Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа әдістерін қолданудың ерекшеліктері

<<Біздің ең басты мақсатымыз 2050 жылға қарай
әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру.
Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді
адамдар да, берекелі ұлт та бар>>
Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бала кезден бастап, ересек жасқа дейін адамның біліміне жасалған инвестициялар экономика және қоғам өміріне елеулі өзгерістер енгізетіндігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді делінген.
Егерде біз Қазақстанды 2020 жылы білімді ел, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші бар мемлекет деп көргіміз келсе, онда білім жүйесін дамытуымыз қажет екендігі дау туғыздырмайтын мәселе екендігі анық. Бұл бағытта мектептің алатын орны ерекше.
Мемлекеттегі басты тұлға мұғалім десек, білім саясаты ең алдымен осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің алдымыздағы басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Л.С.Выготский: <<Тәрбиелеу- оқушыны тәрбиелеу емес, оқушы өзін-өзі тәрбиелеуі керек>>-деген еді. Сондықтан әр бір оқушының жеке іс әрекеті болуы керек.Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу - оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ол ұстаздар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.
Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да - мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені барлығына белгілі.
Тәуелсіз елдің тірегі - білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі - білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы - бастауыш мектепте.Ал бастауыш буынның негізгі міндеті - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Мақсатым - өзімнің күнделікті оқыту тәжірибемде сабақтарды жоспарлау және оны өткізу барысында жаңа технологиялық әдістермен бағдарламада қарастырылған жеті модульді пайдалануға тырысудамын. Заман талабы әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін көздейді Тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым-бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан да мектептегі оқу үдерісінің негізгі мақсаты - әр түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады.
Сабақта жеке, топтық, жұптық, сыныппен тапсырмалар орындау барысында белсенді оқу әдістерімен саралау тәсілдері қатар жүріп отырады.
Сабақ барысында тақырыпқа сай әдіс-тәсілдерді пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Мен де өз сабақтарымда сабақ тақырыбына сай әдіс-тәсілдерді пайдалануға, түрлендіруге, жемісті нәтіжеге жетуді мақсат етіп қоямын. Сол әдіс-тәсілдердің кей біріне тоқталмақшымын.
<<Ақ тілек, әсем күлкі>>, <<Мен саған...>> сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңбер болып тұрып бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерін қимыл-әрекет арқылы білдіреді, тілек айтады.
<<Сурет арқылы сөйлеу>>: Оқушыларға тақырыпқа байланысты суреттер беріледі, суретке байланысты пікірлерін айтады, сөйлем құрайды, мәтін жазады.
<<Қар үйіндісі>>: тақырыпқа байланысты топ бойынша сұрақ дайындайды, сұрақтар кеспе қағаздарына жазылып қар үйіндісін жасайды. Топтар орын ауысып сұрақтарға жауап береді.
<<ВЕНН диаграммасы>>: тыңдалған мәліметті талдайды, салыстырады, тұжырымдайды.
<<Семантикалық карта>>: тыңдалым, жазылым дағдысы жүзеге асады.
<<Пирамида сатысы>>: өтілген тақырып бойынша суреттермен сәйкестендіру.
<<Миға шабуыл>>: жаңа сабақ басталар алдында сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.
<<Екі жұлдыз, бір тілек>>: өтілген тақырыпқа байланысты пікірлерін жинақтап қарсы топтарға екі жақсы тілектерін және бір пікірлерін айтады.
<<Постер қорғау>>: оқушылар тақырыпқа байланысты сызба сызады, жазу жазады. Топтан бір спикер шығып қорғап береді.
<<Стоп-кадр>>: видеофилмнің бір сәтімен жұмыс. Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады.
<<Допты лақтыру>>: мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп,өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді.
<<Сөзді тап>>: қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.
Кез-келген жұмысты бастамас бұрын жағымды көңіл күй мен атмосфера қалыптастыру керек.Бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қана қоймайды. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады.
Мен өз сыныбымда ынтымақтастық
атмосфера қалыптастыру үшін сабақ басталмас бұрын <<Мен саған... сыйлағым келеді>>, <<Ақ тілек, әсем күлкі>>, <<Гүл сыйлау>> тренингі арқылы оқушылар шеңберге тұрып, бiр-бiрiне жақсы тiлектер айтады, бейнекөрсетiлiмдегi жаттығуларды қайталап сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.
Топтық жұмыс белгілі бір тәртіп талабымен құрылады. Мұғалімнің топтық жұмыс барысындағы қызметі барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, мәселені барлық сынып болып талқылайды.
Бұл үшін мұғалім топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі тиімді тәсілін таңдау олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады. Топпен жұмыс істегенде уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір-біріне деген жылы сезімдер орнайды
Қызықты ойындар сабақтарда белгілі бір орын алады.Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
<<Кім жылдам?>>, <<Сен жалғастыр>>
Ойынның шарты: сөзді дұрыс оқып айтқан балаға, көп сөз тапқан балаға жұлдызшалар беріледі.. Кім көп жұлдыз жинайды, сол жеңеді. Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу.
<<Жоғалған әріп, буын>>
Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді айту, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін қолданылады. Мұғалім бір оқушының алдына буынды қояды да <<кі>> - деп дауыстайды. Буынды алған оқушы <<тап>>- деп дауыстайды. Сонымен кітап сөзі шығады.
Бастауыш сыныптарда рөлдік ойындардың орны ерекше: <<Телефон арқылы сөйлесу>>, <<Дәрігердің қабылдауында>>, <<Танысу>>, <<Кітапханада>>, <<Қонақта>>, <<Дүкенде>>, <<Базарда>> деген рөлдік ойындарды жаңа сабақты қорыту, үй тапсырмасын және сөздікті тексеру үшін қолдануға болады.
<<Адасқан айлар>>. Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды.
Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай туседі. Әр баланың тапқырлығын арттырып қызығушылығын туғызады, сергітеді,оқуға ынтасын арттырады. Сабақ барысында ойын есептері оқушыларда проблемалық жағдай туғызады, яғни оқушы ойлау арқылы есеп жауабын табады. Ойындарды сабақ барысында жыл мезгілдеріне қарай түрлендіріп отыру оқушыны зейін қойып тыңдауға, мақсатқа жетуге, ынталандырады. Оқушыларды топтар арасында бiрiн- бiрi бағалауға, топты бағалауға, өз бағаларына деген сенiмдiлiкке бағыттай отырып қолданылған бағалау түрiнiң оқу үдерiсiнде алға жылжытатындығын байқадым. Мұнда үйренушi өзiнiң қандай дәрежеде дамығандығын айқындайды. Баланың тапсырмаға деген танымдылық, қызығушылық қабiлетiн дамытады әрбiр сабақ кезеңдерiнде оқушының сабақты қабылдау деңгейiн бақылауда олардың iс- әрекетiне қарай дұрыс шешiмдi қолдана бiлуге бағытталу қажеттiгiн ескере отырып, жұмыс жасауды жоспарладым.
Сабақ соңында ( кері байланысты ұйымдастыруда ) бірлескен жұмыстың нәтижелігі туралы оқушыларға келесі сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беруді тапсырған орынды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz