Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Карбюраторлы қозғалтқыштың ақаулары

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ 9-173 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеуші слесарь>>
- - - - - - - 23.04 2020 ж
№20 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Карбюратордың бекітпесін басқару механизмінің жұмысын тексеру.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ
Тақырып: Карбюратордың бекітпесін басқару механизмінің жұмысын тексеру.
Күнделікті қызмет көрсету, жол жүрер алдында бактегі жанармайдың жеткілікті екендігін тексеру және ақпауын қадағалау, яғни, автокөліктегі барлық жанармай жүйелерінің
саңылаусыз бітеулігін тексеру болып табылады. Алғашқы техникалық көмек көрсету кезінде, бітеулігін тексеруден бөлек, сүзгі-тұндырғыдан (ол орнатылған жағдайда)
жиналған жанармайды ағызып жіберу және оның қалпағын тазарту қажет. Бензинді қозғалтқышта жағылған газдардың улылығын тексеру және карбюратор жұмысын ретке келтіру
керек.К-88АТ карбюраторын иінді біліктің ең төменгі жиіліктегі бос жүрісі кезіндегі ретке келтіру жұмысын,қозғалтқыштың қыздырылған кезінде (оталдыру жарамды болған жағдайда)
3тіректік бұрамамен іске асырады (4.2-сурет), және қоспаның құрамын өзгертетін 1 екі бұрамамен дроссельді жапқыштың жабылуымен шектеледі.Ерекше назар аударуды қажет ететіні,
оталдыру қондырғысындағы дұрыс тұтандыруды қамтамасыз ету, оталдырғыш білтелерінің ақаусыздығы және олардың электродтарының аралық қашықтық мөлшерлерінің дұрыс болуы.

Мынаны да ескерген жөн, карбюратор екі камералы және бір камерадағы қоспа мөлшері, келесі камерадағы қоспаның құрамына байланысты емес болғандықтан, жеке бөлек
бұрандамен жөнге келтіріледі. Бұранданы енгізе бұраған жағдайда, қоспа азаяды, ал, бұрап шығарған кезде көбейеді. Бос жүріс жүйесін ретке келтіру амалы кезінде, газ өндіру
кезіндегі көміртегі оксидінің (СО) және көмірсутегі (СН) құрамын өлшеу қажет.Ол үшін, келесідегідей амалдарды орындаған дұрыс болады:
Беріліс қорабының иінтірегін бейтарап жағдайға қою және қозғалтқышқа тахометр жалғап, сосын оны іске қосып 80...90 °С дейін қыздыру;
Дыбыс бәсеңдеткішке тереңдігі 300 мм тереңдікке газ талдауыштың сынама таңдағышын орнату; қозғалтқыш иінді білігінің 500.600 мин-1 шамасындағы айналыс жиілігін орнату;
Өндірілген газдардағы СО және СН құрамдарын өлшеу. Өлшем амалдарын қажетті айналым жиілігі орнатылғаннан кейін, 30 секунттан кем емес уақытта орнатқан дұрыс болады. Егер, құрамындағы СО мөлшері қалыпты жағдайына (Р МЕМСТ 52033 -- 2003 және Р МЕМСТ 41.83 -- 2004 талаптарына) сәйкес келмесе, карбюраторды бұрандамен 1, алдын-ала пломбасы мен плобаланатын қақпағын 4 ағытып алып ретке келтіруге тура келеді.Қарбюратордың әрбір камерасындағы қоспаның құрамы жеке бұрандалардың көмегімен ретке келтіріледі. Пайдаланылған газдардағы көміртегі оксиді жоғары дәрежеде болған жағдайда, 1 бұранданы (1/4) айналымға айналдыру
керек және газ талдауыш көрсеткішін ретке келтіргеннен кейін, оларды белгілеп қою қажет. Қажет болған жағдайда, осы амалды қайталаған жөн болады. Карбюраторды 1бұрандамен қалыпты
жағдайға келтіру кезінде,тахометрдің және газ талдауыштың көрсеткіштерін тұрақты түрде бақылап тұру керек. Иінтіректің айналым жиілігі белгіленген шамада тұрақты болуы қажет және
дроссельді жапқыштың тірек бұрандасын 3 қолданып ретке келтіру керек. Егер, құрамындағы СН МемСТ-пен белгіленген қалыпты жағдайдан асып кетсе, ал, СО қалыпты жағдайдан
біршама аз болатын болса, онда, қоспаны бұрандалардың 1 әрқайсысын бірдей қалыпта 1/4 -- (1/2) айналымға бұрап аздап көбейту керек және СО мен СН мөлшеріне қатысты МемСТ
талаптарының сақталуына қол жеткізу қажет. Құрамындағы СО және СН мөлшерлерін бос айналым режимінде ретке келтіргеннен кейін, қозғалтқыш иінтірегінің айналу жиілігі
1900.2 600 мин-1болған жағдайда да, сондай өлшемдер жүргізу қажет.Жұмыстың осындай режиміндегі қоспаның құрамы ретке келтірілмейді. Құрамындағы СО және СН мөлшерлері МемСТ талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мұның себебін анықтау қажет.
Пайдаланылған газ құрамындағы СО және СН сәйкес келмеуі, бос айналым жүйесіндегі жанармай бүркуінің немесе басқа да жанармай мөлшерлеу элементтерінің тығыздық бітеулігінің қалыпты жағдайда еместігіне, карбюратордың қалтқылы камерасындағы жанармай деңгейінің мөлшерден
жоғары екендігіне, сөйтіп, оталдыру жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне куә бола алады.Ретке келтіруді аяқтағаннан кейін, қалыпқа келтіретін бұрандалардың пломбаларын қайыра қалпына
келтіру қажет. Дұрыс қалыпқа келтірілген карбюратор бос жүріс тәртібіндегі жарамды қозғалтқыштың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет.
Қуат көзі жүйесіндегі элементтердің техникалық жағдайлары, қозғалтқыштың қуаты мен тиімділігіне маңызды әсер етеді, соған байланысты автокөліктің сапа динамикасына да
және пайдаланылған газдардың құрамына да әсері болады. Қуат көзі жүйесінің диагностикалық параметрлері болып табылатындар:
Карбюратор үшін -- жанармай жіберіп тұратын клапанның бүтіндігі, қалтқылы камерадағы жанармай деңгейі, камералар мен дроссельді жапқыштар жұмысының үйлесімдігі;
жанармай сорғышы үшін -- өзіне соратын жанармай құбыр желісіндегі сорғыш арқылы пайда болатын ауасыз кеңістік, сорғыш арқылы пайда болатын қысым; иінді біліктің айналу жиілігінің шектегіші үшін -- сездіргінің іске қосылар сәтіне сәйкес келетін айналым жиілігі; жанармай құбырлық желілері мен ыдыстары үшін -- ыдыстардың тығындарындағы уақытында енгізіп-шығарып ашылып-жабылып тұратын клапандарының бүтіндігі; сүзгілер үшін -- қоқыс тұнбаларының шектеулі қалыңдығы (майлы-инерциялық ауа сүзгілері үшін), ауа және жанармай сүзгілерінің гидравликалық кедергілері (ауа менжанармай шығындалуына байланысты анықталады), ауа сүзгісінің ваннасындағы май деңгейі (май алып кету); бақылағыш аспаптар үшін -- ыдыстардағы жанармай деңгейі көрсеткішінің дұрыстығы.Диагностикалық және қалыпты күйлеріне келтіру, сонымен қатар, жол сапарындағы сынақтары кезіндегі карбюраторлы қозғалтқыштары бар автомобильдердегі үзіліссіз жанармай шығындалуын тексеруді, К-427 (РТА-1) шығын өлшегіштің көмегімен орындайды. Карбюраторлы қозғалтқыштың Б-10
жанармай сорғышының, қозғалтқыштан бөлек босатып алмай-ақ техникалық жағдайын анықтауды, К-436 аспабының көмегімен жасайды, ал, жанармай сорғысындағы өткізіп тұратын клапандардың бүтіндігі мен ең жоғарғы қысымдарын -- 527Б аспабымен.
Үй тапсырмасы
1. Карбюраторлы қозғалтқышқа күнделікті ТҚК қаалай жүргізіледі?
2. Карбюраторлы қозғалтқыштың ақаулары?
3. Карбюраторлы қозғалтқышты диагностикалауда қандай аспаптар қолданылады?
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков.

Ұқсас жұмыстар
Дизель қоректендіру жүйесінің жұмыс приципі
Бүрку жуйесі бар қозғалтқыштың отын беру жүйесін тексеру
Салқындату жүйесінің диагностикалау
Іштен жану қозғалтқышы
Қозғалтқыштың ақаулары
Газ тарату механизміндегі тарсылды анықтау
Газ тарату механизмінің ақаулары
Доңғалақтар аумағындағы белдіктің жоғары шуылы
Сабақ барысында қарастырылатын сұрақтар
СУЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖӨНДЕУ
Пәндер