САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақ тақырыбы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың мақсаты:
1) Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2) Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
3) Оқушыларды тапқырлыққа, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Пайдаланылатын ресурстар:
оқулық, тест сұрақтары, кестелер, таратпа, маркер
![]()
http://imektep. kz - тен бейнефильм.
Сабақтың барысы:
Шашылған сөздерді таңдап ала отырып 4 топқа бөлінеді (алма, бала, парта, кірпі, сары, тәтті, қара, ақылды, бес, он, он екі, т. б ұшты, жүрді т. б сөздер бойынша) .
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
Балалар топқа қалай бөліндіңдер, өз топтарың туралы не айтасыңдар?
Постер қорғау. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім.
Бүгін біз мына жоспар кесте бойынша жұмыс жасаймыз:
Жоспар кесте:
Әр оқушы «білім пердесі» атты бағалау парақшасы бойынша өздерін бағалайды.
Оқушылар өздерінің аты-жөнін жазып шығады
Жаңа сабақты бастамас бұрын мына фильмді тамашалайық. Бүгінгі сабақта немен танысатынымызды өздерің анықтайсыңдар.
Интерактивті тақтадан http://imektep. kz - тен «Зат есімнің септелуі» тақырыбындағы фильмді көрсету. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің септелуі».
І Ү. Жаңа сабақ
1. Жұптық жұмыс
Оқушыларға септік атаулары таратылып беріледі: Атау, ілік, барыс табыс жатыс шығыс, көмектес. Әр жұп берілген атау бойынша 5 сөзден жазады.
Мысалы:
Кітаптың, үйдің, баланың, таудың, мектептің.
Айды, күнді, гүлді, Алматты, шелекті, т. б
Әр жұп жазған сөздерін оқиды, бір-бірін тексереді, топқа жариялайды. Білім парақшасына бағаларын қояды.
17-жаттығу. Сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып, мәтінді көшіріп жазу. Ақбөкен сөзіне жалғанған жалғаулардың астын сызып, қай септіктің жалғауы екенін анықтау.
3. Сауаттылық хаты
І, ІІ -топ «Қыс»
ІІІ, ІҮ - топ «Біздің сынып» тақырыбына мәтін құрастырады. Мәтінде септік жалғаулары болу керек.
Әр топ жзған мәтіндерін ұжымға таныстырады.
Білім парақшасына бағаларын қояды.
4. Зерттеу жұмысы
Жеке орындайды.
Әр топқа бірнеше сөз беріледі, оқушылар бір сөзден алып септеп жазады.
Қарлығаш, оқушы, ауыл, суретші, ағаш, қар, күн, емен, терек, кітап, дәптер, мектеп, бала, жаңбыр, аспан, көше, бота, жылқы.
А. с қарлығаш
І. с қарлығаштың
Б. с қарлығашқа
Т. с қарлығашты
Ж. с қарлығашта
Ш. с қарлығаштан
К. с қарлығашпен
Білім парақшасына бағаларын қояды.
5. Шығармашылық жұмыс
Зат есімнің септелуіне оқушылар кластер құрастырады.
Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік
Сөздерді дұрыс септікке орналастыр. Текемет, көмірдің, суға, ұшақты, далада, жаңбырдан, алаша, балғаның, дүкенге, кітапты, қыста, аспаннан, арамен, театрға, шеңберді, оқушымен, отпен, сабақты, қайыңның.
Білім парақшасына бағаларын қояды
Ү. Сабақты бекіту.
http://imektep. kz тест сұрақтарына жауап беру
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
http://imektep. kz -тен «Дұрыс» немесе «Бұрыс » (Тұжырымдардың дұрыс не бұрыс екенін анықтау)
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ. Бағалау
Білім пердесіндегі бағаларды қорытындылап шығу.
Септік жалғауын меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі, тілі шұбарланбайды. Сөйлеу кезінде септік жалғауын дұрыс қолданады.
http://imektep. kz
-тің материалдары жаңа сабақты түсіндіруге және бекітуге өте тиімді әрі қызықты болды. Сіздерге рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz