниттік өрісі көрнекі түрінде магниттік күш сызықтарымен бейнеленеді. Олар магниттік өрістің кеңістіктегі бағытын береді (3.1.- сурет). Аталмыш сызықтардың басы да, аяғы да жоқ. Яғни, олар тұйық болып табылады.
Тік сызықты өткізгіштің магниттік өрісінің күш сызықтары - сымды қармап тұрған концентрлік шеңбер. Ток неғұрлым күшті болса, соғұрлым сымның айналасындағы магниттік өрісі күштірек болады. Токты сымнан алыстаған сайын магнитті өрісі әлсізденеді.
Магниттің немесе электрмагниттің айналасындағы кеңістігінде магниттік күш сызықтарының оң бағыты шартты түрде солтүстік полюстан оңтүстікке қарай деп аталады.

3.1.-сурет. Магниттердің магниттік өрісі: а - тік, б - таға тәрізді

Магниттік өрісі неғұрлым қарқынды болса, күш сызықтарының тығыздылығы соғұрлым жоғары. Магниттік күш сызықтарының бағыты бұрғы қағидасы бойынша анықталады.
Егер винтті токтың бағытымен бұрандалатын болса, онда магниттік күш сызықтары винт жолымен бағытталатын болады (3.2а-сурет).

3.2- сурет

Күштірек магниттік өрісін алу үшін сымнан жасалған орамасымен индуктивті шарғыны қолданады. Мұндай жағдайда индуктивті шарғының жекелеген орамдарының магниттік өрістері бүктеледі және олардың күш сызықтары жалпы магниттік ағынға құйылады.
Магниттік күш сызықтары индуктивтік шарғысынан ток сағат тіліне қарсы бағытталған ұшында шығады. Яғни, бұл ұшы солтүстік магниттік полюсы болып табылады (3.2, б-сурет). Индуктивтік шарғының ішіндегі токтың бағыты өзгерген жағдайда магниттік өрісінің де бағыты өзгереді.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Магниттік өрісі дегеніміз не?
2. Магниттік өрісі электр өрісінен тәуелсіз бола ала ма?
3. Магниттік күш желілерінің бағыттары қандай ережемен анықталады?
4. Тік сызықты өткізгіштің магниттік өрісінің күш сызықтары қандай болатынын білесіз бе?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Тұрақты магнит. Магнит өрiсi. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi
Жаңа материалды тереңдету
Магнит индукциясы
Тік сызықты өткізгіштің магниттік өрісінің күш сызықтары - сымды қармап тұрған концентрлік шеңбер
"магнит өрісі" тарауын қайталау
Лоренц күші
Электромагниттік индукция заңы. ленц ережесі
Электромагниттік индукция құбылысы
Магниттік индукция
Ампер күші. Сол қол ережесі
Пәндер