Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Карданды берілістердің қызметі

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ 9-173 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеуші слесарь>>
- - - - - - - 08.05 2020 ж

№31 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Кардандық беріліске ТҚК, ақауларын анықтау және жөндеу.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ
Тақырып: Карданды берілісіне ТҚК, ақауларын анықтау және жөндеу
Карданды берілістердің қызметі. Карданды берілістердің негізгі қызметі осьтері бір түзудің бойында жатпайтын екі тораптың аралығында айналдыру моментін жеткізу болып табылады. Автомобильде ондай жағдайлар өте көп болады. Мысалы беріліс қорабынан басты беріліске немесе басты берілістен жетекші дөңгелекке айналдыру моментін жеткізу үшін карданды берілістер қолданылады. Себебі олардың біліктерінің осьтері өртүрлі деңгейде орналасқан. Айталық беріліс қорабы автомобильдің кузовына немесе рамасына бекітіледі, ал басты беріліс жетектеуші дөңгелек белдемесінде орналасады. Кузов немесе рама жетекші белдемеден жол бетімен са- лыстырғанда едәуір жоғары тұрады. Оның үстіне жүріс кезінде ол қашықтық, дөңгелек аспасының есебінен үнемі өзгеріп отырады. Сол сияқты жетекші дөңге- лек пен кузовтың аралары жол бедеріне қарай үнемі өзгеріп тұрады. Ендеше осындай тораптарды бір- бірімен тура білік арқылы жалғастыру мүмкін емес Басқа сөзбен айтқанда, автомобильдің кардандық берілісі буындасқан агрегаттар-дың ауыспалы осьтілігі кезінде айналу моментін беруге мүмкіндік береді. Автомобильде кардандық беріліс, қағида бойынша, трансмиссия мен рульдік басқаруда қолданылады. Карданды берілістің жұмыс жағдайы біліктердің орнату бұрыштармен анықталады: бұрыштары көп болған сайын пайдалану жағдайы қиынырақ.. Егер карданды берілістер автомобиль рамасына немесе шанағына бекітілген агрегаттарды жалғаған жағдайда білік арасындағы бұрыш 3[о]-тан аспайды. Егер автомобиль қозғалысы кезінде жалғанған агрегаттардың біреуісі немесе екеуісі доңғалақпен бірге айналса, онда біліктер арасындағы бұрыш 20[о] дейін ұлғаяды,ал өткіштігі жоғары автомобилдерде - 45[о] дейін. Карданды шарнирлерді ( ары қарай кардандар ) кинематика бойынша кардандарды теңсіз және тең бұрыштық жылдамдықтарға бөледі. Теңсіз бұрыштық жылдамдық кардандары ( асинхронды ) жетекші және жетеленуші біліктердің бұрыштық жылдамдықтарының теңсіздігімен сипатталады.Қарапайым асинхронды кардандар ( 4.2, а сур ) тек қана бұрыштық қозғалысты қамтамассыз етеді,
Карданды беріліс не үшін қажет. Карданды берілістер автомобиль қозғалысы кезінде айналу моментін беруге және трансмиссия агрегаттарын жалғауға арналған, мүнда соөсты емес немесе бір-біріне шамалы бұрышта жатқан біліктер.Карданды біліктерге келесі талаптар қойылады: айналу мементін артық майысу, айналу, дірілдік және өстік жүктемелерсіз беру; жалғанушы біліктер арасындағы бұрышқа тәуелсіз теле-тең бұрыштық жылдамдықтар беру,жоғары п.ә.к. және шуылсыз жұмыс.

Карданды берілістің негізгі бөліктеріне не жатады. Карданды берілістің негізгі элементтері ( 4.1 сур ): шарнирлер 1,біліктер 2,4,6 және аралық тіреніштер 3. Аралық тіреніштердің көп болған кезінде карданды беріліс 2 біліктен тұрады: аралық 2 және басты 4.Карданды берілістер жазық болуы мүмкін: жазық, егер жетекші және жетеленуші білік бір жазықтықта жатса; кеңістіктік, егер осы шарттар орындалмаса ;бір және көп шарнирлі.

Кардандық берілістің құрылысы:
1 - майысқақ муфта; 2 - майысқақ муфтаны фланецке бекіту бұрандамасы; 3 - крестовина; 4 - тығыздама (сальник); 5 - тоқтатқыш сақина; 6 - крестовинаның подшип-нигі; 7 - сомын (гайка); 8 - майысқақ муфтаның фланеці; 9 - тығыздама; 10 - тығыздама-ның құрсауы (обойма); 11 - қауіпсіздік кронштейні; 12 - кронштейнді аралық тіреуге бекі-ту бұрандамасы; 13 - алдыңғы кардандық білік; 14 - аралық тіреудің кронштейні; 15 - аралық тіреу; 16 - алдыңғы кардандық біліктің айыры; 17 - артқы кардандық білік; 18 - артқы кардандық біліктің айыры; 19 - басты берілістің жетекші тістегерішін фланеці; 20 - сомын; 21 - айырды бекіту бұрандамасы
Карданды берілістердің түрлері
а - бір білікті;
б,г - екі білікті бір аралық тіреулі;
в - үш білікті таратқыш қорапты;
д - бір білікті ортаңгы белдіктің қосымша редукторымен;

Үй тапсырмасы.
1. Карданды берілістердің қызметім қандай?
2. Карданды беріліс не үшін қажет?
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков.

Ұқсас жұмыстар
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Берілісті өзгерту қорабы
САБАҚ БАРЫСЫ. Сабақтың тақырыбы
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру
Сабақтың тақырыбы. Сабақ жоспары
Молотилканың жұмыс процесі
Кардан білігінің іске қосылуын тексеру
Карданды беріліс агрегаттарынаы диагностикалау
Қызылша жетілдіру және жинау машинасы
Автоматты беріліс қорабының ақаулары
Пәндер