Сабақ мақсатын анықтау

Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Динамика
Сынып: 10
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Ньютонның бірінші заңы. Күш.
Ньтонның екінші заңы. Масса.
Ньютонның үшінші заңы.
- Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну;
- масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін түсіну;
Сабақ
мақсаттары
Оқушылардың барлығы: Ньютон заңдарының тұжырымдамасын біледі және түсінеді;
Көптеген оқушылар: Ньютон заңдарына есептеулер жүргізе алады;
Кейбіреуі: Ньютон заңдарына мысалдар келтіріп талдай алады.
Білу және түсіну: Дене жылдамдығының өзгеруі мен оның массасы арасындағы байланысты түсіндіре алады
Дененің қандай шарттарда тыныш қалыпта болатынын, қандай шарттарда бірқалыпты қозғалатынын біледі;
Денелердің өзара әрекеттесуі (тікелей және қашықтықта) туралы біледі;
Тілдік
мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология :
Күш, ауырлық күші, үдеу, масса, инерттілік, инерция, инерциялық санақ жүйесі, әрекет, қарсы әрекет
Құндылықтарды
дарыту
Пәнаралық
байланыстар
АКТ қолдану дағдылары
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақ мақсатын анықтау.
W сыныппен жұмыс
активити
1. Тыныштықта тұрған доп.
2. Допты қозғалысқа келтіреміз қолымызбен әрекеттесу арқылы.
Бастапқы білімді еске түсіру үшін оқушыларға сұрақ:
1. Нені байқадыңдар?
2. Нені бақыладыңдар.
3. Бақылаған кезде байқаған өзгерісті түсіндіруді сұраймыз.
Оқушылардың жауабын тыңдай отырып жаңа тақырыпты бастаймыз.
9-15
16-21
Жаңа материал
Ньютонның бірінші заңы
Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады. Осы инерция заңын - Ньютонның бірінші заңы деп атайды.
Ньютонның бірінші заңы орындалатын санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесінде деп аталады.
Мысалы инерциялық санақ жүйесiне - гелиоцентрлiк санақ жүйесi жатады.
Кез-келген үдеумен қозғалатын санақ жүйесi инерциялық санақ жүйесi болып табылмайды.
Жаңа материалды бекітуге тапсырмалар:
1. Салт атты шауып келе жатыр. Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтаса, онда қандай жағдай байқалуы мүмкін?
2. Неліктен сүрініп кеткен адам алға қарай құлайды?
3. Автомобильмен санақ жүйесі байланысқан. Қандай жағдайларда ол инерциялық санақ жүйесі болады:
а) автомоьиль аялдамада тұр;
b) автомобиль бағдаршамға жақындағанда жылдамдығын азайта бастады;
с) автомобиль тас жолдың түзусызықты бөлігінде бірқалыпты қозғалып келе жатыр.
22-32
33-40
Жаңа материал
Ньютонның екінші заңы
Ньютонның 2 заңы:
Дененің алатын үдеуі оған түсірілген күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал:
Бұл теңдеу динамиканың негізгі теңдеуі.
Си жүйесінде күш бірлігіне ньютон алынған. Ньютон - бұл массасы 1кг денеге 1с ішінде 1м/с 2 үдеу тудыратын күш.
Бекітуге тапсырмалар:
10-жаттығу №1, №2
Жаңа материал
Ньютонның үшінші заңы
Күнделікті өмірден мысалды:
1. орындықта тұрған рюкзак.
2. адам көтерген гантель
Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы.
11-жаттығу №1, №3
G Жұптық жұмыс
Есептер шығару
№1
Ілмегінде тарту күші 15кН болатын трактор тіркемеге 0, 5м/с 2 үдеу береді. Тарту күшін 60кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді?
№2
60Н күш денеге 0, 8м/с 2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2м/с 2 үдеу бере алады?
№3
Массасы 4кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2м/с 2 үдеу алды. Массасы 10кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу алады?
№4
Массасы 4т жүк таситын бос автомобиль қозғалысын 0, 3м/с 2 үдеумен бастады. Егер автомобильдің тарту күші сондай болғанда орнынан 0, 2м/с 2 үдеумен қозғалатын болса, онда оған тиелген жүктің массасы қандай болған?
№5
Массасы 0, 5кг допты ұрғанда 0, 02секундтан кейін 10м/с жылдамдыққа ие болды. Соққының орташа күшін табыңдар.
№6
Массасы 0, 2кг тыныштықта тұрғант денеге 5с бойы 0, 1Н күш әрекет етті. Осы дене қандай жылдамдық алады және сол уақыт ішінде қандай жол жүреді?
4. 2Н күш әрекет еткен кезде 4см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.
№7
Қатаңдығы 10 5 Н/м болатын тіркеу тросымен массасы 2т автомобильді 0, 5м/с 2 үдеумен сүйресе, трос қаншаға ұзарады? Үйкеліс ескерілмесін.
Рефлексия
Үй жұмысы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz