Түс датчиктері

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

(білім беру ұйымының атауы)

Сабақ жоспары №__ 13_

Сабақ тақырыбы
Датчиктер
Сабақ тақырыбы: Модуль /пән атауы
Датчиктер:

Өндірісті автоматтандыру

«Өндірісті автоматтандыру және техникалық прогресс»

Сабақ тақырыбы: Дайындаған педагог
Датчиктер: Турсынова Дина Талгатовна
Сабақ тақырыбы: Күні, айы, жылы
Датчиктер: 24. 09. 2021 жыл
Сабақ тақырыбы: 1. Жалпы мәліметтер
Датчиктер:
Сабақ тақырыбы: Курс
Датчиктер: 4
Сабақ тақырыбы: Оқу жылы
Датчиктер: 2021-2022 жыл
Сабақ тақырыбы: Топ
Датчиктер: 2АиУ-20-1
Сабақ тақырыбы: Сабақ типі
Датчиктер: Жалпылау және жүйелеу сабағы
Сабақ тақырыбы: 2. Мақсаты, міндеттер
Датчиктер:

Оқу: Датчиктер туралы түсінік беру.

Дамытушылық : Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой -өрісін дамыту;

Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.

Сабақ тақырыбы: 2. 1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
Датчиктер:

Білімдер:

-олардың қолдану саласынан автоматтық жүйелерді құру және өзгерту үшін жобалар жоспарлау.

-жобалық мақсаттарды анықтау, ақпарат алу, міндеттерді орындау кезеңдерін құрылымдау және оларды іске асыру затына талдау.

Сабақ тақырыбы: 3. Сабақты жабдықтау
Датчиктер:
Сабақ тақырыбы: 3. 1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Датчиктер: 1. И. В. Брейдо Әлемдік индустриядағы автоматтандыру жүйесін жамытру перспективалары
Сабақ тақырыбы: 3. 2 Техникалық құралдар, материалдар
Датчиктер: ДК, СБР(слайд), Интерактивті тақта, бейнематериал
Кезеңдері
Уақыты
Мазмұны
Кезеңдері: 4. Сабақтың барысы
Уақыты:
Мазмұны:
Кезеңдері: 4. 1. Ұйымдастыру кезеңі
Уақыты: 3 мин
Мазмұны: Білімгерлермен сәлемдесу, түгендеу, жұмыс орнын ретке келтіру, назарларын сабаққа аудару.
Кезеңдері: 4. 2. Үй жұмысын жан-жақты тексеру
Уақыты: 15 мин
Мазмұны:

1. Миға шабуыл әдісі;

2. Тақтаға шығару арқылы жеке сұхбат; (Барлық білім алушылардың дұрыстығы мен түсінуін тексереді. Тексере отырып қатекліктерін түзетеді) .

Кезеңдері: 4. 3. Жаңа білімді баяндау
Уақыты: 49 мин
Мазмұны:

Датчик-өлшеу параметрлерін қабылдайтын және сигналды келесі қолданушыға беру мақсатында өңдейді және сәйкесінше тіркейтін құрылғы. Датчиктердің түрлері өте көп және бірнеше белгілері бойынша классификацияланады. Жалпы датчиктер үш кластарға бөлінеді

- аналогты датчиктер, яғни аналогты сигнал тудыратын датчиктер;

- сандық датчиктер, екілік сөздер немесе импульстердің тізбегін басқарады;

- бинарлық (екіліке) датчиктер, бұлар екі деңгейдің ғана сигналын тудырады: «қосылулы/өшірілген» (0 немесе 1) .

Кезеңдері: 4. 4. Жаңа материалды бекіту
Уақыты: 15 мин
Мазмұны:
  1. Датчиктер және оларға қойылатын негізгі талаптар
  2. Датчиктердің негізгі сипаттамалары
  3. Датчиктердің динамикалық сипаттамалары.
Кезеңдері: 5. Сабақ бойынша рефлексия
Уақыты: 3 мин
Мазмұны: https://fsd.multiurok.ru/html/2018/03/27/s_5aba966a91d69/871464_5.jpeg
Кезеңдері: 6. Бағалау
Уақыты: 3 мин
Мазмұны: Сабақ бойынша қорытынды жасап, бағалайды.
Кезеңдері: 7. Үй тапсырмасы
Уақыты: 2 мин
Мазмұны: Тақырыпты оқып, түсінік айту.

ДАТЧИКТЕР ДЕГЕНІМІЗ - әр түрлі ақпаратты ( температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал. Датчиктер электронды және механикалық болып бөлінеді. Датчиктер құрамына сезгіш және түрлендіргіш элементтері кіреді.

Электронды датчиктер - сыртқы әсердің салдарынан өздерінің электрлік параметрлерін кедергісін, сиымдылығын, индуктивтілігін өзгертіп тізбектегі тоқ пен кернеудің шамасына әсер етеді. Сондықтан олар өлшенетін электрлік емес сигналдарды электрлік сигналға түрлендіреді. Пайда болған электрлік шамаларды күшейтуге, тіркеуге қолдануға болады. Сондықтан датчиктерді түрленгіштер деп те атайды.

Механикалық датчиктер - медицинада жүрек қаңтамырлар жүйесінің қызметін зерттеудің әр түрлі әдістерінде қолданылады. Мысалы, электірлі манометрмен жүрек қуыстарындағы қан қысымы анықталады, электросфигмография мен электрофлебография арқылы артерия және көктамыр пульстерін қисығы алынады. Барлық датчиктер генераторлық және параметрлік болып бөлінеді.

Генераторлық - өлшенетін сигналдардың әсерінен тікелей кернеу немесе тоқ өндіретін генерациялайтын датчиктер. Мысалы:

  1. Пьезоэлектрлік
  2. Термоэлектрлік
  3. Индукциялық
  4. Фотоэлектрлік

Параметрлік - өлшенетін сигналдардың әсерінен белгілі бір параметр шамасы өзгеретін датчиктер. Мысалы:

  1. Сыйымдылық
  2. Реостаттық
  3. Индуктивтік

Датчиктер қызметіне қарай түрлерге бөлінеді.

  1. Жанасу
  2. Ультрадыбысты
  3. Гироскопиялық
  4. Түс датчиктері.

Жанасу датчигі - қозғалу ерекшелігін ажырата алады.

Негізгі қызметтері: датчик басуды, басудың жоқтығын, басудың саның анықтайды; әрекеттің үш режимін ажырата алады. Жанасу датчигі алдыңғы батырмасының басылғаның немесе басылмағанды анықтайтын, бір немесе бірнеше басылғанды есептейтін өте дәл аспап болып табылады. бұл құрал арқылы оқушылар лабиринт тәрізді тапсырмаларды орындай алады. Жанасу датчигі күнделікті өмірде жиі қолданады.

Мысалы, компьютер перне тақтасында, электронды пианиналарда.

Техникалық спецификациялары мен ерекшеліктері:

Кіріктірілген алдыңғы батырма;

EV3 бағдарламасымен автоматты түрде анықталуы.

Ультрадыбыстар - керсінше физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады.

Негізгі қызметтері:

Қашықтықты өлшейді, нысандарды анықтайды.

Ультрадыбыстық датчик дыбыс толқындарын жіберіп, қайтып келген сигналдарды оқиды және нысандарды тауып, оларға дейінгі қашықтықты есептейді.

Сондай ақ, ол эхолокатор ретінде жұмыс істейді және де дыбыс толқындарын күтіп, тапқан жағдайда бағдарламаны іске қоса алады. Мысалы, оқушылар жол қозғалысының мониторинг жүйесін жобалай алады және көліктердің арасындағы қашықтықты өлшей алады.

Ультрадыбысты датчик күнделікті өмірде технологиялардың қолдану принцептерін түсінуге мүмкіндік береді, мысалы, ол автоматты ашылатын есіктерде, автокөліктерде және өңдірістік жүйелерде кеңінен қолданады.

Датчик көздерінің айналасындағы қызыл түсті жыпылықтамайтын жарық, оның ӨЛШЕУ режимінде тұрғанын айтады. Егер де датчиктегі қызыл жарық жыпылықтап тұрса, ол оның ҚАТЫСУ режимінде тұрғаның хабарлайды. Бұл режимінде ол жақын жерде тұрған басқа ультрадыбысты датчиктерді анықтай алады. Сонымен қатар бұл кезде датчик дыбысы толқындарын анықтайды, бірақ өзі оларды жібермейді 1- ден бастап 250 см -ге дейін ауқымды қашықтықты өлшеу;

Өлшеу дәлдігі + / - 1 см дейін;

Қызыл түсті жарық сигналды беру кезінде үнемі жанып және эфирді тыңдау барысында жылтылдап тұрады;

Егер ультрадыбыстық сигнал анықталса, датчик «Ақиқат» логикалық мағынасын қайтарады.

Гироскопиялық - Бұрыштық ауытқуды анықтау. Иілу бұрыштарын. Градус, сикунт бойынша айналым жылдамдығын өлшейді. Гироскопиялық датчик роботтың айналу қозғалысын және оның бағытындағы өзгерістерді өлшейді. бұрыштарды өлшей алады, теңгеруші роботтарды жасап, көптеген шынайы құрылғыларда, мысалы ; Segway самокатында қолданылатын технологияларды зерттей алады.

Түс датчигі - заттарды түс бойынша бөлетін роботтарды құрастырып, әртүрлі түстердің жарықпен шағылысуымен тәжірибелер жасай алады.

Осының барлығы қалдықтарды қайта өндеуде, қаптамаларды өңдіруде және ауыл шаруашылығында қолданылатын технологияға терең түсінік береді.

Негізгі қызметтері: түстерді анықтайды; Жарықтылықты, шашыраңқы және шағылысқан жарықты өлшейді.

Техникалық спецификациялары мен ерекшеліктері:

Қараңғыдан бастап өте жарық күн жарығына дейінгі шағылысқан қызыл жарық пен айналадағы жарықты өлшейді;

Сегіз түске дейін анықтай алады. Ол ақ пен қара, көк, жасыл, сары, қызыл, қоңыр түстерін айыра алады.

Датчиктердің қолданылуы

Параметрлік датчиктер

1) Механикалық әсердің немесе орын ауыстырудың нәтижесінде электрлік параметрлері өзгеретін датчиктер параметрлік д еп аталады. Немесе өлшенетін сигналдың әсерінен өзінің қандайда бір электрлік параметрін өзгертеді ( кедергі, сыйымдылық,

индуктивтік, R, L немесе C) . Осындай датчиктерге жеке ток көзі қажет. Параметрлік датчиктерге жатады:

2) кедергі (омдық ) - резистивті датчиктер;

3) сыйымдылық- сыйымдылық датчиктер;

4) индуктивтік- индуктивтікдатчиктер

Кедергі (резистивті) датчиктер тыныс алу жиілігін және көлемін анықтауға арналған. Осындай датчиктер жіңішке сымнан не заттан баған түрінде жасалады, олардың кедергісі созылу мен сығылу кезінде қатты өзгереді. Сымның не бағанның ұштары датчиктің табаны- мен және қозғалғыш элементімен жалғанады. Резистивті датчиктермен қысым өлшенеді.

Датчиктің кедергісінің артуы тізбектегі электр тогының шамасын азайтады. Тыныс алу көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым кедергі де үлкен болады, ендеше ток соған сәйкес кемиді және керісінше. Тізбектегі токтың амплитудасы, оның өзгеру жиілігі тыныс алу жиілігін сипаттайды.

Сыйымдылық датчиктерде конденсатор пластиналарының өзара ығысуы кезінде өлшеуіш тізбекке қосылған конденсатордың сыйымдылық кедергісі өзгереді.

Индуктивтік датчиктер тұйықталмаған өзекшесі бар катушкадан

(электромагниттен) және өзекшені тұйықтайтын қозғалатын якорьден тұрады. Якорьдің қозғалысы кезінде катушканың индуктивтік кедергісі өзгереді. Катушка айнымалы токпен қоректенетін өлшеуіш тізбегіне (көпір) қосылады. Оларға трансформаторлы счетчик, қысым счетчигі жатады.

Түрлендіретін шамаларына байланысты датчиктер тағы да бөлінеді: механикалық, дыбыстық, температуралық, оптикалық және т. б. Механикалық датчиктер медицинада жүрек- қантамырлар жүейсінің қызметін зерттеудің әртүрлі әдістерінде қолданылады. Мысалы, электрлік манометрмен жүрек қуыстарындағы қан қысымы анықталады, электросфигмография мен электрофлебография арқылы артерия және көктамыр пульстерінің қисығы алынады.

Кейбір датчиктер өлшенетін шаманың атымен аталады; мысалы, қысым датчигі, тензометрлік датчик (тензодатчик) - орын аустыруды не деформацияны өлшеуге арналған т. с. с.


Ұқсас жұмыстар
ТЫНЫС АЛУ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ ӨКПЕНІҢ ТІРШІЛІК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ
Топтық ашылған чатқа кіру
Жүректің электрлік белсенділігі
Мобильді интернет және мобильді қосымшалардың тарихы
Судағы шам
Түстердің сипаттамасы және қолданылуы.Photoshop курсындағы растр суреттер
Алғашқы гүлдер
Бояулар сыры. түстердің түс шеңберінде орналысыуы
Қызыл сары
Жасыл түс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz