Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қозғалтқыштың қызметі

Сабақтың тақырыбы: Үш фазалы асихронды электроқозғалтқыштың құрылысы
Топтар
Эгд 9-191

Сабақ өтетін күн
04.05.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Асинхронды қозғалтқыш қандай бөліктерден тұрады?
Қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқыштың фазалық роторы бардан қандай құрылымдық ерекшеліктері бар?
Фазалық роторы бар асинхронды қозғалтқыштарда қандай кемшіліктер бар?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
ҮШ ФАЗАЛЫ АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІ

Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштар негізгіекі бөліктен қозғалмайтын бөлік - статордан және қозғалатын бөлік ротордан тұрады. Асинхоронды қозғалтқыштардың барлық түрлері статорларының құрылысында бір-бірінен өзгешелігі болмайды, бірақ роторларының құрылысында елеулі ерекшеліктер болады.
Асинхронды қозғаптқыштың статоры ішінде қуыстары бар болат цилиндр түрінде жасалған өзекше орнатылған, станинадан тұрады. Өзекшенің ішінде статордың оқшауланған сымдардан жасалған үш қуыстық орамдарын орналастырады. Статор орамдарының алты ұшы (әр фазаның басы және аяғы деп алатын екі ұшы) қозғалтқыштың клеммалық қорабына шығарылады.
Асинхроңцы қозғалтқыштың роторы нығыздап өзекке кигізілген өзекшеден және орамнан тұрады. Ротордың қысқа тұйықталған орамы, оның қуыстарына орналасқан, оқшауланбаған жуан мыс шыбықтардан тұрады. Бұл шыбықтардың, ротор қуыстарының екі жағына шығып тұратын ұштарын қалың мыс сақина арқылы өзара қысқа тұйықтап жалғастырып қояды. Міне, сондықтан мұндай орам қысқа тұйықталған орам деп аталады. Кейде ол ақ тиін дөңгелегі деп те аталады.
Асинхронды қозғалтқыштар жасап шығару технологиясын жеңілдету үшін, соңғы кезде орамның шыбықтары мен қысқа тұйықтап жалғағыш сақиналарын алюминийден жасайды. Ол үшін балқыған алюминийді, ішінен ротор қойылған, қалыпқа құяды. Бұл қалыптың сақиналарға жақын жерінде қосымша саңылаулар қалдырады. Сұйық алюминий оларды толтырады да, соның арқасында ротордың екі жақ шетінде сақиналармен қатар желдеткіштердің шағын қалақшалары пайда болды. Осы желдеткіш қалақшапары ротор айнапған кезде қозғалтқышты жақсылап суытып отыратын болады.
Алюминийден жасалған орамдардың сақиналары мен шыбықтары арқылы индукцияланушы ток жақсы өтедіде, сонымен бірге ротордың болат табақшаларын бір-біріне мықтап бекітеді.
Қозғалтқыштың қызметі. Жоғарыда айтылғандай статор орамынан үш фазалы ток өткенде қозғалтқышта ротор орамын қиып өтетін және онда токтарды туындататын айналушы магнит өірісі пайда болады, осының әсерінеи ротор айналысқа түседі.
Айналушы магнит өрісі Үш фазалы ток қозғалтқышында айналушы магнит өрісі қалай пайда болатынын қарастыралық. Қозғалтқыштың қозғалмайтын бөлігінде, яғни статорда бір-бірімен салыстырғанда 120°-қа ығысқан фазалық үш шарғы I, II, III болады. Егер осы шарғыларды үш фазалы ток желісіне жалғаса, онда бұл шарғылардың бойымен, синусоидалық үш түрлі ток өтетін болады. Бұл токтар і1, і2 және і3 магнит ерістерін тудырады бұл өрістер бірімен-бірі қосылып, қозғалтқыштың қорытқы магнит өірісін жасайды. Бірнеше сәт үшін, мысалы t1,t2, t3 және t4 үшін осы магнит өрісінің бағыттарын анықтайық.
Сол әрбір сәт үшін фазалы айналымдардағы токтардың бағытын және солар тудыратын магнит өріcінің күш сызықтарын көрсетелік. Токтың оң бағытына - оның орам басынан аяғына дейін қозғалу бағытын, ал токтың теріс бағытына, керісінше - оның орам аяғынан басына дейін қозғалу -бағытын алалық.
Статор орамы суретінде бұл токтардың бағытын крестер және нүктелер арқылы көрсететін боламыз да, ал ол токтардың магнит күш сызықтарының бағытын бұранда ережесі бойынша анықтаймыз.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың құрылысы мен жұмыс істеуі
Айналушы магнит өрісі
Магниттік жүргізгітер
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Редуктор - буландырғыштың мақсаты
Сұрақтар мен тапсырмалар. САБАҚ БАРЫСЫ
Бақылау өлшеу аспаптарын үйрену
Электрондық басқару блогы
Электрондық басқару блоктары
Қоректендіру жүйесіне ТҚК дегі талаптар
Газ тарату механизмі
Тұтану білтелері
Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою
Сабақ барысында қарастырылатын сұрақтар
Пәндер