Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Ойын технологиясы.

Тобы: 109-18.
Орындаған: Қожанова А.Ж.
Қабылдаған: МуратбековаУ.

Шымкент - 2021.

Ойын технологиясы - оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі.
Ойын технологиясы дегеніміз - педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория.
Ойын - қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады:
> Жеке технология ретінде
> Оқу пәнінің бөлімін, тақырыбын ұғып меңгеру үшін;
> Кең көлемді технология бөлігі ретінде
> Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы

дамытушылық - бітірушінің
барабар әлеуметтік өзін -
өзі бағалауын қалыптастыру
үшін жалпы адамзаттық
қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік - ойын барысында
дүниеге эмоциялық - құндылықтық
қарым - қатынасын
қалыптастыру;

оқытушылық - оқытудың
белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету, өтілген материалды
қорыту және бекіту;

Жеке тұлғаның шығармашылық
әлеуетін ойын түрлері арқылы
дамытудың негізгі мақсаттары

Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі - шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі. Ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарпайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Білім бағалаудың бұл әдісі оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруы, мектепте өткізілетін әр түрлі жұмыстардың атқарар рөлі зор.

Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы, ойын қойылымдары, рольдік позициялар, альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері, жобаланған нәтижелер, бағалау критерилері, сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың әртүрлі ыңғайы бар. Өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай, ойын процесінің мінезіне қарай, ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т.б. ойындар қолданылады.
Ойын технологиясын оқытудың сатылары
1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу;
2. Баяндалған дайын объектіні құрастыру; топтардағы ролдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу;
3. Топ жобаларын бағалау; ұсынылған жобаларды талқыға салу.
4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру; ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.
Мұғалімнің міндеті - ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
\Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
> Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
> Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
> Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
> Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
> Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
> Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
> Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
> Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Математика сабағында <<Сатушы>>, <<Бұлбұл мен тоқылдақ>>, <<Кітапханада>> т.б ойындарды ойнатуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойынның бір түрі ойын жаттығулар. Ол оқушылардың белгілі бір қабілетін жетілдіруге бағытталған. <<Сөзжұмбақ>>, <<Ребус>>, <<Ұйқасын тап>> ойындары арқылы балалардың білсем деген ұғымы артады. Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Сабақ үстінде ребустарды үнемі пайдаланып отырамын, сонымен бірге үйге ойдан ребустар, сөзжұмбақтар құрастырып келуді тапсырамын. Оқушының ізденушілік қабілетімен бірге белсенділігі артады. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдаланып отырамын. Сабақта жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады. Сондай ақ жатқа жазуда есте сақтау қабілетін дамытады. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.
<<Қимыл - қозғалыс>> ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын оқушының өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Мысалы: <<Кім керек?>>, Көңілді поезд>>, <<Мысық пен тышқан>>, <<Өз орныңды тап>>, математика сабағында көп пайдаланатын, әсіресе көбейту кестесін еске түсіру мақсатында қолданылатын ойынның түрі <<Қалт етпе қағып ал, жауабын тауып ал!>> бұл ойын балаларды тез ойлауға, көбейту кестесін жылдам жаттауға септігін тигізеді.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
Мектеп: "Қызылсеңгір" жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Қожанова А.Ж.
Күні: 01.04.2021 ж.

Сынып: 5
Қатысқандар: 19
Қатыспағандар: 3
Сабақтың тақырыбы
Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Бөлшектің алымын бөліміне қалдықпен бөле алады

Оқушылардың басым бөлігі: Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыра алады. Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыра алады;

Кейбір оқушылар: Мәтінді есептерді шешуде бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыруды қолданады
Бағалау критерийі
* Бұрыс бөлшектерді аралас сандарға айналдырады.
* Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазады.
Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер:
oo Бұрыс бөлшек;
oo Дұрыс бөлшек;
oo Аралас сандар;
oo Бөлшектің алымы;
oo Бөлшектің бөлімі;
oo Бұрыс жай бөлшектің бүтін бөлігін бөлу;
Диалог: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде көрсету үшін... керек;
- аралас санды бұрыс бөлшек түрінде көрсету үшін... керек;
Құндылықтарға
баулу

* өзі мен өзгелерді сыйлау, түрлі пікірлерді сыйлау;
* білім ала білу, өз бетінше ақпарат жинақтау, жағдаяттарды талдау, командада жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауапкершілік сезіну;
* Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
Пәнаралық
байланыс
Биология
Алдыңғы білім

Жай бөлшектің анықтамасын,оның алымы және бөлімі ұғымдарын біледі;
Жай бөлшектің жазылуында алымы мен бөлімін ажырата алады;
Дұрыс бөлшектер, Бұрыс бөлшектер, аралас сандар анықтамасын біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі (5мин)

Сыныпта психологиялық ахуал туғызу
Қане, қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық Тұрсақ үлкен шеңберге Алақанға ұрайық <<Еркелету>> жылуылық шеңбері (ата-аналарыңның өздері еркелеткен сөздерін айту)
Бөлшектің түрлері арқылы 3 топқа біріктіру (дұрыс, бұрыс, аралас)
Слайд 1
Бөлшектің түрлері сөздермен жазылған үлестірме қағаздар
Теориясы: <<БІЛУ>> (5мин)

Өткен материалды қайталау.
<<Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?>> әдісімен оқушылар сойлемге қарап, сұрақтарын құрастырады.
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер, аралас сандар.

Үй тапсырмасын талдау.
Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды.

Слайд 2

Слайд 3

Теориясы: <<ТҮСІНУ>> (10 мин)

Жаңа материалды түсіндіру.
Бес алманы тең етіп екі балаға бөліп берсе, олардың әрқайсысы қанша алмадан алады?

Себебі:
5:2= 5 = 2 1
2 2

1)Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады. Себебі?
Жауабы:
Бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін бөліп алу үшін алымын бөліміне бөлу керек. Сонда шыққан бөлінді - бүтін бөлік, қалдық-алымы бөлгіш бөлімі болады.

2)Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырады?
Жауабы:
* Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек;
* Шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым ету керек;
* Бөлшектің бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдыру керек;

5 алма, постер
Практикасы <<ҚОЛДАНУ>> (7мин)

Жұптық жұмыс.
Оқушыларды негізгі және жоғары деңгейлі қабілеттері бойынша жұптарға бөліңіз.
Мұғалім оқушыларға қиындық деңгейі бойынша дифференциацияланған тапсырмаларды орындауға ұсынады. Тексеру дайын жауаптар бойынша оқушылардың өздерімен орындалады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды, қажет жағдайда қолдау көрсетеді.

1- Деңгей <<Алғырлар>>
Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жаз;
<<Кім жылдам>> ойыны
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, тез жауап беруге дағдыландыру

Дескриптор: Білім алушы
- бөлшектің алымын бөліміне қалдықпен бөле алады;
- бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазады;
Дарытылатын құндылықтар: оқушылар бір-бірін сыйлауды, академиялық адалдықты дарытады.
2-деңгей <<Тапқырлар>>
Жазбаша формативті бағалау.
Оқушылар жазбаша жұмыс орындайды (негізгі және жоғарғы деңгей бойынша).
<<Ақ сүйек>> ойыны
Мақсаты: белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға, жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.
Мазмұны: белгісіз сандардың орнына <<Ақ сүйек>> тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса , сол табады. Дұрыс шығармаса, көрмей аттап кетеді.
Бос орындарды толықтырып жазыңдар:
1) 17= 3 ? ; 20= ? 6 ; 45 = 4 ? ; 60 = ? 5
5 5 7 7 10 10 11 11
Жауабы:
1) 17= 3 2; 20= 2 6 ; 45 = 4 5 ; 60 = 5 5
5 5 7 7 10 10 11 11
Дескриптор: Білім алушы
- бүтін бөлікті анықтайды;
- бөлшек бөлікті анықтайды.
Дарытылатын құндылықтар: мақсатқа жетудегі табандылық, еңбексүйгіштік.
3-деңгей <<Зерделілер>>
Құрғақ қарағайдың 1м3 көлеміндегі массасы 650 кг, дымқыл қарағайдікі 750 кг. дымқыл қарағайдың массасы құрғақ қарағайдың массасынан қанша есе артық?
Шешуі: 750:650=750650=1100650=1213
Дескриптор: Білім алушы
- мәтінді есептің шартын құра алады;
- Мәтінді есептерді шешуде бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыруды қолданады
Дарытылатын құндылықтар: мақсатқа жетудегі табандылық, еңбексүйгіштік.

Теориясы: <<ТАЛДАУ>>
Топтық жұмыс (8мин)

<<Аңшы мен үйрек>> ойыны.
Бұл ойында оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ - Аңшы, екінші топ - үйрек тобы. Ойынның шарты бойынша аңшы оқушылар бірінші есеп шығарып болса, үйректерді торларына түсіреді. Ал үйрек оқушылар тапсырманы бірінші орындаса тордан құтылып кетеді.

Хомның тамағы!
Хомның күнделікті тамақтану мөлшері бар. Хомның тамақтану мөлшері аралас сан түрінде берілген, осы аралас сандарды бояп көрсетіңдер.

Бағалау: Жұлдызшамен бағаланады. Ең көп жұлдызша жинаған топ <<Сынып жұлдыздары>> атанады

Теориясы:
<<ЖИНАҚТАУ>> Жеке жұмыс (5мин)

"Семантикалық карта" ойыны. Кестеде тігінен, көлденеңінен аралас сандар және бұрыс бөлшектер берілген. Осы сандарды аралас сандарды бұрыс бөлшекке немесе бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдырып алып сәйкестендіріп, сол сәйкестік клеткадағы әріптерді тізіп жазайық. Сонда тақырыбымызға қатысты сөзді оқисыңдар.

Ф
М
Б
У
Е
И

А
К
І
Ж
Э
Ө

Л
Ш
Г
Е
Т
Ю

Я
Д
У
Ш
Э
Ә

Р
Е
М
Н
Ы
А

О
Л
Т
Б
К
С

Нәтижесінде "Бөлшек" сөзі шығады.

Практикасы: <<БАҒА БЕРУ>> (5мин)

Жай бөлшектер

Оқу мақсаты

Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;
Ойлау дағдыларының деңгейлері
қолдану
Бағалау критерийлері
* Бұрыс бөлшектерді аралас сандарға айналдырады.
* Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазады.

Үйге тапсырма:
№1 тапсырма
Бөлшектерді аралас сан түрінде жазыңыз :

Дескриптор: Білім алушы
бұрыс бөлшектерді аралас сандарға айналдырады.
№2 тапсырма
Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазыңыз:

Дескриптор: Білім алушы
аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады

Ұқсас жұмыстар
Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдыру
Бұрыс бөлшек. Аралас сан
Жай бөлшектерді бөлу. 5 сынып
Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыруға есептер шығару
Жай бөлшекті жай бөлшекке
Бөлшекті орында
Бұрыс бөлшек
ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ
Аралас санды аралас санға бөлу
Натурал сандар
Пәндер