Датчиктердің сипаттамалары

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының
«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
(білім беру ұйымының атауы)
Сабақ жоспары №__ 11_
Өндірісті автоматтандыру
«Өндірісті автоматтандыру және техникалық прогресс»
Оқу: Датчиктердің негізгі сипаттамалары туралы түсінік беру.
Дамытушылық : Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой -өрісін дамыту;
Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Білімдер:
-олардың қолдану саласынан автоматтық жүйелерді құру және өзгерту үшін жобалар жоспарлау.
-жобалық мақсаттарды анықтау, ақпарат алу, міндеттерді орындау кезеңдерін құрылымдау және оларды іске асыру затына талдау.
1. Миға шабуыл әдісі;
2. Тақтаға шығару арқылы жеке сұхбат; (Барлық білім алушылардың дұрыстығы мен түсінуін тексереді. Тексере отырып қатекліктерін түзетеді) .
Датчик-өлшеу параметрлерін қабылдайтын және сигналды келесі қолданушыға беру мақсатында өңдейді және сәйкесінше тіркейтін құрылғы. Датчиктердің түрлері өте көп және бірнеше белгілері бойынша классификацияланады. Жалпы датчиктер үш кластарға бөлінеді
- аналогты датчиктер, яғни аналогты сигнал тудыратын датчиктер;
- сандық датчиктер, екілік сөздер немесе импульстердің тізбегін басқарады;
- бинарлық (екіліке) датчиктер, бұлар екі деңгейдің ғана сигналын тудырады: «қосылулы/өшірілген» (0 немесе 1) .
- Датчиктер және оларға қойылатын негізгі талаптар
- Датчиктердің негізгі сипаттамалары
- Датчиктердің динамикалық сипаттамалары.

Датчиктердің негізгі сипаттамалары
Датчиктер және оларға қойылатын негізгі талаптар
Датчик-өлшеу параметрлерін қабылдайтын және сигналды келесі қолданушыға беру мақсатында өңдейді және сәйкесінше тіркейтін құрылғы. Датчиктердің түрлері өте көп және бірнеше белгілері бойынша классификацияланады. Жалпы датчиктер үш кластарға бөлінеді
- аналогты датчиктер, яғни аналогты сигнал тудыратын датчиктер;
- сандық датчиктер, екілік сөздер немесе импульстердің тізбегін басқарады;
- бинарлық (екіліке) датчиктер, бұлар екі деңгейдің ғана сигналын тудырады: «қосылулы/өшірілген» (0 немесе 1) .
Кіріс шамасының түріне байланысты:мех. орын ауыстыру датчигі, пневматикалық д, электрлік д, шығын өлшегіштер, жылдамдық д, температура д, қысым д және т. б. Кіріс шамасына түрленетін шығыс шамасының түріне байланысты:электрлі және эл. емес д, тұрақты тоқ д, айнымалы ток амплитуда д, айнымалы ток жиілік д, кедергі д және т. б. Көбіне датчиктер электрлі болады, себебі электрлік шаманы алыс қашықтыққа жіберуге ыңғайлы және жылдамдығы жоғары болады. Сондықтан электрлік шама универсал, себебі кез келген шаманы электрлік шамаға және керісінше түрленеді. Сонымен қатар эл. шама нақты сандық кодқа түрленеді, оның дәлдігі, сезімталдығы, жылдамдығы жоғары болады. Әрекет ету принципі бойынша датчиктер:генераторлы(кіріс шаманы эл. сигналына түрлендіреді) және параметрлік(кіріс шаманы эл. параметрге R. L. C . түрлендіреді) . Сонымен қоса әрекет ету принципі бойынша датчиктер реостатты, фотоэлектрлі, индуктивті, сыйымдылықты және т. б деп бөлінеді. Жалпы датчиктер 3 класска: аналогты д (кіріс шамасының өзгерісін пропорционал түрде аналогтысигналға өңдейді), цифрлы д(импульстер тізбегін немесе екілік санды құрайды), бинарлы д (екілік) ол сигналды тек екі деңгейде өңдейді қосу/өшу 0/1. Датчиктерге қойылатын негізгі талаптар:
-жұмысқа деген сенімділігі;
-шығыс шамасының кіріс шамаға бірмәнді тәуелділігі
- уақыт бойынша тұрақтылығы;
- жоғары сезімталдығы;
- көлемі мен массасының аздығы;
- бақыланатын процесске немесе параметрлерге кері әсерінің жоқтығы;
-параметрді өлшеудің қажетті диапазоны;
-инерциялылығының аздыығ;
-әртүрлі пайдалану шарттарында жұмыс істеуі және монтаждауының ыңғайлылығы.
Датчиктердің негізгі сипаттамалары
Датчиктердің динамикалық, статикалық және эксплуатациялық сипаттамалары ажыратылады. Датчиктің негізгі көрсеткіші, оның статикалық дәлдігін сипаттаитын сезімталдылығы болып табылады. Датчиктің сезімталдылығы оның статикалық сипаттамасының түріне тәуелді болады, яғни шығыс шамасының кіріс шамасына тіуелділігі аналитикалық немесе графикалық бейнеленуіне тәуелді. Датчиктің динамикалық сипаттамасы - шығыс сигналының кіріс сигналына уакыт аралығындағы тәуелділігі, әсіресе ол тұрақсыз жағдайды өлшеу кезінде болады. Датчиктің инерциялылығы - динамикалық тұрақты Т және кешігу уақытын т(тау) қарастыратын маңызды динамикалық сипаттама болып табылады. Датчиктер динатмикалық сипаттамасы бойынша жылулықтехникалық процесстерде апериодты және тербелмелі үзбеге(1-ші және одан жоғары ретті) жатады. Датчиктердің маңызды эксплуатациялық сипаттамасына оның күрлделі еместігі, сенімділігі, бағасының қолжетімді қымбат еместігі және ыңғайлы құрылымы, обьектімен немесе ортамен нақты байланысы, обьектке кері әсерінің болмауы жатады. Эксплуатацияның норма шартында діріл, электр және магнит өрісі жоқ кезде коршаған орта температурасы (20+5) °С, атмосфералық қысым (760+20) мм сын бағаны, ылғалдылық (60+20) % деп қабылданған.
Датчиктердің сипаттамалары. Датчик физикалық шаманы жылдам әрі нақты анықтап беруі тиіс. Ал датчикті сенімділік пен қызмет ету ыңғайлылығына қарай таңдалғанымен, оның нақтылығы және нәтиженің тексерімділігі негізгі факторлары болып қалмақ. Басқарушы компьютердің негізгі жұмысы ақпарат болады, сондықтан да нақты және сенімді өлшеу - бұл басқару сапасы үшін ең қажетті шарт болып табылады.
Датчиктердің техникалық жазбасында келтірілген негізгі сипаттамасының басым бөлігі - бұл статикалық параметрлер. Бұл параметрлер датчиктің өте қарқынды жылдамдықпен өзгеретін сигналды жылдам әрі нақты өлшейтінін көрсетпейді. Өлшенетін кіріс әсерлері жағдайында датчиктердің жұмысын көрсететін қасиеттерін - динамикалық қасиеттері деп атайды. Олар басқару жүйесінің жұмысына тікелей әсер етеді. Әмбебап датчиктер физикалық шаманың өзгерісіне бірден жылдам әсер етеді. Тәжірибеде кез келген датчиктер үшін жаңа шығыс сигналын өңдеу үшін біршама уақыт қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz