Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дәстүрлі сабақтың түрлері

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялары кафедрасы

МӨЖ

Қабылдаған: Қожагелдиева С
Орындаған: Шылмырзаева М
Тобы: МНК-111

Түркістан 2021
Дәстүрлі сабақ беру әдістемесінің ерекшелігі

Педагогикада оқытудың негізгі үш түрін ажырату әдетке айналған: дәстүрлі (немесе түсіндірмелі және иллюстрациялық), проблемалық және бағдарламалық.
Дәстүрлі оқыту қазіргі кезде ең кең тараған (анимацияны қараңыз). Білім берудің бұл түрінің негізін төрт ғасырға жуық уақыт бұрын Я.А. Коменский (<<Ұлы дидактика>>) ( Я. Коменский, 1955 ж).
<<Дәстүрлі білім>> термині, ең алдымен, 17 ғасырда қалыптасқан білім берудің сыныптық-сабақтық ұйымдастырылуын білдіреді. принциптер бойынша дидактика, Я.А.Коменский тұжырымдаған және әлі күнге дейін әлем мектептерінде таралған .
Дәстүрлі дәрісханалық технологияның келесі ерекшеліктері бар:
# шамамен бірдей жастағы және біліктілік деңгейіндегі оқушылар мектептің барлық кезеңінде тұрақты болып қалатын сыныпты құрайды;
# сынып бір жылдық жоспар мен кестеге сәйкес бағдарлама бойынша жұмыс жасайды.
# Нәтижесінде балалар мектепке бір мезгілде және тәуліктің алдын ала белгіленген уақытында келуі керек;
# негізгі оқу бірлігі - сабақ;
# сабақ, әдетте, бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, соның арқасында сынып оқушылары бір материалмен жұмыс жасайды;
# оқушылардың сабақтағы жұмысын мұғалім бақылайды: ол өз пәні бойынша оқу нәтижелерін, әр оқушының дайындық деңгейін жеке бағалайды және оқу жылының соңында оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
# оқу кітаптары (оқулықтар) негізінен үй тапсырмасына қолданылады.
Оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі, мектеп демалыстары, үзілістер, дәлірек айтқанда, сабақтар арасындағы үзілістер - бұл атрибуттар сынып жүйесі(БАҚ кітапханасын қараңыз).
Дәстүрлі сабақ - қалыптасқан дәстүр бойынша оқу материалдарының дәлме-дәл кескіні. Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқытушы оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда оқытушы мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді.
Дәстүрлі оқытуда оқу процесін басқарушы оқытушы және орындаушылар оқушылар болып табылады. Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, әңгіме, тәжірибе,сауалнама, әңгіме, тест жүргізу, т.б. жатады.
Дәстүрлі сабақта оқытушы - білімді жеткізуші.
Дәстүрлі сабақтың түрлері: Жаңа оқу материалын оқу сабағы, дағдыны қалыптастыру, қайталау сабағы, Бекіту, Қорытынды сабақ, Аралас сабақ. Практикалық сабақ. Білімді тексеру сабағы.
Дәстүрлі сабақ - жиі қолданылатын сабақ түрі. Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушы-лардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Сондықтан, ол оқытушының оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын түсінуіне өте қолайлы. Дәстүрлі сабақ сабақтарда көптеп қолданылады. Сабақ құрылымы деп-сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады.
Сабақтың құрылымы бірнеше кезеңнен тұрады. Олар:


Сабақ бөлімінің аты
Теориялық сабақ 2- сағ
Тәжірибелік сабақ 4- сағ
1
Ұйымдастыру кезеңі

5-мин
5-мин
2
Үй тапсырмасын сұрау

20-мин
15-мин
3
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа тақырыпты бекіту
40-мин
10- мин
-
-
4
Тәжірибе жұмыстарын, манипуляцияларды орындау техникасын түсіндіру және көрсету
-
45-мин
5
Оқушылардың өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау беру

-
10-мин
6
Оқушылардың өзіндік жұмысы

-
90-мин
7
Сабақты қорыту

5-7мин
10-мин
8
Үйге тапсырма беру

5-7мин
5-мин

Барлығы:
90-мин
180-мин

Сабақтың тақырыбы : Тақырып жоспарға, типтік бағдарламаға тиіс болу қажет.
Сабақ 3 мақсатта құрылады.
1.Білімдік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
2.Тәрбиелік:Сабақ барысында оқушының алдына оқытушы бір тәрбиелік мақсатты қоя отырып, бірнеше мақсатты да қарастыруы мүмкін. Немесе бір тәрбиелік мақсатты бірнеше сабақ барысында қарастырады, өйткені оқушының бойында бір қасиетті бір сабақта тәрбиелеу мүмкін емес. Барлық адамгершілік қасиеттер оқытушы тарапынан тәртіп, әділдік. жолдастық, сыпайылық негізінде тәрбиеленуі қажет. Тәрбиелік мақсатты қоюда оқушының бойында патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу өте маңызды аспектілердің бірі, өз Отанына деген сүйіспеншілік, оны қорғау, дамыту бойынша жауапкершілік бұл өте маңызды қасиеттердің бірі.
3.Дамыту: Бұл мұғалім үшін ең күрделі мақсаттардың бірі. Мұнда екі себеп бар. Біріншісі мұғалімнің сабақ сайын жаңа дамытушылық мақсатты құруға ұмтылуында және оқушының даму процесінің баяу жүретінін ескермеуінде.
Сабақтың түрі : Сабақтың түрі мен әдісі дидактикалық мақсатымен анықталады: жаңа білімді қабылдау, өткен сабақты қайталау,инновациялық техналогияны ендіру,тәжірибелік білік пен іскерлік дағдыны қалыптастыру.
Сабақты әр түрлі етіп ауыстырып өтуге болады.Сонда ғана оқушыларға қызықты әрі сабақ түсінікті болады.
Сабақтың әдісі : Оқытушы оқу материалын ауызша, жазбаша жаттығулар, лабораториялық, тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы есептер шештіру, ситуациялар тудыру, кестелер жасау арқылы түсіндіреді.Әдістерді қолданудағы негізгі мақсат - оқушылар білімінің нақты, берік, саналы, сапалы болып, оларды ойлауға, ұзақ есінде сақтауға, дамытуға мүмкіндік тудыру. Олар - лекция, түсіндіру, әңгімелесу. Бұлар көбіне сабақтың жаңа білімді хабарлау кезінде теориялық мәселелерді түсіндіру барысында пайдаланады.
Сабақтың көрнекілігі - Оқытушы сабақта тақырыпқа байланысты көрнекіліктерді (табиғи, жасанды, техникалық, дыбыстық және көрнекі құралдар) пайдаланып тақырыпты түсіндіреді. Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады. Көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық - географиялық карталар т.б. Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б. Көрнекі әдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тәуелді. Бұлардың бәрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік және практикалық әдістермен бірге пайдаланады. Көрнекіліктің түрлері: жасанды /макеттер, муляждар, суреттер, карталар, фотографиялар, плакаттар, т.б.( графикалық /схемалық-графикалық бейнелер, таблицалар, кестелер т.б.дыбыстық /таспаға жазылған көркем сөз, музыка, ұлы адамдардың ойлы сөздері, халықтың мақал-мәтелдері, техникалық /киноаппараттар, диафильмдер, диапозитивтер, диопроэкторлар, эпидиаскоптар, телевизор, проигрователь т.б. көрнекіліктер.Оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім беру қиын. Сондықтан оқушыларға білімді сапалы меңгертуде көрнекілік әдісін пайдаланудың мақызы зор.
Пәнаралық байланыс- Кез-келген ғылымды терең әрі жан-жақты тану үшін оны өзіне жақын, яғни туыстас ғылымдармен байланыстыра отырып жүргізу ғылыми жетістіктерге әкеледі. Пәнаралық байланыс ұғымы соңғы уақыттарда кең етек жайып, осы негізде ғылыми зерттеулер жүргізу өзекті проблемаға айналуда. Пәнаралықтың әмбебаптығы нақты теориялық материалдан көрінеді. Пәнаралықты зерттеудің мақсаты оның өзектілігін зерттеудің маңызы зор. Пәнаралықтың қажеттілігі онда бірқатар басқа ғылымдарда біршама қарастырылады.Пәнаралық байланыстар пәндерге ортақ фактілер, түсініктер, идеялар, іскерліктер мен дағдыларына орай қалыптастырылуы қажет. Сондай - ақ пәнаралық байланыстар әртүрлі сипатта болады. Өйткені олардың қызметі мен ықпалы барлық пәндерге жалпы, ортақ болып келеді. Пән аралық байланыстарды жүзеге асырмайынша дүние танымдық көзқарастың біртұтастығын сақтау мүмкін емес. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру күрделі, өйткені, бұл оқытушының тек өзінің ғана пәнін білуді ғана емес, сондай-ақ, пәнарлық байланыстар орнатылатын пәндерден хабардар болуды талап етеді. Пәнаралық байланыс құру үшін біріншіден, мазмұны мен құрлымын білу және осы түсініктің жалпы білім қатарында алатын орны қандай екендігін білу керек. Екіншіден, осы түсініктің қандай белгілері басқа пәндерде қарастырылатынын білу маңызды. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда оқушыларға басқа пәндерден алынған білім мен іскерлікті тез еске түсіруге жәрдем беретін бірқатар дидактикалық құралдар бар. Нәтижесінде жалпы білім беретін пәндердің матрицасы қүрылады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы білімнің кең, жалпы дағдысын пайдаланады. Пәнаралықтың артықшылықтары: Оқытушы үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т.с.с.);
- оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;
- басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;
- сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалану (компьютер т.б)
Пәнішіліқ байланыс - Оқу процесінде көптеген байланыстар сабақ мазмұнына байланысты әртүрлі бағытта даму мүмкін. Бұл байланыстардың ретсіз шашылып кетпеуі үшін пәнішілікбайланыстарды орнату маңызды. Пәнішілік байланыс ішіндегі тақырыптармен үйлесуі тиіс.
Сабақтың уақыты -90 минут, (тәжірибелік сабақтар-180минут).
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ұйымдастыру бөлімі -- күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу.
Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары:
:: талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу;
:: сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру;
:: жылы жүзділік және кең жүректілік;
:: талапты тұрақты және жүйелі қою.
2. Оқушылардың білімін бақылау -барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау. Оқушылардың өзара көмегін және өзін-өзі бақылауын қолдану.
3. Жаңа білімді меңгеру кезеңі:
Тақырып мәтінін баяндап, факт, құбылыс ереже, туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, құралдарды оқушыларға үйретіп, білім негізінде дағдыларға машықтандыру. Материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында оқылған материалды оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау.
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:
Бекіту жұмыстарын оқушылардың ой белсенділігін, өз бетімен ақыл-ой жұмысын талап ететін білімдер мен сұрақтар аркылы жүргізу;
Бұл кезеңнің мақсаты:
:: жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту;
:: оқушының тақырыпты оқыту әдістемесін және жауап беру тәсілдерін жетілдіру;
:: оқушылардың меңгерген білімдерін бекітумен қатар, олардың жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру;
:: жаңа оқу материалын тәжірибеде қолдану арқылы бекіту;
:: білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Оқушылардың біліміндегі маңыздысы - оқу материалын терең түсіну, оқушыларды оқу материалдарының бір-бірінен айырмашылықтарын және өзара байланыста қарауға, салыстыруға үйрету, ой жұмысын, қиялын дамыту. Оқушы материалды терең түсінгенде ғана жадында жақсы сақталады. Оқыған материалды бекіту - өте маңызды жұмыс.
Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:
:: білімді есте сақтап және қолданып, тәжірибелік міндеттерді орындау;
:: бір оқушының жауабын толықтыруға, нақтыландыруға, түзетуге оқушыларды тарту, оқылған оқу материалы туралы оқушылардың пікірін білу;
:: оқушылардың білімінің қаншалықты деңгейде түсінгенін анықтау;
:: оқушылардың фактілерді ұғымдармен, ережелермен, терминдермен сәйкестендіре білуі.
5. Сабақты қорытындылау. Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың ерекше элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр түрлі болып келеді. Оқытушының түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істері және тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады. Сабақтарда ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.
Бағалау - сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану. Оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Оқуды бағалаудың мақсаты -- оқушылардың оқып білгенін анықтау арқылы меңгергенін бағалау.
6.Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындау жөнінде нұсқаулар беру.
Үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру.
Оқушылардың негізгі ұғымдарды және іскерліктерді меңгеруіне көмектесетін үйге берілетін тапсырмалар оқушының ерік-жігерін, жауапкершілігін, саналы төртібін қалыптастыруға ықпал етеді.
Үй тапсырмалары оқушының зейінін негізгі білім, білімнің беріктігін арттырып, ең бастысы, білім және іскерліктерді қолдандырады.
Үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру. Оқу материалын бекітуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетін тапсырмалар беру.
Дәстүрлі білім берудің сөзсіз артықшылығы - үлкен көлемдегі ақпаратты қысқа мерзімде жеткізу мүмкіндігі. Мұндай дайындықпен студенттер оның ақиқаттығын дәлелдеу жолдарын ашпай-ақ, дайын түрде білім алады. Сонымен қатар, ол білімдерді игеру мен жаңғыртуды және оларды ұқсас жағдайларда қолдануды қамтиды . Оқытудың бұл түрінің маңызды кемшіліктерінің бірі ретінде ойлауға емес, жадқа көбірек көңіл бөлуге болады (Аткинсон Р., 1980; реферат). Бұл тренинг сонымен қатар шығармашылықтың, дербестіктің, белсенділіктің дамуына аз ықпал етеді. Ең типтік тапсырмалар: кірістіру, ерекшелеу, астын сызу, есте сақтау, жаңғырту, мысалмен шешу және т.б. Оқу -танымдық процесс негізінен репродуктивті (репродуктивті) сипатта болады, нәтижесінде оқушыларда танымдық іс -әрекеттің репродуктивті стилі қалыптасады. Сондықтан оны жиі <<есте сақтау мектебі>> деп атайды. Тәжірибе көрсеткендей, жеткізілетін ақпарат көлемі оны игеру мүмкіндіктерінен асып түседі (оқу процесінің мазмұны мен процедуралық компоненттері арасындағы қайшылық). Сонымен қатар, оқу қарқынын оқушылардың әр түрлі жеке психологиялық ерекшеліктеріне бейімдеу мүмкіндігі жоқ (фронтальды оқыту мен білімді игерудің жеке табиғаты арасындағы қайшылық) (анимацияны қараңыз). Оқытудың бұл түрінде оқуға деген мотивацияның қалыптасуы мен дамуының кейбір ерекшеліктерін атап өту қажет.

Дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақты салыстыру

Салыстыру
Дәстүрлі сабақ
Қазіргі сабақ
Мақсат
Мақсат тек қана жаңа білімді меңгеруге байланысты
Оқушы мотивациясы:
мақсат - ынта - әрекет - нәтиже Оқушының жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған
Мазмұн
Оқу материалын толық баяндау
Негізгісін шығару. Негізгі ақпаратты бірнеше қайта пысықтау
Оқыту құралдары
Сабақтағы түрлі әдістердің максималды саны
Қажетті және бір бірімен байланысты әдістердің кешені
Оқыту әдістері
- дайын білімді баяндау
- оқу материалын жаттау
- <<орташа>> оқушыға бағытталу
- нашар керібайланыс
-мұғалімнің бағалауы
- оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру
- материалды терең түсіну
- саралап оқыту тұрғысы
- тиімді керібайланыс
- өзін-өзі, өзара бағалау
Оқыту формасы
Сабақты нақты кезеңдерге бөлу (үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, үйге тапсырма), жеке, фронталды оқыту формалары
- оқытудың аралас әдістері
- сабақ кезеңдерінің өзара бір біріне кірігуі
- жеке, жұптық, топтық оқыту формалары
- оқу материалының бірнеше қайта пысықталуының нәтижесінде 80-90% меңгерілуі
Үй тапсырмасы
Оқу материалын пысықтау көбіне үйге беріледі
Тапсырма болмауы мүмкін немесе кеңейтілген тапсырмалар

Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы.-Алматы: Нұрлы әлем, 2003.-368 бет
2. Щуркова Е.Н. Педагогическая технология.-М.:Педагогическое общество России,
2002.-224 с.
3. Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования:
Учеб.пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений.- М.:Изд.центр <<Академия>>, 2001.-272
с.
4. <<Мұғалімге арналған нұсқаулық>> ІІІ деңгей, ІІІ басылым, 2012 ж.

Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі емес сабақтар
Қазақтың ұлттық киімі-камзол тігу.
Күнделікті сабақ жоспары
Көркем әдебиет
Мәдениет және өркениет
Тапқыр достар туралы ақпарат
Газет-журнал графикасы
Ауыз әдебиетінің түрлері
Музыка пәнінен оқу бағдарламасы
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Пәндер