Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жазғы демалыстағы қауіпсіздік ережелері
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Ашық сабақ
Тақырыбы: <<Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік>>
Өткізген: М-Л-19 оқу тобы
2020-2021 оқу жылы
<<Бекітемін>>
М-Л-19 тобының кураторы: _________________ Қ.Жұмағұлов
<<____>> ______________ 2021 ж
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 2020-2021 оқу жылына арналған ашық тәрбие сағатының жоспары
Дайындаған: М-Л-19 тобы
Тақырыбы: <<Жазғы демалыстағы қауіпсіздік ережелері>>
Мақсаты:
Табиғаттағы қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.
Отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс - жидектерді теріп жемеудің қажеттілігін түсіндіру.
Студенттерді табиғатты аялай білуге, орманға барғанда ережелерді сақтауға дағдыландыру.
Студенттерге қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Білімділік: Студенттерге қауіпсіздік туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілетін, қол моторикаларын, ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты
Көрнекіліктер: <<Бала қауіпсіздігі -- елдің тыныштығы>> презентация, М-Л-19 оқу тобының дайындаған <<Жазғы демалыстағы қауіпсіздік>> атты бейнеролик, нақыл сөздер, суреттер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі
ІІІ. Жазғы демалыс кезіңдегі өмір қауіпсіздігі. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру (бейнеролик)
ІҮ. Қорытынды
І. Ұйымдастыру кезең:
Саламатсыздар ма, студенттер! Бүгін біз <<Жазғы демалыстағы қауіпсіздік ережелері>> атты жазғы демалыс күндеріндегі сіздердің қауіпсіздіктеріңізге байланысты ашық сабақ өтеміз. Біз сабақта сіздер білу керек ережелер мен ескертпелерді естеріңізге салып өтеміз.
ІІ. Кіріспе сөз:
Жақын арада біз бәріміз оқу жылын аяқтап, жазғы демалысқа шығамыз. Сондықтан жаз мезгілінде өз өзімізді күтіп, сақ болып жүруіміз керек. Өйткені бәріміз өз өмірімізді қатерден сақтап, аман жүруге тиістіміз.
Жаз өте ыстық мезгіл, сондықтан біз ең алдымен күн тиюден, сосын өрттен жане судан сақ болуымыз керек және бұл мезгілде біз бос уақытымыздың көбін сыртта далада ойнаумен өткізетіндіктен, жол көлік оқиғаларынан да сақ болуымыз керек. Достарымызбен ойнап үйден ұзап кетуге болмайды. Ата-аналарымыздың рұқсатынсыз алысқа ұзап немесе суға шомылуға, походқа баруға болмайды. Жаз өте ыстық болғандықтан өрт қаупі төнуі мүмкін.
ІІІ. Жазғы демалыс кезіңдегі өмір қауіпсіздігі. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру (бейнеролик):
Сіздер барлықтарыныз білесіздер өрт қандай жаман қасірет келтіретінін. От үй мүлкін жояды, тұрғын үйлер жанып және бұзылады, қоғамдық құрылыстар, адамдар зардап шегеді, дене күйдіруге үшырайды, жарақат алады, кейбіреуі қаза табады.
Адамдардың қаза болуының басты себебі көмірқышқыл оксидімен (улы газбен) улану болып табылады.
Өрттердің шығу себебі әртүрлі: электр сымының қысқаша тұйықталуы, жедің шамадан тыс жүктелуі, газды, жылыту пештерін дұрыс қолданбау. Өрттер табиғи және авария салдарынан болуы мүмкін, бірақ өрттердің көп бөлігі адамның байқаусыздығынан немесе дұрыс мән бермеу себебінен болады (өрт қауіпсіздік ережелері сақтамау, төсекте темекі шегіп жатып ұйқыға кету, лақтырылған темекі қалдықтары, балалардың отпен ойнауы және т.б.)
Өрт кезіндегі қауіпсіздік:
Өрт болған кезде қалай іс-қимыл жасау керектігін барлық адамдар білулері керек.
Өрт шыққан кезде және сол кезде өзіңізді-өзің ұстап, тез арада жағдайды байқау және дұрыс шешім қабылдау керек. Осы жағдайда өзінді және сені қоршаған ортадағы үрейді болдымау керек.
Өрт болған кезде өртсөндіргіштерді қолдану, отты су арқылы сөндіру, құммен, кішігірім ошақарды қалың жапқыштармен бұқтырып тастау керек.
Өртпен күресу кезінде және зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде есте сақтаңыз: сізге ауаның жоғары температурасы, түтін, улы газдың таралуы, ғимараттың құлауы аса қаупті болып табылады. Егер де заттар 10 метр қашықтықта көрінбесе, түтін жиналуы өмірге өте қауіпті! Өртті сөндіру кезінде ең бастысы өрттің таралуын тоқтату, ал содан соң қатты жанып жатқан от ошақтарын сөндіру керек. Сол кезде суды от жалына емес, жанып жатқан бетіне шашу керек. Егер тігінен жатқан жағы жанып жатса, онда үстінен астына қарай су шашу керек. Түтін басқан бөлмедегі өртті суды шашыратып сөндіру қажет, өйткені ол түтінді басып температураны басады.
Егер өрт пәтерде орын алса:
101 телефонына қонырау соғып, дұрыс мекенжайды және не жанып жатқаны туралы толық ақпарат беру;
Қарттар мен балаларды сыртқа шығару;
Содан кейін ғана өртті өз күшінізбен сөндіру қажет.
Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. <<Су сенің досың және дұшпаның>>.
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
::Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
::Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
::Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
::Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
::Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
::Суға шомылуға ата-ананың рұқсатынсыз және қастарыңда үлкен ересек адам болмай баруға болмайды.
::Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
::Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
::Жалпы қазіргі кезде су лас, сондықтан түрлі ауру жұқтырып алу да мүмкін, сол себепті суға өзен суына шомылмаған дұрыс. Үйде душқа түсіп, күнделікті жынып отққанның өзі жеткілікті.
Ойын барысындағы қауіпсіздік
Жол бойында ойнауға, велосипед тебуге, доп ойнауға болмайды. Өйткені ойламаған жерден жол көлік оқиғасына себепші болуларыңыз мүмкін. Сондықтан жолдан алыс, аулада, есік алдында ойнаған жөн.
Жолда журу қауіпсіздік
1.Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2.Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3.Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4.Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5.Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6.Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7.Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
Табиғат аясындағы қауіпсіздік:
Жаз мезгілінде паходқа шығуға болмайды, сонымен бірге қалың шөп арасында, қалың ағаш арасында, қуыс жерлерге жасырынып ойнауға болмайды. Өйткені ондай жерлерде улы жәндіктер шағып алуы мүмкін. Улы жәндіктер көбіне адам көзінен таса, салқын жерлерде көп болады, оларда ыстықтан тығылып жатуы мүмкін.
Балалар тек бұл ережелерді ғана емес үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет.
Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі
Ø Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа.
Ø Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.
Ø Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар - ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.
Балалар, енді бейнероликке назар аударайық.
(Бейнеролик көрсетілгеннен кейін оқушыларға сұрақтар қойылады.)
1. Бейнероликтен не түсіндіңіздер?
2. Үйде ата-анамыз бұл ескертпелер мен ережелерді айтады ма?
3. Сіздер аталған қауіпсіздік ережелерін сақтайсыздар ма?
Жауаптарыңызға үлкен рахмет.
Қорытынды сөз:
Міне, балалар бүгінгі сабақта бұрынғы білімдерімізді толықтырдық. Күнделікті өмірде кездесетін қауіпті жағдайлардың болуы, болған күнде өзімізді қалай ұстауымыз керек, нені білуіміз керек екендігі жайында мағлұматтар алдық. Қандай жағдай болмасын сабырлылық сақтауға тырысу керек. Өмірде бәріне дайын болу керек. Жан - жақта болып жатқан оқиғалардан хабардар болуларың керек. Сезімтал бол, халқыңды қорға, жеріңді сүй, табиғатыңды аяла! Ең қымбат баға жетпес байлық өміріңді аяла! Төтенше жағдайлар, қауіпті жағдайлар бізге жетпесін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz