Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Майлау жүйесінің сұлбасы

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ 9-173 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеуші слесарь>>
- - - - - - - 18.04 2020 ж

№16 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Салқындату және майлау жүйелеріне ТҚК, ақауларын анықтау.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ
Тақырып: Салқындату және майлау жүйелеріне ТҚК, ақауларын анықтау.
Двигателдің жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі. Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйвқтвқ үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырды бір- біріне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрі қарай бөлшектердің жылу енді сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.
Қазіргі двигательдердің барлығында құрама майлау жүйесі қолданылады, яғни кейбір бөлшектер қысыммен, кейбір бөлшектер шашып майланады. Майлайтын сұйық картер түбіне құйылып қойылады. Оның деңгейі белгілі біа мөлшерде болуға тиіс және оны арнаулы көрсеткішпен үнемі бақылап отырады.
Двигатель жұмысы кезінде тазалығы төмендейді де сүзгіштердің жұмысын нашарлатады. Егер сүзгіштер өте ластанып кетсе, онда олар май жүйесіне қарай майды өткізбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда двигатель механизмдері құрғақ жұмыс істейді де, апатқа ұшырайды.
Суыту жүйесі қызыған бөлшектерді суыту үшін қажет. Іштен жанатын двигательдерде артық жвлувн шығаруды сұйықпен немесе сыртқы ауаның көмегімен жасанды түрде суыту арқылы жүзеге асырады.
Сонымен сувту жүйесінің негізгі қызметі, ол двигательдің қызған бөлшектеріндегі артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға таратып жіберу болып табылады, яғни двигательдің қызған бөлшектерінен сыртқа жылу тасмалдайтын қондырғы болуы қажет.
Ауамен салқындатылатын двигательдерде бөлшектердің қызуды бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына роторлы желдеткіш ауа үрлейді. Желдеткіш ротардан тұрадй, оның көп санды қалақшасымен қозғалмайтын бағыттаушысы бар. Желдеткіш ротордың айналу жиілігін өзгерту арқылы жылу режимін автоматты түрде реттейді.Осы мақсатта гидродинамикалық муфта қолданылады. Двигатель температурасы неғұрлым жоғары болса, гидромуфтаға май соғұрлым көп құйылады, әрі желдеткіш роторы да аса тез жиілікпен айналады. Температура белгілі бір мәнге дейін төмендегенде золотник майдың муфтаға келуін шектейді де, желдеткіш айналысын баяулатады. Тракторлар мен автомобильдердің двигательдерінде көпшілік жағдайда сұйықпен салқындататын жүйе қолданылады.
Двигательдердің суыту жүйесі мынадай негізгі құрылғылардан тұрады: радиатор, желдеткіш, су насосы, термостат, су көйлегі, жалғастырғыш жеңшңлер және термомтр. Қыста суыту жүйесінде антифриз қолдану керек. Су құйылған двигательдерде жұмыс біткеннен кейін суды төгіп тастау керек. Егер оны төкпесе, цилиндрлер блогы, радиатор, түтікшелер жарылып кетуі мүмкін.
Майлау жүйесі қозғауыштың бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп туру және майлау қызметін аткарады.
Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салкындатады және бөлшек беттерін кажалу калдыктарынан тазартады.
Қозғауыштың жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі. Жоғарыда айтқандай, ондай үйкелетін беттерді қаншалықты мұқият тегіс етіп өңдегенде қарамастан, оларды микробедерлер сақталып қалады.
Егер сол беттер өзара үйкелетін болса, сол бедерлер бір - бірімен айқасын, бөлшектердің жылжуына үлкен кедергі келтіреді. Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырдың бір - біріне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрі қарай бөлшектердің жылжуы енді сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.
Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықтықты жеткізуге байланысты, майлау жүйесін үш түрге бөлуге болады.
Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі бөлшек тіпті бір - бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады.
Екінші үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызып немесе шашып береді. Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.
Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны құрама майлау жүйесі деп атайды.
Қозғауыштың бөлшектері құрылысы жөнінен және жұмыс істеу жағдайларына байланысты әртүрлі болатындықтан, оларды майлаудың бір ғана түрін, яғни тек қысыммен немесе тек шашып беретін тәсілін қолдана алмайды.Сондықтанда қазіргі двигательдердің барлығында құрама майлау жүйесі қолданылады, яғни тетіктер қысыммен, кейбір бөлшектер шашып майланады.
6.1 суретте осындай құрама майлау жүйесінің принципиалдық схемасы көрсетілген. Оның жалпы құрылысы мен жұмысы мына төмендегіше болады. Майлайтын сұйық (көбінесе двигательдік майлар) картер түбіне құйылып қойылады.

6.1 - сурет - Майлау жүйесінің сұлбасы
Оның деңгейі белгілі бір мөлшерде болуға тиіс және оны арнаулы көрсеткішермен үнемі бақылап отырады. Енді осы картер түбіндегі май арнаулы сүзгімен жабдықталған қабылдағыш арқылы май насосымен сорып алынады да қысыммен әрі қарай сүзгілерге жіберіледі.
Қозғауышқа байланысты сүзгілер екі түрлі болады: ірі және майда тазартқыш. Сондықтанда олардың бүкіл жүйеге қосылу тәсіліне қарай толық немесе жартылай ағынды сүзгілер деп түрлендірледі.
Осыларға қосымша жүйеге майды суытатын радиатор, май қысымын бақылайтын манометр және температураны көрсететін термометр қойылған.

Майлау жүйесінің құрылғысы. Май насосы үшін көбінесе шестернялы насос қойылады. Себібі ол сенімді жұмыс істейді және аз ғана айналыста жоғарғы қысым жасай алатын мүмкіндігі бар.
Май суытатын радиаторлар әртүрлі двигательдерде әрқалай жүйеге жалғасады. 2.10 - суретте көрсетілген схемада радиатор жүйеге арнаулы жапқыш кран (5) арқылы жалғасады. Ол кранды көбінесе жазда ашып, қыс мезгілінде жауып ұстайды. Оған қосымша сақтандырғыш клапан (4) жалғасады. Кейбір двигательдерде осылай радиаторды жүйеге қосып ажырату қызметін арнаулы клапан атқарады. Жүйедегі май суық кезінде оның тұтқырлығы көп болғандықтан қысым артып клапанды ашады да май радиатороға бармай қайтадан картерге құқйылады.
Май суытатын радиаторлар әртүрлі двигательдерде әрқалай жүйеге жалғасады. 6.2 - суретте көрсетілген сызбада радиатор жүйеге арнаулы жапқыш кран (5) арқылы жалғасады. Ол кранды көбінесе жазда ашып, қыс мезгілінде жауып ұстайды. Оған қосымша сақтандырғыш клапан (4) жалғасады. Кейбір двигательдерде осылай радиаторды жүйеге қосып ажырату қызметін арнаулы клапан атқарады. Жүйедегі май суық кезінде оның тұтқырлығы көп болғандықтан қысым артып клапанды ашады да май радиатороға бармай қайтадан картерге құқйылады.

1,6,10 - сүзгілер; 2-термометр; 3-радиатор; 4,8,9-клапандар; 5-кран; 7-насос;
11-манометр; 12-магистралды канал; 13-иінді білік; 14-таратқыш білік;
15-күйенте ось; 16-деңгей өлшегіш; 17-картер тығыны.

6.2 - сурет - Жүк көлігінің майлау жүйесі.

Жүйедегі май қысымы мен темперетурасын көрсететін құралдар (11, 2) жүргізушінің алдындағы қалқанға көрінетін орынға бекітілген. Жұмыс кезінде оларды үнемі бақылап отыру қажет.Оның үстіне күнделікті картедегі май деңгейін де тексеріп тұрады.

Үй тапсырмасы.
1. Суыту жүйесі қандай қызмет атқарады?
2. Ауамен суыту жүйесі қалай жұмыс істейді?
3. Қысыммен майланатын бөлшектерді атаңыз.
4. Катерді не үшін желдетеді?
5. Май радиаторы қандай қызмет атқарады?
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков.

Ұқсас жұмыстар
Сұйықпен салқындатылатын жүйесінің негізгі бөлшектерін ата
Майлау жүйесінің диагностикалау
Майлау және тазалау жұмыстары
Май сүзгісін тазарту
Жүйелер мен механизмдер
ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Салқындату жүйесінің диагностикалау
Автомобильдің тарту - экономикалық қасиеттерін диагноздауға арналған стендтер
Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою
Автокөлікке ТҚК мен ағымды жөндеуді орындау жұмыстары
Пәндер