Дискретті және жоғары математика: Сапалық және мәтінді есептер - сабақ жоспары

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Сапалық және мәтінді есептер

Модуль /пән атауы: Дискретті және жоғары математика
Дайындаған педагог: Ажибеков Нуржан
1. Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: 1V-курс, 2021-2022 оқу жылы, ТБ 18-9 /1
Мамандығы: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Біліктілігі: Техник-бағдарламашы
Сабақ түрі: Дәстүрлі
2. Мақсаты:

Мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шешу, оның мазмұнын түсініп, шартын құру, сызбамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту

Міндеттері:

  • Білім алушы:

Ережені пайланып есептер шығарады

Жеңіл тапсырмаларды орындайды

Барлық деңгейлі есептерді шығарады

2. 1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

Мәтінді есепті шығарудағы құрылған алгоритмін іс-тәжірибеде дұрыс қолданады;

- Мәтінді есептерді шешуде теңдеу құрастырады;

- Мәтінді есептерді шығару үшін қажетті формуланы пайдаланады

3. Сабақты жабдықтау:

Интернет ресурстары, тақтамен жұмыс. Оқулық

3. 1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

«Матемктика 5 сынып»

(Анықтамалар мен формулаларды қорыту, есте сақтау)

3. 2 Техникалық құралдар, материалдар:

4. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу

Өткенді пысықтау:

Комбинаторика қай тілден алынған?Мағынасы қандай?

-Комбинаториканың бөлімдерін атаңдар?

-«Факториал» дегеніміз қандай ұғым?

-0! нешеге тең?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын бірлесіп айқындау.

Теңдеу арқылы шығарылатын кез келген мәтінде есепті шешу үшін мына алгоритмді басшылыққа алған жөн:

1. Есептің мәтінінде берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін есептің шартын білу қажет;

2. Бастапқы шаманы әріппен белгілеу;

3. Теңдеу құру;

4. Құрылған теңдеудің түбірлерін табу;

5. Табылған түбірлердің қайсысы теңдеуді қанағатттандыратынын тексеру.

Мәтінді есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген есептер.

Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды.

Теңдеу құру дегенміз-есептің мазмұнын математика тіліне аудару.

Теңдеуді шешуге тақырыптық есептер берілген жағдайда:

1. белгісіз шама таңдалып алынып, ол х әріпімен (немесе латынның қандай да бір кіші әріпімен) белгіленеді.

2. тақырыптың мазмұны бойынша теңдеу құрастырылады.

3. теңдеу шешіліп, белгісіз шама табылады.

4. есептің сұрағына жауап беріледі. Қажет болған жағдайда теңдейдің дұрыстығы тексеріледі.

Бірінші сан екінші саннан 10-ға ратық және олардың олардың көбейтіндісі 56-ға тең. Осы сандытабыңдар.

Шешуі:

Бірінші сан -х

Екінші сан - х+10

Табу керек: х-?

х(х+10) =56

х 2 +10х=56

х 1 =4 және х 2 =-14

Жауабы: 4 және -14

Бірінші сан екіншісаннан 16-ға кем және олардың көбейтіндісі 80-ге тең. Осы санды табыңдар?

Шешуі:

Бірінші сан -х-6

Екінші сан - х

Табу керек: х-?

(х-16) х=80

х 2 -16х=80

х 1 =20 және х 2 =-4

Жауабы: 20 және -4

Есеп

Тіктөртбұрыштың ені ұзындығынан 3 см кем. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 130 см 2 болса, онда оның ені қандай?

Шешуі:

Тіктөрбұрыштың ені х-3см

Ауданы 130 см 2

Табу керек: Еніқандай?

S=a·b

130=х(х-3)

130=х 2 -3х

2 -3х+130=0 /(-1)

х 2 +3х-130=0

х 1 =10 және х 2 =-3

Жауабы: 10

Тапсырма: Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 5 см артық. Ауданы 150 см2 болса, төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Шешуі: Тіктөртбұрыштың ені - х см, ұзындығы - (х+5) см
S=a*b
x(x+5) =150,
x 2 +5x - 150=0,

D=25+600=625,
х 1 =- 15 есептің шартын қанағаттандырмайды.
x 2 =10, 10+5=15.
Жауабы: 10 см және 15 см

Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы енінен 5см-ге артық және биіктігінен 5см-ге кіші. Бүйір бетінің ауданы 244см 2 . Параллелепипедтің өлшемдерін табыңыздар.

Шешуі:

АВ (ұзындығы) x см болсын, онда AA1(биіктігі) - (x+5) cм, AD(ені) - (x-5) см.

S = 2S ABCD + 2S AA1D1D + 2S AA1B1B , шарты бойынша - 244 см²

S ABCD = x(x-5) ; S AA1D1D = (x-5) (x+5) ; S AA1B1B = x(x+5)

Теңдеу:

2x(x-5) + 2(x-5) (x+5) + 2x(x+5) = 244

x(x-5) + (x-5) (x+5) + x(x+5) = 122

x² - 5x + x² - 5² + x² + 5x = 122

3x² = 122+25

3x² = 147

x² = 49,

x> 0 (мағынасы бойынша)

x = 7

AB = 7 см - ұзындығы

AA1 = 7 см + 5 см = 12 см - биіктігі

AD = 7 см - 5 см = 2 см - ені

Жауабы: 7 см; 12 см; 2 см.

Таразының сол жақ табақшасында 2 алма және 100 г гір тасы, ал оң жақ табақшасында 500 г гір тасы бар. Бір алманың массасын табыңдар.

Енді тапсырманы теңдеу құру арқылы шығарып көрейікші.

1 алманың массасын - х г деп алайық,

С2х+100=500

2х=500-100

2x=400

x=400:200

x=200, 1 алманың массасы- 200 г онда 2х+100=500, теңдеуін аламыз


Ұқсас жұмыстар
10-сынып: Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар және олардың үлестірім заңдары - сабақ жоспары
7-сынып физикасы: Күш, жұмыс және қуат бойынша сапалық және мәтіндік есептер
Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар және олардың үлестірім заңдары
Қысқа мерзімді жоспар: 6-сынып математика - пропорцияны мәтінді есептер мен масштабты есептеуде қолдану
8-сынып: Электр өрісі - сапалық есептер мен тарауды қорытындылау
8-сынып: Адам - ең жоғары құндылық тақырыбында мәтінді талдау және сөйлеу мәнерін дамытуға арналған сабақ жоспары
Сын есімнің мағыналық түрлері: сапалық және қатыстық
6-сынып математика: осьтік және центрлік симметрияға есептер шығару бойынша сабақ жоспары
10-сынып: Қ. Жұбанов және сөз таптарының сандық және сапалық ерекшеліктері бойынша сабақ жоспары
Сабақ жоспары №30 - 6 А сынып: Сын есімнің мағыналық түрлері (сапалық және қатыстық сын есімдер)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz