Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Белсенді оқыту технологиялары

№4 Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың негізгі алгоритмдері.Белсенді оқыту технологиялары.

1. Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Оқыту үрдісіне білім, білік, машықты қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру жаңа инновациялық технологияларды меңгере отырып, оны сабақтарға енгізу мұғалімдер алдындағы өзекті мәселе екені анық.
2. Сабақ жоспары:
1. Педагогикалық технологиялардың негізгі алгоритмдері
2. Белсенді оқыту технологиялары.
3- Сабақтың мазмұны: Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты адаптивті, құрама блоктық, модельді болып бөлінуі. Осылардың əрқайсысына қысқаша тоқталайық.1. Сызықтық - оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен кезектестіріліп отырылады. 2. Тармақтық - оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат сөздермен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.3. Адаптивті - өзінің меңгеру дəрежесіне қарай жаңа материалдың күрделілік дəрежесін өзі таңдау, сөздіктер мен анықтамаларды қолдана алу.4. Аралас бағдарламада сызықтық тармақтық, алгоритм бойынша есептеуді қолданады.5. Блок түрінде беру бағдарламасы оқушылардың əртүрлі интеллектуалды операцияларды орындауында, алған білімдерін есеп шығаруда пайдалануына мүмкіндік береді.6. Модульді оқыту - блоктық оқытудың жетілдірілген түрі. Мұнда оқушылар модульдерден тұратын оқу бағдарламасымен жұмыс істейді.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, рөлдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тəртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысы жəне мазмұны туралы өзара талқылайды. Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын үдерісінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға жəне бағытын өзгертуге хақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының əрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті: ойын əрекеттерін, нəтижелерін, ұпай санауды бақылау жəне түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нəтижесін талдау, талқылау жəне бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз позицияларын жəне шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы əңгімелейді. Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интербелсенді режимдегі теледидар сабақтары жатады.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
пассивті - оқушы оқытудың <<объектісі>> рөлін атқарады (тыңдау жəне көру); активті (белсенді) оқушы оқытудың <<субъектісі>> болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялықпрактикалық жұмыс);
интербелсенді - inter (өзара), akt (əрекеттесу). Оқыту барысындежеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бəрі өзара қатынасқа түседі. Əр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бірбірімен сөйлесу жəне өзара əрекеттесу барысында жүзеге асады. Интербелсенді оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мəселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу үдерісінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл модельге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді. Интербелсенді оқыту - бұл танымдық қызметті ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол əбден нақты əрі болжамды мақсаттарды білдіреді. Мұндай мақсаттардың бірі - тыңдаушы өзінің ақыл-парасатының толымдылығын сезінетіндей қолайлы жағдай жасау, бұл оқу үдерісінің өзін өнімді етеді. Интербелсенді əдістер оқу қарым-қатынастары ортасын құрады, ол:
ашықтықпен;
қатысушылардың өзара əрекеттестігімен;
қатысушылардың дəлелдерінің теңдігімен;
бірлесе білім жинаумен;
өзара бағалау мен бақылау мүмкіншілігімен сипатталады.
4. Техникалық (оның ішінде оқытудың да) және инструментальдық құралдар: проектор, диафильм, слайд
5. Сабақтарды өткiзу тәртібі: Семинар- пікір-талас
1.Үй тапсырмасын сұрау
2. Глосарий жазу
3. Тест құрастыру
5.Үй тапсырмасы:
1.Ұсынылған құжаттармен танысу.
2. Слайд жасау.
3. Эссе жазу.
6.Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі)
1-деңгейдің сұрақтары
1. Педагогикалық технологиялардың негізгі алгоритмдері
2-деңгейдің сұрақтары
1. Белсенді оқыту технологиялары.
7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері: 1. Педагогикалық технологиялардың негізгіалгоритмдері.Белсенді оқыту технологиялары. ЭССЕ
8. Қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау (қажет болғанда) ережесi:Техниканың тетіктерін дұрыс қолдану, сабақ біткенде сөндіру.
9. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Беспалько В.П. Слагаемые педагогический технология. Н,1989.
2. Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері. Оқу құралы. - Алматы: Білім, 2009. - 424 б.
3. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике. Рига, 1995. - 176с.
4. Қабдықайырұлы Қ, Монахов В.М.және т.б. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. А, Республика баспа кабинеті 1999. -149 б.
5. Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. Алматы, <<Мектеп>> 1981.
6. Сабиров Т. Оқыту теориясының негіздері. А.1993. - 94 б.

Ұқсас жұмыстар
Жаң оқыту технологиялар
Интегралды оқыту технологиясы
Ойын технологиялары
Шығармашылық стратегиясы
Инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
Ұбт-ға дайындық
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқыту үрдісінде қолдану
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
Пәндер