Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
УДК ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
УДК
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Исабекова А
Мақалада сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланудың тиімділігі жан-жақты қарастырылған, сонымен қатар тиімді тұстары нақтыланған. Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары білім беру сапасын арттырудың, оқу мақсаттарына жетудің бірден бір жолы екендігі баяндалған.
В статье описывается, как использовать стратегии критического мышления всесторонне, включая преимущества: Стратегии критического мышления являются единственными способами повышения качества образования и достижения целей обучения.
The article describes how to use critical thinking, including the following: Strategic Critical Mushleniya are the only ways to cultivate and develop education.
article also discusses that critical thinking strategy is one of the only ways to improve the quality of education and achieve learning goals.
Кілттік сөздер: СТО стратегиялары, Венн диаграммасы, ББҮ, ЭССЕ, ЖИГСО, Блум таксономиясы, оқытудың жаңа бағыттары.
Ключевые слова: Стратегии STD, Венн диаграммасы, ОЭСР,ESSE, JIGSO, таксономия Блума, новые тренды в обучении.
Key words: Strategic Std, Venn diagram, critical point of view strategy, wen diagram, Essey, Jigsaw, Istrategy, Blum taxonomy, new trends in education.
Жаһандануы, ақпараттық технологиялардың тез дамуы тенденциясы оқытудың жаңа бағыттарын зерттеу мәселелеріне басқаша көз қарасты талап етеді. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Өркениетке ұмтылған қазіргі қоғам
талабына сай Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп
тұруы және еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздардың міндеті. Қай пәннің болмасын білім сапасын көтерудің бірден - бір жолы білім беру технологиялары мен оқу үрдісін ұйымдастыруды жаңа түрлерін қолданысқа енгізу. Осындай талапқа қол жеткізу үшін мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін үнемі толықтырып, үздіксіз ізденіс, өз мамандығын барынша жетілдіруі және осы саладағы жаңалықтар мен озық тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс. Әр шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына білім сапасының артуына ұстаздың өткізген әр сабағы шешуі роль атқарады. Оқушы білімінің сапалы болуы ұстаздың дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттілігіне байланысты. Білім беру сапасын арттырудың бір көзі жаңа технологияларды қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу.
Сын тұрғысынан ойлау- ашық қоғам негізі. Ол өз бетінше сұрақтар қойып, оған үнемі жауап іздеу, басқалардың пікірімен санасу, дәлелдеу, дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни ойлау- адам өмірінің бір саласы. Олай дейтініміз- шешімдер ішінен өздері үшін ненің тиімді, пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды жинақтап, жаңа білімді ажырата алуға көметеседі. СТО-ның дәстүрлі оқытудан айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.
<<Сын тұрғысынан ойлау>> жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы.
Сыни - тұрғысынан ойлау - сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Сынап оқушылары топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді. Тынымсыз іздене алады.топпен бірлесіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық - жауапкершілік, бірлесіп бір мәселені шешу секілді қазіргі кезде ауадай қажет екені айдан анық.
СТО көптеген стратегияларын қолданып келемін. Сабақтарымда Венн диаграммасы, ББҮ, ЭССЕ, ЖИГСО, семантикалық кесте <<Кубизм>> , <<Тірек сөздер>> <<Галерияға саяхат>>, <<Үш қадамды сұхбат>>, <<Блум таксономиясы>>, т.б. стратегияларын қолданып келемін.
Әр сабағымда өз беттерінше іздену арқылы және ауызша сұрақтарға жауап беру, жұмбақтар шешкізу арқылы сабақтың тақырыбын ашып, дамытуға үйренді. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін өздері ашуға машықтанды. Оқушылар топта жұмыс істеуге, бір-біріне деген көзқарастарды өзгертуге, бір-бірін тыңдай білуге, өз ойын дәлелмен жеткізе білуге дағдыланды. Оқушылар сабақтарымда ашылып, сабаққа ынтасы, талпынысы, өздігінен ойлап жауап беруі, өз ойларын еркін айтуы, ойымен бөлісуін, қатесін мойындап, түзетуі оқушының өзгергені. Оларға топтағы жұмыс жасау, өздері бір-бірін тыңдау арқылы үйренгісі келетіні, сабақ кезінде өздерін еркін ұстаулары, өздерін - өзі бағалауы өте ұнайтынына көзім жетті. Яғни, оқушы білімді мұғалімнен емес, бір-бірімен пікірлесе отырып, диалог жасай отырып үйренеді. Өз ойларын толық жеткізуге, әңгіме құруға дағдыланады. Өтілген мәтінді оқытудың өзінде өзгеріс енгізуді мақсат еттім. Топта тізбектеп оқытып, дауыс ырғағына, мәнерлеп оқуына қарай топтардың бір-бірін дәлелдемелермен бағалайтындарын ескерте отырып оқыттым. Әр топ өз тобындағы оқушыны біріншіден ынталандырады, екіншіден қалай оқу керектігін үйретеді, түсіндіреді және келесі топты бағалауды меңгере бастады. Яғни, оқушылардың бақылап отырып өз жұмыстарын жасау, жан-жақтылықтары дамыды. Дәл осы мәтін оқуда ежіктеп, кібіртіктеп оқитын оқушыларымда өзгерістің барын байқадым. Тәжірибе соңында оқушыларымның ана тілі пәні бойынша білім сапасының артуы топпен жүргізілген жұмыстың нәтижесі болар деп ұйғардым.
Әдебиеттік оқу пәнінде мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады деп (нұсқаулық41-бет ) айтылған. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды(нұсқаулық). Сондықтан оқушылардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту мақсатында сұрақ қоюға қатысты мәселеге көзкарасым төмендегідей:
- сұрақ қоя отырып оқушының тақырып бойынша өз ойларын білдірулеріне мүмкіндік беру;
- сұрақ қоя отырып, оқушының өз идеясын дәлелдеуге көмектесу;
- сұрақты қоя отырып, тек бағалау үшін емес кеңінен ойлануына, ақпарат іздеуіне де әсер ету. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындап келіп, бір-біріне қоюда қызығушылық танытатындарын байқадым, осылайша әр сұрақтың дұрыс жауабын талдау кезінде білімдерін толықтыратындықтарына көзім жетті, осы тұста қате жауапты қайта бағыттаудың маңыздылығын ескеріп, оқушыларға қате жауаппен жұмыс жүргізудің тәсілін үйреттім. Оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталанды және өзіне деген сенімділіктері артты, өз ойларын ортаға салып, мысалдар келтіру арқылы, жаңа сабақтың түйінді идеясын қорытып шығарып, әдеби тілде сауаттылықтары қалыптаса бастады. Оқушылардың <<қалай оқығысы келетінін?, нені білгісі келетінін?, нені түсінбей? қалғанын кері байланыс арқылы анықтап отырдым."Сабақтағы ұнаған не болды ?"- деген сұраққа, олар: -топқа бөлінгені, өздерін сабақ барысында еркін ұстауы, сұрақтарға жауап бергенде "дұрыс емес" дегенді естімегендері, бір-бірімен пікір алмасқаны, білмегенін мұғалімнен емес бір-бірінен сұраулары және шаршаған сәтте <<сергіту>> жасағанды ұнатқандарын жазды, сабақтың барлығы осылай өтсе екен деген ұсыныстар білдірді. Аяжанның бұрынғы сергіту сәтінен гөрі ноутбук арқылы жасаған сергіту сәтінің жақсы екенін, сабақ оқи бергісі келетінін жазыпты.
Сыни тұрғадан ойлану-бұл модульде негізінде оқушыларды бақылауға, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, қорытындылауға және синтездеуге, қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдасты-рылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдылау. Осыған байланысты миға шабуыл жасау арқылы ана тілінен сыни тұрғыдан ойлау тиімді болды. Жетістіктерге жету үшін сабақ барысында оқушыларға ақпаратты толық мөлшерде беру, сол ақпараттарды синтездеуге бағыт-бағдар беру керек болды. Идеяларды тыңдау, салыстыру, сыни көзқараспен қарауға, шешімін санаралық түрінде көрсету, көз жеткізу қабілеттерін дамыту. Осы мақсатта сабақ кезінде оқушыларға өзі ойлануға жетелеуге арналған тапсырмаларды қолдандым. Ондай тапсырмаларға сұрақтан басталып, сұрақтан аяқталатын эссе, Венн диаграммасы, <<Досыма хат>>, мағынаны ажырату, жазбаша дөңгелек үстел түрлерін пайдаландым. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушылардың сөздік қоры молайып, тілдері дамыды. Сабақтарыма сыни тұрыдан ойлауға үйрету модулін пайдалана отырып, әр сабағымды түрлендіре отырып өттім. Әсіресе постермен жұмыс істегенде оқушылар үлкен қызығушылықпен бар ынтамен, зор жауапкершілікпен жұмыла кірісіп кетті. Постер қорғағанда, сұрақтарға жауап бергенде әр күнгі жаңа сөздерді пайдалануларын ұсындым, әрине барлық оқушының тілі бірдей жатық емес. Сабақ барысында кедергілер болып отырды. Кедергілер мен қиындықтан оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы, бірлесе іздену арқылы шыға білді. Бұл да болса меніңде, оқушылардыңда өзгергені. Сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдері мен жаңа білімдерін ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт беріледі. Тақырыпты қаншалықты түсінгендігін анықтау үшін оқушының <<өзін-өзі бағалау>>, <<бірін-бірі бағалау>> әдістері өте тиімді болды. Сабаққа байланысты бағалау парақтарын критериалды дайындап, қалай бағалайтындықтарын түсіндірдім. Топтағы бақылаушы оқушыларды әр тапсырма сайын бағалап отырды. Алайда, кейбір жағдайда өздерін жоғары бағалау немесе төмен дәрежеде бағалау байқалып жатты. Бірінші сабағымда бағаның сәл артық қойылғаны менің алдыға қойған мақсатыма жетуіме кедергі келтірді. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың түрлі әдістерін пайдалануыма себеп болды. Сабақта кездескен кедергіні келесі сабақта болдырмау үшін бағалау критерийінің жүзеге асырылуының келесі түрінде геометриялық фигураларды пайдалануды жөн көрдім. Себебі, балалар өздерінің артықшылығы мен жіберген қателерін қоса анықтайды. Келесі сабақтарда қателіктерін жоюға тырысады. Оқушылар өздерін бір жағынан әділеттікке, шыншылдыққа үйретеді. Сыныпта үнсіздік орнатылуы, тақтаға қарап сұрақтарға белсенді жауап беруі, бір-бірін сөздің аяғына дейін тыңдауы бақыланды.Топ арасында бірігіп талқылауы ынтымақтастықты білдіреді. <<Топтық бағалауларды>> қолданғанда әр оқушының топтағы белсенділігі арта түсті. Қай тапсырмада қандай қате жібергенін, нені біліп, нені түсінбей қалғанын анықтап сол бойынша жұмыс жасады. Сабақтарда балалар ашылып еркін сөйлеп қуанышпен түрлі тілектер жазып, өз ойларын ортаға салды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жетілдіруге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сол себепті, мен өз басым ақпараттық-коммуникациялық технологияда көп нәрсе үйрендім. Дәстүрлі сабақтар өткізуде оқулықпен әдістемелік құралдарды ғана пайдаланған болсам, енді жаңа форматтағы сабақ өткізу үшін ізденіп, ғаламторға жүгінетін болдым. Бұл тұрғыда АКТ-ды толық қанды пайдаланудың қажеттілігі болмағандықтан интербелсенді тақтаны анда-санда пайдаланатынмын. Мұғалім де, оқушы да ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалана білуі оқуда, білім алуда үлкен роль атқарады. Сабақтағы <<Ханталапай>>, <<Ғажайып сандар>>,<<Кім жылдам?>>, <<Арыстан қандай? Тышқан қандай?>> сияқты тапсырмаларды интербелсенді тақтада тақтаның қаламын ұстата отырып, орындату арқылы оқушыларымның да сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттырып қана қоймай оларға да АКТ-да, ғаламторда жұмыс жасауды үйретіп, ізденуіне ықпал еттім.
Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Бастауыш сыныпта дарынды және талантты оқушымен жұмысты жандандыру әрқайсымыздың міндетіміз. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Талантты және дарынды балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептерінің мұғалімдері өздерін <<дарынды бақылаушылар>> ретінде көрсетуі тиіс>>(МАН72б) делінген болатын болса, сыныбымыздағы оқушының дарынының қай бағытта екенін анықтап сол бағыттағы жұмыстарды жүйелеуіміз қажет. Әр сабақта дарынды баламен жұмыс жасауды назардан тыс қалдырмай, ол жұмысты жоспарымның бір бөлігі ретінде қарастырдым. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар дарынды баланы оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданумен қатар <<Мен-саған, сен-маған>>, <<Қобдишадағы сұрақтар>>, <<Тәтті сұрақтар>> әдістері арқылы оқушылардың ізденуіне түрткі боларлық сұрақтар беріп отырдым. Бұрын қосымша тапсырманы сыныпта орындатып отырсам, енді электрондық жүйеде, ғаламторды пайдалану арқылы бағыт-бағдар беріп және өзінің тобындағы, сыныбындағы құрдастарына көмектесе, үйрете отырып, көшбасшылыққа бейімделеді екен. Сонымен қатар инклюзивті тәсілдің тиімділігі өз нәтижесін беретіні анық. Ізденіс жұмысын жүргізуді үйретіп жүрген оқушыма бағыт-бағдар бере отырып, оңың алынған тақырыбы бойынша негізгі ойды қысқа да нұсқа жеткізе білуіне бағыт-бағдар бердім, өз өзіне сенімділігін арттырдым. Оқушылар арсында ынтымақтастық атмосферасын, яғни жағымды көңіл-күй қалыптастыру балаларды бір-біріне жақындастырады, мейрімділікке, рухани адамгершілікке, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйренді. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушылардың еркін сөйлеуіне, бір-біріне деген ойларын еркін жеткізуіне, құрметтеуге, топта ұйымшыл болуына, сабақты жақсы қабылдауына өте ыңғайлы екенін байқадым. Сонымен қатар сабақта диалогтік әдісті қолдану арқылы әңгімеге тарту, өз ойларын толық жеткізуге үйренді және белсенділіктері артты. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының алға жылжуына ықпал ете алдым.
СТО - білім берудің сапасын арттыруда өте тиімді. Ол үшін ұстаз сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік, жағынан қызығуын арттырып, оның ой- өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет.
Пайдаланылған әдебиет:
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық <<Назарбаев Зияткерлік мектебі>>ДББҰ 2012 жыл
2.С.Мерсейтова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.
3.А.Әлімов <<Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері>>, Алматы,2013
4.Абилова. Ж. Т Жаңа технологияның пайдалану тиімділігі. \\Бастауыш сынып әдістемесі №3(22)
5.E-mail:45minut.kz. Бастауыш сыныпта оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдер.
6.Төлегенова. У. Жаңа технологияны сабақта қолдану. \\Бастауыш мектеп №5-2006
7. Хисметова. С. Оқу - тәрбие үрдісінде, оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалана отырып, оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру. \\Қазақ тілі мен әдебиеттер орта мектепте № 10(57)-2013

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz