Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Пайдаланылған газдарды шығару жүйесі

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ 9-173 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеуші слесарь>>
- - - - - - - 16.04 2020 ж

№14 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Қалдық газ шығару құбырларының бекітілуін тексеру
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ
Тақырып: Қалдық газ шығару құбырларының бекітілуін тексеру
Пайдаланылған газдарды шығару жүйесі. Қозғалтқыштан шығарылатын пайдаланылған газдардың уыттылығын және шуды төмендету үшін, сонымен қатар олардың температурасын төмендету және автомобильдің қолайлы жерінде атмосфераға шығару үшін арналған, осы кезд осы функцияларды жүзеге асыруға қатысты автомобиль қуаттарының барынша төмен шығындары қамтамасыз етілу керек. Ол шығару 161 коллекторын, қабылдағыш құбырды 3 (1 сур.), катализдік бейтараптандырғышты 8 (карбюраторы немесе кері байланыспен бензин бүрку жүйесі бар отынның берілуін электронды жолмен басқарылатын жүйелермен қамтылған автомобильдерде орнатылады), сөндіргіштерді 12 және 10 ( әдетте бір негізгі және бір-екі қосымша сөндіргіш-резонатор) және аралық байланыстырғыш құбырларды қамтиды. Шығару коллекторы қозғалтқыш цилиндрлерінен шығатын пайдаланылған газдар ағындарын біріктіру және оларды қабылдағыш құбырға бұру үшін арналған. Шығару коллекторы шойыннан жасалады және цилиндрлер бастиегіне ақаларда бір ортақ немесе әр құбыр үшін бірнеше жеке (біріктірілетін цилиндрлер коллекторының саны бойынша) термотөзімді металл-асбестті төсемшелер арқылы бекітіледі. Шығару коллекторында оған сөндіргіштің қабылдағыш құбырын 3 бекіту үшін арналан ернемек бар. Қабылдағыш құбыры шығару коллекторынан пайдаланылған газдардың қабылдауын және олардың бейтараптандырғышқа, ал ол болмаған кезде - сөндіргішке бұрылуын қамтамасыз етеді. Алдымен пайдаланылған газдардың бөлінуін, кейін олардың біріктірілуін қарастыратын қабылдағыш құбыр құрылымы қозғалтқыш цилиндрлерін тазартудың жақсартылған процесіне және газ шығару шуының төмендетілуіне жағдай жасайды.
1 сур. ВАЗ-2110 автомобилінің пайдаланылған газдарын шығару жүйесі: а -- жалпы құрылысы; б -- пайдаланылған газдар резонатор және негізгі сөндіргіш арқылы өтетін сұлбалар; 1 -- қабылдағыш құбырды қозғалтқышқа бекітетін тіреуіш; 2 -- төсемше; 3 -- қабылдағыш құбыр; 4 -- тіреуіштің қысатын қапсырмасы; 5 -- сомын; 6 -- оттегі концентрациясының бергіші; 7 -- топсалы ернемекті қосылыс; 8 -- катализдік бейтараптандырғыш; 9 -- сөндіргіш аспасының резеңке көпшігі; 10 -- қосымша сөндіргіш (резонатор); 11 -- сөндіргіштер құбырларын жалғайтын қамыт; 12 -- негізгі сөндіргіш; 13 -- сөндіргіштің артқы аспасының резеңке көпшігі; 14 -- резонатор корпусы; 15 -- резонатордың перфорацияланған енгізу құбыры; 16 -- керең арақабырғалар; 17 -- резонатордың перфорацияланған шығару құбыры; 18 -- негізгі сөндіргіш корпусы; 19 және 25 -- перфорацияланған аралық құбырлар; 20, 22 және 23 -- керең арақабырғалар; 21 -- сөндіргіштің перфорацияланған енгізу құбыры; 24 -- сөндіргіштің перфорацияланған шығару құбыры

Катализдік бейтараптандырғышы бар ВАЗ автомобильдерінің қабылдағыш құбырында 3 екі жұқа құбыр жалғанатын жерде оттегі концентрациясының бергішін 6 орнатуға арналған бұрандалы төлке дәнекерленген. Қабылдағыш құбырда ұсақ арматураланған термотөзімді төсемше 2 арқылы жасалған шығару коллекторымен қамтылған ернемекті қосылыс бар. ВАЗ-2110 автомобилінде қабылдағыш құбырдың күштік агрегатпен қосылысының қатаңдығын жоғарылату үшін онда екі жіңішке құбырды да қамтитын қысатын қапсырмасы 4 бар тіреуіш 1 көмегімен қозғалтқышқа бекітетін қосымша бекініс бар, ал қалған зерттелетін автомобильдерде тіреуіш көмегімен берілістер қорабына бекітетін қосымша бекініс бар. Қалған зерттелетін автомобильдерге қарағанда, ВАЗ-2110 автомобильдерінде, сонымен қатар катализдік бейтараптандырғышы бар ВАЗ-21214 автомобилінде бейтараптандырғышпен қамтылған топсалы ернемекті қосылыс 7 бар (бейтараптандырғышсыз - резонаторы бар ВАЗ- 2110 автомобилінде). Ернемектермен жалғанатын шарлы қосылыстар арасында ернемектердің сфералық ойықтарда орналастырылған, сфералық сыртқы беті бар металл-графитті сақина орнатылған. Ернемектердің серпімді қосылысы арқасында серіппелері бар екі бұрандама көмегімен олар сақина беті бойынша бір-біріне қатысты орын ауыстыруы мүмкін. Металл-графитті сақина ернемектердің өзара орын ауыстыруының жеңілдігін және олардың минималды тозуын, сонымен қатар олардың қосылыстарының саңылаусыздығын қамтамасыз етеді, осылайша бір уақытта сырғу мойынтірегінің және тығыздағыштың функцияларын орындайды. Шарлы ернемекті қосылыс шанаққа қатысты күштік агрегаттың тербелістері кезінде туындайтын, пайдаланылған газдарды шығаратын жүйе элементтеріне түсірілетін жүктемен азайтуға мүмкіндік береді, осылайша оларды мерзімінен бұрын ыдыраудан сақтайды. Қалған зерттелетін автомобильдерде қабылдағыш құбыр әр түрлі құрылымдағы қамыттар көмегімен резонатордың кірістік құбырымен қатаң жалғанған. Пайдаланылған газдар шығаратын жүйенің қалған элементтері (резонаторлар, сөндіргіштер және аралық құбырлар) төсемшелері бар ернемектер немесе қамыттар көмегімен өзара қатаң жалғанады және серпімді резеңке аспалары немесе көпшіктері бар тіреуіштерде автомобиль шанағына бекітіледі. Осы кезде шығару жүйесінің қатты қызатын элементтерінің температуралық әсерінен және олардың корпус бойынша соққыларынан шанақты қорғайтын қажетті қашықтық, сонымен қатар шанаққа қатысты күштік агрегат тербелістерден және шығару жүйесінің элементтерінен түсірілетін жүктемелердің азайтылуы қамтамасыз етіледі. Катализдік бейтараптандырғыш 8 атмосфераға шығарылатын пайдаланылған газдар уыттылығын төмендету үшін арналған. Оның құрылымы және әрекет ету қағидаты 2.6.5 ішкі бөлімінде қарастырылады. 164 Сөндіргіштер - негізгі 12 және қосымша 10 сөндіргіштер пайдаланылған газдар жылдамдығы үлкен болатын қозғалтқыштан шығарылатын шуды төмендету үшін арналған. Сөндіргіштің әрекет ету қағидаты физикалық резонанс құбылысында негізделген. Пайдаланылған газдар ағыны жылдамдығының және бағытының өзгеруі нәтижесінде дыбыстық тербелістерді және шудың төмендетілуін тудыратын оның ырғақталуын тегістеу жүргізіледі. Осы мақсатта сөндіргіштің металл корпусында 18 жеке камералар құратын арақабырғалар 20, 22 және 23 бар, олар саңылаулары 19 және 25 бар перфорацияланған құбырлары өзара жалғанады. Пайдаланылған газдар ағыны саңылаулары бар құбырлар және сөндіргіш камералары арқылы өткен кезде оның бағыты және жылдамдығы көп мәрте өзгертіледі, нәтижесінде оның дыбыстық ырғақтауы азаяды және тегістеледі. Сөндіргіште осындай камералар қаншалықты көп болса, шудың төмендеуі соншалықты тиімді жүреді, алайда сөндіргіштерде құбырлардың және перфорацияланған саңылаулардың орналасуын тәжірибелік жолмен таңдап алады, осы кезде қозғалтқыш қуатының минималды шығындары кезінде газ шығару шуының рұқсат етілетін деңгейі қамтамасыз етіледі. Коррозиялық төзімділікті жоғарылату үшін сөндіргіштер корпустары тот баспайтын болаттан немесе алюминиймен жалатылған болаттан жасалуы мүмкін; оларда тілімді асбесттен немесе қасиеттері бойынша оған ұқсас материалдардан жасалған жылу-оқшауламалық қабаты бар. Басқа зерттелетін автомобильдере бір қосымша сөндіргіш- резонатор қарастырылған, ал ГАЗ-3110 автомобилінің пайдаланылған газдар шығаратын жүйесінде екі қосымша сөндіргіш-резонатор қарастырылған, олардың біреуі - негізгі сөндіргіш алдында, екіншісі - одан кейін орнатылады. Аралық байланыстырғыш құбырлар сөндіргіштерді және бейтараптандырғышты қолайлы орналастыру және өзара жалғау үшін арналған. Олар әдетте сөндіргіштерге дәнекерленеді және онымен бір бөлшекті құрастырады. Сөндіргіш құбырларының қосылысы әр түрлі құрылымдағы қамыттар немесе төсемшелер бар ернемектер көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Үй тапсырмасы.
1. Пайдаланылған газдарды шығару жүйесі қызметі қандай?
2. Шығару коллекторы дегеніміз не?
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков.

Ұқсас жұмыстар
Электрондық басқару блогы
АУЫРЛЫҚ КҮШІНІҢ ӘРЕКЕТІНЕН СҰЙЫҚТАР МЕН ГАЗДАРДА БОЛАТЫН ҚЫСЫМ
Сандардың бөлінгіштік белгілері 5 сынып
МОТОР МАЙЫ
Қоректендіру жүйесінің приборлары
Нәруыз молекуласын зерттеу
Қоректендіру жүйесіне ТҚК дегі талаптар
Тас көмір
Автомобильдің тарту - экономикалық қасиеттерін диагноздауға арналған стендтер
ТЫНЫС АЛУ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ ӨКПЕНІҢ ТІРШІЛІК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ
Пәндер