Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану

СОӨЖ

Тақырыбы: Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиялары

Орындаған:Б.Т. Саитов

Жоспар:
1.Кіріспе
2. Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиялары
3.Қортынды
4.Әдебиеттер

1.Кіріспе
<<ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры>> болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бүгінгі заман талабы - қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдалану маңызды болмақ. Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация - ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады. Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.

2.Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиялары
КТ түсінігі, ақпарат алмасу, жіберу, сақтау, өңдеу, жинаудың әдістері мен тәсілдерін жинақтайтын жалпыланған түсінік. Ақпараттық және коммуникативті технологиялар күннен күнге білім берудің әр түрлі салаларына енгізілуде. Бұның бірнеше себептері бар, қоғамның ақпараттандырылуы, жоғарғы санатты мамандарды дайындау қажеттілігі. Соған қоса, қазіргі заманғы мұғалімдер мектептер мен білім беру мекемелері жаңа компьютерлік технологиялармен, бағдарламалармен жабдықталуда. Бұл технологиялар мен бағдарламалар көмегімен қазіргі заманғы мұғалімдер өз білімдерін жетілдіре, көрсете алады. Ақпараттық-Коммуникациялық технология (АКТ) - бұл ақпаратты өңдеудің алгоритмдерін, тәсілдерін, механизмдерін, құралдарын сипаттайтын жалпылама түсінік. АКТ қазіргі заманғы маңызды құралы компьютер болып табылады.
Жалпы ақпараттандырудың жақсы да, жаман да жағы бар. АКТ қолданылатын сабақтар қызықты болады, оқушыларды пәнді басқаша, дәстүрлі емес түрде меңгеруге мүмкіндік береді, оқушыға тек рецепиент қана болуға ғана емес, сонымен қатар жағдайды модельдейтін белсенді қатысушы болуға мүмкіндік береді, ал бұл пәнді меңгеруде жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде балаларға жүктелетін ақпарат қоры үлкен, зейінін тез жинақтай алмайтын, қажеттісін есте сақтап және қажет емесін сұрыптай алмайтын оқушылар зейінсіз және енжарлау болады, оларда оқуға деген қызығушылық және уәж жоғалады. Психологтардың ойынша: <<Зейінді болудың ең жақсы әдісі - өз жұмысын ешқашанда зейінсіз орындамау!>>. Бұны жүзеге асыру үшін, мұғалімдерге, тек сапалы оқытып қана қоймай, соған қоса қажет ақпаратты қайдан және қалай табуға болатынын үйрету қажет. Қазіргі жасөспірімдер компьютерлік ойындарға тәуелді болып келеді. Компьютерлік ойындарға көп көңіл бөлетін оқушылар оқуға, жаңа білім алуға қызықпайды. Жасөспірімдер өздеріне ыңғайлы болатын, өздерін суперқаһарман ретінде сезінетін виртуалды әлемде өмір сүреді. Ал біз, олармен бір тілде сөйлесу үшін, олардың тілдерін меңгеруіміз қажет және алған ақпаратты дұрыс қолдануға үйретуіміз қажет. Ал екінші проблема, бұл оқытудың жекеленуі (индивидуализациясы) әсерінен, оқушылардың құрдастармен, мұғалімдермен қарым-қатынасының бәсеңдеуі. Баланы тек компьютер-оқушы түрінде оқыта берсе, жанды қарым-қатынастың жеткіліксіздігінен, оқушы өзінің ауызекі тілін дұрыс қалыптастыра алмайды.
Интернет, АКТ-ның құралы ретінде, нағыз көмекші, ақпарат көзі және оқытудағы маңызды құрал болып табылады. Бірақ орынсыз қолданған кезде, ол оқушыларды дамытудың орнына, керісінше дамуды тоқтатуы мүмкін. Интернетте дайын рефераттардың, үй жұмыстарының, шығармалардың қоры көп екені барлығына белгілі, ал бұл оқушылардың дамуын тежеп, танымдық белсенділікті және оқытудың тиімділігін төмендетеді.
Сондықтан, тек АКТ қолданылуы дұрыс берілген және мөлшерленген кезде ғана, ол оқытудағы нағыз көмекші бола алады. Ол тек оқуға уәждеу ретінде ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға қалыптасуының нағыз тәрбиелік процессі ретінде қолданылуы мүмкін.
Жүз жылдан артық уақыт бұрын, әйгілі американдық өнертапқыш Т.А. Эдисон, алғашқы дыбыс жазатын құрал - фонограф жасағаннан кейін, дыбысты жазу, сақтау және шығару мүмкіндігі пайда болғандықтан, оқытудың барлық проблемалары шешілді деп айтты. Бірақ барлық проблемалар қазіргі таңда да шешілмегені анық.
АКТ сабақта қолдану, сабақты қызықты, әсерлі етеді. Шынымен, мысалға математикалық фигураны үш өлшемді кеңестікте көрген ыңғайлы, себебі оны айналдырып, барлық жақтарын көруге болады, өз құлыңда ұстап тұрғандай әсерде боласың. Немесе химиялық тәжірибенің нәтижесін әр түрлі реактивтерді араластыруды модельдеу арқылы көруге болады. География сабағында қалалардың суреттерін кітаптың беттерінен қарағаннан гөрі, АКТ көмегімен аралауға болады.
Оқыту процессінде жиі қолданылатын АКТ элементтері:
1. электронды оқулықтар,
2. интерактивті тақта,
3. электронды энциклопедиялар мен анықтамалықтар,
4. тренажерлер мен тестілеу бағдарламалары,
5. Интернет желісінің ресурстары,
6. суреттер мен иллюстрациялары бар DVD және CD дисктер,
7. видео және аудиотехника
8. электронды презентациялар,
9. интерактивті конференциялар мен конкурстар,
10. ғылыми-зерттеушілік жобалар мен жұмыстар.
Интерактивті тақтаны пайдалану дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру үдерісі.
Интерактивті тақтаны қолдану сабақтың жоспарын, қарқыны мен барысын жақсартуға көмектеседі. Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық тұспен қолдануды қарастырады. Интерактивті тақта көмегімен оқыту, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда айтарлықтай әсерлілеу, өйткені оның бірнеше артық тұстары бар:
- веб-сайттар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіндіктері бар және кез келген қосымшалардың, әрі веб-ресурстардың үстінен жазуға, көп уақыт шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез келген жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады;
- түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырады;
- ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады;
- жеке және әлеуметтік дағдыларды жетілдіреді;
- өтілген материалды қайталау үшін мектеп желісінде пайдаланылған файлдарды сақтауға мүмкіндік береді
- сақталған файлдар негізінде меңгерілген материалдарды тексеруді жеңілдетеді;
- педагогтарды кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандырады. |
Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың тиімді жолдары:
1. Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану;
2. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру;
3. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
4. Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
5. Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
1. Жалпы компьютерлік сауаттылық;
2. Оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу - заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Ұлы Абайдың: <<Адам баласы. Көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады>> деген даналығы педагог-классиктердің пікірлерімен ұштасады.
Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуге жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Өйткені берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырады.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы:
1. Мұғалімге жаңа материалды сынып арасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді;
2. Кез келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;
3. Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай, тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға және баспаға беруге және материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді
4. Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады
Оқушылар үшін интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы:
1.Сабақты қызықты етеді және оқушы мотивациясын дамытады;
2. Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік береді
3. Оқыту материалының түсінікті, тиімді және өзгермелі берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл және тез қабылдайды
4. Оқушылар шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды және өздеріне деген сенімі арта түседі.
Қорыта келгенде интерактивті тақтаны қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде интерактивті тақтаны сабаққа пайдалануды оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, табиғат құбылыстарының дыбысы мен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі аланты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор

3.Қорытынды
Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялық - педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.
Бүгінгі басты мәселеміз - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
ХХІ ғасыр - техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да - мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. <<Армансыз адам қанатсыз құспен тең>> демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.

Әдебиеттер:
1. <<Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту>> Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
3. Интернет жеғлісі www.google.com

Ұқсас жұмыстар
Білімді бақылау
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Физикада инновациялық технологияны пайдалау
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ақпараттық технология
Ақпараттық технологияны сабақта қолдану
Негізгі құралдар
АКТ негізінде оқыту құралдары оқушы мұғалім
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Пәндер