Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Сабақтың барысы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Сабақ жоспарын дайындау.

Тобы: 109-18.
Орындаған: Қожанова А.Ж.
Қабылдаған: Кадирбаева Р.И.

Шымкент - 2020
Сабақ жоспары.
Пәні: Алгебра.
Сынып: 6.
Күні: 15.10.2020.
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді білу, олар туралы ұғымды білу және есептерді шығару. Оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық: Теңдеу, алгебралық өрнек рационал сандарға амалдар ұғымын тереңдету. Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу барысында жылдам ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Оқушыларды бірін - бірі тыңдауға, әр пікірді құрметтеуге тәрбиелеу. Ұжымда, шағын топта жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың міндеттері: оқушылардың <<Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер>> тақырыбын оқып келген білімдерін шыңдау, алған білімдерін есептерде қолдана алуын үйрету.
Сабақтың түрі: тақырып бойынша білімді жүйелеу және пысықтау.
Сабақтың формасы: жеке, жұптық, топтық.
Алдын ала дайындалып келетін үй тапсырмасы:
Тапсырмалар
Интернеттегі сілтемелері
Moodle бағдарламасындағы <<алгебра>> бөлімінің <<сызықтық теңдеулер>> тарауының материалдарымен танысу, конспект жасау
http://moodle.okmpu.kz/mod/lesson/edit.php?id=295

Берілген мысалдарды талдау
http://moodle.okmpu.kz/mod/lesson/edit.php?id=299
Тест арқылы алған білімін тексеру
http://moodle.okmpu.kz/mod/quiz/attempt.php?attempt=7&cmid=302

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 минут)
а) Сәлемдесу
ә)Оқушылар тізімін тексеру.
Бүгінгі сабақта бізді сан алуан белестер мен асулар күтуде. Сабақты барынша қызықты етіп өткізу үшін топ топ болып бөлініп отырамыз. Олай болса бір-бірімізге сәттілік тілейік!
II. Ауызша жұмыс. (7 минут)
а) <<Өрмекші шырмауынан шығып көр>>.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау.
1.Жақша алдында <<+>> таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
2.Жақша алдына <<->> таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
3. a(b+c) көбейтіндісіндегі жақшаны қалай ашып жазу керек?
4. Ұқсас қосылғыштар дегеніміз не?

b)Сабаққа дайындалып келген жаңа тақырып бойынша пысықтау сұрақтары.
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деген не?
2. Мәндес теңдеу деген не?
3. Сызықтық теңдеудің екі негізгі қасиеті қайсы?
4. Сызықтық теңдеудің түрін алғаш көрсеткен ғалым кім?
5. Сызықтық теңдеуді зерттеген қазақ математигі кім?

III. <<Кім жылдам?!>> (Кестедегі жауаптардың тұсына сәйкес әріптерді қойыңдар. Жасырын сөзді оқыңдар) (5 минут)
Т. 5x- 4=2+3x, мұндағы х= 3;
У. 20+4х=3х+15, мұндағы х= -5;
Д. 18+3x=x+14 мұндағы х= -2;
Ң. 2y + 7,5 = 5y, мұндағы у= 2,5;
Е. 2х+5=3х-2, мұндағы х= 7.

*
*
*
*
*
*
3
7
2,5
-2
7
-5
- Оқушылар, қалай ойлайсыңдар не үшін мен <<теңдеу>> сөзін жасырдым?
- ..........
- Ия, оқушылар дұрыс айтасыздар! Бүгінгі талдайтын тақырыбымызға тікелей байланысты.

IV. Сергіту сәті. (7 минут)
a) <<Өзіндік мысал>> ойыны
Оқушыларға жұптық тапсырма беріледі. Оқушылар құрамында сандары бар мақал-мәтелдерден бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құрастырып, теңдеуді шешу керек.
Мысалы, екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
Теңдеу: 2х+4=2
2х=2-4
2х=-2
х=-1.
b) Оқушыларға ойлау жүйесін, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында логикалық тапсырмалар.
1. Менің екі ағам бар, олардың әрқайсының екі ағалары бар, ол ағалардың да әрқайсында екі ағадан бар. Бірақ бірінде де қарындас жоқ. Отбасында неше бала бар? Жауабы: 3 ұл
2. 1-ден 100-ге дейінгі сандарда 7 саны неше рет кездеседі? Жауабы: 19 рет.
3. Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап. Жауабы: Икс (Х)

V. Топпен жұмыс (Деңгейлік тапсырмалар) (10 минут)
Әр топқа 3 есептен беріледі (теңдеулер, мәтінмен жұмыс). Яғни топпен жұмыс жасап, есеп шығару арқылы дым білмеске көмектесеміз. Бұл теңдеулерді шешіп, а) коэффициенті мен бос мүшенің қасиеттерін айту, б) алгоритмі бойынша түсіндіру, в) мәтіндік есептерді теңдеу құру арқылы шығарып, қорғау.
а) 1 - топ: 2x - 5 = 2 (x + 0,5)
2 - топ. 3,5(2x - 1) = 3x - 3, 5
3 - топ. 4,2(x - 1) = 0,2( x + 4)
б) 1 - топ: 33(0,1х + 1) = 4 - 6,7х
2 - топ: 63х - 13, 7 = 13 (0,1 + 5х)
3 - топ: 38(0,1х + 1) = 40 - 3,2х
в) 1 - топ: Бірінші бассейнде 1600 м ³, екінші бассейнде 1215 м ³ су бар. Бірінші бассейнді тазарту үшін одан сағатына 65 м ³ су насоспен сыртқа ағызылды. Екінші бассейнге сағатына 45 м ³ су насоспен құйылды. Екі насос жұмыстарын бір уақытта бастаса, неше сағаттан соң екі бассейндегі су көлемі теңеседі?
2 - топ: Екі пойыз А станциясынан бір - бірінен қарама - қарсы бағытта жүріп барады, А станциясынан бірінші пойыз 70, 5 км, екінші пойыз 56, 75км қашықтықта, Бірінші пойыз 57 км/сағ жылдамдықпен, екінші пойыз 62, 5 км/сағ жылдамдықпен жүрді, Неше сағаттан соң екі пойыз А станциясынан бірдей қашықтықта болады?
3 - топ: Теруші шығарманы 3 күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%- ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні теруге шығарманың 25%- і қалды. Шығарма неше бет болған?
VI. Сабақты қорытындылау. Алған білімдерін шыңдап қорытындалау мақсатында оқушыларға сұрақ-жауап (8 минут)
Тапсырмалар (ауызша)
1) Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеу деп атайды? (ax = b түріндегі теңдеуді)
2) х + 2, 7 = 3 теңдеуінің шешімі? (5, 7)
3) Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады? (түбірлері бірдей немесе түбірлері болмайтын теңдеулер)
4) х - 0, 6 = 1,4 (2)
5) Теңдеудің түбірі дегеніміз не? (айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәні)
6) 2х - 5 = х - 1 (4)
7) Теңдеуді шешу дегеніміз не? (оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екендігін дәлелдеу)
8) 6х + 7 = 25 (3)
9) Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? (теңдеудің екі жақ бөлігіне де бірдей санды қосқанда мәндес теңдеуге түрленеді; теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді).
VII. Бағалау және үйге тапсырма. (5 минут)
a) Бағалау критерийі бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Бағалау критерийі
Дескриптор
Балл
Оқушы бір айнымалысы бар сызықты теңдеуді және оның қасиеттерін біледі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шеше алады.
Бір айнымалысы бар сызықты теңдеуді біледі
1

Бір айнымалысы бар сызықты теңдеудің қасиеттерін біледі
1

Өрнекті ықшамдауды біледі
1

Теңдеуді шеше алады
2

Жалпы балл
5

b) Үйге тапсырма:
1. 2(х-2)=2х-4
2. 3х-2(х+6)=х+17
3. 7х-(3+2х)=х+9
4. 9(3х-7)+3(8х-11)=3(9х+8)
5. 10-у+6у+16=3у+18
6. 7х-2(2х-5)=х+17
7. 2(3х+1)-х=3(х+4)
8. 4(х-2)+2(х+3)=-10
9. 2(х-1)-3(х+2)=6(1+х)
10. 6(3+5у)-(2+7у)=5(4+3у)
Мұғалім: Меніңше сабақ сіздер үшін қызықты өтті деген сенімдемін! Келесі сабақта көріскенше, сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
"бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер" математика. 6-сынып
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.. 6 сынып
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі
Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беру
Тақырып - Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Мәтінді есептерді шешу
Пәндер