Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ананың сүюі
Алтынсарин - ұлы ұстаз ұлағатты,
Алтынсарин - ұлтымның жарық ұлы.
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен, шығармаларымен балаларды таныстыру.
Өлеңдерін жаттқа айту арқылы балалардың сөзді байланыстыра сөйлеуін дамыту.
Ұлы тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға және Ыбырай атамыздың әңгімелері мен өлеңдері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ы.Алтынсарин портреті, презентация.
Сахна: киіз үй, үстел, үстел үсінде сия құтысы мен қаламсап, май шам. Майшамның жарығымен ойланып жазу жазып отырған адам. Орнынан тұрып ерсілі-қарсылы жүріп өз өзімен күбірлеп сөйлеп жүр... (жарық сөнді)
Қоңырау үні естілді...
Жүргізуші: Осы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсарин еді. Бүгінгі поэзиялық кешімізді қазақ әдебиетінің атасы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариинің 180 жылдық мерейтойына арнаймыз.
Сахна: киіз үй, бесік тербетіп бесік жырын айтып отырған ана. Шапанын жамылып молдас құрып, бесік жырын тыңдап отырған әке.
Жүргізуші: Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келеді. Шын аты Ибрахим. Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан. Әкесі молдадан сауат ашқан қарапайым адам болған. Ал анасы Аймен халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам.
Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, түлге ұста, би, өз ортасынна белгілі, беделді адам болған. Ыбырай сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Ынталы да зерек Ыбырай мектепті үздік бітіріп шығады.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын да білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуды мақсат етеді. Ыбырай ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытады. Ыбырай оқушылардың ғылым мен мәдениетті игеруіне, рухани бай азамат болып шығуына қызмет етеді.орыстың мектеп, білім беру саласын зерттеп, орыс ағартушыларының еңбектерін оқиды. Сол негізінде қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды жоспарлайды. <<Қазақ хрестоматиясын>> жазуға кіріседі.
Сахна: биік үстел, сия құтысы, татар тілінде жазылған кітаптар, жер үстелді айнала отырған балалар.
Жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин Н.Н.Ильминскийге жазған хатында: <<Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ған бастадым>> - деп жазады. <<Мысалдарды енгізгім келмейді, өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер болады. Мысалдарды қазақ балалары оқысы келмейтінін, оқыса оған күлетінін, ал олардың ата-аналары: балаларға сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәрсені үйретеді деп, тіпті тәжірибемнен білемін>>, - деп айта келіп жаңа кітапқа жұмбақтар, баланың ойын кеңітетін әңгімелер, сондай - ақ қазақ өлеңдерінен іріктелген өлеңдер енгізілгенін жазады.
Ы.Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізеді. Көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды.
Ұлы педагог ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер - білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады.
Кел, балалар, оқылық!
Айша.К:
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Істің болар қайыры,
Бастасаңыз алдалап.
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап.
Дария:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Тілегенің алдыңнан,
Іземей - ақ табылар.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар!
Темірлан:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Сиса көйлек үстіңе
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамғы,
Шоқуменен табылған...
Өнер - білім бәрі де,
Оқуменен табылған.
Өнер білім бар жұрттар!
Көркем:
Өнер білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Жүргізуші: Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңберлерінде қалып қоймайды. Оның көп өлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегінде көтеріп, өз кезінің шындығын аша түседі.
Әй, достарым!
Досжан:
Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма,
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.
Жүргізуші: Ыбырай өлеңдерінің көпшілігі тәлім-тәрбие мақсатын көздеген, тілі қарапайым, жатық та тартымды, мақал-мәтелдерге де толы. Ақын айтайын деген ойын оқушысының көңіліне құйып, қолыңа нық ұстатқандай әсер қалдырады.
Бұлкім?
Сағадат:
<<Бала, бала, бала>> деп,
Түнде шошып оянүған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Ананың сүюі!
Ш.Айару:
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелеп, ойнап, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Өзен.
Нұржігіт:
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Ералы:
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты сарқыраған.
Жүргізуші: Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, жомартыққа, қайырымдылыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкапар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды.
Жаман жолдас.
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: естуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
-Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру атты дейді:
-Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді, - дейді.
Аю - Ануар.
Бірінші жолдас - Айша.
Екінші жолдас - Темірлан.
Жүргізуші: Ыбырай қазақ прозасының европалық шағын түрін қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Көркем әңгіме, новелла жазудың үлгісін көрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі көркем прозасы Ыбырай әңгімелерінен бастау алады.
Алтынсарин - әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы, әрі аудамашы және публицист. Әдебиет саласындағы негізі еңбегі балаларға арналған. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
Ақылбек Шаяхметов: Алтынсарин.
Адина:
Алтынсарин - қазақтың жарық шамы,
Ойлағаны аяулы халық қамы.
Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,
Алтынсарин - елімнің алтын бағы.
Ақарыс:
Алтынсарин - мазмұнды өмір әні,
Үлгі болып алдыңнан жолығады.
Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды,
Алтынсарин - даланың қоңырауы.
Ануар:
Алтынсарин - ел үшін соққан жүрек,
Сезіп оның дүрсілін шаттанды көп.
Қалың қардың жібіткен мұз денесін,
Алтынсарин - аңқылдақ алтын жүрек.
Інжу:
Денесі оның Тобылдың жағасында,
Денесі тұр Қостанай қаласында.
Ыбырай бұлағының мөлдір суы,
Шүпілдейді білімнің шарасында.
Сол сумен егін егіп, мал суардық,
Жыр жазып, дала жайлы ән шығардық.
Сол сумен қаталаған шөлді басып,
Шығып тұр қазағымның даусы анық.
Жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңышыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Алтынсарин - ұлы ұстаз ұлағатты,
Алтынсарин - ұлтымның жарық ұлы - атты поэзиялық кешіміз аяқталды. Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz