Сипаттау әдістері

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Case-study әдісі
Тексерген: Жанкушков Б. О.
Орындаған: Нурлан А. Н.
Алматы, 2021ж
Кіріспе
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) - қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т. б. білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік - екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Комуникативтік құзыреттілікті дамытуда ең тиімді әдістердің бірі кейс стади тәсілдері.
Кейс-технология- шын және ойдан шығарылған жағдайларға негізделген қысқа мерзімді оқытуға арналған интерактивтік технология.
Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе-портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
1. КЕЙС-технологиялардың тарихы.
Кейс -стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В. А. Ясвин, К. Кристенсен, Э. хансен, М. В. Коротков, М. В. Кларин, А. И. Наумова, А. М. Зобина, М. С. Керимбаева, В. А. Канн-калик, Н. Д. Никандров, Б. Н. Киселева, И. В. Липсина, Г. А. Полонский, Д. Экинсон, И. Уилсондар қарастыруда.
2. Кейс-технологиялардың негізгі ерекшеліктері.
практикалық жағдайларды зерттеу;
болған жағдайларды баяндау;
оқушылар проблемамен (мәселемен) танысып, оны шешудің жолдарын іздейді.
3. Кейс-технологялардың негізгі мақсаты.
оқушылардың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру;
әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту;
ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету
Кейс-стади әдісінің идеялары
әдіс қойылған сұрақтардың бірнеше жауаптары бар болуы мүмкін болатын пәндерден білім алуға арналған;
үйрету оқушы мен оқытушының бірлесе шығармашылықпен айналысу дағдыларын қалыптастыруға негізделеді;
Әдісті қолданудың нәтижесі болып алған білімдері мен жұмыс жасау барысында қалыптасқан дағдылары есептеленеді.
Оқытушы - сұрақтарды қойып, жауаптарды ескеріп отыратын дискуссияны жүргізуші.
4. CASE-терді құрудың сатылары .
CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE - тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну) ;
2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.
3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.
CASE-STUDY (КЕЙС-СТАДИ) -функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы .
К ейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.
Белгілі жағдайды талдау - нақты немесе ойдан шығарылған жағдайды терең және бөлшектеп талдау.
Кейс-стадияның мақсаты: топ оқушыларының бірлесіп болған жағдайды талдау және практикалық шешім шығару.
Оқушыларға болған жағдайды толық мәлімдейтін мәтін ұсынылады.
Оқушылар жағдаймен танысады, оны өз-бетінше талдайды және оны шешудің бірнеше жолын табады.
үрдістің аяқталыу - ұсынылған алгоритмдерді бағалау және олардың ең үздігін таңдап алу
Кейс сабақтарында алдын-ала дайындалып қойылған жағдаяттар бойынша жұмыс істелді. Кейстік амал-тәсілде, әрбір топ өзінің шығарған шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдеді.
Әрбір топ сабақ соңында өз ойларын ортаға салады, сабақтың соңында тапсырманы қорытындылады.
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.
Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:
- Жағдайлар - кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.
- Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.
- Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.
- Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- Қосымшалар
Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.
Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.
- Жағдай моделін құру немесе таңдау.
- Сипаттауды құру.
- Қосымша ақпараттарды жинау.
- Ақырғы мәтінді даярлау.
- Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру.
CASE STUDY әдісі келесі дағдыларды дамытады:
1. Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т. б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.
3. Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.
4. Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану - топтарғабірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
5. Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама - қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т. б.
6. Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік талап етеді.
Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін.
Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты:
Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын - «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады.
Кестеде кейс - әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген.
2. Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау.
3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау.
2. Конструктивті анализ яғни, берілген функциялар негізінде құрылым құрылады.
2. Қызметті алгоритимизациялау және үлгілеу.
2. Трендттік модельдер құру арқылы болашақтың жағдайы анықталатын ізденісті прогностикалық талдау.
Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:
Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген.
Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері кейс - әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін.
Кейстердің бастаулары:
Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады. Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы - өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады.
Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс - әдіске үйлескен басқа оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
Ғылым - бұл бейнелік кешен ретіндегі кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады.
Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады.
Кейстің құрылымы:
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.
Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:
- Жағдайлар - кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.
- Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.
- Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.
- Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
- Қосымшалар.
Кейсті құрастыру сатысы:
Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.
Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.
- Жағдай моделін құру немесе таңдау.
- Сипаттауды құру.
- Қосымша ақпараттарды жинау.
- Ақырғы мәтінді даярлау.
- Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру.
Кейспен жұмыс істеуді ұйымдастыру:
Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз.
Сабақты ұйымдастыру сатылары:
Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы.
Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін:
- Кейс-стади мәтіні оқушыларға өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.
- Сабақ басында оқушыларға кейс-стади материалдарын білуі және талқылауға қызығушылығы анықталады.
- Кейс-стади негізінде жатқан басты мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі.
Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: - мәселелені шешуге арналған іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар оқытушы берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды.
Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы:
Бұл сатының негізгі міндеті: - кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz