Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқытушының нақты тапсырмалар беруі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Мәнжазба
Тақырыбы: Студенттердің оқу-зерттеу іс-әрекеттеріне сипаттама
Орындаған: Сексенбай Ж.С.
(Шет тілі: екі шет тілі)
Тексерген: Тогайбаева А.К.
2021-2022 оқу жылы
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәжірибесін талдау
3. Қорытынды
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйре - неді және меңгереді.
Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жо - ғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеу - лердің жеткіліксіздігі байқалады. Жоғары мек - тептегі оқу процесінің теориясы мен практикасында болашақ педагог-психологтардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне жеткілікті мән берілмеген.
Оқытушы оқыған кез келген дәріс тақы - рыбы студентке түсінікті бола бермейді. Оның себептерінің бірі - студенттің басты қызы - ғушылық объектісі - мамандық алу. Ал, оқылған дәріс оның болашақ мамандығымен байланыссыз болса, оны игеруге құлқы болмайды. Онымен қоса, оқу процесінің бастапқы кезеңдерінде, студенттерде қойылған проблеманы шешуге қажетті өзіндік жұмыс істеу дағдылары әлі толық қалыптаспайды. Сондықтан, оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде оқытушы тек проблема қою ғана емес, оны шешу жолдарына студенттерді баулуы тиіс. Бұл орайда, СӨЖ рефарат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындауға ықпал етуі қажет.
Білім - қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты. Ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Қазіргі білім - азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі.
Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар "жеке маман тұлғаны" өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт .Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын <<тұлғаны>> дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет.
Қазіргі қоғамдық сұраныс - өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді.Адамның қоғамдық мәні - өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі,санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған. Жоғарғы мектептің орта мектептен ең басты айырмашылығы- оқыту жұмысының әдісі және оқушылардың жеке деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты. Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады.
Бүгінгі күні бүкіл дүниежүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы студенттердің өздік жұмыстарына уақытты көбірек беріп, олардың шығармашылық қабілетінің өсуіне әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының барысындағы студенттердің еңбек санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл бөлу, себебі семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі <<үлгермеушілікке>> және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты, өздік жұмыстарын орындау үшін әр студентке оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, өздік жұмыстарына семестрдің басында дұрыс тапсырма беру, соған байланысты әр тапсырманың ұйымдастыру-әдістемелік материалдары болуы тиіс.
Студенттердің қарқыны қай пәнді болсын оқу кезіндегі өздік жұмыстарының дәрежесімен сипатталады. Сонымен, студенттердің өздік жұмыстарының ішкі мазмұны - мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады.
Негізінен алғанда, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:
-- студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,
-- әдістемелік қамтамасыз ету,
-- бақылау және орындалу бағасы,
-- талдау және жетілдіру.
Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне студенттердің өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Студенттердің өздік жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі - коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру - студенттің қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады. Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт - студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Жоғарғы оқу орнына түскен кешегі талапкерлер студент болған соң, жоғарғы оқу орны шарттарына орай бейімделу кезеңінен өтеді. Бұл кезең өзінде жаңа әлеуметтік орта мен жоғары оқу орындарындағы оқу және ғылыми ізденістер, болашақ кәсіби қызмет шарттарына дағдылану жағдайларын қамтиды.
Студент мәселені шешуге ынталанып, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан кешіреді.
Еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:
1. Әрбір ұстаздың өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу.
2. Студенттің актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру.
3.Студенттің әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.
4. Студенттің кәсіби білікті, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып дүниетанымын кеңейту.
Қазіргі таңда өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс. Студентің өзіндік жұмысы -- болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеріуді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі.
Студенттің өзіндік жұмысы - бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Олар педагогикалық әдебиеттерде алғаш өзіндік жұмыс мәселелерін В.К.Буряк, Е.Я.Голант, Б.П.Есипов, Р.Г. Лемберг, Р.М. Микельсон, И.И. Пидкасистый, Е.С.Саблик, М.Н. Скаткин еңбектерінде зерттелініп, оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмысын жүйелі түрде қолдану негіздері қарастырылды. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәнін дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И. Кобыляцкий, Р.Н. Низамов еңбектері арналған. Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады. И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс біліктілік пен іскерлік жиынтығы. Г.Н.Кулагина өзіндік жұмысты студенттің іс-әрекет құралы белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсінеді. Г.Н.Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша айтады. Бұл жұмысты студент өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжіріибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады.[5] Өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу т.б. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Сондықтан оқу орындарында әрбір курста оқытушылардың басшылығымен студенттер жаттығуларды өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады. Студенттерндің өзіндік жұмысы болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететіндіктен жаттығулардың маңызы зор. Білік дағдылардың барлық түрлерін қалыптастыруда жаттығулардың маңызы зор. Олардың негізінде дағдылар автоматтандырылып, біліктілер жетіледі. Ал күнделікті, жүйелі жаттығуларсыз, білік, дағдылар өз қасиеттерін жоғалтады.
Өз бетімен жұмыстың маңыздысы -- студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыс жасау барысында Р.Сүлейменов өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу шығармашылық жұмыстар деп топтастырады. <<Шығармашылық еңбекте студенттің іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі тиіс>>.
Шығармашылық жұмыстар студентердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Онымен қатар өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі. Оқытушының сабаққа дайындалғанда өзінің әрекеттерін ойластыруымен шектелмей, деңгейіне қарай студенттің әркетіне мән беруі тиіс. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру-өте күрделі мәселе. Сондықтан студенттердің өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек. Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы -- сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:
-- жаңа білімді меңгеруі;
-- жаңа білімді бекіту;
-- білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.[6]
Студенттердің жұмыстарының барлық топтарын оқытушы оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі - оқыту үрдісінің барлық кезеңіндерінде қолдануға болады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:
-- Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.
-- Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
1.Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;
2.Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;
3.Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;
4.Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі.
Студенттердің өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн болар.
1.Студенттердің дербестік қабілетін мейлінше арттыру.
2.Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
3.Студенттерге оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
4.Таным ақыл-ой қабылетін дамыту.

Жалпы алғанда, өзіндік жұмыс (CӨЖ) - біртұтас педагогикалық процестің, жоғары білім берудің негізі. Ол бір жағынан студенттердің дәрісханадан тыс жұмысы ретінде, басқа жағынан сабақ кестесі бойынша студенттің дәрісханада жүзеге асыратын жүйелі, жоспарлы, мақсатты жұмысы. Оны ұйымдастыру жауапты теориялық және практикалық міндет, маңызды ғылыми проблема. Өз бетінше жұмыс істеуді дәрісханада және одан тыс жерлерде ұйымдастырудың әр қандай түрлері мен типтерін қолдана отырып, студенттердің өздігінен ізденіп оқуына, білімін дамытуға ықпал етіп, оны ұйымдастыра білу өте қажет.
Жоғары оқу орындарында СӨЖ ұйымдас - тыру сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет атқарады және дамытылады. СӨЖ атқарудың сыртқы мақсаты қоғамның мамандарды даярлауға қоятын талаптарымен анықталады. Мамандарды дайындаудың сапасын арттыру міндетін шешудің негізі оқыту сапасын күшейту болып отыр. Ол бірнеше факторлармен айшықталады. Ең бастысы, маманды даярлау деңгейіне нарықтың қояр талабы және оқытудағы экстенсивті және интенсивті факторлардың арақатынасының өзгеруі болып табылады. Әрине, осы орайда мәселе қарқынды фактор пайдасына шешілуі керек екендігі түсінікті.
Жоғары оқу орындарындағы студенттердің өздік жұмысы оқыту лекция, практикалық, лабораториялық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Лекция ақыл-ой әрекетінің тек 1-деңгейін, (тану) және біліммен танысу деңгейін қамтамасыз етеді. Ал СӨЖ ақыл-ой әрекетінің 2-деңгейін: қабылдау мен қайта жаңғырту және білім көшірмесін игеруін қамтамасыз етеді. Одан әрі ол алған білімді практикада қолдану, ептілік, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Оқытушы студенттің білім алуға деген мотивін дамытуға, ішкі ынта-ықыласымен білім алуға ұмтылуына көмектеседі.
Оқытушының бақылауымен студент:
-- Зерттеушілік іскерлігімен дағдысын қалыптастырады;
-- Өткен материалдарды жалпылай алу және қайталау;
-- Алған білімді қолдану, оларды толықтыру, кеңейту дағдысын қалыптастырады;
-- Оқытушы студенттің психофизи-ологиялық және академиялық үлгерімін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріп, олардың дербестігінің дамуына мүмкіндік жасайды.
-- Студентпен бірлесекен іс-әрекет барысында оқытушы - студенттің уақытын тиімді пайдалануға беретін түсіндірмелі-иллюстративті (схема, таблица, тезис, т.б.) материалдарды қолдануды үйрету, қажетті әдебиетті іздеу жолдарын көрсету;
-- Өзіндік белсенділігін, дербестігін дамыту үшін проблемалық баяндау, шығармашылық ізденіс әдістерін қолданған дұрыс.
-- Оқытушы студентке жеке тапсырма таңдауға (курстық жұмыс, реферат, ғылыми баяндама, үлгі сабақ жоспарын құруға) көмектеседі.
-- Әдебиеттермен қамтамасыз болуға, олармен жұмыс жасай білуге;
-- Тиімді әдіс-тәсілдер, тапсырма орындау жолдарын қолдана білуге үйретеді;
-- Жеке не бірнеше студентке кеңес береді, студенттердің бір-бірімен жұмыс жасауын үйлестіреді.
Жоғары оқу орындарындағы студент-тердің өздік жұмысы (СӨЖ) барлық оқу бағдарламасының басым бөлігін құрағандықтан, оның тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының талаптарына сай жасалған өздік жұмысты ұйымдастыру үлгісінің дұрыс құрылуына байланысты болады. Алайда студентке қойылатын негізгі талаптар төмендегідей жіктелініп көрсетіледі:
-- Студенттің шығармашылық потенциалын белсендіру: студент оқу тапсырмасын өз бетінше орындау барысында ғылыми әдебиеттермен, әдістемелерді талдаумен танысу және шығармашылық технологиясын меңгеуді жүзеге асырады.
-- Өз бетінше білім алу және өзіндік дамуға ынтасын тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында шығармашылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру т.б.
-- Оқу іс-әрекетке деген мотивациясын жоғарылату: білім беру процесінде тұлғаның позициясын белсендіру, субъективті жаңа білімдердің негізгі қатынасы, яғни білімді өз бетінше алу функциясы, нақты студент үшін жаңа және тұлғалық маңыздылығы.
-- Танымдық белсенділікті дамыту: өз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе мәселені шешуде өзіндік бағытты табу, өз бетінше білім алуға тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан қалыптастыру, оқу процесіндегі оқу-танымдық процесс белсенділігінде студенттердің оқыту әдісінің белсенділігі жанама қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асады. Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жоғарғы оқу орындарындағы оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай студентті пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, студенттің оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр. Қазіргі педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде студенттердің танымдық іс-әрекетін сабақ уақытында, сабақтан тыс уақытта және отбасы арасында қалыптастыру мәселелері көптеп зерттелуде.
Сонымен өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты - студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру, оқуға, болашақ мамандықтарына деген құлшынысын арттыру, шығармашылық біліктілігі мен қызығуын дамыту болып табылады екен.
Оқу процесінде қолданылатын кері байланысты жүзеге асыру екі мәселенің шешімін табады:
1.кері байланыс мазмұнын анықтау - оқу бағдарламаларын құруда база үшін қабылданатын оқытудың психологиялық теориялары мен оқыту мақсаттарының негізінде бақыланатын сипаттамалар жиынтығын анықтау.
2.кері байланыс жиілігін анықтау.
Студент алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Қорытынды
ЖОО оқыту мен тәрбиелеу жеке тұлғаның кәсіптік тәжірибемен, сапамен, өзіндік дамуымен және қалыптасумен қамтамасыз етуге міндетті. ЖОО оқыту мен тәрбиелеу студенттің жеке тұлға ретінде максималды дамуына, яғни толық жағымды өзгеріс процесіне, сапаның қалыптасуына, тәжірибесіне әсер ету.
Психология кәсіптік оқыту мен тәрбие жұмысында студенттердің жоғары білім алудың әр деңгейінде оқу- тәрбие процесінің психологиялық заңдылықтарын зерттеуді қарастырады. Жеке тұлғаның кәсіптік дамуында екі негіз бар: іс-әрекеттің операциялық жағының қалыптасуы (кәсіптік білім, дағды, ойлау және іскерлік) және жеке бас сферасы (мотивтер мен қызығушылықтар, кәсіптік сапа және т.б.).
Оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға екі субъект қатысады:
Оқытушы алдына педогогикалық мақсат қойған, осы мақсатқа жету жолында әдіс - тәсілдерді, қорытындыны талдап, әрекетін нақтылап, оқытудың нәтижелі болуына жан - жақты қатысады.
Студент оқыту мен тәрбие процесіне өзіндік көзқараспен қарап активтілік немесе пассивтілік білдіреді. Оқытушы мен студенттің бірлескен жұмыстары олардың жалпы іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Оқытушы оқу-тәрбие процесіне ғана көңіл бөлмей, сонымен қатар келешектегі жұмысына қажетті іс-әрекетін, дағды мен ікерлігін, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру керек.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Асанов Н. Өзіндік жұмыстардың ерекшеліктері.Алматы, 2013. 125-126 б.
2. Р.Б.Исмаилова Студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері.//Бастауыш мектеп- №5,6-2012, Б.36-37 б.
3. Кулекеев Ж.А., Пивень Г.Г., Нургужин М.Р., Каланова Ш.М., Падиарова И.П. Системы менеджмента качества организаций высшего профессионального образования. Теория и практика. - Караганда: Издательство КарГТУ, 2014. - 356 с.
4. Галиев Т. Системный подход к интенсификации учебного процесса. - Алматы: Ғылым, №2. - 303 с.
5. http://www.kazustaz.kz/ustaz/712-studentterd-zndk-zhmystaryn-yymdastyry-timdzholdary.html Мерлан
6. С.К.Сулейменов. Теория и практика урока в условиях развивающего обучения М., 2011. 89 б.
7. Махмутов М.И. Современный урок. 2-е изд. -- М., 2010. 78 б.
8. Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: пед. ғыл. докт. ... автореф.: 13.00.08. - Шымкент, 2010. - 40 б.
9. https://rector.kz/umkd/id/11553
10. Ғалиев Біріккен оқу іс-әрекетіндегі ұлттық таптаурындардың танымдық рөлі. Ұлт тағылымы. № 3, 2013. 24-25 б.
11. http://www.okmpi.kz/kk/node/376 М.Ж.Ілесқызы
12. http://www.rusnauka.com/24_NNP_2012/Pedagogica/2_115771.doc.htm Дандыбаева А.К., Сабанбаева Н.И
13. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Кұдиярова. Педагогика. Дарын -- Алматы-2013.142 б.
14. Салпынова Қ. Танымдық қызығуды дамыту. Қазақстан мектебі. № 4, 2015. 19 б.
15. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2009. 62 б.
16. Рысбаев Е, Ильясов С. Танымдық белсенділікті дамыту - өзекті мәселе. Қазақсатан мектебі. № 2. 2014. 29 б.
17. http://www.group-global.org/kk/node/4256 О.Г.Қойшымановна
18. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. - Алматы, 2014. - 184-185 б.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz