Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

4-КҮН

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

4. 2-дәріс

Қалыптастырушы бағалау процесі.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

Қалыптастырушы бағалау әдістері

Слайд
Мәтін
Слайд: 1
Мәтін:

Дәріс тақырыбы - Қалыптастырушы бағалау процесі. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар. Қалыптастырушы бағалау әдістері.

Қалыптастырушы бағалау - оқушылар мен білім алушылар арасындағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз ететін және оқушыға оқуға қажетті көмек пен қолдау көрсетуге, қажет болған жағдайда оқу процесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін бағалау түрі.

Слайд: 2
Мәтін:

Қалыптастырушы бағалау процесі

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.

Кестеде (слайдта) жарияланған әдебиеттерді талдау негізінде анықталған формативті бағалау құрылымы келтірілген. Ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды бағалау процесіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру, яғни, қалыптастырушы бағалау - көптеген өзара байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірибесі.

Тиімді оқу, оқыту мақсатында білім алушылардың оқу процесіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау процесі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімдердің қалыптастырушы бағалаудың әр түрлі әдістерін қолдануы оқыту мен бағалау процесін кіріктіруге мүмкіндік береді.

Слайд: 4
Мәтін:

Мұғалім қызметіндегі қалыптастырушы бағалау процесі келесі кезеңдерді іске асыруды талап етеді:

- қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру;

- қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен әдістерін таңдау;

- оқыту және оқу процесінің бір бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалауды өткізу;

- кері байланысты ұсыну;

- қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

- қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауына сәйкес оқыту мен оқуды түзету.

Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім:

  • оқушының оқуда қаншалықты «ілгерілегенін» айқындай алады, өзінің оқыту әдіс-тәсілдеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды;
  • бағалау тәсілдерінің қайсысының оқудың жақсы жүзеге асып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретінін шешеді;
  • қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және салыстырады;
  • оқушылардың оқуы жайында барынша мол ақпарат алады, мысалы, ауызша сауалнамалар, оқушылардың топтық әрекеттері, тапсырманы өз бетінше орындау, тақырыптық зерттеулер, рөлдік ойындарды ұйымдастыру және қадағалау арқылы. және т. б.
Слайд: 5
Мәтін:

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру Қалыптастырушы бағалау процесін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі.

Мұғалім оқу процесіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды (https://smk. edu. kz/) .

Слайдта бағалау құралдарын әзірлеу процесінің жалпы сызбасы ұсынылған.

Слайд: 6
Мәтін:

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге келесі қадамдарды ұсынуға болады:

Алдымен: пәннің оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

Екінші: оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

Үшінші: тапсырма құрастыру кезінде саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру;

Осыдан кейін бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

Соңында әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру.

Слайд: 7
Мәтін:

Мұғалім тапсырманы оқу мәнмәтінін, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды немесе құрастырады .

Келесі кезекте қалыптастырушы бағалау тапсырмасын әзірлеу кезеңдерін толығырақ қарастырайық.

Слайд: 8
Мәтін: Жоғарыда келтірген алгоритмге негізделетін болсақ, тапсырма әзірлеудің 1-кезеңі оқу бағдарламасын, пәннің ұзақ мерзімді жоспарын талдаудан басталады. Тақырыптар аясындағы оқу мақсаттарына талдау жасап, бағаланатын оқу мақсаты/мақсаттары таңдалады.
Слайд: 9
Мәтін:

Тапсырма әзірлеудің 2-кезеңі - оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарының негізінде бағалау критерийлерін құрастыру

Бағалау критерийлерін анықтау үшін келесі сұрақтардың төңірегінде ойланып көрейік:

  • Практикада объективті бағалау бар ма?
  • Бағалаудың шынайылығы неден көрінеді?
  • Бағалау шынайы болуы үшін қандай талаптарды орындау керек?
  • Бағалау критерийі деген не?
  • Бағалау критерийлері қандай болуы керек?

Бағалау критерийі - білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. Бағалау критерийі оқу мақсаттарына жету қалай тексерілетінін көрсетеді, яғни, оқушы оқу мақсаттарына жеткенін көрсету үшін нені орындау қажеттігін сипаттайды. Сондықтан бағалау критерийлері өлшемді , оқушының оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтайтындай болуы керек. Сонымен қатар бағалау критерийлері орындалатын , яғни оқу мақсаттарына сәйкес анықталған болуы тиіс және оқу мақсаттарының аясынан шықпауы керек. Олар мұғалім мен оқушы үшін нақты, анық және түсінікті болуы тиіс.

Слайд: 10
Мәтін: Оқу процесіне қатысушылардың барлығы оқушы оқу мақсатына қандай нақты әрекет арқылы жеткенін көрсетуі қажет екендігін түсінуі тиіс, мысалы атау, анықтау, көрсету, шешу.
Слайд: 11
Мәтін:

Оқу мақсатына сәйкес қанша бағалау критерийі болуы тиіс?

Бағалау критерийлерінің санын көбейтпеген жөн. Әдетте, оқу мақсатының маңызды тұстарын бағалау орынды болып табылады. Сондықтан бағалау критерийлерінің санын азайтыңыз, барлығын қамтуға тырыспаңыз. Оқу мақсаттарының деңгейі мен көлемін есепке алыңыз

Слайд: 12
Мәтін: Тапсырма әзірлеудің 3-кезеңінде , тапсырмаларды саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру қажет .
Слайд: 13
Мәтін:

Ойланып көрейік.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: бұл неліктен маңызды?

Ойлау дағдыларының деңгейі - әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.

Дағдыларды дәл анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Критериалды бағалау жүйесінде ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың аясында қарастырылады:

  • білу және түсіну;
  • қолдану;
  • жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау) .
Слайд: 14
Мәтін: Бағалау критерийлерін Блум таксономиясы бойынша тиісінше ойлау дағдыларының деңгейіне дұрыс сәйкестендіру, мысалы бағалау критерийі «Білу» немесе «Түсіну» деңгейіне сәйкес келетінін анықтау, мұғалімге күтілетін нәтижеге бағытталған оқушы әрекетін дұрыс таңдауға және соған сәйкес келетін тапсырманы әзірлеуге көмектеседі.
Слайд: 15
Мәтін:

Бағалау критерийлерінің сапасын бағалау үшін бірқатар талаптар белгіленген тексеру парағын қолдануға болады, мысалы:

  • Бағалау критерийі оқу мақсатымен байланысты
  • Бағалау критерийі нақты, анық және тиянақты
  • Бағалау критерийі бақылауға болатын (өлшенетін) нақты әрекетті сипаттайды
  • Бағалау критерийі ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес келеді
  • Бағалау критерийі күтілетін нәтижелерді көрсетеді

Тексеру парағын бағалау критерийлеріне сараптама жасау үшін пайдалануға болады.

Слайд: 16
Мәтін:

Тапсырма әзірлеудің 4-кезеңі - бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды әзірлеу .

Бағалауда қолданылатын тапсырмалар бірқатар талаптарға сәйкес құрылуы тиіс, атап айтқанда:

  • тапсырма оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес болуы керек;
  • тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі керек;
  • тапсырмалар сараланған болуы керек, яғни оқушылардың жеке ерекшеліктерін, нақты айтқанда қабылдау мен ойлау, жұмыс істеу қарқыны, пәндік және пәнүсті дағдыларының қалыптасу деңгейінің ерекшеліктерін ескеру маңызды.
  • тапсырмалар оқушыларды танымдық әрекетке ынталандыратындай алуан түрлі, нақты және түсінікті болу тиіс.

Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар түрлері және оларды әзірлеу ерекшеліктері, тапсырмаларды әзірлеуге қойылатын талаптар туралы алдағы сабақтарда толығырақ жеке қарастырамыз.

Слайд: 17
Мәтін:

Тапсырма әзірлеудің 5 кезеңінде әр тапсырмаға дескрипторлар құрастырылады.

Дескриптор дегеніміз не және оны әзірлеу барысында нені ескеру керек?

Дескриптор - тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.

Слайд: 18
Мәтін: Мұғалімнің қабылдаған шешімі объективті болу үшін тапсырмаларда қолданылатын дескрипторлар анық және нақты болуы қажет. Дескрипторлар тапсырманы орындауда оқушыға нақты қай жерде қиын болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға тиімді кері байланыс беруге және қайталап оқуға арналған бағдарламалық материалдың қажетті көлемін анықтауға мүмкіндік береді. .
Слайд: 19
Мәтін:

Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес процеске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. .

Мұғалімнің бағалауы

Мұғалімнің бағалауы кері байланыс түрінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

Өзін-өзі бағалау

Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек.

Өзара бағалау

Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы.

Слайд: 20
Мәтін:

Қалыптастырушы бағалау әдістері

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі тәсілін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т. б.

Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.

Қалыптастырушы бағалаудың ажырамас элементі мұғалім тарапынан және білім алушылар арасында қойылатын сұрақтар (сауал, диалог, әңгімелесу және т. б. ) болып табылады. Сондықтан сұрақтарды тиімді құрастыру техникасын меңгеруі, сыныпта диалогті қолдану мәдениетін дамытуы маңызды.

Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда қолдануға болады.

Слайд: 21
Мәтін:

Қалыптастырушы бағалау шеңберінде мұғалімнің күнделікті жұмысының мазмұны қандай?

Мұғалім құрастырылған бағалау критерийлеріне сәйкес, объективті көзқарасты ұстана отырып, оқушылардың оқудағы ілгерілеуін бақылайды, соның негізінде оқушыларды және ата-аналарды кері байланыспен қамтамасыз ете отырып, пәнді оқу мен түсінуде көмекші рөл атқарады, оқушыларды оқуға ынталандырады.

Мұғалімнің күнделікті тәжірибесіндегі қалыптастырушы бағалаудың негізгі стратегиялары:

  • оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін анықтау және білім алушыларға ұсыну;
  • білім алушылардың оқуы туралы дәлел жинауға бағытталған сынып ішіндегі оқу қызметін ұйымдастыру;
  • білім алушылардың дамуына ықпал ететін конструктивті кері байланыспен қамтамасыз ету;

Ұқсас жұмыстар
Етістіктің шақтары. 11 сынып
Тапсырма түрлері
Қалыптастырушы бағалау әдістері
Ондық бөлшектерді дөңгелектеу
<<оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау>> модулі бойынша <<қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері>>
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
Қалыптастырушы бағалаудың шарттары
Критерий арқылы бағалау
Центрлік және осьтік симметрия
Сабақ жоспарының үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz