Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
ЦБР топтамалары
2-лекция
Лекция тақырыбы: Цифрлық білім ресурстары және ЦБР топтамалары
Лекция жоспары:
1. Кіріспе
2. <<Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды дайындау стандарты>> құжатының қысқаша сипаттамасы
3. Электорндық оқытудың компоненттері мен ЦБР түрлері
4. ЦБР топтамалары
5. Оқу үдерісінде цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалану
1.Кіріспе
2011 жылдан бастап Қазақстан Ресупбликасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Білім берудегі инновация болып саналатын электронды оқыту жүйесіне бағдарламада айырықша мән берілген. Бұл мәселенің дайындық жұмыстары ертерек басталған. Мәселен, 2007 жылдан бастап Он-лайн сабақтарын өткізуге арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етулері бар білім порталы (www.sabak.kz) жұмыс істейді. 2007-2010 жылдары апта сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша 300 ден астам сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. 2010 жылдың наурызында <<Білімдегі инновация>> атты халықаралық форум өткізілді. Форумның мақсаты - білімдегі ақпараттық технологияларға байланысты кең сұрақтарды талқылау, озат IT компаниялардың жаңа жабдықтарын көрсету.
Қазақстандық білім беру порталында алғашқы рет <<Үздік сандық ресурс>> атты қашықтықтан конкурс өткізілді. Үздік электрондық ресурстар электрондық дауыс беру үшін қазақстандық білім беру порталында www.portal.edu.kz орналастырылды. Ақпараттандыруды әрі қарай жалғастыру мақсатында <<Е-learning>> жобасын 2 кезеңде жүзеге асыру қарастырылған. Біріншісі - 2011-2015 жылдары, екіншісі - 2016-2020 жылдары. Жоба мектептерді цифрлық білім беру ресурстарымен, жылдамдығы 4-10 Мбит/с болатын кеңжолақты интернетпен, оқу процесін және статистиканы толық автоматтандырумен (электрондық журнал, кітапхана, сабақ кестесі, күнделік, ата-аналарға sms арқылы хабарлау) қамтамасыз етеді. Сөйтіп, мұғалімдер мен оқушылар ең үздік білім беру ресурсы мен оқыту технологияларына қол жеткізеді.
Қазақстандық электронды оқыту жүйесі үшін цифрлық білім беру контентін жабдықтаумен 2012 жылы Халықаралық Консорциум мүшелері айналысты. Халықаралық Консорциум 2012 жылдың 16 наурызында Астана қаласында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың тапсырмасымен құрылған болатын.
Консорциумға ерікті түрде заңды тұлға ретінде 13 компания бірікті. Консорциумға 6 шетелдік компания және арнайы осы салаға мамандандырылған 3 комапания, сондай-ақ Қазақстанның 4 білім мекемелері кірді:
1. <> Компаниясы (Румыния);
2. Young Digital Planet (Польша);
3. Whizz Education Limited (Ұлыбритания);
4. <<Электронды оқытуды дамыту>> Қоғамдық қоры (Швеция);
5. Интел UК лимитед корпорациясының ҚР-дағы өкілдігі (АҚШ );
6. <<ЗДримтим>> ЖШБ VIZERRA брендімен (Ресей);
7. Л.А.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті;
8. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ <<Математика және механика ғылыми-зерттеу институты>>;
9. Абылай хан атындағы ҚазқХҚжӘТУ;
10. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
11. <> ЖШС , Қазақстан;
12. <<Өрлеу>> Біліктілікті көтеру орталығы>> АҚ,
13. <<Ұлттық ақпараттандыру орталығы>> АҚ.
Консорциумның мақсаты - Қазақстанда электронды оқытудың 2020 жылға дейін белгіленген Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасына және 5-ші Халықаралық Білімді ақпараттандыру форумының резолюциясына сәйкес сапалы болуын қамтамасыз ету. Компаниялар ІТ технология саласында қызықты идеялар ұсынса, консорциум қай жобаны жүзеге асыру керектігін анықтайды.
Сонымен, цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) - электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі. Олар - оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу матриалдары. ЦБР, оқылатын пәндердің әр тақырыбындағы жаңа материалдарды мультимедиялық көріністермен түсіндіріп, интербелсенді тапсырмалар мен тестер арқылы бекітеді. Оны пайдалану оқушының әр тақырыпты есте сақтап, оны терең түсінуіне мүмкіндік береді. ЦБР мен білім беруге арналған электрондық басылымдар ұғымдары бір-бірімен мағыналас. Әдебиеттерге шолу жасағанда осыны ескерген жөн.
2.<<Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды дайындау стандарты>> құжатының қысқаша сипаттамасы
2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады.
Осы стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары - бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.
Стандарттағы жалпы талаптар:
oo Қазақстандық білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға сәйкестігі;
oo Оқыту процесінің заңдылықтары мен қағидаларын есепке алу;
oo Пән саласы білімдеріндегі педагогика ғылымының жетістіктерін есепке алу;
oo ЦБР-дың мазмұны ұлттық дәстүрлер ескеріліп дайындалынады.
Цифрлық білім ресурстарға қойылатын жалпы педагогикалық талаптар.
Ғылымилық қағида бойынша:
oo оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы;
oo пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі;
oo оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс.
Түсініктілік қағидасы
oo оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну.
oo оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.
Көрнекілік қағидасы бойынша:
oo Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру;
oo Оқу материалын барынша көрінерлік ету.
Жүйелілік қағидасы бойынша:
ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік.
Саналылық қағидасы мен интерактивтік бойынша:
oo пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы.
oo оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру.
oo оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру.
oo шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.
Теорияның практикамен байланыс қағидасы бойынша:
oo Оқу материалының практикалық бағдарланғыштығы.
oo ЦБР-дың қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы.
Аталған педагогикалық талаптардан басқа Интерфейстің бір түрлілігі, яғни жазбалар, анықтамалар жүйесі, ЦБР әр түрлі құрамдас бөліктерін айқын ажыратуды қамтамасыз ететін бір типті таңбашаларды (икондарды) және басқа арнайы символдарды пайдалану, пайдаланылатын түстердің тұрақтылығы, фонға қатысы бойынша кескін қанықтылығының ұтымдылығы; орнықты көру бірлестігіне түстердің сәйкестігі, бір экранда толқын ұзындықтары әр түрлі төрттен артық түстерді пайдаланудың мүмкін еместігі және т.б. дизайн-эргономикалық талаптар да қарастырылады. Сондай-ақ, стандартта ЦБР-ға қойылатын техникалық талаптар, декларация құрылымы мен ресурстың сипаттамасы және де ресурстардың рұқсат етілген форматтары да берілген.
3. Электорндық оқытудың компоненттері мен ЦБР-дың түрлері
Электронды оқытудың құлшыныстық-мақсаттық, мағыналық, операциялық іс-әрекеттік және бағалау-нәтижелік компоненттері бойынша ЦБР түрлерін ажыратуға болады.
Кесте 1 - Электорндық оқытудың компоненттері
ЭО компоненті
ЦБР бағыты
ЦБР түрлері
құлшыныстық-мақсаттық
оқушылардың оқыту мақсаттарын жете түсінуі мен рефлекциясына және оқып білетін материалға немесе сабақ тақырыбына олардың қызушылығын қалыптастыру
мультимедиалық дыбысталған таныстырылым; ойындық дыбысталған таныстырылым; анимацияланған дыбысталған логикалық құрылымдық схема; интерактивтік тапсырмалар; автоматтандырылған сауалнамалар; ойын тестілері.
мағыналық
жаңа материалды түсіндіру, оқыту мазмұнын жүзеге асыру
жаңа материалдың мультимедиалық түсініктемесі; оқулық бейнефильм; ойындық дыбысталған таныстырылым; мультимедиалық дыбысталған таныстырылым; анимацияланған дыбысталған логикалық құрылымдық схема; мұрағаттық құжаттар; фотожинақтар; анимацияланған карталар; статикалық карталар; дыбыс жазбалары, дыбысталған мәтіндер; есептерді шешу мен түрлерін талдаудың анимацияланған үлгілері.
операциялық іс-әрекеттік
білімдерді бекіту, пән саласындағы білімдер, біліктер мен машықтарды қалыптастырудағы оқушылардың практикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыру
виртуальдық зертханалық жұмыстар; интерактивтік тапсырмалар; электрондық есеп кітаптары; электрондық практикумдар; интерактивтік модельдеу; электрондық сөздік; интерактивтік ойындар; электрондық құрастырушылар; компьютерлік өлшеуіштер; анимацияланған интерактивтік карталар
бағалау-нәтижелік
оқушылар олардың көмегімен өздерінің оқу жетістіктерін тексере алатын тестілеуші бағдарламалар.
сабақтардың тақырыбы бойынша, тоқсандық қорытынды бойынша, жылдық қорытынды бойынша, ҰБТ-ға дайындық бойынша тестілейтін бағдарламалар; психологиялық сараптамалық тестілер; интеллектіні, оқу құлшынысын зерттеу тестілері; шығармашылық ойлауды, теориялық ойлауды зерттеу тестілері.
Мұндағы ЦБР-ға қойылатын жалпы талаптар:
* Министрліктің бекіткен нормативті құжаттарына, қолданыстағы бағдарламаларға және оқулықтың мазмұнына сәйкес болуы тиіс;
* Оқытудың заманауи формаларына бейімделген болуы, оқытудың жоғары интерактивтілігі мен мультимедиялылығын қамтамасыз етуі керек;
* Оқытудың деңгейлік және даралық формаларының мүмкіндігін қамтамасыз етуі және оқушылардың жас және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеруі қажет;
* Оқушыны берілген пәннің аясында алған білімі мен білігі негізінде өмірлік проблемаларды шешу тәжірибесін алуға бағыттайтын оқу іс-әрекетінің түрлерін ұсынуы тиіс;
* Өз бетінше және топпен жұмыс істеуді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс;
* Модульдік құрылымды жобалайтын оқу жоспарларының нұсқаларын қамтуы тиіс;
* Ақиқат материалдарға негізделуі тиіс;
* Оқулықтың тақырыптық бөлімдерін кеңейтпестен оның өзінің көлемін арттыруы қажет;
* Ұсынылған техникалық платформада толық орындалуы тиіс;
* Басқа программаларды параллель қолдану мүмкіндігі болуы қажет;
* Әдістемелік тұрғыдан мақсатты болған жағдайда өзінше баптауды және жұмыстың аралық нәтижелерін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс;
* Қажет болған жерде кіріктірілген контексті көмектің болуы тиіс;
* Интерфейсі ыңғайлы болуы тиіс.
4. ЦБР топтамалары
Оқу үдерісінде ЦБР тиімді пайдалану үшін, алдымен ЦБР топтамасымен танысып, ондағы қажетті ресурсты таңдай білген жөн. Біздің елімізде ең ауқымды ЦБР топтамасы Ақпараттандырудың Ұлттық орталығының www.nci.kz сайтында және www.bilimland.kz орналасқан.
ЦБР топтамасы қарастыратын негізгі мәселелер - мұғалімге сабақты даярлау барысында көмектесу; сабақ барысындағы көмек; оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу.
Мұғалімге сабаққа даярлық барысында көмектесу:
oo жекеленген сандық объектілерден сабақты құрастыру және моделдеу;
oo пән туралы білімді тереңдетуге арналған қосымша және анықтамалық кең көлемді ақпараттың болуы;
oo ЦБР топтамасында ақпаратты тиімді іздестіру;
oo бақылау және өзіндік жұмыстарды даярлау;
oo шығармашылық тапсырмаларды даярлау;
oo цифрлық объектілермен байланысты сабақ жоспарларын даярлау;
oo Интернет арқылы басқа мұғалімдер қызметтерінің нәтижелерімен алмасу.
Сабақ барысындағы көмек:
oo мультмедиялық проектор арқылы даярланған цифрлық объектілерді демонстрациялау;
oo лабораториялық жұмыстарда виртуальды лабораториялар мен интерактивті моделдерді қолдану;
oo оқушыларды компьютерлік тестілеу және білімдерін бағалауға көмектесу;
oo сабақта оқушылардың ЦБР-мен жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары;
Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу:
oo материалды жаңаша көрсету арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
oo оқушылардың өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта өзін-өзі автоматты бақылауы;
oo Баяндамалар, презентациялар, рефератттар және тағы сол сияқтыларды даярлауға үшін қажетті объектілердің үлкен қоры;
oo Энциклопедиялық сипаттағы қосымша ақпараттарды тез арада алу мүмкіндігі;
oo Пәндік виртуалды ортада оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
oo Оқушының пәнді оқуын өзіне ыңғайлы темпте және материалды игеруді өзінің жеке қабылдау ерекшелігіне байланысты таңдалған деңгейде ұйымдастыруына көмектесу;
oo Оқушыларды заманауи ақпараттық технологияларға үйрету, АТ меңгерудегі талпыныстарын және олармен үнемі жұмыс істеуді қалыптастыру.
ЦБР топтамасының мазмұны:
Ақпаратты алу блогы: ғылыми-танымал мақалалар, қайнар көздерінің мәтіндері, оқулықтардың үзінділері, иллюстрациялар, анимациялар, басқа да мультимедия компоненттері, мультимедиялық сабақ-презентациялары.
Виртуальды галерея: бейнеүзінділер, анимациялар, нақты және синтездік бейнелер. Дыбыстық объектілер.
Виртуальды лаборатория: интербелсенді модельдер, интербелсенді анимациялар, виртуальды лаборатория.
Анықтамалық материалдар: графиктер мен диаграммалар, ғалымдардың өмірбаяндары, түйіндемелері бар Интернет-сілтемелер.
Терминдер, анықтамалар және заңдардың сөздігі.
Аттестация: сұрақтар мен есептердің жиынтығы, зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар.
ЦБР жиынтығында шартты түрде мынадай блоктарды атап көрсетуге болады: итербелсенді компоненттер; демонстрациялық графика; мәтіндер; мұғалімге арналған материалдар.
Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері:
Біріншіден, ЦБР-ды пайдаланудың ең танымал түрі, ол - электрондық құралды жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.
Екіншіден, оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған ЦБР-дағы үлкен мүмкіндіктерді пайдалану әдісін атауға болады. Мұндай әрекет үй тапсырмасын, сынақ және т.б. даярлауда орындалуы мүмкін. АКПО құрамына кіретін ЦБР материалдарына жобалау қызметінде де сұраныс бар. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары: анимация, бейне, дыбыстық сүйемелдеу, интерактивті компоненттер, суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және қарапайым мәтіндер де пайдалы болуы мүмкін. Осы әдіс мұғалімге пәнаралық байланысты тиімді орнатуға, ал оқушыға өзін қандайда бір нақты білім саласында зерттеуші ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Бұл, әрине, олардың пәнді оқуға қызығушылығын арттырады.
Үшіншіден, ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастыруға қолдану әдісін атауға болады. Мұндағы бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі жайлы.
Төртіншіден, мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бұл сақталған ресурстардың қорын жасап, оларды бір жүйеге келтіріп, оқушыға да, мұғалімге де тақырып бойынша қажетті ресурсты жылдам іздестіруге көмектеседі. Сөйтіп, білім беру мекемесінде қарастырылатын проблема бойынша сақтаулы тұрған ЦБР, қағазда тасымалданатын ресурстар және Internet желісіндегі сайттарға сілтемелер жайлы берілгендер банкі де құрылуы мүмкін.
Бесіншіден, ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде және көптеген курстарда қарастырылатын әртүрлі топтық іс-әрекеттерде қолдану әдісін атауға болады. Бұл жерде, негізінен, лабораториялық жұмысты жүргізудің имитаторы болып табылатын интерактивті ЦБР жайлы сөз болады. Мұндай ЦБР-ді қолданудың бірқатар кемшіліктері бар екені сөзсіз. Себебі, тәжірибе детальды көрсетілгенімен, оқушы материалды, өлшеу және басқа да құралдарды қолымен ұстай алмайды, нәтиже де виртуальды болады. Бірақ та мұндай ЦБР - дың артықшылығы да бар, оларды қолдану өте үлкен және қымбат тұратын құрылғылардан тұратын оқу кластары мен лабораторияларды алмастыруға мүмкіндік береді.
Алтыншыдан, жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады. Бұл жағдайда объектінің, құбылыстың немесе үдерістің нақты жағдайға максимальды жақын моделі құрылып, оның жүрісі параметрлерді өзгерте отырып жан-жақты зерттеледі. Мысалы, информатикада бұрыннан қолданыста жүрген клавиатуралық тренажер, физикада құрастырылған электрлік схема, химияда қандайда бір химиялық затты алу моделі сияқты көптеген қауіпті не қымбат тәжірибелерді компьютерде орындап, оқу үдерісінің практикалық маңызын арттыруға болады.
Жетіншіден, оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ығайлы уақытта, өз темпінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. Бұл әдіс уақытша жұмысқа жарамсыз оқушылар үшін, үйде оқитын немесе жолсапарда жүрген балаларға өте тиімді.
Сонымен, заманауи педагогикалық технологияның ерекшеліктері - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, инновациялық білімді дамыту, жаңа өзгерістер енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріп, цифрлық білім ресурстарының дамуына әрбір педагог өз үлесін қосуды мақсат ету қажет.
5. Оқу үдерісінде цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалану
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бүкіләлемдік қоғамдастықтың төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, эконоимкалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанына тоқталды. Жаңа әлем көшбасшысыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенім білдіре келіп, Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет екендігін және оны іске асырудың 10 міндетін айқындап берді. Аталған міндеттердің жетінші міндетінде Рухани жаңғырудың мәні мен маңызы көрсетілді, ол - педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау арқылы еліміздегі университеттердің педагогикалық кафедралары мен факультеттерін дамыту, білім саласының барлық деңгейінде математика мен жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту. Демек, математиканы оқытуды мазмұндық және әдістемелік жағынан цифрлық білім беру жағдайында қайта қараудың маңызды мәселеге айналып отырғаны түсінікті.
Цифрлық технологиялар саласындағы соңғы елу жылдағы зерттеулер, оларды оқу процесінде пайдаланудың айтарлықтай күрделі және жан-жақты екендігін көрсетті. Цифрлық білім беру орталары оқытуды сүйемелдеу үшін пайдалынылатын технологияларға негізделген кез-келген әдістер жиынтығын қамтиды. Бүгінде жоғары деңгейлі құзіреттілікке, оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үшін студенттер тәжірибесін жақсартуға бағытталған арнайы цифрлық орталар да көптеп кездеседі. Осыған байланысты, қазіргі кезде болашақ математика мұғалімінің математикалық білімі сапалық өзгерістерді талап етуде. Олар білім саласындағы заманауи тенденцияларды - жоо-лардағы білімдік қызмет көрсету мен оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен жолдарын өзгертуді, әсіресе, интернет-технологиялар мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.
12-13 мамыр күні Алматыда Bilim Media Group компаниясының <<Білім берудің жаңартылған мазмұны. BilimLand ресурстарын тиімді қолдану арқылы оқытуды цифрландыру>> тақырыбында шеберлік сағаты өткен болатын. Сол жиынға қатысушылардың Bilimland.kz сайтындағы ресурстарды қолдану жайында айтылған ой-пікірлеріне тоқталайық.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылы мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сүйрібаев Бақытбай Пірәліұлы: <<Мектепте 1200-ге жуық оқушы бар. Әр сыныпта 20-25 оқушы оқиды. Еліміздегі көп білім ордаларында қажетті ресурстар жоқ. Балалар зертханалық құралдарды тіпті қолымен ұстап көре алмайды. Барлығыңыз мойындайтын шығарсыз: кітаптан оқығаннан гөрі, физика пәнінің видеосабақтарын қарау арқылы оның заңдылықтарын, теорияларын жеңіл түсінуге болады. Өзім сабақ беретін пәніме байланысты қажет, сапалы контентті Bilimland.kz сайтынан алып жүрмін. Оқушы бірден қабылдайды. Өтетін тақырыптарға байланысты оқушыларды топтарға бөліп тастағанды жөн көремін. Бірнеше топ болып, түрлі тапсырмаларды орындайды. Жоспарды да осы сайттан аламын>>.
Алматы облысы Қарасай ауданы 1 май орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Қымбат Маратқызы: <<Бұрын тәрбие сағаттарын өткізгенде барлығын ауызша айтатын едік. Көп болса, көрнекі құрал ретінде суреттерді қолданатынбыз. Ал қазір iMektep.kz қолданушысы ретінде түрлі тақырыптағы анимациялық видеосабақтарды пайдаланып жүрмін. Балалар қызығып тамашалайды. Мұндағы видеосабақтардың мазмұны да терең. Аз уақытқа ықшамдалып жасалған видеодан бала ненің дұрыс, ненің бұрыс екеніне көз жеткізеді. Олар мұндай сабақтардан шаршамайды, мультфильм тамашалағандай тапжылмай көреді. Цифрлық дәуірдің тумалары үшін мұндай цифрлық контент нағыз заманға сай материал екені сөзсіз>>.
СҚО, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жылқышиев Усайын Жолдасұлы: <<Біздің ауылда интернет желісі жоқ. Алайда құрылғылар осындай шалғай аудандардағы шағын жинақты мектептер үшін өте ыңғайлы. Өзім беретін тарих пәні бойынша балаларды алты ай BilimBook құрылғыларымен оқыттым. Нәтижесі жаман емес. 9-сынып бойынша менің пәнімнен бір оқушы жақсы оқушы санатына кірді. Ал үшке оқып жүрген оқушының бағасы төртке көтерілді. Құрылғыда жаттығу тапсырмалары өте көп. Бұл айтылған ақпараттың мида сақталып қалуына үлкен көмегін тигізеді>>.
Батыс Қазақстан облыстық білім беру ақпараттандыру орталығының бөлім басшысы Әліпбаева Саягүл Ғаділжанқызы: <<Үштілдік білім беруге көшу аясында Bilimland.kz өзіндік артықшылықтарымен ерекшеленеді. Барлық бейнематериалдар, интерактивті сабақтар оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жасалған. Әрі олардың хронометражы да өте қысқа. Бұл - баланы зеріктірмей, біліммен сусындатуға, сабаққа деген қызығушылығын оятуға таптырмайтын тәсіл>>.
Оңтүстік Қазақстан облыстық әдістемелік кабинетіне қарасты директордың инновациялық жұмыстары бойынша орынбасары Абай Зәкірұлы Тұрсынбаев: <<Жаңартылған бағдарламаға өтіп жатқан кезеңде BilimLand ресурстары, әсіресе, мұғалімдерге өте қажет. Бұл - оқушылардың да қосымша ізденулеріне таптырмайтын құрал. Бүгінгі шеберлік сағатынан байқағанымдай, оқушы алда өтетін тақырыптарды өзі оқып, білімін жетілдіре алады. Менің ойымша, портал оқушының сабаққа өз бетінше дайындалу дағдыларын бастауыш сыныптан-ақ қалыптастыруға көмектеседі>>.
Жаңа Ғасыр №175 гимназиясының мұғалімі Рахымжанов Сәбит Мұхитұлы: <<Осы порталды бір жыл бойы қолданып келемін. Порталдың материалдары өте сапалы, оқушының білімін шыңдауға көмектеседі. Жаңартылған білім бойынша жоспар жазу керек. Егер мұғалім BilimLand-ті ашса, қажет жоспардың бәрі тұр. Оны толық қолдануға болады. Бұл - мұғалімдерге үлкен көмек. Шеберлік сағатта iTest.kz сайтының артықшылықтарына көзім жетті. Шынымен, талапкерлер үшін нағыз қажет құрал екен>>.
Осы айтылған пікірлерден BilimLand ресурстары қолданудың тиімді екені байқалады. Алайда, оның бір кемшілігі қатысушылар арасында ақпараттық қарым-қатынас орнатуға және оның оқу материалдарына өзгерістер енгізуге мүмкіндік жоқ. Мұндай мүмкіндікті іске асыру үшін Цифрлық білім берудің басқа бір орталарына қажеттілік туындайтыны анық.
Цифрлық білім берудің соңғы жетістіктері оқушылар арасында, оқушылар мен ақпараттық-коммуникациялық құралдар арасында ақпараттық қарым-қатынастың принципиальді жаңа түрлері іске асырылатынын болжауға мүмкіндік береді. Ақпараттық қарым-қатынастың жаңа түрі ретінде, бағдарламалық-аппараттық құралдар мен жүйелердің, компьютерлік ақпараттық желілер мен байланыс каналдарының, білім саласындағы ұйымдастыру-әдістемелік элементтер мен белгілі бір пәндік сала жөніндегі қолданбалы ақпараттың жиынтығын қамтитын ақпараттық-коммуникациялық пәндік орта (АКПО) түсініледі.
АКПО цифрлық білім беру ортасы ретінде болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру процесінің тиімділігінің қажетті шарты болумен қатар, осы үдерісті басқаруға да айтарлықтай әсер етеді. Яғни, АКПО қалыптастыру процесін әрі реттеуші, әрі үдеріске қатысушы барлық объект-субъектілердің өзара қарым-қатынасын қалыптастырушы да болып табылады.
АКПО әзірлеу, яғни оны құрастыру және одан әрі пайдалану Moodle виртуалды жүйесі базасында жұмыс істеумен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйенің көпфункционалды құралдар жиынтығы қамтылған интуитивті түсінікті web-интерфейсі болуы, оны тегін пайдалануға болатындығы, оқушы мен оқытушы қарым-қатынасы үшін кең мүмкіндіктердің бар екендігі алдыңғы тақырыпта көрсетілген болатын.
Moodle виртуалды жүйесінде АКПО әзірлеу студент үшін оқытудағы өз құзыреттілігінің дәрежесін көруге және болашақ маман ретінде өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, студенттерді АКПО әзірлеуге тарту оқытушыға студенттердің жеке әзірлемелеріне де, жалпы топтың әзірлемелеріне де жүгінуге алып келеді. Бұл жағдайда білім беру процесінің субъектілері арасындағы ақпараттық өзара әрекеттесу құрылымын анықтау қажеттілігі бар.
Сондықтан да, Moodle виртуалды жүйесінің мүмкіндіктерін ескере отырып, мектеп математикасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық пәндік орта құруға, яғни ол ортаның курстарын анықтауға, олардың ресурстарын жобалауға және басқаруға қатысты келесі тұжырымдарды негізге аламыз:
1. Moodle виртуалды жүйесіндегі ақпараттық өзара әрекеттесу құрылымының негізгі буындары білім беру процесінің келесі субъектілері болып табылады: оқушы, болашақ мұғалім, ата-ана, оқытушы, әкімшілік.
2. Moodle виртуалды жүйесіндегі АКПО моделінде білім беру процесінің барлық белгілі бір субъектілерінің функционалдық өзара байланысын көрсету қажет, оның негізгі элементі мектеп математикасының мазмұндық-әдістемелік желілері бойынша құрастырылған курстар болып табылады. Оларды құрастыру кезінде қазіргі заманғы цифрлық технологиялар қолданылады.
3. Курс интерфейсі білім беру процесінің барлық субъектілерінің функционалдық байланысы негізінде әзірленеді.
Демек, білім беру процесінің әрбір субъектісінің рөлін және олардың өзара байланысын анықтай отырып, Moodle виртуалды жүйесіндегі субъектілердің ақпараттық өзара әрекеттесу құрылымын анықтауға болады (сурет 1).
Администратор
Оқушы
Оқушы
Болашақ мұғалім (Курс құрастырушы)
Ақпараттық-коммуникациялық піндік орта (курстар)
Оқытушы
Ата-ана (Қонақ)
Сурет 1- Ақпараттық өзара әрекеттесу құрылымы
Moodle виртуалды жүйесінің мүмкіндіктерін ескере отырып, АКПО курсының келесі элементтері анықталады:
- курстың негізгі ұғымдарына қысқаша түсініктеме берілген глоссарий;
- курстың иерархиялық құрылымы бар және таңдалған тақырып бойынша ақпаратты қолдануға мүмкіндік беретін теориялық бөлімі;
- таңдалған тақырып бойынша мысалдар;
- таңдалған тақырып бойынша өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар;
- таңдалған тақырып бойынша сандық білім беру ресурстары;
- таңдалған тақырып бойынша өзін-өзі бақылауға арналған тесттер;
- курс аяқталғаннан кейін өткізілетін курс бойынша тестілеу.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды дайындау стандарты (www.nci.kz)
2. АҚ <<Білім беруді ақпараттандырудың ұлттық орталығы>> (www.nci.kz)
3. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт (www.ripkso.kz)
4. Роберт И.В. Теория и методика информатизации образования (психолого-педагогический и технологический аспекты). 3-е изд., доп. -М.: ИИО РАО, 2010. -356с.
5. Савелова Е.В. Цифровые образовательные ресурсы в школе: методика использования. Обществознание. Сборник учебно-методических материалов для педагогических вузов. - М.: Университетская книг, 2008. -224с.

1. <

11. <

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz