Тізбектелген сабақтар

Оқыту тәжірибесіне Бағдарлама идеяларын енгізу.

1. Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау

2. Іс әрекеттегі зерттеу жүргізудің бес қадамы

3. Іс әрекетті зерттеудегі деректерді жинау жолдары.

Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау

Сабақты мұғалімдер бірлесіп жоспарлап орындау әдістемесін меңгеру нәтижесінде оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін қолданудағы білім мен дағдыларын жинақтайды, жеке жұмыс істей отырып, тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын жасайды.

Тізбектелген сабақтар топтамасы дегеніміз - мұғалімнің жыл бойына құраған сабақ жоспары мен өту барысы болып табылады. Онда сабақтар тізімі беріледі, олар белгілі бір уақытта орындалуы қажет. Мұғалім тізбектелген сақбақтар топтамасын жоспарлаудан бастамас бұрын, оқу бағдарламасымен танысып, өзі беретін пәнінің мазмұнын анықтап алуы қажет. Тізбектелген сабақтар топтамасынның орта мерзімді жоспарын жасауды биология пәнінің мұғаілімі ұйымдастырады. Өйткені орта мерзімді жоспарда сабақ тақырыптары жазылған, ол арқылы сабақтарды өте беруге болады. Бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын құрайды.

Мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтамасы кезінде;: Мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтамасы кезінде;
Мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтамасы кезінде;:
  • Тізбектелген сабақтар топтамасын әзірлеуде бір-біріне қолдау көрсетеді;
  • Бағдарлама тақырыптары ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспары түрінде нәтиже алады.

Орта мерзімді жоспардан алынатын сабақтар ұзақ мерзімді жоспар бойынша жасалынады. Орта мерзімді жоспарды құру мақсаты:

  1. жеке сабақтың оқыту мен оқу мақсаттары белгіленеді;
  2. нәтижеге қол жеткізу үшін әрбір оқушыға бағытталады және оқушының оқу үлгеріміне сәйкес болады;
  3. жұмыс кезеңдері тізбектеліп ұйымдастырылады;

Орта мерзімді жоспарды құру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Тізбектелген сабақтар топтмасының арқасында ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс болады. Әрбір тізбектелген сабақтар топтамасынан кейін рефлексия жасалады, бұл мұғалімнің теориялық білімдерін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар:

- оның тәжірибесіне ықпал етеді;

-бағдарламадағы идеяларды енгізуге мүмкіндік береді;

-практикада пайдалануын дамытады.

Мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, орта мерзімді жоспарды жоспарлауда сындарлы оқытудың жеті модулін ықпалдастыру өте маңызды. Өйткені бұл технологиялар болмаса, сабақ өтуге келмейді десекте болады. Жеті модуль бойынша және критериалды ойлау арқылы тізбектелген сабақтар топтмасын құрып, сабақты жүйелі түрде ұйымдастыра беруге болады.

Тізбектелген сабақтар топтамасында қолданыс табатын 7 модуль

1-модуль: 1-модуль
2-модуль: 2-модуль
3-модуль: 3-модуль
4-модуль: 4-модуль
5-модуль: 5-модуль
6-модуль: 6-модуль
7-модуль: 7-модуль
1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3-модуль: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4-модуль:

Оқыту мен оқуда

АКТ-ны пайдалану.

5-модуль: Талантты және дарынды балаларды оқыту
6-модуль: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту/ оқу
7-модуль: Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Мұғалімге тізбектелген сабақ топтамаларын жасауға қажет ресурстар

\

Сабақ өткізу үшін оқушылардан бұрын, мұғалімге теориялық білім қажет. Мұғалім теориялық біліммен практикалық жұмысты бір-бірімен ұштастыра отрыра сабақ өткізуі керек. Биология пәні ғылыми пән болғандықтан, онда зертханалық, сарамандық жұмыстар жиі жасалынады. Жасалынатын зертханалық жұмыстар мен сарамандық жұмыстардың да жоспарын биология пәнінің мұғалімі құрастырады.

Міндетті түрде

Практикалық жұмыс: Практикалық жұмыс
Зертханалық жұмыс: Зертханалық жұмыс
Сарамандық жұмыс: Сарамандық жұмыс
Экскусия сабақ: Экскусия сабақ
Практикалық жұмыс: Күнделікті қарапайым өткізілетін сабақ, оқушылар сабақ айтып түсіндіреді, одан бөлек әртүрлі тәсіолермен сабақ түсіндіріліп әрі сұралады. Мұғалім мен оқушы кері байланыс жасау арқылы білімді толықтырады.
Зертханалық жұмыс: Зерттеу жұмыстары жасалынады, Арнайы зерттелетін объектілер алынады, оқушылар жеке жұмыстар жасап, нәтижесін дәптерге жазады. Зерханалық жұмыс жеке, топтық және жұптық жұмыстар негізінде орындалады. Бірақ одан алдын мұғалім оқушыларға бағдар береді.
Сарамандық жұмыс: Оқушылар биология ғылымында зерттелініп қойған объектілермен жұмыс жасайды. Топтық түрде жұміс істейді. Қарапайым мысал: қан қысымын өлшеу, адамның тамырлар соғысын санау немесе т. б Жасалған жұмыстар дәптерге жазылады.
Экскусия сабақ: Оқушылар берілген тақырыпқа байланысты ауа-райы қолайлы уақытта экскурсияға шығып, зерттеу-болжау жұмыстарын жасайды. Экскурсияға биология пәнінің мұғалімінен басқа да қосымша мұғалімдер шығады, зерттелетін объект суретке алынады.

Сабақ өту үшін сабаққа жоспар жасап, жеті модуль бойынша және сын тұрғысынан ойлау технологиясының кезеңдерін ашып тақырыпты ашатындай етіп, тиянақтылықпен жасау керек. Сабақтар топтамаасы сабақ жоспары құрып, жинаудан басталады да, оны сыныпта оқушыларға өткізумен аяқталады. Қазіргі таңның талабы бойынша сын тұрғысынан ойлау технологияларының кезеңдерін пайдалана отырып сабақ өткізілуі тиіс. Бұл кезеңдерге: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ойтолғаныс кезеңдері жатады. Бір сабақтың әр кезеңінде әртүрлі әдістерді қолдана отырып, сабақты жүйелі, сапалы өткізуге болады.

Биология сабақтары өзінің санқилылығымен және қызықты өткізілуімен сипатталады. Сабақ барысында биология сабақтарын жүргізген мұғалімдер сабақты қызықты етіп өтуге тырысады. Сабақтың басталуы кезінде мұғалім оқушыларға жағымды ахуал құрып, оқушылармен қарым-қатынасқа түседі, үй тапсырмасын әртүрлі әдістермен сұрап болып, бағалайды. Кейін жаңа сабақты жаңа технологиялық әдістермен түсіндіріп, сабақты бекіту мақсатында тапсырмалар береді. Сабақтың ортасында мұғалім оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырып, “Мендель бұршақтары” биін, немесе “қаражорға” сынды әуендерге жаттығулар жасатады. Тапсырмаларды мұғалім арнайы дайын ретінде кітаптармен, нұсқаулықтардан алады, немесе өзі жасай алады. Тапсырмалаларды оқушыларға ұсынбастан бұрын міндетті түрде бағалау критерийлерін айтып ескертуі қажет. Оқушыны қалыптастырушы бағалау арқылы бағалап нәтижесін алады. Сабақ барысында оқушылар тарапынан сұрақтар пайда болып, сабақ барысында оқушылардан оқыту кезінде қателіктер болса оны мұғалім дер кезінде түзеп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, оқушының білімін арттыруға тырысады. Эвристикалық әдісті қолдана отырып оқушының еркін сөйлеуін қамтамасыз етеді. Мұғалім күнделікті өткен сабағын талдайды кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтап, болашаққа дұрыс қадам орнатуды ойлайды. Сабақ бітер кезде міндетті түрде рефлексивті есеп алынады. Оны мұғаілм оқушылардан алады. Оқушылар өз ойларын білдіру арқылы, сабақты талдап, кемшілігі мен артықшылығын атап, келесі де жасау қажет өзінің жоспарын да жаза алады, немесе ауызша айта алады. Ол мұғалімнің өзінің дайындаған әдісіне байланысты. Сабақ-өте қырлы және сан қилы.

Әрбір сабақ кезінде оқушыда сыни ойлау дағдылары қалыптасады, оқушы жан-жақты болады. Сабақтың тиімді және оңай екендігін түсіне бастайды. Күнделікті сабақ барысында сыни ойлаумен қатар, сын тұрғысынан бағалауда қалыптасады. Оны мұғалім іске асырады, оқушыларды өзі қалаған әдістермен дескрипторға қарап бағалайды.

Белгі: Белгі
Әр оқушының алдында жасыл, сары, қызыл түсті смайлик бар. Сабақ біткен кезде үшеуінің біреуін мұғалімге қалдыру керек: Әр оқушының алдында жасыл, сары, қызыл түсті смайлик бар. Сабақ біткен кезде үшеуінің біреуін мұғалімге қалдыру керек
Белгі:
Әр оқушының алдында жасыл, сары, қызыл түсті смайлик бар. Сабақ біткен кезде үшеуінің біреуін мұғалімге қалдыру керек: Жасыл - маған сабақ ұнады, сабақ пайдалы болды. Мен тақырыпты түсіндім. Сабақта белсенді қатысып, тиісті бағамды алдым.
Белгі:
Әр оқушының алдында жасыл, сары, қызыл түсті смайлик бар. Сабақ біткен кезде үшеуінің біреуін мұғалімге қалдыру керек: Сары - сабақ қызықты болды. Мен белсенді сабаққа қатыстым, жалпы сабақ маған пайдалы болды.
Белгі:
Әр оқушының алдында жасыл, сары, қызыл түсті смайлик бар. Сабақ біткен кезде үшеуінің біреуін мұғалімге қалдыру керек: Қызыл - мен сабақты толығымен түсінген жоқпын, сондықтан сабақтың пайдасы аз болды.

Тізбектелген сабақтар топтамасы негізінде қолданылатын 7 модульдік технологияның мұғалім мен оқушы үшін пайдасы

Мұғалім: Мұғалім
Оқушы: Оқушы
Мұғалім: Мұғалім-бағыттаушы
Оқушы: Диалог негізінде сұхбаттасып, өз-ой пікірін жүйелейді.
Мұғалім: Өз әрекетін зерттейді
Оқушы: Өмірде алынған нақты құбылыстарды зерттейді;
Мұғалім: Оқушыға жаңа әрі қызықты әдіс-тәсілдер ұсынады
Оқушы: Оқуға ынтасы, қызығушылығы оянады
Мұғалім: Оқу жоспары жалпыдан дараға қарай бағытталып, негізгі құрамдас бөліктерді назарға алып құрылады:
Оқушы: Оқушы да сыни тұрғыдан ойлануға, ойын ашық білдіруге дағдыланады (үйренеді)

Сабақ өту барысында мұғалім сабақты жоспарлауы және оны ұйымдастыра алатын қасиетке қабілетті бола алуы керек. Диалог арқылы оқушыларға сабақтарды түсіндіріп, олардың ой-пікірлерін тыңдап, сабақ өтуге болады. Биология сабақтары кезінде нәтижеге жету дегеніміз-ол мұғалім құраған тапсрмаларды орындап, ізденбей отыру емес, нәтиже дегеніміз-ойда тақырыпқа байланысты ақпарат қалыптастыру, және оны өмірмен байланыстыра отырып дұрыс қабылдай алу, алынған білімнің тиімділігін анықтау болып табылады.

Орта мерзімді жоспар құру барысында бірінші бетпе-бет кезеңінде теориялық түрде танысқан бағдарламаның негізгі идеяларын басшылыққа ала отырып, жеті модульдің біреуін жеке-дара бөліп алуға болмайды. Себебі, бір модульдің ішінде қалған модульдер орын табады, сондықтан сабақтың біреуін жалғыз бір модульге арнап жоспарлау мүмкін емес. Жеті модульдің барлығы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, жаңа оқыту әдісі «диалог арқылы оқыту» мен «қалай оқу керектігін үйрену» екендігін білдім.

мұғалім

Өз ұсынысым

Сабақты тиімді өткізу мақсатында модельдеу әдісі арқылы көбірек сабақ өтуді дұрыс деп санаймын. Бұл әдіс арқылы оқушылар практикамен теорияны ұштастырып, алған білімін тереңінен ұғынады. Және бұл технологияны дамыту мақсатында бірнеше арнайы дидактикалық ойын ойлап таптым. “Кім ізденімпаз?”, “Жазушылар мен ақындар”, “6-жарым” секілді дидактикалық ойындарда модельдеу технологиясындағы қажетті объектілерімізді қолдана отырып, сабақ өтуге болады. “Кім ізденімпаз”-атты дидактикалық ойында оқушының ізденімпаздығының деңгейі анықталады. Мәселен, мұғалім әрбір оқушының алдына муляж, макет, суреттік ассоциограмма немесе биологиядағы жасалған объектілер тіпті гербарийлерді қойып, оқушының ізденуін қадағалайды. Оқушыға жеке берілсе, ол жұмысты жеке жасайды. Іздену барысында оқушыда ой қалыптасады.

Ал “Жазушылар мен ақындар” ойынында оқушылар берілген объект бойынша топқа бөлініп, топтық жұмыс жасайды. Мұғалім екі қағазға жазушылар және ақындар деп жазып, оны топ жетекшілеріне таңдатқызады. Ақындар түске топ-берілген объект (муляж) бойынша ауызша баяндап жеткізеді, ал жазушылар тиісінше жазбаша түрде жазып берілген объект жайлы зерттеу жасап, барлығын қамтуға тырысады. Мәселен: бақаның ішкі құрылысын сипаттау. Кейін ақындар мен жазушылар тобы бір-бірінен мәлімет алмасып, жасаған кластерлер мен сызбаларын айырбастап сабақты қорытындылайды. Бұл арқылы оқущыларда сапалы, саналы практикалық білім қалыптасады.

“6-жарым” деген дидактикалық ойында оқушылар жеке немесе жұптық түрде сайыс өткізеді. Бір-біріне объектке байланысты сұрақты қояды, 6-ға дейінгі санаққа дейін бір-бірлерінің жауаптарына жауап беру қажет. Жарыс түрінде ұйымдастырылады. Объектке байланысты сұрақтар қойылады, оқушылар тез ойланып жауап беруге тырысады, ойлау қабілеттерін жылдамдатады, модельдеу технологиясы осылайша жүзеге асады.

Іс әрекеттегі зерттеу жүргізудің бес қадамы

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс -әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында төмендегідей жоспар құрылды.

  1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.
  2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.
  3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.
  4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.
  5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.

Зерттеу жүргізудің 1 қадамы - зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу . Бұл үшін қыркүйек айында 3-11 сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, оқушылар мен ата-аналардан сауалнама алынып, мектеп психологтары мен бірігіп, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланады.

2 қадам зерттеуді әзірлеу, дерек жинау үшін пән иелерімен, оқушылармен сауалнамалар жүргізіледі. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдауға негіз болады. Таңдалған тақырыпқа сай

3 қадам тәжірибеге өзгерістерді енгізу үщін орта мерзімді жоспар бойынша тізбектелген 3 сабақ жоспарланады. Сaбaқтap топтaмaсында әpбip жетi модулді бip-бipiмен үйлесiм тaуып, ықпaлaдaстыpу. Ең мaңыздысы осы қойылғaн мaқсaттapғa қол жеткiзуге бaғыттaлғaн нәтижеге негiзделуi. Әpбip модулдi оқытудa ықпaлдaстыpу жолындa құpылғaн жоспap бойыншa әp оқушы өз жұмысының нәтижесiн көpу үшiн, әp оқушыны нaзapдa ұстaу үшiн олapғa жaуaпкеpшiлiкке бaғыттaлғaн тaпсыpмaлap беpiлу кеpек. Әр сабақтан соң, «Мен не ұтам?» және «Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды естен шығармай, әр сабақ кезінде бағалау әдістерін қолданудағы оң нәтижелері мен кездескен кедергілерді саралай отырып, одан әрі жетілдіру үшін қайта жоспарланады.


Ұқсас жұмыстар
Орта мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімділігі
Мектептің жоспарына жазу
Оқушының бойындағы өзгерістер
Сабақ жоспарларының түрлері
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттері
Орта мерзімді сабақтар топтамасын жоспарлау
Тақырып Үндестік заңы. Буын үндестігі
Көшбасшы мұғалім
"бірмүше және көпмүше" тарауына арналынған орташа мерзімді жоспарлау. 7-сынып
Мектептегі тәжірибе кезіндегі желілік қауымдастықты құру жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz