Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сендер қандай көлік түрлерін құрастырдыңдар

Білім беру саласы: Қатынас
Білім беру бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: <<Көңілді көліктер>>
Мақсаты: Балаларға көліктер туралы түсінік беру.
Білімділік: Ойын арқылы ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын молайту.
Дамытушылық: Көліктердің атқаратын қызметі жайлы білімдерін кеңейту, аттарын, түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, ауызбіршілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көлік түрлерінің суреттері, көліктің дайын қиындылары, ұсақ ойыншық машиналар, машина рөлі.
Әдіс- тәсілдер: сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, жұмбақ жасыру.
Билингвалды компонент: көлік - машина, жүргізуші - водитель.
Қызмет кезеңдері
Этапы деятельности
Тәрбиешінің қызметі
Действия воспитателя
Мотивациялық
қозғаушылық/
Мотивационно-
Побудительный
Қайырлы күн қонақтар, бүлдіршіндер.
Амансыңдарма,балалар,
Күн сайын өскен саналар.
Саналы бол,талапты да, талантты,
Бүгінгі күн елімізге арналар,
Қане, балалар шаттық шеңберіне жиналамыз.

Шаттық шеңбері:
Сәлем саған алтын күн,
Сәлем саған көк аспан.
Сәлем саған жер ана,
Сәлем саған достарым,
Сәлеметсіздерме қонақтар.

Ұйымдастыру -
іздестіру/
Организационно -
поисковый

Қане, бір-бірімзге жылы лебіздер білдірейік: мейірімді бол, талапты бол, көңілді бол,т.б
Жарайсыңдар балалар қане орнымызға жайғасамыз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар,
- Қыс айларын атайықшы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Қыс мезгілінде күн қандай болады?
- Салқын ,суық, аязды, қарлы, боранды болады.
- Жарайсыңдар балалар, күн суық, ал сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?
- Көлік дегеніміз не?
- Көліктің қандай түрлері бар?
- Көліктерге не жатады?
- Көліктердің қандай пайдасы ?
- Міне, бүгінгі оқу қызметімізде көнде көріп жүрген , мініп жүрген көліктер туралы өтетін боламыз.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер тауып көріңдер?
Жұмбақ жасыру:
1. Құс сияқты құс емес,
Жүрседе тым биікте.
Қақпайды бір қанатын,
Жүрседе тым биікте . (Ұшақ)

2. Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі. (Қайық)

3. Жүргізуші жүргізеді,
Төрт аяқты батырды . (Жеңіл көлік)
Жарайсыңдар балалар, недеген тапқыр балалар едіңдер.

Бүгінгі оқу қызметімізде көліктер туралы әңгімелеп, ойын ойнайтын боламыз.
Балалар мына суреттерге қараңдаршы не бейнеленген, не көріп тұрсыңдар?
Көліктердің үш түрі бар. Олар адамға не үшін қажет?
1.Тас жолмен жүретін көліктер( машина,автобус. трактор)
Балалар көліктер жеңіл және ауыр көліктер болып бөлінеді.
Ауыр көліктерге нелер жатады екен? (камаз, трактор.)
2.Суда жүзетін көліктер?( қайық, кеме)
3.Әуеде ұшатын көліктер?(ұшақ, тік ұшақ,әуе шары.)
4. Темір жолмен жүретін көлік? (пойыз.)
Балалар жедел жәрдем көлігі кімдерге қызмет етеді?
Жол полициясы қандай қызмет атқарады?
Автобус, ұшақ, пойыз не үшін керек?
Балалар осы атаған көліктерді слайд арқылы бірге көрейік.
Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді;
Ұшақты - ұшқыш, машинаны- жүргізуші, кемелерді - кеме капитаны басқарады.
Бұл көліктердің пайдасы адамның жұмысын жеңілдетеді, алысты жақындатады.
-Дұрыс айтасыңдар, машина жүргізетін адамды кім деп атаймыз?
Жүргізуші- водитель, көліктер - транспорт.
Ал ендеше балалар ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: << Не қайда жүреді?>>
Ойынның шарты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көлік түрлерін (ұшақты аспанға, машиналарды тас жолға, темір жолға-пойызды, суға - қайықты ) жүру жолдарын тауып орналастыру.

Сергіту сәті:
Машинаны айдаймыз
Біз көшеде зулаймыз.
Оңға қарай бұрамыз,
Солға қарай бұрамыз.
Бап - бап дабыл қағамыз
Тежегішті басамыз
Балаларға үлестірмелі суреттер тарату арқылы 4 топқа бөлеміз.
(пішіндер тарату: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш)

Дидактикалық ойын: <<Суреттерге қарап көліктерді сәйкестендір>>
Ойынның шарты бойынша балаларға көліктердің суреттері және атаулары беріледі. Балалар көлік түрін атауларымен құрастырады және қандай көлік түріне жататынын атайды.
Рефлексивті -
түзетушілік/
Рефлексивно -
корригирующий
Қорытынды бөлім.
- Балалар біз қандай көлік түрлерімен таныстық?
- Сендер қандай көлік түрлерін құрастырдыңдар?
Балалар мен сендерге ойыншық машиналарды таратып беріп, қай көлікті атаймын сол көлікті тауып, көліктің қай түріне жататынын айтып беріп, оқу қызметін қорытындылау.
Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі.
Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді. Көліктің түрлерінің өзгеріп, көбейюі адамның қиялына, шығармашылығына байланысты екен.
Меңгерді: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады.

Ұқсас жұмыстар
«гүлдерай» тобына ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Машина өлеңі Н.Әлімқұлов
Көліктер.
Өрт сөндіргіш машина
Түлкінің кебісі
Әдемі гүлдер
Домбыра халық даналығы ересектер тобы
Кеңістікті бағдарлау
Бағдаршам құрастыру
Тақырып Көлік түрлері
Пәндер