Қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелері: сабақ жоспары мен оқу мақсаттары

Сабақтың тақырыбы : Қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелері

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студентттерді қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелері туралы

білімді меңгеріп, оны іс жүзінде қолдануға үйрету, білім сапасын теориялық және

тәжірибелік тұрғыда арттырып, техникалық білімдерін дамытуға жол ашу;

Тәрбиелік: Өздеріне берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға үйрету, өз

мамандықтарына деген қызығушылықтарын оятып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке

баулу және ұжымдық, жолдастық қарым- қатынасқа, еңбекке тәрбиелеу;

Дамытушылық: Сабақтан алған білімдерін тәжірибеде қолдануына назар аударту, сабаққа деген

қызығушылығын, талабын, ынтасын және ойлау мен есте сақтау қабілеттерін

арттыра отырып, өздігінен ізденушілігін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс орындау, тест сұрақтарына жауап беру

Құрал-жабдықтар: Мультимедиалық проектор, плакаттар, стендтер, оқулықтар, анықтамалар,

тесттер, макеттер.

Пән аралық байланыс: Автомобильдің электр жабдықтары, еңбекті қорғау, физика, химия,

Қоршаған ортаны қорғау.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Топ студенттерінің сабаққа қатысын, олардың сабаққа жалпы

дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Ой қозғау»:

1. Қозғалтқыштардың жіктелуі.

2. Қозғалтқыштардың жұмыстық циклдері.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

Қозғалтқыш жөніндегі ББК кестесін толтырады:

Білемін
Білгім келеді

1. Кривошипті- шатунды механизм (қосиінді- бұлғақты механизм) - КШМ; ҚБМ

2. Газ тарататын механизм (ГТМ)

3. Салқындату жүйесі

4. Майлау жүйесі

5. Қоректендіру жүйесі

6. Іске қосу жүйесі

7. Тест сұрақтарына жауап беру

8. Қорытындылау.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру «Мағынаны ашу»

Жаңа сабақты өткен тақырыптармен байланыстыру, проблемалық сұрақтар қою. Жауаптарын тұжырымдау, жаңа сабақты түсіндіру кезінде макеттерді, мультимедиалық тақтаны, т. б. қосымша материалдарды пайдалану. Студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында күнделікті өмірмен байланыстыра мысалдар келтіріп, жаңа техникалық ақпараттарды пайдалана отырып, пікірлерін дәлелдеуге мүмкіндік беру.

V. Сабақ кезіндегі өзіндік жұмыс:

Сабақ түсіндіру кезінде студенттердің пікірін тыңдау, слайдтар кезінде мысалдар келтіру, қысқаша конспект жазу, ББК кестесін толтыру, студенттерге бекіту сұрақтары ретінде тест сұрақтары беріледі.

Тест сұрақтары:

І. Қозғалтқыш (двигатель) дегеніміз не?

(1. Кез- келген энергия түрін механикалық энергияға айналдыратын қондырғы;

2. Жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қондырғы)

ІІ. Қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелерін ата?

(кривошипті- шатунды механизм, газ тарататын механизм, салқындату жүйесі, майлау

жүйесі, қоректендіру жүйесі, іске қосу жүйесі)

ІІІ. Қозғалтқыштың жұмыс жасау тактілері қалай аталады?

(енгізу, сығылу, жұмыстық жүріс, шығару)

ІV. Салқындатқыш сұйық ретінде не қолданылады?

(таза су, жаңбыр суы, қар суы болса өте жақсы)

V. Механизм дегеніміз не, қандай түрлерін білесің?

(түсірілген күш әсерінен белгілі бір қозғалыстар жасайтын, қозғалмалы жалғанған тетіктер

жиынтығы; КШМ; ГТМ )

VІ. Қозғалтқышта қандай жүйелер орналасқан?

(салқындату, майлау, қоректендіру және іске қосу жүйелері)

VІІ. Қозғалтқышқа қандай май құйылады?

(автомобиль қозғалтқыштарының тетіктерін майлау үшін жоғары сапалы мотор майы

қолданылады; Автол- мотор майы )

VІІІ. 4 цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс істеу тәртібі?

(1-3-4-2)

ІХ. Жанғыш қоспа дегеніміз не?

(карбюраторда майда тозаңдатылған отынның (бензиннің) және ауадан дайындалған қоспа)

Х. Инжектор дегеніміз не?

(қысыммен жанғыш қоспаны айдайтын аспап)

ХІ. Карбюрация дегеніміз не?

(қозғалтқыш цилиндрінен тыс жанғыш қоспа дайындау процесі)

ХІІ. Карбюратор дегеніміз не?

(карбюрация процесі өтетін прибор (аспап) ) .

VІ. Сабақты қорытындылау:

Сабақты қорытындылау үшін студенттерге ортақ сұрақтар қойылады:

1. Қозғалтқышта қандай механизмдер орналасқан?

2. Қозғалтқышта қандай жүйелер орналасқан?

VІІ. Жаңа тақырыпты бекіту (тест бойынша)

VІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма . «Қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелері»тақырыбы.


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Қозғалтқыштың газ тарату механизмі
Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары мен оқу мақсаттары
Оңтүстік Америка: география сабағының оқу мақсаттары мен сабақ жоспары
Ғаламтордың пайдасы мен зияны: сабақ жоспары, оқу мақсаттары және бағалау
2 «А» сынып: Етістік - сабақ жоспары мен оқу мақсаттары
Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың құрылысы мен жұмыс істеу принципі
Өндірістік оқыту сабақ жоспары: Автомобильдің тежеу жүйелері
Қозғалтқыштың жеңіл оталуын және тұтану жүйесінің техникалық тексерісі мен диагностикасы
Топтау және бөлшектік сан есімдер: сабақ жоспары мен оқу мақсаттары
Ежелгі Македония және Афиныдағы демократиялық құрылыс: сабақ жоспары мен оқу мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz