Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Топта жұмыс жасаудың тиімділігі
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Реферат
Орындаған:Сейтхан Гүлімай Ин яз 2 курс
Тексерген: Толеуханова Айгуль Далелхановна
2020-2021 оқу жылы
Жоспары
1.Кіріспе
Топтық жұмыс
2. Негізгі бөлім
Топта жұмыс жасаудың тиімділігі
3. Қорытынды
Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талапқа сай болуы қажет. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен - әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың <<Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек>> демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Аталған мұғалімнің үш көмекшісі сапалы әрі табысты білім беруіне жол ашады. Оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық <<жаңалық>> ашуы, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осындай нәтижеге жету үшін көптеген мұғалімдер өз сыныбында топтық және жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланады. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс жасағанда, олар <<мұғалім-оқушы>> сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда, мейілінше <<симметриялы>> болып табылатын өзара іс-қимылға <<оқушы-оқушы>> қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Қазіргі заманауи мектептерге білімді дайын күйінде беруші емес, алдын ала тыңғылықты жоспарланған оқу қызметін ұйымдастырушы қажет екені барлығымызға белгілі. Ал ұйымдастырушы болу үшін бізге топтық жұмыс көмектеседі.
Топтық жұмыс оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Бұл жерде <<неге?>> деген сұрақ туындайды. Себебі, оқушылар үшін ең маңыздысы - қателік жіберіп алмау деген қорқыныш сезімін жеңу, өзіне деген сенімділіктің пайда болуы. Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылар берілген материалды жақсы меңгереді. Олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар топтық жұмыс сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушыларына сабақта топтық жұмыс жүргізу тартымды болып табылады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, топтық жұмысты алғаш ұйымдастыру сәтсіз болуы мүмкін: артық шу, баяу жұмыс жасау, оқушылардың бірігіп жұмыс жасай алмауы және т.б. Бірақ уақыт өте келе оқушылар топтық жұмыс жасауға біртіндеп үйрене бастайды. Сонымен қатар топтық жұмыс оқытуды өз бетінше ұйымдастыру түрі болып табылады. Өткізген сабақтарымда аталған жұмыс түрлерін қолдана отырып, бұл технологияның инновациялық оқытудың бір түрі болып табылатынына көзім жетті. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде оқушылар өз бетінше білімді меңгереді.
Топтық жұмысты оқушылардың мектеп табылдырығын аттағанынан бастап қолданудамын: бірінші сыныпта негізінен оқушылар тұрақты шағын топтарда жұмыс жасайды. Себебі, оларда сыныптастарымен қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптаспаған, топта жұмыс жасауға бірден бейімделе алмайды. Топпен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар күрделі емес және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай беріледі. Мысалы, сауат ашу сабағында элементтерден әріпті жинау, әріптің баспа және жазба түрлерінің қатынасын табу, <<Қатесін тап>> деген сияқты тапсырмалар беріледі. Математика пәнінен <<Көпбұрыш>> тақырыбын өткен кезде жеке бөліктерден фигураны жинау тапсырмасын беруге болады. <<Жыл мезгілдері>> тақырыбына байланысты сабақ барысында жеке бөліктерден бір жыл мезгілін құрастырып, аталған жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеу тапсырылады. Оқушылар топтарға берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырыпты өздері аша алады. Сонымен қатар тест тапсырмаларын орындау кезінде де топтық жұмысты қолдануға болады. Мысалы, әр оқушыға тест тапсырмалары таратылады, алдымен әрбір оқушы тапсырманы жеке орындайды. Уақыт аяқталған соң, оқушылар топта орындаған жұмыстарын салыстырады, айырмашылықты анықтайды, өз пікірлерінің дұрыстығын дәлелдейді. Келесі этапта мұғалімнің берген дұрыс жауаптарымен салыстырады да, қай бөлімнің жеткіліксіз меңгерілгені анықталады.
Оқушыларды топтарға бөлу кезінде түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер, туған күндері, есімдерінің әріптері, мозайкалар, фигуралар, тақырыпқа байланысты терминдер, қағаз қиындылары, ән, ұқсас ерекшеліктері, жағымды сөздер бойынша бөлу және т.б. тәсілдер.
Оқушыларды топқа бөле отырып, тренинг де өткізуге болады. Мысалы, суреттер арқылы топқа бөле отырып, <<Амандасу>> тренингін өткізуге болады:
<<Күн>> бейнеленсе, жақсы ықыласпен тілек айтамыз;
<<Жүрек>> бейнеленсе, бір-бірімізбен құшақтасамыз;
<<Қол>> бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз;
<<Күлкі>> бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдеп қараймыз.
Сөйлемдегі сөздерді қайталау арқылы да топқа бөлуге болады. Мысалы, <<Мен өте керемет адаммын>>.
Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, неғұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Көптеген мұғалімдердің тәжірибесін ескере келе дәстүрлі сабақтарды салыстырып кететін болсам, оқушылардың қызығушылығы төмен болатын. Ал топтық жұмыста оқушылардың қызығушылығы артып, бірігіп жұмыс жасай біледі.
Бүгінгі күні әлем кеңістігіне еніп қоғамға лайықты ұрпақ тәрбиелеу міндеті қойылып тұрған уақытта оқушыларға әдебиет пәнін оқытуда көп қиындықтар кездеседі. Оқушылар сабақ кезеңіндегі тапсырмамен шектеліп, қосымша әдебиеттерді оқымайды. Өз бетімен ізденіп көркем әдебиетті оқитын оқушылар бірден бір. Бұл қиындықтарға мыналар жатады:
оқушылардың оқулықтағы мәтінмен шектелуі;
шығарманың түпнұсқасын оқымауы;
қосымша көркем әдебиеті оқымауы;
өз бетімен шығарманы талдай алмауы;
өз бетімен ізденушілік қабілет танытпауы;
Очы қиындықтарды жою мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру ең керемет шешім болып табылады. Топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Мерсердің (2005) тұжырымдамасы бойынша құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Бір-біріне сұрақтар қоя біледі. Ең бастысы топта оқушы оқшауланып оқымайды. Топта бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Топпен жұмыс жасағанда, тыңдау, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады. Топтық жұмысты ұйымдастырудың алдында сыныптағы оқушылардың белсенділік қызметін ұйымдастыру мақсатында топ ережесін жасау арқылы тәртіп талабын жасап алу қажет. Ережені оқушылардың өздеріне құрғызу ең тиімді әдіс болып табылады. Оқушылар ережеге мынадай тәртіп талабын жазуы мүмкін:
Мысалы:
- уақытты тиімді пайдалану;
- сабаққа түгел, ұйымшылдыпен қатысу;
- бір-бірінің пікірін тыңдау;
- бірін-бірі сыйлау;
- берілген тапсырманы нақты орындау;
- бірігіп, белсенді жұмыс жасау;
Әр топта жұмыс жасаған оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, олардың өзгергені көп кешікпей көріне бастайды Тұйық оқушылар ашыла бастайды. Қабілетті оқушылардың ізденіп, әдеби шығармаларды оқуға көп көмегін тигізді. Үлгерімі төмен оқушылар қысылмай ойларын ашық айтатын болады. Сабақта шығарма мәтінін меңгертуде, шығарманы оқыту қиындығын шешуге ЖИКСО әдісінің көмегі көп болады. Ынтымақтастық оқу - өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Шығарманы жан-жақты талдау үшін топтарға мынадай тапсырмалар беруге болады:
І топ шығарманың мазмұнын айтады;
ІІ топ шығарманың сәтті жағын айтады;
ІІІ топ шығарма бойынша шығармашылықпен жұмыс жасайды;
ІV топ шығармаға байланысты сезімдерін тұжырымдайды;
Топта оқушылардың сөздік қорын дамыту барысында топ мүшелері сөздіктерді жиі пайдаланады. Сабақта топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігі, қызығушылығы артқанын байқауға болады.
Сабақты топтастырып өткізу оқытуда жаңа нәтижеге қол жеткізеді
1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады.
4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік туады.
5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс жасауға үйретеді.
6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Мақсаты: Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс туралы мәлімет беру. Топқа бөлу әдістерін үйрету. Түйінді идеялар: Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дағдыланады. Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және топпен жұмыс жасауда ынтымақтастық орнату. Жан-жақты қарым қатынас жасау-өзгелердің пікірімен санасуға қалыптасады. Күтілетін нәтиже: Коучинг соңында әр мұғалім топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың тиімді жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады. Ортада жайлы әрекеттестік орнайды, өз идеяларын зерделеп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ресурстар: мұғалімге арналған нұсқаулық, видео топтық жұмыс туралы (Қаздар сабағы)Әдіс тәсілдер: ынтымақтастық және бірлескен жұмыс, диалогтық оқыту, СТО, АКТ,бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
№
Коучтің іс-әрекеті
Коучинг қатысушы-
лардың іс-әрекеті
Уақыты
1
Амандасу - таныстыру жаттығуы (әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек, мысалы Мен Анар - ашығын айтқанды ұнатамын, т.б.)
Әріптестердің арасындағы өзара қарым-қатынас жақсарады. Коучингтің сәтті өтуіне ықпал жасалады.
5 минут
2
Ұйымдастыру <<Қай ағашты таңдайсыз?>> психологиялық тренинг. 9 ағаштың суретін көрсетеді. Таңдаған ағаштарының номеріне сәйкес сөздерді оқиды, таныстырады. АКТ, слайд
Суреттегі ағаштардың бірін таңдап, соның реттік нөмірін есте сақтайды. Іштей өздерінің адами болмысын, қасиеттерін байқайды, біледі
5 минут
3
Топқа бөлу. Жыл мезгілдері: жаз, күз, қыс, көктем (қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз)
Топқа бөлінеді. Топтың жұмысы жақсарады, барлық топ мүшелері белсенді қатысады
2 минут
4
Қызығушылықты ояту: Шағын топта жұмыс жасаудың қандай ережелерін ұсынасыздар?
Топ мүшелері бірігіп өз ережелерін ұсынады.
2 минут
5
Коучингтің тақырыбымен таныстыру. Мақсат, міндеттерін әріптестермен бірге талқылау. Мәтінмен жұмыс Топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмыс
Тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.
Топ мүшелері берілген мәтінді оқып танысады Ортаға салып талқылайды.
5 минут
6
Топтық жұмыс түрлері туралы мәлімет беру. <<Каздар сабағы>> бейнежазба көру. талдау
Мұғалімдер қосымша деректерін келтіріп, бейнежазба бойынша ойларын ортаға салады.
5 минут
7
Критерий құрастыру:
Мазмұны, ауқымды (1 ұпай)
Креативтілі жоғары (1 ұпай)
Эстетикалық сауатты, түсінікті (1 ұпай)
Өрмекші диаграмасы
Мұғалімдер өздері критерий құрастырады.
3 минут
8
І топ: Шағын топта талқылау жүргізуде мұғалімнің ролі ІІ топ: Топтық жұмыста кездесетін кедергілерді жою жолдары ІІІ топ: Топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі? ІҮ топ: Топтық жұмыстың ережесі
Топтық жұмыс
Постер жасайды, басқа топты бағалайды, қорғайды.
10 минут
9
Бағалау. Бағалау парақшаларына критерий бойынща тиісті ұпайларын қою.
Постерді бағалау үшін сағат тілі бағытымен айналып, басқа үш топты бағалайды. Постерлерді тақтаға орналастыру. Қорытындылау.
5 минут
10
Рефлексия- Коучингте ең бірінші не ұнады? - Не ұнаған жоқ? - Өзініз жаңадан не білдіңіз? - Алған әсеріңіз қандай?
Стикерге жазу

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz