Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тұқым қуалаушылық

Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 19.12.2019ж Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледж
Тобы: 2 топ Мұғалімнің аты-жөні: Нурметова Д.А
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Генетиканың даму тарихы.Г.Мендель оның еңбектері.

Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Генетика бүкіл тірі организмдерге тән тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы екенін ажырата алады.Генетика туралы білім қалыптасады.Тұқымқуалаушылық туралы танымын кеңейтеді
Басым бөлігі: Организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілетін түсінеді және есептер орындай алады.
Кейбір оқушылар: Доминанттылық және ажырау заңдары туралы толық айта алады.
Бағалау критерийі
Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсаттар
Студенттер қолданады:
Оқылым- айтылым:
Студенттер топтық жұмыс кезінде мәтінді оқып, талқылап, айтады, жазады, тыңдайды
Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: генетика,тұқым қуалаушылық,өзгергіштік,ажырау заңы,генотип ,фенотип

Құндылықтарға баулу
Оқушылардың топтық жұмыстарында ынтымақтастық орта қалыптасады. Салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау.
Пәнаралық байланыс
Генетика ,ботаника
Алдыңғы білім
Организмдердің жеке дамуы.Онтогенез
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтың басы
5 минут

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

1. Сәлемдесу, түгелдеу, қалыптастырушы бағалау арқылы сабақ бойы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Бір екі үш төрт деп санау арқылы 4 топқа бөліну.
І топ. <<Г.И.Мендель>>
ІІ топ. <<Моногибридт>>
ІІІ топ. <<Дигибридтік>>
ІV топ. <<Полигибридт>>
Топ ережесі:
1. Мұғалімді тыңдау.
2. Уақытты тиімді пайдалану.
3. Бір-бірімізді тыңдау.
4.Сыйластық , шыдамдылық.
5.Жолдасыңның сөзін бөлмеу.

10 минут

10 минут

25 минут

3. Үй тапсырмасын тексеру .
<<Веер>> әдісі
Организмнің эмбриондық дамуы дегеніміз не?
Постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі?
Токсиндік заттардың эмбриондық және постэмбриондық кезеңдер барысына әсері қандай?
Туа біткен кемтарлықтар деп нені айтады ?.т.б.

ҚБ. <<Комплимент>> әдісі: Жарайсыз! Тамаша! деп бағаланады.
Ой толғау
1.Генетиканың пайда болуы
2.Тұқым қуалаушылық
3.Өзгергіштік
4.Мендель тәжірибелері.

Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік - бір-бірімен қатар жүретін, бір жағынан, бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер. Генетика гр. "genesis"-шығу тегі деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді 1906 жылы ағылшын биологі У.Бэтсон ұсынды.
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. ХХІ ғасырдың 80-жылдарында "пангенезис" теориясын неміс зоологі А.Вейсман өткір сынға алды. А.Вайсман "ұрық плазмасы" туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс жасушаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты.
Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1865 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің "Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер" деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырды. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтерге, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды.
Генетиканың даму тарихын зерттеушілер оны 3 кезеңге бөледі
Бірінші кезең - 1900-1910 жылға дейін
Екінші кезең - 1911-195 жылға дейін
Үшінші кезең - 1953 жылдан қазірге дейін
1901 жылы голландиялық ғалым Гуго де Фриз өсімдіктерде жүргізілген тәжірибелері бойынша тұқым қуалайтын өзгергіштікті түсіндіретін мутациялық теория ұсынады.
1903-1904 жылдары америка ғалымы У.Сэттон және неміс ғалымы Т.Бовери белгілердің ұрпаққа берілуінде хромосоманың рөлін көрсетті.
1909 жылы дат биологі В.Иогансен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген (гр. "genos"-шығу тегі), геотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Ресей ғалымы Н.И.Вавилов тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңын қалыптастырды.
1953 жылы америкалық ғалым Дж.Уотсон және ағылшын физигі Ф.Крик хромосомаларды құрайтын ДНҚ молекуласының құрылысын анықтады.
1957 жылы америкалық ғалым Коренберг табиғи вирустың толық қасиеті бар вирус бөлшегін қолдан жасады.
1958 жылы зертханалық жағдайда ДНҚ құрылымы синтезделді.
1961-1962 жылдары америкалық ғалымдар М.Ниренберг, Г.Маттеи, С.Очоа және Ф.Крик тұқым қуалаудың кодын тауып, нәруыз молекуласын құрайтын 20 аминқышқылының нуклеотидті триплеттерінің құрамын анықтады.
Бұдан кейін ген ағзадан тыс, химиялық жолмен алынып, генетика ғылымының жаңа бір саласы - молекулалық генетика пайда болды.
Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының да қосқан үлесі ерекше. Алыстан будандастыру, мутагенез, полиплоидия, гетерозис т.б. мәселелерді қамтитын генетикалық зерттеулер жүргізілуде. Дәнді және техникалық дақылдардың жоғары өнімді будандары мен сорттарын алуда К.Мыңбаев, А.Ғаббасов, Ғ.Бияшев және т.б. еңбектерң зор. Н.С.Бутарин, Ә.Е.Есенжолов, А.Ы.Жандеркин алыстан будандастыру әдісімен қойдың арқар-миринос тұқымын алды. Қазақстанда Тұңғыш рет М.Ә.Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология және ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай жаңалықтар қосылды.
Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут

Топтық жұмыс: <<Генетиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар>> (постер қорғау)
Әр топ өздеріне берілген ғалымдардың суреттері бойынша әр ғалымның генетиканың дамуына қосқан үлестерін жазады, постер қорғайды.

Дескриптор:
-генетиканың дамуына үлес қосқан ғалымдармен танысып топта талдай алады
- команданың постер мазмұнын жүйелі, түсінікті жеткізуі.
- эстетикалық талаптарға сәйкес;

1.Жеке жұмыс. Мәтінге бағытталған әрекет. МБӘ. Студенттер мәтіннің бірінші, екінші бөлімін оқиды.
2.Топтық жұмыс. Генетикалық термидермен символдарды оқып түсіндіру.
Сабақтың соңы
3 минут

2 минут

Сабақтың негізгі бөлімін пысықтау кезінде Блум таксономиясымен сұрақ қоюдың <<қайсысы дұрыс?>> деген сұрағын қолдану арқылы пікір талас өткізу.
ҚБ. <<Шапалақ>> әдісі
Рефлексия: Түрлі-түсті стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып шығады

Студенттерді бағалау:
Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалаймын
Үй тапсырмасы:Тұқым қуалаудың заңдылықтары.

Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті студенттерге қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау - Сіз студенттердың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау
А деңгейіндегі тапсырмалар арқылы студенттер генеитка ғылымына үлес қосқан ғалымдар туралы жазады.
В деңгейіндегі тапсырма мазмұны арқылы студенттер жеке жүмыс, топтық жұмыс генетикалық терминдермен символдар тақырыптарн оқып талқылайды.
С деңгейіндегі тапсырмасын орындаған студенттер: Блум таксономиясымен сұрақ қоюдың <<қайсысы дұрыс?>> деген сұрағын қолдану арқылы пікір талас өткізу.

Топтық және жеке жұмыс кезінде <<Комплимент>>
Сынып бөлмесінің санитарлық нормаға сай болуы, сынып бөлмесінің тазалығын сақтау. Топтық жұмыс кезінде сақтық ережелерін қадағалау.
Сабақ бойынша рефлексия:
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болдыма?
Барлық студенттер оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер студенттер оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау:
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)?
1.
2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқу мен оқытуға қатысты)?
1.
2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері - қиыншылықтары туралы нені анықтадам, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
ПБ төрайымы: Г.Р.Мавланова
Құрастырған оқытушы: Д.А.Нурметова

Ұқсас жұмыстар
Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар
Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау
Мәдени орталық
Жыныстың генетикалық анықталуы. жыныспен тіркес тұқым қуалауы
Мұғалімнің түсіндіруі
Тұқым қуалаудың заңдылықтары
Бекіту тапсырмалары
Өзгергіштік заңдылықтары тарауы. орта мерзімді жоспар. 10 сынып
САБАҚ Адамның қан топтарының тұқым қуалауы
Жарыс сабақ
Пәндер