Тегершіктерді ауыстыру

Пән аты: Өндірістік оқыту

Топ 9-173 Мамандығы: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Квалификациясы : «Автокөлікті жөндеуші слесарь»

15. 05 2020 ж

№36 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Сабақтың тақырыбы: Жарты ось щпилкаларының бұрамаларыны тексеру.
  2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
  3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
  4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ

Тақырып: Жарты ось щпилкаларының бұрамаларыны тексеру.

Шуыл бойынша артқы белдіктің жағдайын тексеруде дыбыс тура сол белдіктен шығып тұрғанына көз жеткізу керек. Қозғалтқыш жұмыс істегендегі шудың қатты болуынан мұны істеу қиынға соғады. Әдетте тексерісті жою əдсімен жүргізеді. Автомобильдің екпіндеуі режимінде шуға құлақ түріп, шуыл пайда болыпғ қайта жоғалатын жылдамдықты байқайды, тежегіш жүйесін пайдаланбай қозғалтқышпен тежеу режимінде жасайды. Ақырындату жəне тездету кезінде артқы белдіктің шуылы сол бір жылдамдықта пайда болып, қайта жоғалады. Берілістерді қайта қосу тетігінің төсеп қозғалуы жəне нейтралды күйінде негізгі берілістің тегершіктері жүктелмейді, айтарлықтай шу шығармайды, сондықтан шудың сипаты автомобильді екпіндету немесе қозғалтқышпен тежеу кезінде шудың сипатына сəйкес келсе, онда оның көзі - негізгі беріліс емес. Егер шуылдың сипаты өзгерсе, шуылдың көзі негізгі берілістің тегершіктерінен, немесе жетекші тегершіктің не дифференциал мойынтірегінен екені анық. Жұмыс істегеннен пайда болатын шуылды болдырмау үшін қозғалмаған күйдегі автомобильде қозғалтқыштың дыбысын түрлі режимде тыңдап шығу керек. Сенімді тоқтатылған автомобильде, артқы доңғалақтары көтеріліп тұрғанда қозғалтқышты іске қосып, бесінші берілісті қосу. Бұл ретте шуыл шынында негізгі берілістен шығатынын анықтауға болады. негізгі беріліс бөлшегінің тозуын жетекші тегершіктегі өлшенетін фланецтегі бұрыштық саңылау бойынша анықтауға болады. өлшеу үшін фланецтың кіркөрсеткіш ернеуіне белгі салу керек, тірелгенше фланецты солға бұру жəне мойынтірек стаканында сол белгіге сəйкес келетін сызықіз жасау керек. Сосын фланецті тірелгенше оңға бұру жəне екінші сызықіз жасау қажет. Сызықіздер арасындағы қашықтықты өлшеу. Егер ол 13 мм асса, бұл негізгі берілістің жетекші жəне жетектегі тегершіктердің, дифференциал тегершіктерінің тістерінің немесе жартылай осьті оймакілтектер мен жартылай осьтердің тым тозғанын білдіреді. Жетекші белдіктің мүмкін ақаулары 6. 5-кестеде келтірілген. Люфтоөлшегіштің көмегімен жетекші белдіктіңі негізгі берілісінің іліністеріндегі бұрыштық саңылауларды анықтауда автомобильдің артқы белдігін тоқтатып, беріліс қорабындағы тегершіктердің нейтралды күйіндегі кардандық беріліс саңылауын өлшеу жəне кардандық беріліс бұрын өлшенген саңылауын анықтау.

6. 5-кесте.

Ақаулық белгісі
Ақаулық себебі
Жою əдісі
Ақаулық белгісі: Доңғалақтар аумағындағы белдіктің жоғары шуылы
Ақаулық себебі: Доңғалақ бекіткіштерінің босауы
Жою əдісі: Доңғалақ бекіткіштерін қатайту
Ақаулық белгісі: Доңғалақ күпшегі мойынтіректерінің тозуы не бұзылуы
Ақаулық себебі: Мойынтіректерді ауыстыру
Ақаулық белгісі: Артқы белдік жұмыс істегендегі жоғары шуыл
Ақаулық себебі: Белдік картеріндегі майдың жеткіліксіз деңгейі
Жою əдісі: Май деңгейін қалпына келтіру
Ақаулық белгісі: Жетекші тегершіктің фланец сомынын босауы
Ақаулық себебі: Сомынды тарту
Ақаулық белгісі: Жетекші тегершіктің немесе дифференциалдың мойынтірегінің тозуы не реттеудің бұзылуы
Ақаулық себебі: Мойынтірек пен ондағы саңылаулардың жағдайын тексеру, қажет болса, мойынтіректі ауыстыру немесе реттеу подшипники
Ақаулық белгісі: Негізгі беріліс тегершігі тістерінің жұмысшы бетіндегі содырлар
Ақаулық себебі: Тегершіктерді ауыстыру
Ақаулық белгісі: Бұрылысқа жүргендегі шуыл
Ақаулық себебі: Сателлит осбтерінің жұмысшы бетіндегі содырлар
Жою əдісі: Аздаған бұдырларды егеуқұм қағазымен тазалау, қатты зақымданған болса бөлшектерді ауыстыру
Ақаулық белгісі: Жартылай осьті тегершіктердің немесе сателлиттердің тіреуіш шайбаларының бетіндегі содырлар
Ақаулық себебі: Аздаған бұдырларды егеуқұм қағазымен тазалау, қатты зақымданған болса бөлшектерді ауыстыру
Ақаулық белгісі: Доңғалақ күпшектері мойынтірегінің зақымдануы
Ақаулық себебі: Мойынтіректерді ауыстыру

Дифференциал мойынтіректерін алдын ала тартуды реттеу және автомобильде негізгі беріліс тегершігінің ілінісіндегі бүйір саңылауды бақылау. Тістердің тозуынан ұлғайып кеткен негізгі беріліс тегершігінің ілінісіндегі бүйір саңылауды реттеумен кішірейтпейді, себебі бұл іліністің бұзылуына əкеледі, нəтижесінде тістерінің қатты тозуына, жоғары шуылға немесе тістердің сынуына соқтырады. Мойынтіректегі ұлғайған саңылауларды тегершіктердің өзара орналасуын бұзбай жояды.


Ұқсас жұмыстар
Доңғалақтар аумағындағы белдіктің жоғары шуылы
Қозғалтқыш ақауларын жөндеу
Cандарды бір санау жүйесінен екінші санау
Ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру
Деректі табу және ауыстыру
Санау жүйелері. сандарды позициялық санау жүйелерінде көшіру
Майдың сапасын және деңгейін қалай тексеру
Май ауыстыру процедурасы
Жүйелік тақшаның ақауы
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz