Өндірісті автоматтандыру және ақпараттандыру негіздері - Лекция №1 (Сабақ жоспары)

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

Қаратау тау-кен технолгиялық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

№1 Ақпараттандыру негіздері

(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері

Дайындаған педагог Б. П. Аханов

2021 жылғы 4 қыркүйек

1. Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ II - курс 2021-2022 жыл. 2-ПҚБ-20

Сабақ типі аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

Оқуыту (үйрету) : Оқушыларға оқушыға жаңа тақырыптың түсінігін беру.

Дамытушылығы: оқушының логикалық ой-өрісін дамыту, мазмұндық білімін

тереңдету.

Тәрбиелігі: тақырып арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.

САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Элементтері

Сабақты ұйымдастыру, пысықтау сұрақтары, оқытудың әдістері мен тәсілдері, үйге берілген тапсырмалар мазмұны
Қосымша өзгерістер уақыты
Элементтері:

I

Сабақты ұйымдастыру, пысықтау сұрақтары, оқытудың әдістері мен тәсілдері, үйге берілген тапсырмалар мазмұны:

Сабақты ұйымдастыру:

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Дәрісхананың тазалығын сабаққа дайындығын тексеру;
  • Журнал тізімі бойынша оқушыларды түгелдеу;
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару. Бірін - біріне сәттілік тілеу.
Қосымша өзгерістер уақыты: 5 минут
Элементтері:

II

Сабақты ұйымдастыру, пысықтау сұрақтары, оқытудың әдістері мен тәсілдері, үйге берілген тапсырмалар мазмұны: Өтілген тақырыптарға шолу:
Қосымша өзгерістер уақыты: 20 минут
Элементтері:

III

Сабақты ұйымдастыру, пысықтау сұрақтары, оқытудың әдістері мен тәсілдері, үйге берілген тапсырмалар мазмұны:

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Өндірісті автоматтандыру - адамды технологиялық процестерді басқару функцияларын тікелей орындардан босату және осы функцияларды автоматты қондырғылармен орындау арқылы сипатталатын машина өндірісінің кезеңі.

Қосымша өзгерістер уақыты: 35 минут
Элементтері:

IV

Сабақты ұйымдастыру, пысықтау сұрақтары, оқытудың әдістері мен тәсілдері, үйге берілген тапсырмалар мазмұны:

Оқушының білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру

Жаңа тақырыпты бекіту (пысықтау сұрақтары) :

  1. Өндірісті автоматтандыру дегеніміз не?
  2. Өндірістік процестің автоматтандыру дәрежесін қандай түрге бөлінеді?
Қосымша өзгерістер уақыты: 15 минут
Элементтері:

V

Сабақты ұйымдастыру, пысықтау сұрақтары, оқытудың әдістері мен тәсілдері, үйге берілген тапсырмалар мазмұны:

Сабақты қорытындылау, оқушыны білімін бағалау:

  • Саббаққа белсенді қатынасқан оқушыны марапаттап бағалау;
  • Сабақ барысындағы игерілген материалдардың кем кетігін толықтыру;
  • Сабаққа нашар ат салысқан оқушыларды ескертіп атап өту және оларға деңгейлік тапсырма беру.
Қосымша өзгерістер уақыты: 7 минут
Элементтері:

VI

Сабақты ұйымдастыру, пысықтау сұрақтары, оқытудың әдістері мен тәсілдері, үйге берілген тапсырмалар мазмұны:

Үйге тапсырма беру:

Берілген тақырыпты оқу, анықтамаларды жаттау.

Қосымша өзгерістер уақыты: 7 минут

Лекция №1. Ақпараттандыру негіздері

Өндірісті автоматтандыру - адамды технологиялық процестерді басқару функцияларын тікелей орындардан босату және осы функцияларды автоматты қондырғылармен орындау арқылы сипатталатын машина өндірісінің кезеңі.

«Технологиялық процесті басқару» түсінігі осы процесте оңтайлы немесе берілген тәртіппен қамтамасыз ететін мақсаттағы бағыттар әсері. Басқару үшін пайдаланатын техникалық заттар (құралдар) жиынтығы және осыған тікелей қатысатын персонал объектісімен бірге басқару жүйесін құрайды.

Өндіріс процесі оператор немесе автоматты қондырғымен басқарыла отырып, басқару сәтті жүргізілу үшін өндіріс процесінің нақты жұмысы жөнінде хабардар болуы тиіс.

Басқаша айтқанда, қазіргі, соңғы үлгімен шыққан өлшеу техникасын қолдана отырып, объективті әдіс бойынша оның көрсеткіштерін, шамасын өлшеп және бақылап білу керек. Сонымен, басқару жүйесінің бірінші функциясы, басқару объектісінің жағдайы туралы хабар алу болып табылады.

Мұны орындайтын бөлім бақылау жүйесі деп аталады. Басқару объектісінің жағдайы басқарылатын технологиялық процестің көрсет кіштері деп аталатын шамалардың м әнімен сипатталады.

Технологиялық процестерді басқару кезінде көбіне келесі бақылау алынады: температура, қысым және технологиялық аппараттардағы жұмыс ортасының деңгейі, технологиялық тасымалдағыш құбырлар арқылы өтетін сұйық немесе бу, газ шығындары, сонымен бірге өндірістің әр түрлі кезеңдеріндегі жұмыс ортасының химиялық құрамы.

Жұмыс істеу мақсатына қарай автоматтық қондырғылар келесі функцияларды орындай алады:

  • технологиялық процестің шын мәніндегі нақты шамаларын анықтауға әкелетін параметрлерін өлшеу;
  • құрал - жабдықтардың жұмысын белгілі және бақыланатын көрсеткіштердің белгілі мәнінде белгі беру (сигнализация, дыбыстық немесе жарық арқылы) ;
  • өз уақытында басталуын, берілген кезекті және белгілі өндірістік операцияларды тоқталуын қамтамасыз ететін механизм, машина және агрегаттарды басқару;
  • механизмдер мен процестің тоқтауына әкеліп соқтыратын апаттық режим кезінде қорғау үшін әртүрлі сақтандырғыштар, автоматтық айырғыштар (выключатели) және тағы басқалар қолданылады.
  • Тіркеуді басқару, белгі беру қондырғыларында өлшеген шамаға сәйкес хабар жеткізе отырып, процестің белгілі параметрін тұрақты өлшеу үшін бақылау.
  • процестің параметрлерінің шамаларын белгілі деңгейде ұстап тұру үшін немесе берілген заң бойынша өзгерту үшін арнайы реттегішті қолдану;

Технологиялық процесті қажетті техникалық құралдар мен процестің автоматтандыруға дайындығын сипаттайтын жағдайларға байланысты және әртүрлі формада және дәрежеде автоматтандыруға болады.

Өндірістік процестің автоматтандыру дәрежесін келесі түрлерге бөлуге болады:

  • жартылай, мұнда процестің өзара бір-бірімен байланыспаған жеке аудандары автоматтандырылған;
  • толық, мұнда процестердің барлық негізгі және көмекші аудандары автоматтандырылған;

Автоматтандыру мүмкіндігін анықтайтын негізгі шарттардың бірі өндірістік операцияларды механизациялау болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Өндірісті автоматтандыру пәні: Датчиктер - түрлері, сипаттамалары және қолданылуы
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өндірісті ұйымдастыру принциптері және өндіріс циклі
Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатика пәнін оқыту: компьютерлік технологиялар мен ойын элементтерінің әдістемелік негіздері
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Жер және ғарыш - астрономияның негіздері
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және білім беру жүйесін ақпараттандыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі: білім беруді ақпараттандыру мен сабақ тиімділігін бағалау
Физика пәні бойынша 1-курс: Молекулалық-кинетикалық теория негіздері - сабақ жоспары
Машина жасау технологиясының негіздері: сабақ жоспары
Бастауыш сынып математикасын оқыту әдістемесі: лекция, практикалық және зертханалық сабақтарға арналған оқу-әдістемелік құрал
Экономикалық өсу: мәні, факторлары және типтері (Экономика негіздері пәнінің сабақ жоспары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz