Автомобильге техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу: диагностикалау, ТҚ-1 және ТҚ-2 міндеттері

Пән аты: Өндірістік оқыту

Топ 9-173 Мамандығы: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Квалификациясы : «Автокөлікті жөндеуші слесарь»

09. 04 2020 ж

№8 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Сабақтың тақырыбы: Автокөлікке ТҚК мен ағымды жөндеуді орындау жұмыстары
  2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
  3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
  4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ

Тақырып: Автокөлікке ТҚК мен ағымды жөндеуді орындау жұмыстары

Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет негізгі жоспарларын алдын-алу жүйесінің негізгі ұстанымдары автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын жөндеу және қызмет көрсету ережесімен белгіленеді.
Техникалық қызметке келесі жұмыстар түрлері кіреді: тазалау-жуу, бақылау-диагностау бекіту, майлау, жанармай құю, реттеу, электротехникалық және басқада жұмыстар, бұл жұмыстардың барлығы механизмдерді және тораптарды бөлшектемей атқарылады.
Егерде техникалық қызмет барысына көз жеткізілмесе, онда ол бөлшектер автомобильден алынып арнайы бақылау стендтерінде және приборларында тексеріледі.
Автомобильдің техникалық қызметке бейімделгендігінің алғы шарты пайдалану технологиялылығы, ол дегеніміз техникалық қызмет көрсетілген нысанға, агрегат, торап және агрегаттарға жақындау ыңғайлылығы.
Техникалық қызмет нысанына жақындау ыңғайлылығы дегеніміз - ол автомобильдің бос тұру уақытын және еңбек шығынын қысқарту, мұның барысында қосымша операциялардың күрделілік дәрежесі және саны ескеріледі, бұл дегеніміз шаршауды азайтады, уақыт шығынын төмендетеді және техникалық қызмет ақысының жоғарлауына әсер етеді.
ТҚ-1 және ТҚ-2 міндеттері - автомобильдің механизмдері мен агрегаттарының техникалық қалпының жұмыс барысында өзгеруін азайту, ақауларды анықтау мен алдын алу шаралары, тиімді жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды өз уақытында бақылау, майлау, бекіту, реттеу және басқа жұмыстарды атқару жолымен қамтамасыз ету. Диагностикалың жұмыс (диагностикалау үдерісі) автомобильдерге ТҚ және жөндеу технологиялық элементі болып табылады және сәйкес жұмыстарды орындағанда оның техникалық жағдайынан хабар береді.
Қызметі мен мерзімділігіне, диагностикалық жүмыстардың тізбегі мен орнына байланысты екіге бөлінеді: (Д-1) жалпы және (Д-2) бөлшекті тереңдетілген диагностикалау. ТҚ автомобильдердің агрегаттары мен буындарын, жүйелерінің қауіпсіз жұмыс атқаруын, тізбектегі процестерді бақылағанда, қалпына келтіргенде белгіленген мерзім аралығында қамтамасыз етілуі тиіс.
Мерзімдік қызметтің (МҚ) міндеті жылжымалы құрамды қозғалыс қүрамын пайдаланудың жыл мезгілі ауысымына жылына 2 рет дайындау болып табылады.
Агрегаттарды күрделі жөндеу оны толық бөлшектеу, ақауын анықтау, қалпына келтіру немесе бөлшектерін ауыстыру, ретімен қайта жинау, реттеу және сынау жұмыстарын қарастырады. Агрегаттың негізгі және негізгі бөлшектері оны толық шешіп қалпына келтіруді қажет еткенде, сондай-ақ агрегаттың жұмыс қабілеті ағымдағы жөндеумен қалпына келтіруге болмайтын жағдайда күрделі жөндеуге жіберіледі.
Ағымдағы жөндеу пайда болған ақауларды жөндеу, қалпына келтіру, сондай-ақ автомобильдер мен агрегаттарда қалыптасқан ереже бойынша күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін қамтамасыз ету үшін қызмет жасайды
Автокөлік кәсіпорындарында атқарылатын ағымды жөндеу (АЖ) және арнайы кәсіпорындарда атқарылатын күрделі жөндеу (КЖ) .
Жоғарыда көрсетілген техникалық қызмет түрлеріне автомобильдің типіне және пайдалану жиілігіне байланысты мерзімділігі немесе жол жүру нормасы белгіленген, оның ішінде автомобильдің мемлекеттік немесе жеке секторға жататындығы.
Техникалық қызметтің әр түрлі қатаң тағайындалған жұмыс тізімі (номенклатура) бар, олардың орындалуы міндетті.
Бұл жұмыстар (операциялар) екі бөлімге бөлінеді: бақылаулық және орындаушылық.
Техникалық қызмет операциясының бақылау бөлімі (диагностикалық) міндетті, ал орындаушылық бөлімі қасиеттілігі бойынша атқарылуы тиіс. Бұл дегеніміз жылжымалы құрамға техникалық қызмет жүргізудің материалдық және еңбек шығындары әжептәуір қысқарады.
Диагностикалау дегеніміз автомобильдерге техникалық қызмет және ағымды жөндеу технологиялық процесінің бір бөлігі, автомобильдің техникалық күйі туралы бастапқы мәліметті алуды қамтамасыз ету болып табылады.
Автомобильді диагностау техникалық қызмет және жөндеу технологиялық процесіндегі орнын және қызметін сипаттайды.
Күнделікті техникалық қызмет (КК) автомобиль жұмыстан оралғаннан соң күнделікті орындалады және оған мына төмендегі жұмыстар кіреді: қозғалу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмдер және жүйелер бойынша бақылау-қарау жұмыстары, сондай-ақ кузовы және кабинасы, жарықтандыру приборлары, тазалау-жуу және кептіру-сүрту операциялары, сондай-ақ автомобильді жанармаймен


Ұқсас жұмыстар
Автомобильге күнделікті техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Рульдік басқаруды техникалық қызмет көрсету, диагностикалау және жөндеу
Автомобильге техникалық қызмет көрсету және бастапқы диагностика негіздері - практикалық сабақ жоспары
Автомобильдердің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі
Қозғалтқыштың электронды қоректендіруі мен ауамен қоректену жүйелерін диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Қозғалтқыш салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Автомобильдерге жай-күй анықтау, техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеуді жобалау: өндірістік жоспарлау мен еңбек ресурстарын есептеу
Қоректендіру жүйесіне техникалық қызмет көрсету, ақауларын анықтау және жөндеу
Кривошипті-шатунды (қосиінді-бұлғақты) механизмді техникалық қызмет көрсету және жөндеу: күнделікті ЕО, ТО-1, ТО-2 және ақауларды диагностикалау
Сабақ жоспары: Автокөліктердің тораптары мен агрегаттарына техникалық қызмет көрсету және бастапқы диагностика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz