Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Асинхронды машиналар

Сабақтың тақырыбы: Іс-тәжірибе: Асинхронды машиналар
Топтар
Эгд 9-191

Сабақ өтетін күн
06.05.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Трансформация коэффициенті деп не аталады және оны қалай анықтайды?
Трансформатор жүктемесі артқанда неліктен бірінші реттік орамдағы ток артады?
Жүктеме кезінде трансформатор жұмысы қандай коэффициентпен бағаланады?
Егер жүктеме өзгерісі кезінде екінші реттік орамдағы ток ұлғайса, трансформатордың бірінші реттік орамындағы ток та өзгере ме?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Электрлік қозғалтқыштар арасында 1889 жылы атақты орыс электригі М. О. Доливо- Добровольский алғаш рет құрастырған үшфазалық асинхронды қозғалтқыш кең таралды. Бұл қозғалтқыш бүгінгі күнге дейін ешбір күрделі өзгерістерге ұшырамаған.

7.4-сурет. Асинхронды машина:1 -- ротор; 2 -- статор
Асинхронды қозғалтқыш қарапайым құрылымы мен қызмет көрсетудің күрделі еместігімен ерекшеленеді. Ауыспалы токтың кез- келген машинасы секілді асинхронды қозғалтқыш ротордан 1 және статордан 2 тұрады (7.4-сурет). Асинхронды машина қозғалтқыштың да, генератордың да режимінде жұмыс істей алады. Алайда кейбір елеулі кемшілігіне орай асинхронды генераторлар мүлдем қолданылмайды. Асинхронды қозғалтқыштардың бірнеше түрлерін қарастырады. Олар үш, екі, бір фазалы және сызықтық болады. Өндірісте қуат диапазондары кең асинхронды қозғалтқыштар шығарылады: бірнеше ваттардан бірнеше мегаваттарға дейін. Соңғы жылдары асинхронды қозғалтқыштар өндіріс пен ауылшаруашылықтың көптеген салаларында кең қолданысқа ие болды. Оларды металл кесуші станоктардың, көтермелі-транспорттық машиналардың, транспортерлердің, сорғылардың, желдеткіштердің электржетегінде пайдаланады. Қуаты аз қозғалтқыштар автоматика қондырғыларында қолданылады.
Асинхронды қозғалтқыштардың принципиалдық кемшіліктеріне айналу жиілігін реттеуге байланысты қиындықтарды жатқызуға
болады. Сонымен қатар, бұл қозғалтқыштар салыстырмалы түрде төмен қуаттылық коэффициентіне ие cos j (0,85 -- 0,90 толық жүктемеде және 0,2 -- 0,3 бос қозғалыста) болады.
Асинхронды қозғалтқыштар -- өндіріс пен тұрмыста кең таралған қозғалтқыштар.
Асинхронды қозғалтқыштың қозғалыссыз бөлігі - статордар және айналмалы бөлігі - ротордан құралады. Статордың бөліктеріне магнитөткізгіш пен корпус болып табылады. Өзекше электртехникалық болаттың оқшауланған бетінен жиналған.
Ішкі жағынан өзекшенің бос цилиндрі статорлық орама салынатын қималармен жабдықталған (7.5 а-сурет). Ораманы түзуші индуктивті катушкалардың саны үшке бөлінгіштік сан болуы қажет (3, 6 , 9, 12 және т.б.).
Ротор орамасының құрылымына байланысты қысқа тұйықты және фазалық роторлары бар күштік асинхронды қозғалтқыштар кездеседі. Ротор, статордың өзекшесі секілді, электртехникалық болаттың беттерінен жиналған білікке бекітілген цилиндр тәрізді (7.5б-сурет). Көптеген жағдайларда ротор өзінің магнитөткізгішінің сыртқы бетінде қималарда оқшауланбай орналасқан мыс немесе алюминдік сырықтардан тұратын қысқа тұйықты орамамен жабдықталады. Сырықтардың кесік шеттері дәл сол материалдан жасалған сақиналармен қысқа түрде тұйықталады.
Қысқа тұйықталған роторы бар үшфазалы асинхронды қозғалтқыш аса қарапайым, жұмыста сенімді және арзан.
Кейде ротор оқшауланған желімен орындалған фазалық (катушкалық) орамамен (әдетте қуаттылығы үлкен қозғалтқыштар үшін) жабдықталады. Осы жағдайда ротордың білігінде біліктен оқшауланған үш металдық түйіспелі сақиналар бекітіледі (7.5 в-сурет). Ротордың орамасы статор орамасы секілді индуктивтілік катушка саны бірдей желімен оқшауланған үшфазалықтан жасап шығарылады.
Ротордың өзіндегі фазалық орамдар жұлдыз ретінде бірігеді. Ал олардың шеттері түйіспелі сақиналарға шығарылады. Сақиналарға қозғалыссыз қылшақ ұстауыштарға орнатылған қылшақтар салынған. Сақиналар мен қылшақ арқылы фазалық орама іске қосушылық реостатта тұйықталады.

7.5-сурет. Бөлшектелінген түрдегі асинхронды қозғалтқыш: а -- статор; б -- қысқа тұйықталған ротор; в -- фазалық ротор; 1 -- тұғыр; 2 -- қалыпталған болат беттерден жасалған өзекше; 3 -- орама; 4 -- білік; 5 -- түйіспелі сақиналар.
Фазалық роторы бар қозғалтқыштар қысқа тұйықталғандарға қарағанда күрделірек, қымбаттау және эксплуатациялау кезінде аса мықты емес, бірақ жақсы іске қосушылық және реттеушілік қасиеттерге ие болады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Асинхронды қозғалтқыш қандай бөліктерден тұрады?
Қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқыштың фазалық роторы бардан қандай құрылымдық ерекшеліктері бар?
Фазалық роторы бар асинхронды қозғалтқыштарда қандай кемшіліктер бар?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Синхронды машиналарда ротордың айналу жиілігі статордың магниттік өрісінің айналу жиілігіне тең
Қозғалтқыштың қызметі
Карданды берілістердің қызметі
Санауыштар
Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар
Көзге арналған жаттығу
Білім алушының әрекеті. Сабақ типі
Сабақтың кезеңі мен уақыты
Көзге арналған жаттығу. Сабақ типі
Ауыл шаруашылығы машиналарының түрлері
Пәндер