Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жарылмайтын бөгеттердің түрлерін ата
1. Сабақтың тақырыбы: Жарылмайтын инженерлік бөгеттер
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жарылмайтын инженерлік бөгеттермен
таныстыру
3. Уақыты: 45 мин.
4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.
5. Өткізілетін күні:
6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы
7. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.
- Инженерлік бөгеттер дегеніміз не ?
- Инженерлік бөгеттердің түрлерін ата?
- Миналар қаншаға бөлінеді ?
- Мина дегеніміз не ?
- Минаның негізгі элементтерін ата?
- Танкіге қарсы миналар қаншаға бөлінеді?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Жарылмайтын инженерлік бөгеттер
Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз – қарсыласқа шығын келтіру , оның
жүрісін бөгеу , айла қолдануын қиындату,артилерия,танк және ату қаруы
атысынан жойылуы мүмкін бағытқа қозғалуға мәжбүр ету мақсатында
жергілікті жерге орнатылған құралдар , ғимараттар мен бөгеттер.Олар
топырақ,ағаш, ағаш-топырақ,метал, тас,бетон,темір бетон,мұз, қардан
жасалады.
Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай: танкіге, жаяу
әскерге,көлікке, десантқа қарсы және аралас болып бөлінеді.
Жарылмайтын бөгеттердің мынадай түрлері болады:
1.Стационарлы(орлар, эскарптар,контрэскарптар,үйінділер, баррикадалар,қар
үйінділері,сым темір қақпалар және т.б. );
2.Тасымалы(сым темір ширатпалар,тікенді сымдар,бөренеден айқастырылып
жасалған тосқауылдар,бөгет, керме ағаштар );
Жарылмайтын бөгеттердің орналасу орны ұрыс жүргізу тактикасына
байланыстыатыс жүйесі мен табиғи кедергілердің тығыз бірігуіне қарай
таңдалады.
Танкіге қарсы бөгеттер жер қазатын техника көмегімен
орналастырылады. Жер қазатын техника трапециялы ,тік бұрышты және үш
бұрышты профильді орлар қазу кезінде қолданылады.
Жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттерге байқалмайтын сым
торлар,сым ширатпалар,тез қондырылатын сым бөгеттер, қоршаулар,
тікенектер мен керме ағаштар жатады.
Байқалмайтын сым торлар зауыттан әскерлерге түскен стандарт
элементтерден жасалып орнатылады.Олар диаметрі 0,5-0,9 мм сым темірдің
сақина ілмектерінен тұрады. Бір пакетті қондыру кезінде төрт қабатты
биіктігі 1,2 м дейін , ұзындығы мен ені 10 м,биіктігі 90 см тор кеңістік
пайда болады.
Тікенекті ирек сымдар жергілікті жерге ені бойынша екі үш қатардан,
биіктігі бойынша бір екі қабаттан орналастырылады.Орнату кезінде иректер
өзара сыммен байланып, қазықшалармен жерге бекітіледі.Орнатылған соң ирек
цилиндрдің ұзындығы 10 м биіктігі 90 см болады.
Лақтырылатын тікенек сымдар басқа сым бөгеттерді орнатуға жағдай
болмаған кезде қолданылады.Оларды көбінесе қалың шөптерге немесе аласа
бұтақтарға, ми батпақты аймақтарға , тасты жерлерге қолданған дұрыс.Сым
торлар биік және аласа қазықшаларға тартылады.
Биіктігі 1-1,8 м шахматтық ретте жерге қағылған қазықшаларға
орнатылған сым тор күйінде , ені 3-5 м , биіктігі 1,2 м кеңістік тор
жасай орнатылады,Аласа қазықшаларға орнатылған сым тордың ені 6 м
жетеді.Ұзындығы 70 см қазықшалардың бірі бірінен қашықтығы 1,5 м , жер
бетінен биіктігі 25 см болады.
Сымды қоршаулар тікенді сымның 5 орамымен өрілген бір қатар
қазықшалардан тұрады.
Күшейтілген сымды қоршаулар – екі – үш көлденең сым бекітілген ,
қазықшалармен күшейтілген әдеттегі сымды қоршау . Созылмалардың арасы
105 м қашықтықтағы қоршаудың екі жағынан қағылған кіші қазықшаға
бекітіледі.
Тікенектер мен керме ағаштар – тікенек сыммен өрілген сырғауылдар,
олар жолдарға , орларға,бөгеттердегі өтпелерге қолданылатын тасымалы
бөгеттер ретінде қолданылады.
в) Қорытынды бөлім – 7 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз не ?
- Жарылмайтын бөгеттердің түрлерін ата?
- Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?
- Танкіге қарсы бөгеттер ненің көмегімен орнатылады?
- Стационарлы бөгеттерге нелер жатады?
- Тасымалы бөгеттерге нелер жатады?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________
______________

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz