Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мадақтау сөз әдісі

Сыныбы: 7
Педагог: Ахмет Айдай
Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Периодтық заңның мәнін,оның негізгі қағидаларын түсіну.Әрбір элементерге тән химиялық қасиеттерді талдай отырып, олар периодта орналасуына байланысты екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа қызығуышылығын ояту, танымдық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, жұмыс дағдысын нығайту.
Тәрбиелік: Өз бетімен еңбектену іскерлігін арттыра отырып, оқушылардың танымдық белсенділіктері мен ой өрісін дамытып, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларға шаршы, үшбұрыш, шеңбер фигураларын бере отырып, үш топқа бөлеміз.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме?
Оқушылар: Сәлеметсіз бе Ұстаз.
Мұғалім: Балалар мына жәшіктен фигураларды алып топқа бөлінейік.

Шаршы - өте сақ адамдар. Бір жолмен жүретін, өзіндік принциптері, ережелері бар, сенімді, тұрақты адамдар. Бірақ ол ережелері орындалмай қалған жағдайда, көңіл-күйлері болмай, сол негативті көңіл-күйлерін қасын-дағы адамдарға таратады. Бұл фигураны таңдаған адамдарға қол соғып қояиық. Себебі қазіргі өмірде көпшілігімізге өзіндік ереже мен тәртіп жетпейді.
Үшбұрыш - психологиялық тұрғыдан бұрыш проблема болып табылады. Сондықтан үшбұрышпын деген адамдар шапшаң мінезді, тәуекелшіл, өзіне сенімді, берілген жұмысты дер кезінде орындайтын, қарсыласуға дайын тұратын адамдар. Бұл фигураны таңдаған адамдарға да қол соғып қояиық. Себебі қазіргі өмірде көпшілігімізге тәуекелшілік жетпейді.
Шеңбер - психологиялық тұрғыда бұрышы жоқ фигура. Шеңбер фигурасын таңдаған адамдар ақкөңіл, ақжарқын, мейірімді, ұрыс-керісті жаны қаламайтын, басқаларды ренжетпейтін, көп істері адал, сенімді, қайырымды адамдар болып табылады. Барлық мәселелерді дипломаттық қарым-қатынас тұрғысынан шешеді. Бұл фигураны таңдаған адамдарға қол соғып қояиық.
Мұғалім: Бүгін сіздерді химия әлеміне қызықты саяхат күтіп тұр.
2 - оқушы (қыз). Біз саяхатымызды химия кабинетінен бастаймыз.
1 - оқушы. Сенде айтады екенсің.
2 - оқушы. Иә, сен қарашы дұрыстап, мынау Менделеевтің периодтық кестесі, ал мынау ерігіштік кестесі. Бақылау жұмысындағы тапсырмаларды осыларға қарап орындауға болады.
1 - оқушы. Ол, үшін бұл кестелерді оқып үйренуіміз керек. Элементтердің латын тіліндегі мағынасын білуіміз керек.
2 - оқушы. Қорықпа бірдеңе етіп жолын табамыз. Таба алмасақ басқа оқушылар көмектеседі.
1 - оқушы. Ал мынау қандай кітап (оқиды); <<Ұлым менің философиялық сыныпты ал>>. Сандырақ. (қолын сілтейді).
2 - оқушы. Бұл сен ойлағандай сандырақ емес. XIV ғасырдағы Джордж Риплидің <<философиялық тас>> пен <<көмір эликсирін>> алудың әдісі.
1 - оқушы. Егер уақыт машинасына отырып, 5 - 6ғ. кейін шегініп, ертеде оқушылардың формулалар мен теңдеулерді оңай есептеу үшін қандай әдістер қолданғанын қарасақ қайтеді.
2 - оқушы. Тек екеуміз саяхатқа шыға алмаймыз. Оқушылардың бізбен баруын өтінеиік.
1 - оқушы. Бізбен бірге саяхатқа барамын деушілер бірге жүрсін.
2 - оқушы. Енді танысып қоялық (өздерін таныстырады)
1 - оқушы. Әзір болсаңдар, кеттік!.

Екі оқушы, қолдарында кітап бар. Бұлар оқымысты достар.
2 - оқушы (қыз). Қызық, біз қайда келдік! Мүмкін білім қоймасы болар.
1 - оқушы. Сендер кімсіңдер?
1 - оқымысты. Біз оқымысты достармыз. Түрлі кітаптарды оқығанды жақсы көреміз, сізге көптеген қызық оқиғаларды айтып бере аламыз. Бәрінен де сұрақ қойғанды жақсы көреміз.
2 - оқымысты. Мен қонақтарға алдымен <<химия>> сөзінің пайда болу тарихын айтып берейін. Бұл туралы бірнеше болжамдар айтылады. Алғаш химия ғылымы Мысыр елінде дамығандықтан, <<химия>> сөзі <<кеме>>, яғни қара жер деген сөзден шығуы мүмкін. Немесе <<хюма>> - металдар құймасы деген, сондай - ақ <<ким>> - алтын сөзінен де шығуы мүмкін.
1 - оқушы. Алтынның қатысы қандай?
2 - оқымысты. Ертеде қару - жарақтың барлығы алтыннан жасалған. Алтын - адамдар өңдеген алғашқы металл. Бұдан кейін күмісті өңдеген, сосын темірді өңдеген.
1 - оқымысты. Мен сіздерге бір мета туралы айтайын. Ертеде бұл металды <<аспан тасы>> деп атаған. Бұдан жасалған өнімдер алтыннан да қымбат саналады. Мысыр пирамидаларында бұл жұмсақ металдан жасалған әсемдік бұйымдар табылған. Мен қандай метал түрінде айтып тұрмын? (жауабы темір)
2 - оқымысты. Ал мен бір күрделі зат туралы айтқым келеді. Бұл затты ертеде өмір мен өлім туғызушы зат деп есептеген. Мұның алдында адамдар басын иіп құлшылық еткен. Құдіреттің, Байлықтың және биліктің мөлшері болып есептелген. Суда пайда болады да, суда өледі. Бұл қандай зат? (жауабы ас тұзы)
1 - оқымысты. Біз қызықты кітаптарды әр түрлі тілдерде оқимыз. Сіздерге химия тілінде қызықты сұрақтар қояйық, ал сіздер өз тілдеріңізбен жауап беріңіздер.
Оқымысты - Жылтырдың бәрі (Аu) емес.
Оқушы -(Жылтырдың бәрі алтын емес)
Оқымысты - кальций карбонатындай езіліп жылады.
Оқушы -(Бор сияқты езіліп жылады)
Оқымысты - Феррум мінезді.
Оқушы - (мінезі темірдей)
Оқымысты - Аз сөз - аурум, көп сөз - аргентум.
Оқушы -(Аз сөз алтын, көп сөз күміс)
Оқымысты - Көп H2O ағып кетті.
Оқушы -(көп су ағып кетті).
Сахнаға иығында қабы бар саяхатшы шығады.
Саяхатшы. Сәлеметсіздер ме балалар! Жол болсын!
2 - оқушы. Біз химия әлеміне саяхат жасап жүрміз
Саяхатшы. Иә мен білемін, бұл өте ғажайып ел, бірақ адасып кетпеу үшін бұл елде географиялық атауларды білу керек. Қане сұрап көрейін.
- Қандай элементтер елдің атымен аталады? Жауабы: германий, франций, полоний, рутений, геллий.
- Қандай элементтердің буындарынан өзендердң аттарын оқуға болады? Жауабы: радон - Дон, нилсьборий - Нил, индий - Инд, полони - По.
- Қай элементтер еуропадағы қалаларының атымен аталады? Жауабы: гафний - Копенгаген, гольми - Стокгольм, лютенцы - Париж.
- Қай элементтің аты аралдың атымен байланысты? Жауабы: мыс, купрум - Кипр.
Саяхатшы. Менің барлық сұрақтарыма кідірмей жауап бергендеріңіз үшін сіздерге химиялық элементтер кестесін беремін. Жолдарыңыз болсын!
Үстінде ақ халаты бар, алхимик жұмыс істеп жатыр.
1 - оқушы. Міне, қызық! тағы бір жерге тап болдық!
2 - оқушы. Кешіріңіз сіз не істеп жатырсыз?
Алхимик. Жанбайтын орамалмен от жағып жатырмын. Ал сіздер бұл жерде не істеп жүрсіздер?
1 - оқушы. Біз саяхатта жүрміз. Химия әлемімен танысқымыз келеді.
Менделеев. Сіздер дәл келдіңіздер. Мұнда түрлі қызықтарды көріп өз біліміңізді де көрсете аласыз.
Мұғалім: Ал оқушылар, маған мына тапсырмаларды орындап беріндерші.
.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

М
е
т
а
л
д
а
р

г
а
л
о
г
Е
н

с
ы
Н
а
п

р
е
з
е
р
ф
о
р
Д

х
а
л
ь
к
о
г
Е
н

с
і
Л
т
і
л
і
к

Е
к
і

н
Е
й
т
р
о
н

В
а
л
е
н
т
т
і
л
і
к
1. Созылғыш, серпімді, металдық жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін қатты заттарды қалай атаймыз?
2. Бейметалдар арасындағы ұқсас топтардың бірі, тұз туғызушы деген мағынаны білдіретін топ?
3. Сұйық металл?
4. 1911 жылы атом құрылысының <<планеталық>> моделін ұсынған ағылшын ғалымы?
5. VI валенттілік көрсететін оксидтер түзе алатын элементтер орналасқан топты қалай атаймыз?
6. Li,Na,K,Rb,Cs қасиеттері ұқсас металдар. Оларды қалай атаймыз?
7. Галогендер жай зат күйінде неше атомнан тұрады?
8. Ядроның құрамына кіретін зарядсыз бөлшек?
9. Химиялық элемент атомдарының басқа химиялық элементтер атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті?
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар!!!
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
Мұғалім: Оқушылар сөзжұмбақтағы кілт сөзіміз периодтық кестені ашқан ғалым <<Менделеев>> шықты, енді жаңа тақырыпты жазып алыңыздар.
Д.И.Менделеевтің периодтық заңы.
Көптеген елдердің ғалымдары химиялық элементтерді жіктеудің әртүрлі тәсілдерін ұсынды. Бірақ олар барлық элементтерді бір жүйеге келтіретін байланысты таба алмады. Бұл проблеманы орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев шешті. Ол ұқсас және ұқсас емес элементтер арасындағы байланысты атомдық массалары және валенттілігіне сүйеніп қарастырды. Д.И.Менделеев өз кезінде белгілі болған элементтерді атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастырды. Белгілі бір элементтің қасиеті біраз элементтен соң қайталанады, мәселен, сілтілік металдар мен галогендер. Олардың валенттіктері бірдей, оксидтері мен гидроксидтері, сутекті қосылыстары ұқсас химиялық қасиеттер көрсетеді. Бұл заңдылықты 1869 жылы салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтердің химиялық қасиеттері периодты түрде өзгереді. Бұл заңдылықты әрі қарай дамытып, периодтық заң түрінде тұжырымдады. Элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массаларына периодты тәуелділікте болады.Осыны түсіну үшін алғашқы 18 элементті қарастырайық.
1. Литийден фторға қарай металдық қасиет әлсіреп, бейметалдық қасиет күшейеді.
2. Литийден фторға дейінгі элементтердің қосылыстарында да өзгерістер байқалады. Литийден фторға дейінгі элементтер қосылысының қасиеттері натрийден хлорға дейінгі элементтердің қасиеттеріне ұқсас: оттекті оксидтерінде валенттіктері I - VII қарай артса, сутекті қосылыстарныда IV - I дейін кемиді. Мұндай қатарларды Д.И.Менделеев период деп атады.
Период дегеніміз атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары. Период сілтілік металдардан басталып, салғырт элементпен аяқталады.
1-ші периодта - 2 элемент,
2мен 3-те - 8 элементтерден бар, бұл периодтарды кіші период;
4пен 5-те - 18-ден,6-да - 32 элемент,7- ші период аяқталмаған,бұл периодтарды үлкен периодтар деп атаймыз. Периодтық жүйеде тік бағанда қасиеттері ұқсас элементтер бір - бірініңастында орналастырылып, ұқсас элементтер тобы шықты. Бұлар периодтық жүйеде топтар деп аталады. Барлығы 8 топ бар, топ негізгі және қосымша топшаға бөлінеді.
Периодтық жүйеде кейбір элементтердің реттік нөмірлері, оның атомдық массалырына сай емес. Мысалы: кобальтты никельдің алдына орналастырды. Теллур элементін атомдық массасы 127,6 болғанына қарамастан, атомдық массасы 126,9 йодтың алдына орналастырды. Мұндай орын ауыстырулар болмаса бұл элементтер өзіне ұқсас элементтер тобына сай келмейді. Сондықтан Д.И.Менделеев мұндай орын ауыстырулар қажет деп санады.
Периодтық жүйені 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашты. Периодтық жүйеде 7 период, 10 қатар, 8 топ бар. Период бойынша металдық қасиет әлсіреп, бейметалдық қасиет күшейеді. Топ бойынша металдық қасиет күшейіп, бейметалдық қасиет әлсірейді.
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
І. Постер қорғау.
І топ- Д.И.Менделеевтің периодтық заңы
ІІ топ- Д.И. Менделеевтің өмірі мен қызметі
ІІІ топ- Д. И. Менделлеев - ұлы талант иесі

ІІ. <<Парольді анықтау>>
І топ: N, Ne, O, AI, Ne, Cr, Ne, Ne, Ag. (Менделеев)
ІІ топ: Li, Ne, Ar, Ne, Li, Fe, Cu, Li, Al. (Резерфорд)
ІІІ топ: Zn, Ne, Li, K, Cu, Al, C, Mg, Mn, Ne (Период жүйе)

3
6
7
8
10
12
13
18
19
24
25
26
29
30
47
Р
Ж
М
Н
Е
Ү
Д
З
И
Л
Й
Ф
О
П
в

V. Сабақты қорытындылау.
--------------------------------------------------------------------------------
<<Еркін микрофон>> әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
--------------------------------------------------------------------------------

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың <<Қорытынды>> тәсілі көрінеді.
ҮІ. Үйге тапсырма беру, бағалау:
<<Мадақтау сөз>> әдісі.
<<Жапондық бағалау>> әдісі
Мұғалім оқушыларды <<Жапондық бағалау>> әдісі арқылы бағалайды. Яғни <<Дұрыс келісемін>>, <<Толықтырамын, басқа көзқарасым бар>>, <<Менің сұрағым бар>>. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады
1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады

Ұқсас жұмыстар
Абай Он жетінші қара сөз
Сәкеннің сөзі
Көліктік роботтар
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Әнет баба батасы
Тақырып Ж ж дыбысы мен әрпі
Санды теңсіздіктердің қасиеттері
Әріпті өрнек
Кітап оқудың пайдасы
Санның пайызын табу
Пәндер