Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автомобильден алдынғы аспаны шешу

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ 9-173 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеуші слесарь>>
- - - - - - - 14.05 2020 ж

№35 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Артқы дөңгелектердің ступицаларының мойынтіректерін реттеу.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ
Тақырып: Беріліс қорабы картерінің жоғарғы қалпағы бекітпесінің және мойынтіректері мен біліктерінің қақпақтарын тексеру.
Алдынғы доңғалақтарының жетегіне техникалық қыщмет көрсету ең алдымен қорғанысты қаптың бұзлмауын тексеруге жəне топсаға уақытылы май қосуға негізделген. Жетектердің топсалары жеткілікті ұзақ жарамды, олардың жүрістігі автомобиль ресурсына тең дерлік. Алайда тəжірибеде оларды жиі ауыстырып жөндейді. Бұл ең əуелі оларды қате пайдаланудан болады. Осыған байланысты топсалардың қаптарын үнемі тексеріп, аздаған зақымдануда бірден ауыстыруға тырысыңыз. Егер топсаға зақымдалған қап арқылы су не шаң кірсе, ол жүздеген километр жүріп өткеннен кейін істен шығады. Майланған герметикалық топса айтарлықтайтозбайды. Автомобильді тұтынғанда алдынғы доңғалақтарының жетегінің ақауын 6.6-кестесінде көрсетілген бірқатар белгімен анықтауға болады.

6.6-кесте. Алдынғы доңғалақтар жетегінің мүмкін ақаулары
Ақаулық белгісі
Ақаулық себебі
Жою əдісі

Автомобиль жүргенде алдыңғы доңғалақтан шығатын шуыл
Топса бөлшектерінің тозуы
Тозған не зақымдалған топсаларды ауыстыру

Доңғалақ жетегінің біліктерінің деформациясы
Топсадағы майды жəне қорғанысты қапты ауыстыру
Майдың ағуы
Ішкі не сыртқы топса қабының зақымдануы немесе жарылуы
Топсадағы майды жəне қорғанысты қапты ауыстыру

7.5-сур. Аспа бағанасының бұрылу тетігінен рӛлдік тартылыстың шарлы топсасының саусағын сығып алу: 1 -- бұрылу тетігі; 2 -- тартылыстың шарлы топсасы; 3 -- алынғыш

Автомобильден алдынғы аспаны шешу. Автомобильді көтергішке немесе қарау жырасына орнату, аялдау тежегішімен тежеу, күпшек қалпағын шешу, алдынғы доңғалақ бұрандамаларын босату, күпшек бекіту сомынын бұрап алу. автомобильдің алдынғы бөлігін көтеріп, алдынғы доңғалақтарын шешіп алу, алынғышпен аспа бағанының бұру тетігінен рөлдік тартылыстың шарлы топсасының саусағын сығып алу (7.5-сур.). Аспа тетігінен арқалық тұрақтандырғышының бағанасын, шанақтан кергі кронштейнін, бұрылыс жұдырығынан аспа тетігінің шарлы топсасын ажыратып алу. Шарлы топса бұрандамаларын бұрылыс жұдырығына қарай бұрағанда, топса ның қорғанысты қабын зақымдап алмас үшін бүйір кілтпен ғана пайдаланған жөн. Кергінің алдынғы соңында реттегіш шайбалардың санын белгілеу, аспа тетігін шанақ кронштейнінен ажыратып, тетікті кергімен қоса шешу. Қалыптарды бұрылыс жұдырығына бағыттайтын бекіту бұрандамаларын бұрап алу, суппортты қалыптармен шанаққа құбыршек жүктелмейтіндей етіп тезнологиялық ілмекке асып қою. Бағананы шетке əкетіп бұра отырып, құрылғының көмегімен доңғалақ күпшесінен тең бұрыштық жылдамдықтардың топсасының оймакілтек ұшын сығып алу. Қозғалтқыш бөлігі жағынан телескопиялық бағананы бекіту сомындарын шанақ бүркегішіне қарай бұрау, алдынғы аспаның
бағанасын бұрылыс жұдырығымен, жəне доңғалақ күпшегімен ұоса шешіп алу. Көрсетілген операцияларды орындап, алдынғы аспадан басқа бағанды шешу. Сосын штангадан бағаналарды шешу, арқалық тұрақтандыруды бекіту сомындарын шанаққа бұру жəне бқабылдайтын ітеуіш құбырдың астынан абайлап тұрақтандырғыш штангасын шығарып алу. Бекіткіш бұрандамаларды бұрап алу, кергілердің алдынғы топсаларымен алдынғы аспа арқалығын шешіп алу. Аспаның тораптары мен бөлшектерін орнатуды шешуге кері ізде келесіні есепке алып орындау керек. кергілердің алдынғы сомындары, шанақ кронштейндеріне аспа тетіктерін бекітетін бұрандама сомындары, аспаның арқалық тетіктеріне тұрақтандырғыш бағаналарын бекіту сомындары жəне шанаққа тұрақтандырғыш бағаналарын бекіту сомындарын алдын ала тарту. Резеңке металлды топсаларды, резеңке төлкелер мен жастықтарды бекітетін барлық сомындар зауыт өндіруші ұсынған тарту сəтімен бекіту керек. Арқалық тұрақтандырғышын орнатқанда штангадағы жастықтардығ жалжып кетуін болдырмау, себебі олар қатаң тəртіпте орналасуы тиіс.

7.6. Запрессовка подшипника в поворотный кулак: 1 -- поворотный кулак; 2 -- подшипник; 3 -- оправка

7.7-сур. Доңғалақ күпшегін пресстеу:1 -- жақтау; 2 -- бұрылыс жұдырығы; 3 -- күпшек

Үй тапсырмасы.
1. Алдынғы доңғалақтар жетегінің мүмкін ақаулары?
2. Автомобильден алдынғы аспаны шешу қалай жүргізіледі?
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков.

Ұқсас жұмыстар
Алдынғы және артқы аспаны бөлшектеу
Артқы белдікті бөлшектеу
Рөлдік күшейткіш сорғышының бөлшектерінің дефектациясы
Майлау және тазалау жұмыстары
Автомобильдердің жай - күй анықтайтын қүралдарынын жіктелуі
Алдыңғы жетекті автомобильді бұру кезінде
Апатты жағдайда, кедергімен соқтығысқан кезде жүргізуші денесінің қозғалысы
Шарлы топсаны бұдан анығырақ тексеру
ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Жай күйін анықтау үдерісі мен тәсілдері
Пәндер