Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Отан ордені

КИТК директорының
оқу-ісі жөніндегі
орынбасары
Ж. Қонақбаев___________
<<__>> ___________2015ж

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: <<Ер есімі - ел есінде>> атты ашық-тәрбие сағаты
Өткізілетін уақыты мен күні: 18.02.2015 жыл, сағат 14.00-де
Өткізілетін орны: 7 кабинет

Мақсаты:
> Бейбітшілік пен келісім, үлкендерге құрмет, ата-баба мұрасын көздің қарашағындай сақтау секілді, халқымызға тән құндылықтарды көбейту болып табылады;
> Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
> Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру;
> Студенттерге Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту;
> Үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, шарлар, Ұлы Отан соғысының батырларының суреттері, Ұлы Отан соғысына қатысқандар туралы үзінді фильмдер.
Өтілу барысы: топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.
Әнұран айтылады. (барлығы түрегеліп әнұран айтады).
Жүргізуші1(нурдаулет) - Армасыздар қадірлі ұстаздар, студенттер, жиналған қауым. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Жүргізуші2 (сабира) - Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда Ұлы жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы жеңістің 70 жылдығы.
Жүргізуші1 (нурдаулет) - жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше бүгінгі <<Ер есімі - ел есінде>> деп аталатын ашық тәрбие сағатымыз жеңіске, оның ішінде екі мәрте Кеңес одағының батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигельдиновқа арналған.
Жүргізуші2 (Сабира) - <<Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында>> Біз Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық Қазақстандық батырлардың аты жөндерін біліп, оларды құрметтеуге міндеттіміз>> -дей келе ардагерлер ерлігін ұрпақ жадында сақтаудың маңызын айрықша атап өтті>> -деді Бауыржан. Байбек ағамыз. Ендеше ашық сабақты бастамастан бұрын 1941 жылы 22-маусымда басталған Ұлы Отан соғысы туралы және оған қатысқан азаматтар мен азаматшалар туралы мәлімет көріп алсақ. (интерактивті тақтадан көрсетіледі). Яғни 1941 жылы 22- маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Жүргізуші1(нурдаулет) - ендегі кезекте Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің өмірбаяны туралы қысқаша айтып өтсек. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов генерал-майоры, Кеңес одағының екі мәрте батыры, <<Барыс>> орденінің иегері. 1922 жылы 5 тамызда Сарыарқаның кең байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған. Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман есен өтеді. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды. Ал қан майданға аттанар алдында ижевск қаласынан <<ИЛ-2>> штурмовигімен ұшуды үйреніп, шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында <<ұшқыш танк>> деп аталды.
Жүргізуші2 (сабира) - бұл түсірілім бір жыл көлемінде жүргізілген тарихи деректі сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарын ел қорғауға шақырылған 19 жастағы жігіттің тағдыры туралы баяндалады. 1942-1945 жылдары соғыс отын кешкен кейіпкердің тағдыры ешкімді бейжай қалдырмайды. Қыр баласы фашистер <<ұшқыш танк>> деп атап кеткен өзінің Ил-2 ұшағымен алғашқылардың бірі болып Берлинді, Кавказ бен Украинаны азат еткен болатын. Ендеше барлығымыз Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновқа арналған <<Подняться в воздух>> деп аталатын кинофильмнен үзінді ұсынылады. Назарларыңызды бөліңіздер. (кинодан үзінді көрсетіледі)
Жүргізуші1 (НУРДАУЛЕТ) - келесі кезекті 10 топ студенті Айжырықұлы Кумисбектің орындауында <<Әлия>> әні.
Қобда, нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен
Аққу құстың бейнебір баласындай
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Әлия-ару қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!
Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан
Саған күнде жазылған көркем дастан
Саған күнде құшағын көктем ашқан.
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Әлия-ару қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!
Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып,
Туған жердің төсінде мәңгілікке
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Әлия-ару қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!

Жүргізуші2(сабира) - Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің марапаттарына келетін болсақ:
> <<Алтын Жұлдыз>> медалі (КСРО) Кеңес одағының батырлары 4619;
> <<Алтын Жұлдыз>> медалі (КСРО) Кеңес одағының батырлары 6554;
> Ленин ордені;
> 2 қызыл ту ордені;
> Александр Невский ордені;
> 1-ші дәрежелі Ұлы Отан соғыс ордені;
> Отан ордені;
> 1-ші дәрежелі Даңқ ордені;
> <<Астанаға 10 жыл>> медалі (2008 ж).
Жүргізуші1(нурдаулет) - келесі кезекті 10 топ студенті Төлеген Мейіржанның <<Анаға хат>> атты өлең шумағын ұсынамыз.
Хат жазамын майданнан
Мейірімшіл ғазиз-анама
<<жақыным-жарым>> дегенмен
Аңандай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас
Екі қолың жағаңда
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
Жүрегін оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа
Сабырдың суын бере көр, жаныңдағы жарана
Ажалсыз адам өлмейді, мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін, Арыма жаным садаға
Бұлт жамылып қар төсеп, мен жатырмын далада

10 топ студенті Жумадулла Айболдың <<Жеңіс солдаты>> атты өлең-шумағын ұсынамыз.
Соққанда жылына бір Жеңіс күні
Жанының жазылғандай кеңістігі
Қарт солдат өз полкінің туын ұстап,
Білдірмей жалғыз аяқ кемістігін
Алаңға шығушы еді таңғы шақта,
Полктас бауырларын сан құшақтап
Қасқайып тұрушы еді алғы сапта,
Соңынан тізілетін жауынгерлер
Отанның әр тұсынан келген ерлер,
Жарқырап өңірінде ордендері
Бір кезде алып берген елге жеңіс,
Сарбаздар бірте-бірте келмей тегіс
Жыл санап сирек тартып бара жатты
Сарқылап сабасынан бейне теңіз
Қырық жыл, қырық қатар жиналысқан
Сағынып, бір біріне туу алыстан
Туған жер аспанында айқұш ұйқыш
Жол қалып, қарт бүркіттер зулап ұшқан
Кездесіп тоғызыншы май мейрамында
Алысқан ғарасаттың майданында.

10 топ студенті Шаталов Давидтің <<До свиданья мальчики>> атты өлең-шумағын ұсынамыз.
Ах, война, что ж ты сделала подлая
Стали тихими наши дворы
Наши мальчики головы подняли
Повзрослели они до поры
На пороге едва помаячили
И ушли за солдатом - солдат
До свиданья мальчики! Мальчики,
Постарайтесь вернуться назад
Нет, не прячьтесь, вы будьте высокими
Не жалейте ни пуль, ни гранат
И себя не щадите вы, и все таки
Постарайтесь вернуться назад.
Ах, война, что ж ты сделала подлая
Вместо свадеб-разлуки и дым.
Наши девочки платьица белые
Раздарили сестренками своим.
Сапоги-ни куда от них денешься?
Да зеленые крылья погон...
Вы наплюйте на сплетников, девочки,
Мы сведем с ними счеты потом.
Пусть болтают, что верить вам не во что,
Что идете войной наугад,
До свиданья, девочки! Девочки,
Пострайтесь вернуться назад.

Жүргізуші2(сабира) - ендегі кезекті 10 топ студенттерінің орындауында <<Катюша>> әні шырқалады.
Шешек атып өрік алма ағашы
Бозғұлт тұман өзен үстінде
Келді өзенге келді катюша қыз
Келіп тұрды жалынды өзенге
Келді өзенге келді катюша қыз
Келіп тұрды жалынды өзенге

Сол бір кеште қыздың салған әні
Сол бір кеште аспан әлемі
Шекарада жатқан жауынгерлерге
Катюшаның айтқан сәлемі
Шекарада жатқан жауынгерлерге
Катюшаның айтқан сәлемі

Ұқсас жұмыстар
Менің Отаным - Қазақстан Біздің Отанымыз-Қазақстан
Берлинге жеткен атам
XVII-XVIII ғасырлардағы Италия
Бүгінгі тәрбие сағаты кіммен таныстыңдар
М. ғабдуллин «батыр бауыржан»
Отты жылдарда Отан үшін отқа түскен майдангерлердің қатарында
Қазақстандық "флоренс найтингейл" медалі иегерлері хақында
Біздің мақтанышымыз-Мұхтар аға
Ш. Мұртаза бала тұрар жайлы ақпарат
Дина Нұрпейісова өмірімен және оның Тойбастар күйімен таныстыру
Пәндер