Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тірі табиғат бұрышы

Материалдық база. Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру

Жоспары:
1. Қоршаған орта пәні сабақтарын керкті көрнекілік түрлері.
2. Тірі табиғат бұрышы.
3. Дүниетанудан оқыту-әдістемелік кешен.
Дүниетану (оқулықтар). 1,2,3,4 сыныптар.
Бақылау күнделігі (оқу құралдары) 1,2,3,4 сыныптар.
Хрестоматия (оқу құралдары) 1,2,3,4 сыныптар, <<Дүниетану>> пәнін оқыту (әдістемелік нұсқау).
Дидактикалық материалдар. 1,2,3,4 сыныптар.
Оқу кестелері. 1,2,3,4 сыныптар.
Альбом (көрнекі құралдар) 1,2,3,4 сыныптар.
Аудиовизуальды құралдар (оқу кинофильмдері, слайдар, диафильмдер, жануарлардың дыбыстары жазылған үнтаспалар, т.б.) 1,2,3,4 сыныптар.
Өсімдік кеппе шөптерінің жинақтамалары. 1,2,3,4 сыныптар.
Жануарлардың қатырылған жинақтамалары, ылғалды препараттар, тұлыптары. 1,2,3,4 сыныптар.
Тау жыныстары, қазба байлықтар үлгілерінің жинақтамалары.
Киіз үй, ер-тұрман, қазақтың ою - өрнектері, үй жихаздарының кішкентай көлемді макеттері.
Қазақстанның физикалық, экономикалық және кескін карталары. Глобустар. Қазақстанның түрлі жер бедерін (таулы аймақтар, жазық дала, сусымалы құм, орман, суқойма, т.б.) үзінділер түрінде бейнелейтін сұлбалар.
Қазақстанның көрнекті мемлекет, қоғам әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерінің портреттері.
Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың осімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы сыныптарда және одан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады. Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспагарус, бальзамин, бегония-рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш,кливия, пеларгония, традесканция, фукция т. б.) тікелей сынып бөлмесінде арнаулы тіректерге орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды жер шарының әр тараптарының өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.
Бастауыш кластарда табиғатты зерттеу негізінде өлкетану принципі алынған. Табиғаттанудан сабақ беруді жүзеге асыру өз өлкесін жүйелі түрде зерттеуді көздейді. Ол үшін туған жер туралы фактілер мен деректерді үнемі жинап, әрі қарай ол материалдарды қорытып отыру қажет. Материал жинауды оқушылар экскурсиялар, серуендер, жорықтар кезінде жүзеге асырады.
-Өлкетану мүйісі оның бөлімдері:
-Біздің мектеп.
-Мектеп тұрған шағын аудан.
-Мектептің тарихы туралы деректер.
-Біздің мектеп маңайының табиғаты.
Ашық жерде табиғаттанудан бақылаулар мен практикалық сабақтар жүргізу үшін бастауыш мектепте географиялық алаң болуы керек (ол жалпы білім беретін орта мектеп алаңының бөлігі болуы мүмкін).
Экрандық көрнекілік түрлері, оны сабақтарда қолдану ерекшелігі.
Экрандық көрнекі құралдар оқушылардың танымдық өрісін кеңейтуге себебін тигізеді. Оқушылар табиғаттан тікелей бақылай алмайтын құбылыстармен танысуға мүмкіндік алады.Экрандық құралдарды сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалануға болады. Мысалы, 3-сыныпта <<Табиғаттағы қысқы құбылыстар>> бойынша өткізілген сабақта қыс туралы әңгімелесудің соңынан, кинофильді көрсетуден бұрын, мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, <<Қыс>> кинофильмін көрсетеді, сосын қойылған сұрақтарға жауап бергізеді.Жаңа материалды түсіндіру кезінде, мысалы, пайдалы қазбаның қасиеттерімен таныстырып, оны қалай өндіретінін диафильмен көрсеткен жөн.Экрандық құралдарды пайдаланудың алдында проблемалық сұрақтар қою керек: <<сендер тастардың суда, теңіздер мен мұхиттар тереңінде пайда болғаны туралы бұрын естідіңдер ме? <<Известняки>> диафильмі осы сұрақтан басталады. Оқушылар қызығады, белсене қарайды. Оқушылардың ойлау қабілетін жандандыру үшін сабақта экрандық құралды пайдаланғанда алған білімді есте сақтауға мүмкіндік беріп, оны нығайтып, кеңейте түсуге ықпал жасайды. Логикалық ойлау әрекетін дамытуға себебін тигізеді.
Мұғалім диафильмнің толық немесе жаңа кадрларын көрсете отырып оқушылармен әңгімелесе алады.
Дүниетанудың кез-келген сабағында иллюстрациялар көрсетуге компьютер тамаша құрал болып табылады.
Кинофильм көркем мәнерлі құрал, эстетикалық сезімдер дамытады. Тәрбиелік маңызы зор. Ол біздің табиғатымыздың байлығы мен әдемілігін көрсетеді. Оны аялап қорғауға үйретеді. Бейнефильмнің де маңызы зор.
Бейнелеу көрнекі құралдары. Оқу таблицалары және картиналар, қолдану ерекшелігі
Қоршаған ортаны оқытуда қолданатын негізгі бейнелі құралдар.
Оқушылардың табиғаттану тусініктері мен ұғымдарын қалыптастыру және дамытуда қолданылатың бейнелеу көрнекі құралдармен жұмыс істеу ерекшелігі.
Бейнелі көрнекі құралдар: картиналар, таблицалар, фотосуреттер, открыткалар, иллюстрациялар.
Таблицаны пайдалану әдісі: оны анықтап қарау, объектілерді зерттеп, бөліп көрсету, олардың арасындағы байланыстарды белгілеу, объектілерді басқа объектілермен салыстырып, оның табиғаттағы орнын анықтау.
Таблицаны анықтай отырып табиғи объектілерді қосымша пайдалануға болады.
1-сыныпқа арналған таблицалар жылдың әр мезгілінің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы - <<Көктем>>.
Өлі табиғатта көктемде қандай өзгерістер болады? Аспанның түсі қандай? Қар қандай күйге түсті? Өзен қалай өзгерді? Өсімдіктер тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Бұл таблицамен жұмыс істегенде осы жыл мезгілінің ерекшелігі ашылып, маусым туралы жалпы түсінік беріледі.
Жеке объектімен толығырақ танысуда таблица пайдалануға болады, мысалы, <<Аюлар>>: Аю қайда іршілік етеді? Ол немен қоректенеді? Қолайсыз ауа-райында аю қайда жасырынады? Аюдың тұлыбын (терісін) көрсетуге болады.
4-сыныпта картиналар табиғат зоналары бойынша қолданылады. Бұл картиналарда жер беті, өсімдіктер, жануарлар, адамның өмір сүру жағдайлары көрсетілген. Бұл картиналарды салыстыруға болады.
Мысалы: дала өсімдіктері мен шөл өсімдіктерін салыстыру, дала жануарлары мен шөл жануарларын салыстыру.
Салыстыру нәтижесінде оқушылар өсімдіктер мен жануарлардың тіршіліктеріндегі ерекшеліктерін кеңінен аңғарады.
Таблица бойынша әңгіме құрастыруға, табиғат объектісін (жануарларды, өсімдікті) қысқаша сипаттап, жазуға болады. Таблицалармен бірге открыткаларды, фотосуреттерді пайдалануға болады. Олардың оқушылардың жеке жұмыс істеуіне көмегі мол.
Өткен сабақты бекіту үшін открыткалар бойынша жеке тапсырмалар беріледі. Жаңа сабақты түсіндіргенде де открыткалар пайдалануға болады.
Журналдар мен кітаптардан алынған бояулы иллюстрациялар да пайдаланылады.
Тірі және өлі табигат объектілері, сабақта қолдану ерекшелігі.
Тірі табиғат обьектілеріне тірі табиғат мүйісін жатқызады. Өлі табиғат обьектілеріне минералдар коллекциясы, т.б.жатады. Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың осімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы сыныптарда және одан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады.
Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспагарус, бальзамин, бегония-рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш,кливия, пеларгония, традесканция, фукция т. б.) тікелей сынып бөлмесінде арнаулы тіректерге орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды жер шарының әр тараптарының өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.
Әрбір өсімдіктердің этикеткасы болуы керек, онда өсімдіктердің аты, отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар бастауыш мектепте оқыған жылдарында барлық өсімдіктермен танысып, олардың кейбіреулерінің гүлдеуін, өсімдік жарыққа, жылуға және ылғалға сезімталдығын зеріттей алады.
Оқушылар өсімдіктерді күткенде олардың әрқайсысының құрылымының ерекшеліктерін біліп қана қоймайды, сонымен бірге өсімдіктерді күтуге қажетті практикалық дағдылар да алады. Олар мұғалімнің басшылығымен қарапайым тәжірибелер жүргізеді, соның нәтижесінде оларда өсімдіктерді зерттеуге деген қабілет қалыптасады. Мысалы, бірдей екі өсімдік алып, оларға әр түрлі тіршілік жағдайын тудыруға болады. Бақылау нәтижелерін күнделікке тіркеп отыру керек. Оқушылар бұл тәжірибені жүргізу және алынған нәтижелерді талдау барысында өсімдіктер мен қоршаған ортаның арасында болатын тығыз байланыстарға көздерін жеткізеді, өсімдік организмдерінің тіршілік әрекеті үшін белгілі бір жағдайлардың қажеттігін практика жүзінде біліп шығады. Алынған деректерді оқушылар табысты түрде пайдалана алады.
Сынып бөлмесіндегі терезелердің аралығына іліп қоятын аквариум мен шағын террариум құруға болады.Олар жергілікті және аквариум балықтарының, бауырымен жорғалаушылардың немесе қос мекенділердің жеке өкілдерін ұстауға қолайлы. Оқушылар аквариумның шынысы арқылы су асты патшалығының бір бұрышын көре отырып, табиғаттағының бәрі өзара тығыз байланысты екендігіне көрнекті түрде көздерін жеткізеді. Дұрыс жабдықталған аквариумде хайуанаттар табиғи жағдайда жақын жағдайда болады, сондықтан аквариумдегі бақылау олардың тіршілігі мен мінез құлқы туралы, сонымен бірге су ортасына алуан түрлі бейімделулері туралы қызық деректер береді.
Аквариумде валлеснерия, бақа оты, су мүгі, қауырсын жапырақ, бұйра шылаң, мүйіз жапырақ, элодея өсімдіктерін өсіруге болады. Көптеген балықтар қапаста жақсы тұра береді. Аквариум балықтарынан тіршілік жағдайын көп талғамайтындары барбустар, гуппалар, семсершілер, алтын балықтың түрлі тұқымдары, шілте құйрықтар, телескоптар, т.б.
Кейбір су жәндіктерін үлкен су сүйгішті, су қандаланы, кәдімгі катушканы, тірі туатын шалғыншыны жеке банкіде ұстаған дұрыс, өйткені олардың көпшілігін балық жеп қояды. Оқушылар аквариумды күткенде суын уақтылы ауыстырып, ол үшін су құбырының тұнған суын немесе жаңбыр суын пайдалануы; Өсімдіктерді жиі сиретіп балыққа орынды көбірек қалдыруы; аквариумнен жемнің қалдығын және балықтардың қиын тазартып отыруы; балықтарға белгілі бір уақытта, дәл белгіленген мөлшерде жем беруі; судың температурасының күрт өзгеруіне жол бермей, оны қадағалап отыруы; өсімдіктердің күйін және балықтардың мінез құлқын бақылап отыруы керек.
Аквариум балықтар тіршілігін: шабақтардың бірте бірте дамуын, температура мен қоректенудің балықтардың өсуі мен дамуына әсерін; қоректенуге байланысты шартты рефлекстың тууын, балықтар тәбетпен жейтін жемдердің тізімін жасауды; балықтардың ауа райын болжауын, т.б. бақылауды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.
Тірі табиғат мүйісі террариумында әр түрлі хайуанаттар; құрбақа, шөп, көл, бөген бақасы, сергек және тірі туатын кесіртке ұстайды.
Егер тіршілік бұрышы жеке бөлмеде орналасса, ондай жағдайда құстар ұстауға болады.Бәрінен де шымшқтар, қараторғайлар, қарғалар, ұзақ қарғалар жақсы көндігеді. Құстар мен сүтқоректілерді ұстау үшін түбі жылжымалы, астаушасы және суаратын ыдысы бар әр түрлі мөлшердегі торлар қажет.
Оқу тәжірибе учаскесіндегі, табиғат бұрышында, географиялық алаңдағы, жұмыс түрлері.
Мұғалім тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың осімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы сыныптарда және одан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады.
Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспагарус, бальзамин, бегония-рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш,кливия, пеларгония, традесканция, фукция т. б.) тікелей сынып бөлмесінде арнаулы тіректерге орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге оқушыларды жер шарының әр тараптарының өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.
Бастауыш класс оқушылары географиялық алаңда бақылау жүргізген кезде мұғалімнің басшылығымен қарапайым құралдар мен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырулары, күннің көкжиектен биіктігін анықтау үшін тал түстегі сызықты өлшеуді үйренулері; табиғат құбылыстарын бақылауға және түсіндіруге үйренулері, бірнеше жылғы деректерді талдай білулері; өз жерлеріндегі ауа райының ерекшеліктерін қорытып және көре білулері; жақын маңдағы заттарға дейінгі қашықтықты көзбен өлшей алулары; көкжиектің негізгі және аралық жақтары бойынша еркін бағдарлай білулері керек.
Географиялық алаңдағы жұмыстың табысты болуы онда төменгі мектеп жасындағылардың жүйелі, әр күн сайын жүргізулеріне және оны орындаудың барысын мұғалімнің үнемі қадағалап отыруына байланысты.
Географиялық алаңда жүргізілетін бақылаулардың негізгі мақсаты оқушылар бастауыш кластарда зерттейтін табиғат құбылыстарының өзара байланыстарын анықтау болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Қолдан сұрыптау
Қаныққан көмірсутектер Қанықпаған көмірсутектер
Өсімдіктер- тірі ағзалар
Тіршілік ету ортасы
Өсімдік-тірі организм. дүниетану, 2-сынып
Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру
Жанды және жансыз табиғат
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Өсімдік- тірі организм туралы
Мұз патшалығына саяхат
Пәндер