Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автокөліктің жалпы құрылымы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Алматы қаласы Білім басқармасының
<<Алматы электрмеханикалық колледжі>> КМҚК

Бекітемін
Басшының оқу-өндірістік
ісі жөніндегі орынбасары
_____________________ Асгат Р.
____ _____________ 20 ___ жылы

№__ өндірістік оқыту сабақтың
ЖОСПАРЫ
______ ________20____ жылы

КМ 05. Автокөлік агрегаттары мен тораптарының құрылысы және құрылыстық ерекшеліктері.
Мамандық атауы және коды: 1201000 - <<Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Біліктілік атауы және коды: 1201072 - <<Автокөлікті жөндеу слесарі>>
Оқу бағамы - I топ номері: АС-118
Сабақ тақырыбы: Автокөлік жалпы құрылымы, түрлері, маркалары, арнаулылығы.
Сабақтың түрі: тәжірбиелік сабақ Сабақтың тип: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: жаңа сабақ түсіндіру, топпен жұмыс, ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу), көрнекілік құралдар.

Сабақтың мақсаты:

білімділік
Студенттерге автокөлік құрылымы, түрлері, маркалары және арнаулылығы туралы мәлімет беру.
дамытушылық
Техника қауіпсіздік ережелерін сақтап, соған дағдыландыру, студенттердің есте сақтау қабілетін дамыту.
тәрбиелік
Осы таңдаған мамандыққа студенттердің қызығушылығын арттыру. Оқу - өндірістік тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Өндірістік оқыту сабағының негізгі кезеңдері және уақыт бойынша ұзақтылығы

Р.с.

Мазмұны
Уақыт
Мазмұн нысаны
1.Ұйымдастыру кезеңі ( 5 - минут)
Психологиялық көңіл-күй
Сабаққа қатысуын тексеру

Сыртқы келбетін тексеру

Студенттердің сұрақтарына жауап

2
1

1

1
1.Сергіту сәті
2.Студенттердің қатысуын тексеру. Топ старостаның рапорты
3. Студенттердің сыртқы түрін тексеру (арнайы киімнің болуы)

4. Студенттердің біліктілігі мен дағдысын тексеру. (Сұрақ-жауап)

2.Кіріспе нұсқау (45 - минут)
Сабақтың өту барысымен танысу.

Өткен сабақ бойынша студенттің білімі мен дағдысын тексеру

Тәжірибелік жұмыс туралы толық мағлұмат беру.
2

43

Сабақтың тақырыбын хабарлау;

Сұрақ - жауап.

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесімен таныстыру.
Студенттер технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасайды.

Автомобил өндірісінің негізгі даму кезеңдері
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Еуропа және Америкада автомобильдер шығарыла бастады. Кеңес Одағында 1924-1931 жылдары автомобиль шығарудың алғашқы қадамдары жасала бастады. 1924 жылы Москвада АМО зауыты толық салынып, 1,5 тонналы жүк машинасы шығарыла бастады. 1931 жылдан бастап Москва, Горький және ЯрослABSк автомобиль зауыттары (АЗ) жүк және жеңіл машиналар мен автобустарды шығара бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО құрамындағы Республикаларда да автомобиль өндірісі дами бастады. Мысалы, Белоруссияда - Минск ауыр жүк автозауыты, Арменияда автобус зауыты, Ригада - РАФ т.б.
Өткен ғасырда Қазақстанда Сайрам арнайы автомобиль құрастыру зауыты, Петропавл қозғалтқыш, Павлодар трактор зауыттары және басқа мекемелер жұмыс істей бастады.
XXI ғасырдың басында Өскемен қаласындағы <<Азия - авто>> мекемесі <<Нива>> автомобилін шығара бастады. Жылдық өндірістік қуаты - 40 мың автомобиль. Зауыт конвейерінде осы заманға сай шетел жеңіл автомобильдерін жинау мүмкіндігі бар. Зауыттың конвейерінен 2003 жылы 4000 автомобиль құрастырылды.
Қазіргі кезде біз техникалық прогресс қалай өз дегеніне жетіп отырғанын байқай аламыз. Дүние жүзінде жылына 50млн. Автомобиль шығарылады. Оларды шығаратын әлемдегі автотракторлық өнеркәсіп бензинді (карбюраторлы) және дизельді қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Күрделі де қымбатты отандық жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандарт секілді енгізулермен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралыайтуға болмайды. Бензинді қозғалтқыштардың бүрку жүйелерін келесі түрлерге бөлуге болады: орталық; таралымды; тікелей.
Іштен жану қозғалтқышы мен электрлік қозғалтқыштарды автомобильдерде бірге қолдану, бензинді және дизельді қозғалтқыштарының Еуропа стандартына сай жаңа қоректендіру жүйелері, автомомбильдерде қолданыла бастаған навигациялық, маршруттық компьютерлер, автомобиль қауіпсіздігін жақсарту жолындағы ABS жүйесі, сығу көрсеткіші мен газ тарату фазаларын жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта реттеу, оптимальды автомобиль техникасын пайдалануда автоматты бақылау мен басқару мағлұматтары оқулықта жарық көрген.

Автомобиль тасымалының қозғалыс құрамы
Жеке автомобиль және оның сүйреуіндегі тіркеме мен жартылай тіркеме автомобиль поезін құрайды.
Атқаратын міндетіне қарай қозғалыс құрамы жалпы жүк, жолаушы тасу және арнайы жүк тасу болып бөлінеді. Жүк автомобиль қозғалыс құрамы оны пайдалану сипаттамасына қарай жалпы және арнайыландырылған, тіркемелі және жартылай тіркемелі болып бөлінеді. Жолаушылар тасымалдау қозғалыс құрамына жеңіл автомобильдер мен автобустар жатады.
Арнайы қозғалыс құрамы (АҚҚ) деп тасымал жұмыстарын атқармайтын және сәйкесті жабдығы болатын тіркеме мен жартылай тіркемелі автомобильдерді айтады. Мысалы: өрт сөндіруші, көше сыпыруға арналған автомобильдер, автокран, қозғалыстағы жөндеу шеберханалары, жедел жәрдем, спорттық және басқа автомобильдер.
Қозғалтқыш цилиндірінің жұмыс көлеміне байланысты 4 топқа, автобустар сипаттама негізінде олардың ұзындығы (м) байланысты 5 топқа, ал жүк автомобильдері толық салмағына байланысты жеті топқа бөлінеді.
Автомобильдің жалпы құрылысы.
Автомобиль негізгі үш бөліктен тұрады: шанақ, шасси және қозғалтқыш. Шанақ жүргізушіні, жолаушылар мен жүкті орналастыруға арналған. Автобустар мен жеңіл автомобильдердің шанағы деп жүргізуші мен жолаушылары бар салонды айтады. Жүк автомобильдерінде шанақ жүргізушінің жұмыс орны болып саналатын кабинадан, жүктерді және жолаушыларды (борттық платформа болған жағдайда) тасымалдауға арналған платформалардан тұрады. Шасси үш механизмнен тұрады: трансмиссия, қозғалыс бөлігі және басқару механизмі (В1 сурет). Трансмиссия қозғалтқыштың иінді білігінен автомобильдің жетекші доңғалағына дейін айналу кезін жібереді. Оның құрамына ілінісу муфтасы 3, беріліс қорабы 4, карданды беріліс 5, басты беріліс 6, дифференциал 7, доңғалақтың жетекті біліктері кіреді. Автомобильдің қозғалыс бөлігіне рама 10, аспалар 2 және 8, амортизаторлар, 1 және 9 доңғалақтары, алдыңғы білік және артқы белдік қаптамасы кіреді. Автомобильдің басқару механизміне тежеуіш пен тізгінді басқару 11 жатады. Тежеуіш автомобильдің қозғалыс жылдамдығын бәсеңдетуге әрі толық тоқтатуға арналған. Тізгінді басқару автомобильдің қозғалу бағытын өзгерту үшін қажет. Қозғалтқыш 12 -- жылу энергиясын мехникалық жұмысқа айналдыратын күш қондырғысы.

Шебердің іс жүзінде жұмыстың орындалу әдіс - тәсілін көрсету

(Өндірістік оқыту шебері жұмыстың орындалу барысын көрсетеді)

Қауіпсіздік ережесімен теориялық түрде таныстыру.
Автокөліктің жалпы құрылысына байланысты бейне ролик көрсету және талдау.

Студенттің жұмыс реті:
Студенттер бейнеролик арқылы автокөліктің жалпы құрылысымен танысады;
Ұсынылған бейне материалдарды қарау және талдау;

3.Ағымды нұсқау ( 50 - минут)
Бірінші мақсаттық тексеріс
Цель: Жұмыс орнын ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздік ережесін сақтау, студенттердің тәжірибелік тапсырманы орныдауға дайындығы
Екінші мақсаттық тексеріс
Студенттерді тексеріс уақытында қадағалайтын сәт

Үшінші мақсаттық тексеріс
Студенттердің жұмысын демонстрацияға дайындау
10

20

20

Жұмыс орнын ұйымдастыру тәртібімен танысу. Керек шикізат, реттілік пен құралдардық қолда болуы, тапсырмаларды топ ішінде бөлу.
Түсіндірме жазбаға байланысты жұмысты жоспарлау. Еңбек қауіпсіздік ережесін сақтау. Техникалық процесстердің болуын қадағалау.
Жұмысты аяқтап, қорытындылау.6-аралау Дайын болған жұмыстарды қабылдау, жұмыс орнын жинастыру, тапсыру.
4.Қорытынды нұсқау(ұзақтығы - 20 минут)
Ескертулер

Үй тапсырмасы

Бағалау

10

2

8
1)Жұмысты орындауда білім сапасы.
2)Топтың нәтижелі жұмыс (өзара көмек, өзара сыйластық, ұжымда жұмыс істей білу) соңына жетуі.
3)Қателікті талдау
2. Үй тапсырмасы

1)Жұмыстың сапасын бірге бағалау
2)Қорытынды бағалар

Өндірістік оқыту шебері ____________________ Нуртазаева А.

Технологиялық нұсқау картасы
Автокөліктің жалпы құрылымы

Жұмыстың реті
Жұмыстың мазмұны
Қажетті құрал -жабдықтар

1.
Автокөліктің жалпы құрылымы

-
22.
Қозғалтқыш

-
33.
Шасси

-
14.
Қаңқа

-

Ұқсас жұмыстар
Автокөліктің тежеуіш жүйелеріне қойылатын талаптар
Автокөлікті жөндеуші слесарь
Автокөліктің бұзылуы, бірақ жұмысқа қабілетті болуы зақымдану
Қоректендіру жүйесіне ТҚК дегі талаптар
Жеңген топтарды марапаттау
Қоректендіру жүйесінің приборлары
Көлік құралдарының тоқтау жолы
Автокөлікті орнынан қозғау және берілістерді ауыстыру
Денелердін электрленуі, электр заряды, электр зарядының сақталу заңы. электроскоп. электрөткізгіштер және электр тоғын өткізбейтіндер. 8 сынып
Майдың сапасын және деңгейін қалай тексеру
Пәндер