Бала әрекеті

Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Әлеуметтік орта.
Бөлімдері: Айналамен таныстыру. Тіл дамыту. Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік, танымдық және әлеуметтік құзыреттілігін дамыту.
Оқыту аспектісі: балалардың үй жануарлары, олардың пірлері және адамға әкелетін пайдасы туралы білімдерін кеңейту; талқыланып жатқан тақырып бойынша өз ойларын дұрыс қалыптастырып, білдіру дағдысын бекіту.
Дамыту аспектісі: үй жануарлары мен олардың төлдерін ажырату және атауын дұрыс атауға, үй жануарларының дыбысына еліктеуге, малдың енесі өз төлін қалай еркелетіп атайтынын жеткізе білуге жаттықтыру; есте сақтау қабілетін, жолдасының сөзін бөлмей, зер салып тыңдау икемділігін дамыту; белгілі ереже бойынша топта өзара әрекет ету дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелеу аспектісі: балалардың өзіне және айналасындағыларға жақсы сезімін ояту, үй жануарларына сүйіспеншілігін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімін ояту және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: үй жануарларының суреттерін қарастыру, үй жануарлары туралы әңгімелесу, үй жануарлары туралы көркем шығармалар оқу, бақылау.
кезеңдері
қызығушылық:
- «Шаттық
шеңбер»
Балаларды шеңбер жасауға шақырады:
- Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?
- Ол неге ұқсайды?
- Ендеше біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.
- Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.
- Қайырлы таң, көздерім сендер ояныңдар (көздерін уқалайды)
- Қайырлы таң, құлақтарым сендер ояныңдар (құлақтарын уқалайды)
- Қайырлы таң, саусақтарым сендер ояныңдар (шапалақтайды)
- Қайырлы күн, сенде ояндың ба? (жымиып күледі) . Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таң атты. Сәлеметсіздер ме! (қонақтармен амандасады)
- Бүгінгі күніміз жақсы болсын, көңілді болайық, деніміз сау болсын, татулықпен, достықпен бәріміз сабақ барысында бір-бірімізге тек жақсы көңіл сыйлайық.
Алдар көсе:
Мен ақылды-қу Алдар көсемін,
Басқаларға ұқсамайтын, өзгешемін.
Сендер де көп білсе деймін,
Сұрақтарыма жауап берсе деймін.
- Мен жанды көлік болып есептелетін өзімнің жануарымда келдім. Ол қандай жануар екенін білгілерің келсе, маған сұрақтар қоюларыңа болады
- Иә.
- Жоқ.
- Бар.
- Иә. Таптыңдар ма, қандай жануар екенін?
- Олай болса, менің жануарым секілді дауыс шығарыңдар.
- Жарайсыңдар. Тауып алдыңдарма. Мен сендерге қазір сый тартар едім, бірақ менің сиқырлы сандығым тек қана, өз ақылын және білімін көрсететін балаларға ғана ашылады. Осындай сынақтардан өтуге дайынсыңдар ма?
Қызығушылық танытады.
- Шеңбер кішкентай.
- Ол допқа және шарға ұқсайды.
«Шеңберді үрлейді»
Үлкенмен бірге мәтіннің сөзін және қимылын қайталайды.
Тыңдайды.
- Оның тұяғы бар ма?
- Ал өркеші бар ма?
- Оның құйрығы бар ма?
- Сұлы мен шөп жей ме?
- Иә.
Есектің дауысын келтіреді
- Иә.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
1-тапсырма:
«Жылдың қай мезгілі екенін анықта»
2-тапсырма:
«Үй жануарлары мен олардың төлдерін ата»
3-тапсырма:
«Малдың пірлерін ата»
Сергіту сәті
«Малдың баласын сүюі»
4-тапсырма:
«Малды қалай шақырады?»
5-тапсырма:
«Төрт түлік малдың адамға берер пайдасы »
Өзінің «сиқырлы» шапанының қалтасынан сызбада көрсетілген бірінші тапсырманы алып, оқиды, оны тақтаға қояды.
Балаларға суретте қай жыл мезгілі бейнеленген және неге екенін анықтауды ұсынады.
Өзінің «сиқырлы» шапанының қалтасынан сызбада көрсетілген екінші тапсырманы алып, оқиды, оны тақтаға қояды.
Үй жануарлары мен олардың төлдерін атауды ұсынады.
Өзінің «сиқырлы» шапанының қалтасынан сызбада көрсетілген үшінші тапсырманы алып, оқиды, оны тақтаға қояды.
Сурет көрсетеді:
Қой атасы - Шопаната
Түйе атасы - Ойсылқара
Сиыр атасы - Зеңгібаба
Жылқы атасы - Қамбарата
Ешкі атасы - Сексеката
Балаларды шеңберге тұруға шақырады:
1. Қой сүйеді баласын «қоңырым», -деп,
«Ештеңені білмеген «момыным!»-деп.
бә-бә-бә
2. Сиыр сүйеді баласын «торпағым», -деп,
«Қараңғыда баспаған «қорқағым», -деп.
мө-мө-мө
3. Түйе сүйеді баласын «боташым», -деп,
«Жас судырған көзіңнен «тоташым», -деп
бө-бө-бө
4. Ешкі сүйеді баласын «лағым», -деп
«Тастан тасқа секірген «шұлағым», -деп.
мә-мә-мә
5. Жылқы сүйеді баласын «құлыным»-деп,
«Тұлпар болып жүгірген жұрыным»-деп.
Өзінің «сиқырлы» шапанының қалтасынан сызбада көрсетілген төртінші тапсырманы алып, оқиды, оны тақтаға қояды.
Балаларға адам малды қалай шақыратынын көрсетуді ұсынады.
Сурет көрсетеді.
Өзінің «сиқырлы» шапанының қалтасынан сызбада көрсетілген бесінші тапсырманы алып, оқиды, оны тақтаға қояды.
Балаларға төрт түлік малдың адамға қандай пайда әкелетіні туралы айтуды ұсынады.
Суреттер көрсетеді:
Ит
Мысық
Қой
Жылқы
Түйе
Сиыр
Ешкі
1 топ: күз мезгілі бейнеленген суретті жинайды
2 топ: қыс мезгілі бейнеленген суретті жинайды.
1 топ: үй жануарларын атайды.
2 топ: төлдерін атайды
Пірлерін атайды.
Үлкенмен бірге мәтіннің сөзін және қимылын қайталайды.
Жылқыны - «құрау-құрау»
Түйені - «көс-көс»
Сиырды - «әукім-әукім»
Қойды - «пұшайт-пұшайт»
Ешкіні - «шөре-шөре».
Үйді күзетеді.
Тышқан аулайды.
Жүн береді, одан жылы көрпе жасайды.
Биенің сүтінен қымыз дайындайды, оны көптеген ауруларды емдеу үшін пайдаланады.
Түйенің сүтінен шұбат дайындайды. Түйе адамға жүк тасуда көмектеседі.
Сүт береді. Сүттен ірімшік, май, қаймақ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz