Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Инновациялық технология
Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағы
Қазіргі кезде қандай бағыт қолданылады?
Қазіргі таңда шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты - бүкіл оқыту барысына коммуникативтік бағдар бере отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу (монолог, диалог), тыңдап-түсіну, оқу, жазудағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді:
Танымдық бағыт бойынша: оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; тілдің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсіндіру: (Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Ол қоғамның әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда) оқушының тілін дамыту,
тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
сөз мәдениетінің адам тіршілігіндегі мәнін ұғындыру
сөз мәдениетін таныту;
пікірталас мәдениетін жетілдіру;
ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;
мәтін арқылы танымдық қызығушылығын арттыру;
өмір, түрлі ғылымдар саласынан оқушылардың танымын кеңейту;
оқушылардың логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру; сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту;
мәтіндегі тіл біліктерін функционалдық тұрғыдан танып білуге жетелеу.
Коммунакативтік, практикалық бағыт бойынша:
оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;
тілдік жағдаяттарға лайық, дұрыс қарым - катынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;
оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;
шығармашылық қасиеттерді дамыту;
қарым - қатынас талаптарына сай іскерліктерді қолдана білуге балу;
пікірталас түрлеріне сай қолдану біліктілігін қалыптастыру.
Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның) қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға қарым - қатынастық дағдырларын жетілдіруге,сөз әрекеттінің түрлеріне қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.
Білім берудегі бағыт терминін ғылыми ортаға ағылшын әдіскері А. Энтони (1963 ж.) зерттеушінің тіл табиғаты мен оны меңгеру тәсілдеріне қатысты қолданатын бастапқы ережелерді білдіру үшін енгізген болатын. Тілді оқыту жүйесінің бөлшегі бола тұра, бағыт оқыту пәніне қатысты бар ой-пікірлер мен оқыту барысында тілді меңгеру мүмкіндіктерін сипаттап, оқытудың жалпы әдіснамалық негізі ретінде қызмет атқарады. Әдіскерлердің ойынша, оқытудағы бағыт оқытылуы тиіс пәннің мәніне деген көзқарас болып табылады (Вятютнев, 1984), ілімнің нақты саласында зерттеудің жалпы әдіснамалық негізі ретінде қолданылады (Бим, 1988), белгілі бір құбылысты зерттеуге бағытталған зерттеушінің әрекетін анықтайды (Скалкин, 1981).
Тілді оқыту әдістемесінде оқыту бағытының бірыңғай топтастырылуы жоқ, осылайша, М. В. Ляховицкий (1981) тілді меңгеру психологиясы тұрғысынан анықталатын төрт жалпы бағытты атайды:
бихевиористік - көрсетілетін ынталылықтарға жауап ретінде сөйлеу дағдылы әрекеттерінің пайда болу жолымен тілді меңгеру;
индуктивті - саналы - тілдік ережелер мен оларды сөйлеуде қолдану тәсілдерін меңгеруге алып келетін сөйлеу үлгілерін бақылау нәтижесінде тілді меңгеру;
танымдық (когнитивті) - ережелер мен нұсқаулықтар күйіндегі білімнен меңгерілген білім негізіндегі сөйлеу дағдылары мен ептілікке дейін деген реттілікте тілді саналы түрде меңгеру;
интеграцияланған - білім және сөйлеу дағдылары мен ептіліктерінің параллельді меңгерілуінен көрініс табатын оқыту үдерісінде саналы және саналы емес бөлшектердің сабақ барысындағы органикалық бірігуі.
Лингвистикалық және басқа да көптеген факторларды ескеру негізінде М.Н.Вятютнев бағыттарды классификациялауға тырысты. Ол қазіргі заманғы оқыту әдістерін топтастыру үшін алты бағытты қолданып, келесідегідей бөліп көрсетті: грамматикалық, тікелей, бихевиористік, оқылым, ұжымдық, коммуникативті - жеке тұлғалық.
Инновациялық модуль
Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.
Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. Ағылшынша Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.
Инновациялық технология
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Канарова Бакыт Рахимовнаның дайындаған баяндамасы бойынша:
Қазіргі таңда шетел тілін, яғни ағылшын тілін үйретуде көптеген жаңа инновациялық технологиялар өте тиімді. Инновация терминінің өзі ағылшын тілінің <> деген сөзінен шыққан <<жаңашылдық енгізу>> деген мағынаны білдіреді. Жалпы инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация - оқу тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педогогикалық жүйедегі өзгеріс. Білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін,жаңа мазмұнын әзірлеуге,қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді. Инновация технологияның мақсаты - технологияға бейімдеп, шығармашылық, ізденіс қабілетін дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Инновациялық технологиялар:
Деңгейлеп саралап оқыту
Сыни тұрғысынан ойлау
Дамыта оқыту
Модульдік оқыту және т.б
Жаңа технологияларды тиімді пайдалану - шәкіртке сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаздың оқу үрдісін түбегейлі өзгерту құрамының бірі. Инновациялық білім беру құралдары: аудио-видео құралдар, компьютер, интернет, интерактивті тақта, компьютер-мультимедиялық құралдар, электрондық оқулықтар. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде елуден астам жаңа педагогикалық технологиялар қолданылады екен.П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б. Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И. Третьяковтың , К. Вазиваның модульді оқыту технологиясы, В.М. Монаховтың , В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кенінен танымал.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу-оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді.
Жаңа инновациялық технологиялардан мысал келтіретін болсақ: сын тұрғысынан ойлау (қызығуды ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс), модульдік оқыту технологиясы (үш бөліктен тұрады:
кіріспе бөлім - тақырыпқа енгізу
сөйлесу - оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру
қорытынды бөлім - бақылау, топпен жұмыс (ұжымдық ойлау әрекеті), мәтінмен жұмыс істеу, ойын элементтерін қолдану, сайыс сабағы, танымдық, интеллектуальдік технологиялар арқылы, шығармашылық пен орындауға арналған тапсырмалар, сөздікпен жұмыс істеу, мақал-мәтелдермен жұмыс, диктанттар өткізу, ән үйрету, жобалап оқыту, бейнематериалдармен жұмыс істеу, сабақта ақпараттық технологияларды қолдану, баяндамалар, эссе оқу, пікірталас, дебаттар, "Джигсо" әдісі- (жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау), грамматикалық тақырып болса, онда "insert" кестесін толтыру арқылы өткен сабақты пысықтап, сол жаңа сабақта не білгісі келетінің білдіреді, (іnsert-оқығаның түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйретерін ұтымды әдіс). Жаңа сабақты (тақырыпты) бекітуге "Кубизм" әдісінің орны ерекше. Алты жағына алты сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы жауап береді, тапсырманы орындайды. Сонымен қатар, бұл әдіс баланы қызықтырады, есте сақтау қабілетін арттырады, нақты жауап беруге үйретеді. "Ой толғау" әдісін кез-келген сабақта қолдануға болады. Бұл оқушылардың білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарауға, өз ойын түйіндеуге, жазу, оқу, сөйлеу қабілеттерін арттыруға жәрдемдеседі. "Оздыра оқыту" технологиясының бір сипаты - оқушы қабілетінің деңгейін саралап оқыту. Бұл үшін әртүрлі алдын-ала дайындалған "деңгейлік тапсырмалар" беруге болады. Деңгейлік тапсырмалар әр оқушының қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту мен оқытуды әртүрлі топ ерекшелігіне сәйкес бейімдейді, ыңғайластырады. Бұл әдіс арқылы мықтылар өздерінің қабілетімен икем дағдысын бекіте түседі. Әлсіздер өзіне деген сенімсіздіктен айырылады, күшті топтарда оқуға деген ынтасы артады. Оздыра оқыту барысында деңгейлік тапсырмалармен қатар әртүрлі тестердің де орны бөлек. Ондай тесттер уақытты үнемдейді, оқушы ойын қозғайды, белсенділігін арттырады және есте сақтау, ойлау қабілетін шындайды.
Модульдік оқыту
Модульдік оқыту ол - оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оқушы өз әрекетін жоспарлайды, талдайды, өзі бақылай білуге үйренеді. Жалпы педагогика ғылымында модуль барлық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылған. С.И.Ожоговтың пікірінше модуль дегеніміз - қандай да бір жүйенің, ұйымның аяқталатын, біршама дербес бөлігі.
Модульдік оқыту элементтері танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгерткенде оқушылардың білім-білік дағдысын ғана дамытып қоймайды, сондай-ақ жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін технологияның бірі болып табылады.
Динара Боранәліқызының мақалағы бұл тақырыпты алудағы басты мақсаты: ағылшын тілін оқытуда модульдік оқыту әдісін пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу. Сондағы тәжірибе барысындағы оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік - мәдени білім, білік дағдылар енгізу.
Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып - үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе - қызықтырушылық, операционалдық - танымдық және рефлексиялық - бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман).
Оқу модулінің кіріспе бөлімінде оқытушы:
оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;
оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының "қабылдауына", түсінуіне ерекше көңіл бөледі;
модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып үйренудің екінші - операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Бұл бөлімді құрастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйенеміз:
Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде құралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағытты алған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатын және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Модуль жалпы мазмұнға кіретін негізгі мәселелер мен олардың ішкі бөлшектерін, кіші мәселелерін жүйелі түрде көрсетіп, оны оқытушы үшін де, оқушы үшін де нақтылы түрде анық білдіреді. Оқытушы модульдерді қандай тәртіпте оқыту керектігін білсе, оқушы модульден нені білуге, қандай жұмысты жасауға тиісті екенін біледі. Модульдік оқытудың ерекшелігі: оқытушы көп сөйлегеннен гөрі, оқушыны көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.
Мақала авторы: Канарова Бакыт Рахимовна
Қазіргі кезде қандай бағыт қолданылады?
Қазіргі таңда шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты - бүкіл оқыту барысына коммуникативтік бағдар бере отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу (монолог, диалог), тыңдап-түсіну, оқу, жазудағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді:
Танымдық бағыт бойынша: оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; тілдің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсіндіру: (Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Ол қоғамның әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда) оқушының тілін дамыту,
тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
сөз мәдениетінің адам тіршілігіндегі мәнін ұғындыру
сөз мәдениетін таныту;
пікірталас мәдениетін жетілдіру;
ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;
мәтін арқылы танымдық қызығушылығын арттыру;
өмір, түрлі ғылымдар саласынан оқушылардың танымын кеңейту;
оқушылардың логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру; сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту;
мәтіндегі тіл біліктерін функционалдық тұрғыдан танып білуге жетелеу.
Коммунакативтік, практикалық бағыт бойынша:
оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;
тілдік жағдаяттарға лайық, дұрыс қарым - катынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;
оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;
шығармашылық қасиеттерді дамыту;
қарым - қатынас талаптарына сай іскерліктерді қолдана білуге балу;
пікірталас түрлеріне сай қолдану біліктілігін қалыптастыру.
Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның) қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға қарым - қатынастық дағдырларын жетілдіруге,сөз әрекеттінің түрлеріне қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.
Білім берудегі бағыт терминін ғылыми ортаға ағылшын әдіскері А. Энтони (1963 ж.) зерттеушінің тіл табиғаты мен оны меңгеру тәсілдеріне қатысты қолданатын бастапқы ережелерді білдіру үшін енгізген болатын. Тілді оқыту жүйесінің бөлшегі бола тұра, бағыт оқыту пәніне қатысты бар ой-пікірлер мен оқыту барысында тілді меңгеру мүмкіндіктерін сипаттап, оқытудың жалпы әдіснамалық негізі ретінде қызмет атқарады. Әдіскерлердің ойынша, оқытудағы бағыт оқытылуы тиіс пәннің мәніне деген көзқарас болып табылады (Вятютнев, 1984), ілімнің нақты саласында зерттеудің жалпы әдіснамалық негізі ретінде қолданылады (Бим, 1988), белгілі бір құбылысты зерттеуге бағытталған зерттеушінің әрекетін анықтайды (Скалкин, 1981).
Тілді оқыту әдістемесінде оқыту бағытының бірыңғай топтастырылуы жоқ, осылайша, М. В. Ляховицкий (1981) тілді меңгеру психологиясы тұрғысынан анықталатын төрт жалпы бағытты атайды:
бихевиористік - көрсетілетін ынталылықтарға жауап ретінде сөйлеу дағдылы әрекеттерінің пайда болу жолымен тілді меңгеру;
индуктивті - саналы - тілдік ережелер мен оларды сөйлеуде қолдану тәсілдерін меңгеруге алып келетін сөйлеу үлгілерін бақылау нәтижесінде тілді меңгеру;
танымдық (когнитивті) - ережелер мен нұсқаулықтар күйіндегі білімнен меңгерілген білім негізіндегі сөйлеу дағдылары мен ептілікке дейін деген реттілікте тілді саналы түрде меңгеру;
интеграцияланған - білім және сөйлеу дағдылары мен ептіліктерінің параллельді меңгерілуінен көрініс табатын оқыту үдерісінде саналы және саналы емес бөлшектердің сабақ барысындағы органикалық бірігуі.
Лингвистикалық және басқа да көптеген факторларды ескеру негізінде М.Н.Вятютнев бағыттарды классификациялауға тырысты. Ол қазіргі заманғы оқыту әдістерін топтастыру үшін алты бағытты қолданып, келесідегідей бөліп көрсетті: грамматикалық, тікелей, бихевиористік, оқылым, ұжымдық, коммуникативті - жеке тұлғалық.
Инновациялық модуль
Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.
Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. Ағылшынша Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.
Инновациялық технология
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Канарова Бакыт Рахимовнаның дайындаған баяндамасы бойынша:
Қазіргі таңда шетел тілін, яғни ағылшын тілін үйретуде көптеген жаңа инновациялық технологиялар өте тиімді. Инновация терминінің өзі ағылшын тілінің <
Инновациялық технологиялар:
Деңгейлеп саралап оқыту
Сыни тұрғысынан ойлау
Дамыта оқыту
Модульдік оқыту және т.б
Жаңа технологияларды тиімді пайдалану - шәкіртке сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаздың оқу үрдісін түбегейлі өзгерту құрамының бірі. Инновациялық білім беру құралдары: аудио-видео құралдар, компьютер, интернет, интерактивті тақта, компьютер-мультимедиялық құралдар, электрондық оқулықтар. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде елуден астам жаңа педагогикалық технологиялар қолданылады екен.П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б. Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И. Третьяковтың , К. Вазиваның модульді оқыту технологиясы, В.М. Монаховтың , В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кенінен танымал.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу-оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді.
Жаңа инновациялық технологиялардан мысал келтіретін болсақ: сын тұрғысынан ойлау (қызығуды ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс), модульдік оқыту технологиясы (үш бөліктен тұрады:
кіріспе бөлім - тақырыпқа енгізу
сөйлесу - оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру
қорытынды бөлім - бақылау, топпен жұмыс (ұжымдық ойлау әрекеті), мәтінмен жұмыс істеу, ойын элементтерін қолдану, сайыс сабағы, танымдық, интеллектуальдік технологиялар арқылы, шығармашылық пен орындауға арналған тапсырмалар, сөздікпен жұмыс істеу, мақал-мәтелдермен жұмыс, диктанттар өткізу, ән үйрету, жобалап оқыту, бейнематериалдармен жұмыс істеу, сабақта ақпараттық технологияларды қолдану, баяндамалар, эссе оқу, пікірталас, дебаттар, "Джигсо" әдісі- (жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау), грамматикалық тақырып болса, онда "insert" кестесін толтыру арқылы өткен сабақты пысықтап, сол жаңа сабақта не білгісі келетінің білдіреді, (іnsert-оқығаның түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйретерін ұтымды әдіс). Жаңа сабақты (тақырыпты) бекітуге "Кубизм" әдісінің орны ерекше. Алты жағына алты сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы жауап береді, тапсырманы орындайды. Сонымен қатар, бұл әдіс баланы қызықтырады, есте сақтау қабілетін арттырады, нақты жауап беруге үйретеді. "Ой толғау" әдісін кез-келген сабақта қолдануға болады. Бұл оқушылардың білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарауға, өз ойын түйіндеуге, жазу, оқу, сөйлеу қабілеттерін арттыруға жәрдемдеседі. "Оздыра оқыту" технологиясының бір сипаты - оқушы қабілетінің деңгейін саралап оқыту. Бұл үшін әртүрлі алдын-ала дайындалған "деңгейлік тапсырмалар" беруге болады. Деңгейлік тапсырмалар әр оқушының қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту мен оқытуды әртүрлі топ ерекшелігіне сәйкес бейімдейді, ыңғайластырады. Бұл әдіс арқылы мықтылар өздерінің қабілетімен икем дағдысын бекіте түседі. Әлсіздер өзіне деген сенімсіздіктен айырылады, күшті топтарда оқуға деген ынтасы артады. Оздыра оқыту барысында деңгейлік тапсырмалармен қатар әртүрлі тестердің де орны бөлек. Ондай тесттер уақытты үнемдейді, оқушы ойын қозғайды, белсенділігін арттырады және есте сақтау, ойлау қабілетін шындайды.
Модульдік оқыту
Модульдік оқыту ол - оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оқушы өз әрекетін жоспарлайды, талдайды, өзі бақылай білуге үйренеді. Жалпы педагогика ғылымында модуль барлық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылған. С.И.Ожоговтың пікірінше модуль дегеніміз - қандай да бір жүйенің, ұйымның аяқталатын, біршама дербес бөлігі.
Модульдік оқыту элементтері танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгерткенде оқушылардың білім-білік дағдысын ғана дамытып қоймайды, сондай-ақ жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін технологияның бірі болып табылады.
Динара Боранәліқызының мақалағы бұл тақырыпты алудағы басты мақсаты: ағылшын тілін оқытуда модульдік оқыту әдісін пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу. Сондағы тәжірибе барысындағы оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік - мәдени білім, білік дағдылар енгізу.
Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып - үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе - қызықтырушылық, операционалдық - танымдық және рефлексиялық - бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман).
Оқу модулінің кіріспе бөлімінде оқытушы:
оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;
оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының "қабылдауына", түсінуіне ерекше көңіл бөледі;
модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып үйренудің екінші - операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Бұл бөлімді құрастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйенеміз:
Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде құралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағытты алған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатын және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Модуль жалпы мазмұнға кіретін негізгі мәселелер мен олардың ішкі бөлшектерін, кіші мәселелерін жүйелі түрде көрсетіп, оны оқытушы үшін де, оқушы үшін де нақтылы түрде анық білдіреді. Оқытушы модульдерді қандай тәртіпте оқыту керектігін білсе, оқушы модульден нені білуге, қандай жұмысты жасауға тиісті екенін біледі. Модульдік оқытудың ерекшелігі: оқытушы көп сөйлегеннен гөрі, оқушыны көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.
Мақала авторы: Канарова Бакыт Рахимовна
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz