Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ата сөзі санамада

Тақырыбы: Әдеп-ең қымбат мирас
Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу, сәлемдесу, қонақ күту,
сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, қанатты сөздер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, пікір алысу, әңгімелеу, мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Шеңберге орналасу, амандасу. - Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық.
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, Жер-Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Сіздерді көрсем қуанам!
- Енді қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз!
ІІ.Қатысушыларды таныстыру. - Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! <<Әдеп - ең қымбат мирас>> ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.Алдымен әрбір бала өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез-құлық көрсекіштеріне байланысты өздерін таныстырып өтеді.
Мысалы: мейірімді Мерует, әдепті Әсел және т.с.с.
ІІІ.Мақал-мәтел айту.
Мұғалім сөзі: - Тәрбие сағатын әдеп туралы мақал-мәтелдермен ашайық, кәне, кім қандай мақал айтады екен?!
* Бала тәрбиесі бесіктен.
* Әдепті бала -- арлы бала,
Әдепсіз бала -- сорлы бала.
* Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
* Тәрбиелі адам -- тағалы атпен тең.
* Жақсылық еккен алғыс орады.
* Итті күшігінде үйрет.
* Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас.
* Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
* Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
* Адам әдебімен көрікті.
* Әдеп басы - тіл.
* Әдепті дегенше, әдемі десейші.
* Әйел -- әдептің әліппесі.
* Тәрбие басы -- тал бесік.
Өте жақсы, әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді. Әдеп туралы мақал-мәтел көп біледі екенсіңдер. Ал, енді осы әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде өздеріңнің пікірлеріңді тыңдайық.
ІV. Пікір алысу:
1 - оқушы: - Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
2 - оқушы: - Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?
Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті.
3 - оқушы: - Үлкен кісілерге <<Ассалаумағалейкум>> деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.
4 - Оқушы: - Неге? <<Ассалаумағалейкум>> деп амандаспасан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?
5 - Оқушы: - Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтық дәстүр, халықтық әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.
6 - Оқушы: - Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?
7 - оқушы: - Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.
8 - оқушы: - Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын.
9 - оқушы: - Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта <<Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді>> деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
10 - оқушы: - Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.
V. Мәнерлеп оқу
1- бала: Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре-сарсаң әлегің.
2 - бала: Атам маған әмәнда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамада.
Жасы үлкенге жол берем.
3 - бала: Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
4 - бала: Атам маған әмәнда
Кішіпейіл бол деген
Атам сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
5 - бала: Атам маған әмәнда
Әділеттті бол деген
Ата сөзі санамда
Жүрем тура жолменен.
6 - бала: Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
7 - бала: Апаның тілін алса егер
Тамақ ішсе іш десе
Демал десе демалса
Суға түссе, түс десе.
8 - бала: Қолынан мұндай баланың
Күш болады күш десе
Іс келеді, іс десе
Шынығып өсіп толады
Үлкен жігіт болады.
9 - бала: Кім үлкенді тыңдаса
Кім үлкенді сыйласа
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
10 - бала: Ата-ананың тілегі
Адам болып өскені
Адамдықтың белгісі
Адам болып өскенің.
11- бала: Көршілерді көргенде
Сыйлап сәлем беремін
Әдепсіз деп сөкпесін
Анама айтып өкпесін.
VІ. Мұғалімнің әңгімесі(тақтадағысуретті пайдалану). Ақын, әрі ұстаз Әдібай Табылдиев аталарың: <<Халықтық дәстүрді қадірлей білмеген бала - әдепсіз бала. Сен өз басыңа өзің қызмет ете алмасаң, яғни өмірде қалыптасқан қағидалар мен әдептілік рәсімдерін орындамасаң, кісілікке бастайтын көп әдептілікті орындамай, опық жейсің. Өзіңе-өзің қызмет ет: кісі бол>>, - деп ақыл айтады. Әдеп - ең қымбат мирас. Осыны естен шығармайық.
ҮІІ. Қортынды. Мұғалім сөзі: - Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік? Қандай жаңалық болды? Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай боды?
(Тақтада жағымсыз әдеттердің бейнесі ілінген, оқушылар сол бойынша қысқаша өз ойларын білдіреді.)
- Балалар біздің сыныбымызда өзіміз айтқан қиқар, жылауық, сотқар, өтірікші, күлегеш, қаңғыбас балалар жоқ шығар. Тек бізде біраз сабаққа жалқау, таза жүрмейтін салақ балалар кездесіп қалады. Бүгіннен бастап осы жаман әдеттеріңді тастап, жақсы әдеттерді үйреніңдер, жоғарыда айтқанымдай ұстаз-ғалым, ақын, жазушы Әдібай Табылдиев аталарың келешекте әдепті балалар өз міндеттерін ұмытпасын деп мынадай тапсырма берді, қалай орындау қолымыздан келе ме?
Әдібай атаның тапсырмасы.
1. Бір мезгілде ұйықтап, белгілі уақытта оянып үйрен.
2. Ерте тұрып, таза ауада денеңді шынықтыр.
3. Күнде таңертең салқын сумен жуын.
4. Көшеде жүргенде, көше тәртібін сақта.
5. Көшеде, көпшілік орындарында әдеп сақта.
6. Үй жинауды, еден сыпыруды, ыдыс-аяқ жууды ұмытпа.
7. Үлкендердің, ата-ананың тілін ал.
Сабақты Ә.Табылдиевтің <<Бос өтпейді минутым>> өлеңімен аяқтау. (Балалар шеңберде тұрады)
Орнықтырып әдеппен Есептеулі сағаттар,
Оқу, еңбек, ойынды. Еш өтпейді күнбе-күн.
Оқушылық әдеппен Еш өтпейді сабақтар.,
Орындаймын ойымды. Бос өтпейді минуттер

Ұқсас жұмыстар
«Әдептен озбайық» ашық тәрбие сағаты
Әдеп - ең қымбат мирас
Әдеп – ең қымбат мирас жайлы ақпарат
Атам сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем
Қош бол, сүйікті Әліппем Қош бол, құтты Әліппем
Қарттарым – асыл қазынам
Қарияларды қадірлейік, 3-сынып
Ғалымның ақылы басында, Ананың ақылы жасында
Ата сөзі санамда
Қарттарым - асыл қазынам жайлы ақпарат
Пәндер