Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мәтін файл

Қысқа мерзімді жоспары
Бөлім

Педагогтың аты-жөні
Қанибаева Ө.Т.
Күні
27.09.2021
Сынып 7А
Қатысушалыр саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:
Әртүрлі форматтағы файлдардың архивтерін құру және архивтен шығару
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
7.1.2.3 - архив құру және архивтен шығару
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:

Архивтеу және архивтен шығару түсініктерін білетін болады.Түрлі форматтағы файлдарды архивтеу мен архивтен шығаруды үйренетін болады.

Көптеген оқушылар:

Архивтеу мүмкіндіктерін түсіндіре алады және оның қажеттілігі туралы тұжырым жасайды.

Кейбір оқушылар:

Түрлі файлдарды архивтеуді салыстыруды біледі және қандай файлдарды архивтеуге болатындығы туралы тұжырым жасай алады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)
2. Кестені толтыру (3 мин)
Мақсаты: Үй тапсырмасын тексеру.
Сынып 4 топқа бөлініп, әр топ келесі топқа арнап түрлі форматтағы 8 файлды жазады да сағат тілімен келесі топқа толтыруға жалғайды.
График файл
Мәтін файл
Дыбыс файл
Бейне
файл

Дескрипторлар
Файлдар түрлерін біледі
Файлдар форматын біледі
3. Шашыраған әріптер. (3 мин)
Мақсаты: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Шашыраған әріптерден сөз құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. Ол үшін белсенді тақта қолданалады.
4. Оқушылар кестенің бірінші бағанын толтырады
Мақсаты: Дифференциация жүргізу үшін оқушылардың деңгейін анықтау.
Файлдарды мұрағаттау туралы не білемін?
Файлдарды мұрағаттау туралы не білдім?
Файлдарды
мұрағаттау
туралы не
білгім келеді?

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың ортасы
Негізгі бөлім
Жаңа сабақты түсіндіру
Архив - сығылған және бір файлда сақталған файлдар, бумалар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бұл дискіде көбірек ақпаратты орналастыруға мүмкіндік береді.
Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін бағдарламалар тобы.
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі мынадай жағдайларда туындайды:
1. Желі бойынша көлемді ақпаратты жіберген кезде;
2. Компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғысында орын болмаған жағдайда.
3. Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және жойылудан сақтап қалу мақсатымен ақпаратты дискілер мен дискеттерге сақтаумен де, көшірумен де байланысты.
Практикалық жұмыс.
1 топ. Тапсырма. WinRAR мұрағаттаушысымен жұмыс. Файлдың әр түрлі форматта сығу дәрежесін салыстыру: RAR және ZIP.
2 топ. Тапсырма. WinRAR мұрағаттаушысымен жұмыс. Мәтіндік, графиктік және орындау файлдарының сығу дәрежесін салыстыру.
Мақсаты: мұрағатқа файлдарды қаптауды және мұрағаттан файлдарды шығару әрекеттерін үйрету.
Дескрипторлар
Файлдартүрлерін біледі
Файлдарформатын біледі
Мұрағатталған файл туралы біледі
Мұрағатталған файлды қажетті бумаға енгізеді
Қажетті бумаға файлды мұрағаттан шығарады
Бағалау:
Мұғалімді тыңдайды

Компьютермен жұмыс жасайды

Сабақтың соңы
Кері байланыс <<Жетістік>>стратегиясы:
-Мен жетістікке жеттім...
-Мен бұдан да жақсы жетістіктерге жетем,егер...
-Егер жаңадан бастаған жағдайда
Оқушыны мадақтау. Үй жұмысын беру. Әртүрлі форматтағы файлдардың архивтерін құру және архивтен шығару
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Өзін-өзі бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбыстар кірістіру
Құжаттың түрін баптау. құжатты қарау типтері
WordPad. мәтіндік редакторымен жұмыс
Мәтін теру ережесі
Блокнот программасы. 7-сынып
Информатика пәнінен тоқсандық тест жұмысы
Power point бағдарламасында Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Microsoft Word мәтіндік бағдарламасы
Қаріп сұхбат терезесі
Информатикадан тест тапсрымалары
Пәндер