Тоғызыншы мамыр күні

Сабақтың тақырыбы: Достық түбі-береке
(1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне. )
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім:
Бірлік пен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқыраған жарық күн.
Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! - дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.
«Өз елім» әні үнтаспадан ойнап тұрады. Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, қолдарына гүл ұстайды.
1 - оқушы:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
2 - оқушы:
Мамыр қандай, шіркін - ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылғандай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағынғандай.
3 - оқушы:
Мамыр қандай, шіркін - ай, құлпырады,
Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.
4 - оқушы:
Мамыр келсе халқымыз,
Мерекені тойлайды.
Хормен. Бейбітшілік, Еңбек, Мамыр жасасын!
5 - оқушы:
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
6 - оқушы: Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
Әр оқушы өзі тандап дайындап әкелген ұлты жайлы слайд, сурет т. б. көрнекілікті пайдаланып мәліметтер айтады.
1 - оқушы: Бірлік - халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
Көрініс: «Бірлік».
2 - оқушы: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
3 - оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе - тыныштық, бірлік.
4 - оқушы: Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
5 - оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол.
6 - оқушы: Бейбіт күн тыныштық,
Біз үшін тым ыстық.
Ырыс құт тұтқасы,
Ынтымақ, туыстық
1 - оқушы: Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.
2 - оқушы: Барлық елдердің балаларын ынтымақтасуға шақырамыз.
3 - оқушы: Әй, әлемнің әділ жанды балалары, Әкелер мен атайларға айтайық!
Хормен: Ажал оғын атпасын,
Тыныштықты сақтасын!
Хор: «Ақ көгершін»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
- Ән ұран.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.
Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.
- Оқушылар Отан - туған жер туралы тақпақтар.
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отаның да, ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен Отан.
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағынды гүл атам.
Асыр салған таласып,
Біз туған ел - баласы.
Қандай байтақ - Отаным,
Жан - жағына қарашы.
- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні.
Тоғызыншы мамыр күні!
- Балалар жеңіс туралы кім тақпақ айтады.
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz