Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың типтері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Әдебиет пәнінен жүргізілетін сабақтың типтері,формалары, түрлері.

Орындаған: Орманбекова.Н.
Топ: 6В01701
Тексерген: Юсуп Пархат Корабайулы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Сабақтың типтері
Сабақтың түрлері
Қорытынды бөлім
Əдебиеттер тізімі

Кіріспе
Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):
1. Жаңа білімді игерту.
2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.
Сабақтың құрылымы деп <<сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді.
Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.
Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі:
-- дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
-- дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
-- оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
-- сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ -- практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).
Негізгі бөлім
Əдіскер-ұстаз Қ.Бітібаева сабақтың дəстүрден тыс 25 түрін атап көрсетеді: дəріс сабағы, семинар сабағы, пəнаралық байланыста оқытуға негізделген (қос) үштік сабақ, конференция сабағы, сот сабағы, жəрмеңке сабағы, пресс-конференция сабағы, концерт сабағы, пікірталас сабағы, айтыс сабақтары, композициялық сабақ, əдеби монтаж сабағы, <<Көзқарас>> сабағы (урок <<Взгляд>>), брифинг сабақтары, ерлік сабағы, іздендіру сабағы, кездесу сабақтары, практикалық сабақтар, <<Ұлылар мінбесі>> сабағы, емтихан, есеп-сынақ сабақтары, реферат қорғау сабақтары, пікір қорғау сабақтары, көкпар сабағы, жарыс сабағы, ойын сабақтары.
Дəріс сабағында сөздік əдіс қолданылады. Сабақ барысында мұғалім мол материал беріп үлгереді. Оқушы əрі тыңдайды, əрі тыңдай отырып, конспект жасайды. Оқулықтан тыс хабарлар, деректер беріледі. Дəріс сабағы жаңа білім беруде материал мол болған кезде, қосымша хабарламалар, көп деректер берілген кезде өткізіледі.
Жоғары оқу орындары оқытушылары мен мектеп мұғалімдері үшін дəріс түрлерін айқындап алудың маңызы да зор. Өткізілу əдіс-тəсілдеріне қарай дəрістер ақпараттық дəріс, проблемалық дəріс, көрнекілік дəріс, диалогты дəріс, конференциялық дəріс, кеңес түріндегі дəріс, екеуара дəріс жəне шатастыру дəрісі болып бөлінеді. Қысқаша сипаттама бере кететін болсақ, ақпараттық дəріс -- түсіндірме-көрнекілік əдісімен өткізілетін дəстүрлі оқыту түрі. Проблемалық дəріс -- проблемалық ситуацияларды шешуде əр түрлі көзқарастар салыстырылатын оқыту формасы. Көрнекілік дəрісте оқу материалы техникалық оқу құралдарының, бейне- жəне аудиоқұралдарының қолданылуы арқылы түсіндіріледі. Диалогты дəріс материалы екі ғалымның немесе екі мұғалімнің сұхбаты негізінде ұсынылады. Конференциялық дəріс белгілі бір проблема төңірегінде баяндама тыңдау жолымен жүзеге асырылады. Кеңес түріндегі дəрісте оқу материалы <<сұрақ-жауап>> немесе <<сұрақ-жауап-сөз жарысы>> түрінде жеткізіледі. Екеуара дəрісінде екі оқытушы бір тақырып бойынша бір уақытта сөйлейді. Шатастыру дəрісінде материал жоспарлы қателіктермен беріледі. Көзделетін мақсат оқушыларды байқампаздыққа үйрету болып табылады.
Семинар сабағы сұрақ-жауап түрінде өтеді, баяндама тыңдалады, хабарлама жасалады. Ғылыми материалдармен өздік жұмысы жүргізіледі. Семинар сабағы өздік жұмыстарға баулиды, баяндама жасауға дағдыландырады, қосымша материалдарды іріктеуге үйретеді. Семинар сабағын тақырыпты қайталаған, қорытындылаған кезде жəне шолу тақырыптарында өту тиімді. Өткізілу əдіс-тəсілдеріне қарай семинар сабақтары да бірнеше түрге бөлінеді. Мəселен, семинар-сұхбатқа оқушылар тақырып бойынша ұсынылған арнаулы сұрақтар бойынша дайындалып келеді. Оқушылардың хабарламалары тыңдалады жəне басқалары оларды толықтырады.
Семинардың тағы бір түрінде сұрақтарды оқушылар өзара бөліп алып, баяндама дайындайды. Сабақта баяндамалар тыңдалып, талқыланады. Семинардың ендігі бір түрі сөзжарыста қандай да бір проблема талқыланады. Сөзжарыс оқушылардың өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғауға үйретеді, өз ойын қисынды баяндауға баулиды.
(Қос) үштік сабақтың негізгі əдіс-тəсілдері -- сұрақ-жауапқа негізделген əңгіме, баяндау, пікірлесу, түсіндірмелі əдіс. Сабақтың мұндай түрінде оқушылар бір мезетте бірнеше пəндер бойынша білім алады, білім тереңдетіліп беріледі. Екі немесе бірнеше пəндерге байланысты материалдар тоғысып келгенде, бірнеше пəндер бойынша деректерді біріктіріп беру мүмкін болған тақырыптарда өткізіледі.
Конференция сабағының негізгі əдіс-тəсілдері, белгілері -- баяндама, дəріс, сұхбат түріндегі сұрақ-жауап, пікірталас (проблема айналасындағы). Аталмыш сабақ пікір айта білуге, айтыса білуге, қосымша материалдардан іздене білуге, сұрақтар қоя білу, қысқа, нақты, дəлелді пікір айтуға, толықтыра білу дағдыларына жетілдіреді. Конференция сабағы үлкен, маңызды тақырыпты қорытындылағанда немесе саяси мəні бар тақырыптарға өткізіледі.
Сот сабағында сұрақ-жауап, түсіндірмелі əдіс қолданылады. Əсіресе 5 - 8 сыныптар үшін тиімді. Сабаққа оқушыларды қызықтыру, ынтасын арттыру жəне əділеттілікке баулу, жаманнан жирендіру мақсатында қорытынды сабақ түрінде өткізіледі.
Концерт, əдеби монтаж жəне композициялық сабақтардың негізгі əдіс-тəсілдері, белгілері -- мəнерлеп оқу, жатқа оқу, рөлге бөліп оқу, əн айту, көріністер көрсету, инсценировка жасай білу. Аталмыш сабақтың мақсаты -- оқушылардың дарынын, қабілеттерін дамыту, мəнерлеп оқу, жатқа оқу, есте ұстау қабілеттеріне əсер ету. Концерт, əдеби монтаж жəне композициялық сабақтардың оқушылардың эмоциясына əсер етуде, эстетикалық сезімдері, сұлулық, əдемілік, өнерді бағалау, түсіне білу сезімдерін дамытуда үлкен маңызы бар. Тақырып мазмұны концерт, əдеби монтаж жəне композициялық сабақ өткізуге сұранып тұруы керек. Қорытынды, қайталау сабақтарында тақырып ерекшелігіне байланысты алынады.
<<Көкпар>> ойынын əдістемеші-ғалым Қ.Бітібаева төмендегіше түсіндіреді: <<Бұл жұмыста <<көкпарға>> екі баладан шығады. Көкпарға <<тартылатын>> көркем туындылардан құрастырылған сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар болады. Жауап өте тез уақытта айтылуы керек, ойлануға көп уақыт берілмейді, тез жауап берген бала <<жеңімпаз>> атанады>> [1; 41]. Бұдан шығатын қорытынды, белгілі бір сабақтың түрінде көкпар ойынын жүргізуге болады немесе сабақтың өзін көкпар сабағына айналдыруға болады. Көкпар сабағын өткізу немесе сабақта ойын элементтерін қолдану сол сабақтың мақсат-міндеттеріне байланысты болмақ.
Дəстүрден тыс сабақтың білімділік мақсаты тақырып бойынша білім толықтыру, дамытушылық мақсаты оқушының ойлау жəне шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу жəне ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету болатын болса, тəрбиелік мақсаты адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, достық көмек беруге ұмтылуға үйрету болып табылады. Міндеті -- тақырыпты толық меңгерту, оқушының қызығушылығын туғызу, алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету жəне сөйлеу мəдениетіне төселдіру.
Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс- тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл - аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғаімдер қай тақырып болсын, оны қай сыныпта өткізсін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, дағдыға айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Мұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын-ақ. Оқу тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, соны да ерекше ойлануы керек. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себебі не? Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше.
Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят (ситуация) тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс-тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушы дербес, өздері шеш алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді.
Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс-тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып, береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдай алады. Бірақ репродукдивтік- түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай-ақ әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдісінің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік - оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта мұғалімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін, немесе өзі білетін барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке-даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте, үйлестіре пайдаланған дұрыс болады.
Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қандай әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына байланысты туындайды). Ал, кейде практикалық, танымдық-іздендіруші әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдістәсілдерді үйлестіре қолдану - оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Мұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелілігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
Сабақтың типтері
1.Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
3.Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
4.Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5.Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. 6.Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
Сабақтың түрлері
Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.
Жаңа сабақ - жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ - жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ - сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы - білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ - оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы - пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ - оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ - іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Сынақ сабақ - білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ - білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы - оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы - ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
Қорытынды
Сонымен, жоғарыда көрсетілген сабақтар тақырып ерекшелігі мен оның мазмұнына байланысты өткізіледі. Өйткені кез келген тақырып (қос) үштік сабақ, сот сабағын немесе концерт, əдеби монтаж жəне композициялық сабақтарын өткізуге лайық бола бермейді. Сабақ түрі сынып оқушыларының құрамына да тəуелді. Бұны да ескерген жөн. Оқушылардың білім деңгейі бірінші кезекте ескеріледі. Конференция, пікірталас (пікірсайыс), айтыс сабақтары диагностика жасалғаннан кейін барып өткізіледі. Баланың қабілет қарымы, білім деңгейі, өресі ескерілмей белгілі бір дəстүрден тыс сабақ өткіземін деу -- қате қадам. Сабақ түрінің сабақ мақсатына байланыстылығы оның білімділік, дамытушылық, тəрбиелік мақсаттарынан тысқары. Сабақ қандай мақсатта өткізіледі? Жаңа сабақты өту мақсатында немесе өтілген сабақты қорытындылау, қайталау мақсатында өтуі мүмкін. Демек, сабақты типке бөлу қажеттілігі бар.
Əдебиеттер тізімі
1. Бітібаева Қ. Əдебиетті оқыту əдістемесі мен технологиясы. Алматы 2003.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы 2004.
3. Байтанасова Қ.М., Айтуғанова Ш. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі. Алматы 2008.
4. Қоңыратбаев Ə. 4 - 7-кластарда əдебиетті оқыту методикасы. Алматы 1987.
5. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасының очерктері. Алматы Қазақ. Мемл. оқу-пед. баспасы.
6. Шəкəрімтану мəселелері. Новосибирск 2007.

Ұқсас жұмыстар
Тармақталу алгоритмдері
Қазақстанның топырақ жамылғысы. 8 сынып
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы, маңызы және бұлшық еттердің негізгі топтары. 8 сынып
Сүйек типтері және олардың байланысуы
Қосылу реакциялары
Қосылу реакциясы
Химиялық реакцияның типтері
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері
Химиялық реакция типтерін анықтау
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері. 9-сынып
Пәндер