Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: <<Денсаулық - зор байлық>> спорттық сауықтандыру іс-шарасы
Орындаған: Касенова Н.Г.
2020 жыл

Мақсаты: Балаларға денсаулық туралы, денсаулықтың қадірі туралы балаларға түсінік беру, қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, спорттың денсаулыққа пайдасын сөз ету, спортқа деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Спорт түрлері туралы суреттер, спорттық құралдар,спорттық ойындарға арналған құралдар, денсаулық туралы презентация.
Әдіс-тәсілдер: Ойын, сергіту сәті, сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, мадақтау.
Сайыстың барысы. Кіріспе сөз:
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым,қатысушылар! Бүгінгі <<денсаулық - зор байлық>> атты спорттық іс-шарамыз сайыс түрінде өтетін болады. Қош келдіңіздер! Назарларыңыз экранда болсын, шағын денсаулық және спорт жайлы презентацияны тамашалайық.
(Презентация <<денсаулық - зор байлық>>)
Сайысымызды бастамас бұрын , әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық!
1._________________________________________________
2._________________________________________________
3._________________________________________________
Сайысымыз бірнеше бөлімдерден тұрады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топ соңында ғана анықталады.
1-бөлім. <<Таныстыру>>
2-бөлім. <<Жарыс түрлері>>
Эстафеталық ойын <<Жалауды жеткіз>>
Эстафеталық ойын <<Мәреге кім бұрын?>>
3-бөлім. <<Қозғалмалы ойындар>>
<<Тепе-теңдікті сақтау>>
<<Арқан тартыс>>
<<Капитандар сайысы>>
1- бөлім. <<Таныстыру>>
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың қатысушыларын топтарымызды ортаға шақырайық. Әр топ өздерінің атауын ұранын айтып, таныстырып кетіңіздер.
( Топтар ортаға шығып өздерін таныстырады).
2- бөлім. <<Жарыс түрлері>>
Жүргізуші: Сайысымыздың бұл бөлімінде эстафеталық яғни жарыс ойындарын ойнайтын боласыздар. Қай топ ойынды бірінші болып бітіріп, жылдамдық көрсетсе ,сол топқа ұпай саны беріледі.Тағы айта кететін болсақ бұл бөлім екі ойыннан тұрады. Ал ендеше бірінші ойынымызға кезек берейік!
1)<<Мәреге кім бұрын?>>
Ойынның шарты: Сықыртқы белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді. ( Скакалкамен секіру).
2)<<Кім жылдам>>
Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты кедергілерден өту арқылы ұрып барып,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.
3- бөлім. <<Қозғалмалы ойындар>>
Жүргізуші: Қорытынды бөлімімізге де келіп жеттік. Бұл бөлімде 3 қозғалмалы ойын түрлері ойнатылады, барынша ойында жеңіске жетуге тырысуларыңыз қажет. Сәттілік!
1)<<Тепе-теңдікті сақтау>>
Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп,белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды жалғастырамыз. Қай команда тез келеді, сол командаға ұпай беріледі.
2)<<Арқан тартыс>>
Команда болып арқан тартысады.Арқанды тарту барысында ең бірінші болып, 3 рет өзжағына тартқан топ жеңіске жетеді.
3)<<Капитандар сайысы>>
Командалар капитандары ортаға аяқтарына шар байлап шығады, қарсыластың аяғындағы шарын жарып тастаған капитан жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Қызықты өтті бүгінгі сайысымыз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталсын көңілді жарысымыз.
Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз, бүгінгі байқау жеңімпаздарын білетін сәт те туды.
Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.
Жүргізуші: Жарқын шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашанда орта толсын- дей отыра сіздермен қоштасамыз. Аман-сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz