Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Зат есімнің жіктелуі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есім және зат есімнің жіктелуі туралы білім білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру.
Зат есімнің жіктелуі туралы ұғымдарын кеңейту, бекіту, дүниетанымын шығармашылық қабілетін байқау, дамыту. Сауаты көркем жазуға дағдыландыру.
Қазақ тілін сүюге, адамгершілік және ақыл - ой тәрбиесін беру, белсенділікке өз бетімен жұмыс істеуге баулу. Оқушыларды еліне деген сүйіспеншілік мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Тақырып бойынша ойлануға дұрыс бағыт беру;
2. Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру;
3. Жеке тұлға ретінде қарастыру;
4. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдауға баулу;
5. Мұғалімнің еңбегін бағалауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Берілген білімді пысықтау.
Сабақтың түрі: Нәтиже, аралас.
Сабақтың әдісі: Практикалық, ізденіс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, семантикалық карта, ребус, пысықтау сынағы, т.б
Психологиялық дайындық:
-Әрбір адам?
Туысым, досым, жұрағат.
-Әрбір сөзің?
Шындық, бірлік, адалдық.
-Әрбір ісің?
Тірлік, тірек, адамдық.
-Әрбір сабақ?
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1.Алдарыңдағы бөліктерге бөлінген қағазда 2 жол өлең жолдары жазылған, оны дұрыс оқу үшін <<мозайка>> құрастыру керек.
-Оқушылар қағаздардан <<мозайка>> құрастырады.
2.Балалар, менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сендердің ше?
Ендеше, біз көңіл-күйімізді реттеу үшін мозайкадағы өлең жолдарын оқи отырып, қимылмен көрсетейік.
I-топ: (қимыл арқылы)
Қар жауады жапалақтап,
Балалар жүр шапалақтап.
II-топ:Балалар тон киеді,
Аяз беттен сүйеді.
III-топ:Қыс мезгілі тамаша,
Қуанамыз шаттана.
II.Үй тапсырмасын тексеру
I-топ: <<Ой қозғау>>.
-Зат есім деген не? Оның түрлерін ата? Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?
-Оқушылар <<ПОСТЕР>> бойынша қорғайды.
hello_html_m3b9508f0.gif
hello_html_3eba0e4.gif
hello_html_m44c4cc3f.gifhello_html_5daa6e72.gif
hello_html_m32636c2c.gif
II-топ: 108жаттығу.
-Берілген сөзді жекеше, көпше түрде жіктеп жазу.
-Түбір зат есім мен тәуелдеулі зат есімнің жіктелуінде айырмашылық бар ма?
-<<ПОСТЕР>> қорғау арқылы жауап беру.
III-топ:
-Тәуелденген <<кітабым>> сөзін септеу.
<<ПОСТЕР>> қорғау.
III.Негізгі кезең.
Сонымен, біз зат есімнің жіктелуі тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.
1)110-жаттығу.Топпен жұмыс
I-топ:Өлеңді мәнерлеп оқу.
II-топ: Өлеңнен жіктелген зат есімдерді тауып, қай жақта тұрғанын айту.
III-топ: Оларды жекеше, көпше түрде ауызша жіктеу.
2)Көркем жазу <<Күн суытты>>
-Бүгінгі күнді жазу.
<<Қаңтардың>> деген сөздегі <<ң>> дыбысының айтылу ерекшелігін <<н>> дыбысымен салыстыру.
<<ң>>- тіл арты дыбысы.
<<н>>- тіл алды дыбысы.
3)111жаттығу. Дәптермен жұмыс.
-Көп нүктенің орнына жіктік жалғауын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
3 оқушы тақтада, қалған оқушылар дәптерде орындайды.
4)<<Сәйкестендіру>> тапсырмасы. (интерактивті тақтада)
-Берілген зат есімдерді жіктеу ерекшелігіне қарай сызықпен қосу.
Әр топтан 1 оқушы орындайды.
5)<<Геометриялық фигуралар сөйлейді>>. Ауызша.(интерактивті тақтада)
-Фигуралардың қасиеттеріне тоқталу. Шаршы,тіктөртбұрыш,дөңгелек.
-Берілген жіктік жалғауларына сәйкес келетін зат есімдерді табу.
-Бұл сөздерге жіктік жалғауының әр түрлі жалғану себебін түсіндіру.
I-топ: Шаршының барлық қабырғалары тең. Сұрақтар: ..... сіз, ...сың.
II-топ: Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең. Сұрақ:
..... пыз, ...мыз.
III-топ: Шеңбердің радиусі мен диаметрі болады.Сұрақ: ...пын,...мын.
Сергіту сәті.
-Қалай жүреміз? -Міне былай.(қимылмен көрсетеді)
-Қалай жазамыз? -Міне былай.(қимылмен көрсетеді)
-Қалай тамақ ішеміз? -Міне былай.(қимылмен көрсетеді)
-Қалай ұйықтаймыз? т.б. -Міне былай.(қимылмен көрсетеді)
6)Карточкамен жұмыс (дарынды оқушыға)
№1.Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз:
Аңдар:
Құстар:
Өсімдіктер:
№2.бастауышы мен баяндауышы зат есім болатын сөйлем жаз. Оларды сөз табына талда.
(үлгерімі төмен оқушыға)
№3.Сын есімді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Сын есім деген не?
№4.Мақалдардың ішінен мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.
-Мейірімді алғыс алса,
Мейірімсіз қарғыс алар.
-Ақылды іс тындырар,
Ақылсыз тіс сындырар.
7)Ойын: <<Аққала>>
Берілген зат есімдерге сәйкес келетін жалғауларды тауып қою. Нағашыма, жүргізушісіңдер,
құрбысын, күшігіме, пеналымда.
IV.Қорытынды.
1)I-топ: <<Венн диаграммасы>>. Зат есімнің жіктік жалғауы мен септік жалғауын салыстыру. <<ПОСТЕР>> арқылы.
II-топ: 5 жолды өлең құрастыру. <<Қазақ тілі>> <<ПОСТЕР>> қорғау бойынша жауап беру.
III-топ: <<Қыс>> тақырыбына эссе жазу. Мәтіннен жіктік жалғауы жалғанған зат есімдерді табу. ПОСТЕР-мен. 1оқушы жазған шығарманы оқып дәлелдеу.
2) Үйге тапсырма беру.
115-жаттығу. 119 бет. Ережені жаттау.
3)Рефлексия. <<Екі жұлдыз, бір ұсыныс>>
Оқушылар алдарындағы стикерге сабақта қандай тапсырма түрлері ұнағанын және келесі сабақта нені білгісі келетіндерін жазу.
Жазған қағаздарын тақтаға апарып ілу.
V.Бағалау.
Оқушылардың білімдеріне баға қою.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz