Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Синхронды машиналарда ротордың айналу жиілігі статордың магниттік өрісінің айналу жиілігіне тең

Сабақтың тақырыбы: Синхронды машиналар құрылысы және оларды қолдану
Топтар
Эгд 9-191

Сабақ өтетін күн
01.03.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың құрылысы мен жұмыс істеуі
Айналушы магнит өрісі
Магниттік жүргізгітер
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Синхронды машиналарда ротордың айналу жиілігі статордың магниттік өрісінің айналу жиілігіне тең. Демек, f желі тогының жиілігі мен р полюстері жұбының санымен анықталады:

Кез-келген электрлік машина секілді синхронды машина қайтарымды болып табылады. Яғни генератордың да, қозғалтқыштың да режимдерінде жұмыс істей алады.
1876 ж. орыс ғалымы П. Н. Яблочков электромагнитті қозуы және онымен жасалған доғалық электрлік шамдарды (Яблочков шамдары) қоректеуге арналған электрлік түрде байланыспаған фазалары бар көп фазалы синхронды генераторлардың бірнеше үлгілерін жасаған болатын. Алғашқы үшфазалы синхронды генераторды белгілі орыс электротехнигі М. О. Доливо-Добровольский ойлап тапқан. Аталмыш генератордың қуаттылығы 230 кВ :: А, айналымға гидротурбинадан орындалады және үшфазалы токтың төрт жетекті электрлік сызығы ойынша Франкфуртте 1891 жылы өткен халықаралық электротехникалық көрмені электрмен қамтамасыз еткен.
Сол уақыттан бері синхронды машиналардың негізгі электромагниттік схемасы өзгеріссіз қала берді. Бірақ олардың құрылымдық орындамасы жетілдірілді және электромагниттік жүктемелер артты. Бұл өз кезегінде синхронды машиналардың массагабариттік және энергетикалық көрсеткіштері мен жүктемелік қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Синхронды генератордың сыртқы түрі 7.12-суретте келтірілген.
Синхронды машиналарды негізінен ауыспалы токтың электр энергиясының көзі ретінде қолданады. Оларды қуатты жылулық, гидравликалық және атомдық электрстанцияларында, сонымен бірге жылжымалы электрстанциялар мен транспорттық қондырғыларда орнатылады (тепловоздар, автокөліктер, ұшақтар). Синхронды генератордың құрылымы негізінен жетектің түрімен анықталады.

7.12-сурет. Синхронды генератордың сыртқы түрі
Осыған байланысты турбогенераторлар, гидрогенераторлар және дизель- генераторлар кездеседі. Турбогенераторлар айналымға бу немесе газдық турбиналармен келтірілсе, гидрогенераторлар - гидротурбиналармен, дизель-генераторлар - іштен жану қозғалтқыштарымен жүреді.
Синхронды машиналарды 100 кВт және одан көп қуаттылығы кезінде сорғылардың, компрессорлардың, желдеткіштердің және тұрақты айналу жиілігінде жұмыс жасаушы басқа да механизмдердің жетектерінде кең түрде қолданылады. Желі қуаттылығының коэффициентін жақсарту және оның кернеуін реттеу мақсатында реактивтік қуатты түрлендіру және тұтынуда синхронды компенсаторлар қолданылады.
Электртұрмыстық қондырғылар (магнитофондарда, ойнатқыштарда, киноқондырғыларда) мен басқару жүйелерінде әртүрлі синхронды микромашиналар - тұрақты магниттері бар, индукторлық, реактивті, гистерезисті, қадамдық кең қолданысқа ие болды.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Қандай электрлік машина синхронды деп аталады?
Синхронды машинаның қайтарымдылығы дегенде не түсіндіріледі?
Синхронды генераторлардың қолдану аясы қандай?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Айқын полюсті машинаның қҧрылғысы
Генератор тапсырмасының түрлері
Рөлдік күшейткіш сорғышының бөлшектерінің дефектациясы
Асинхронды машиналар
Жанармай шығынын анықтау
Қозғалтқыштың қызметі
Тік сызықты өткізгіштің магниттік өрісінің күш сызықтары - сымды қармап тұрған концентрлік шеңбер
Тұрақты магнит. Магнит өрiсi. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi
Дизельді қозғалтқышты автокөліктерді пайдаланылған газдардың түтеуіне тексеру
Жетектегі тістегеріштің осі корпусқа
Пәндер